Ќазаќстан республикасы



жүктеу 2,18 Mb.
бет3/5
Дата17.11.2017
өлшемі2,18 Mb.
#495
1   2   3   4   5

MU=


Q

Уақыттың салыстырмалы қысқа аралығында өнімнің әрбір келесі бірлігінің шекті пайдалығы кемиді, өйткені тұтынушы осы нақты өнімге қанағаттанады. Бұл шекті пайдалылықтың кемімелі заңы.


Тұтынушының пайдалылығы, егер оның табысы өнімнің әр түрін алуға жұмсалған соңғы доллар бірдей қосымша (шекті) пайдалылық әкелетіндей етіп таратылса мейлінше артады. Алгебра тілінде пайдалықты мейлінше арттыру келесі теңдік орындалған кезде жүзеге асады.
MUa MUb

-------- = --------

Pa Pb
Бұл кезде тұтынушының табысы толықтай жұмсалуы қажет.
Талғамсыздық қисығының иілуі алмасудың шекті нормасын білдіреді. А игілігін В игілігімен алмастырудың шекті нормасы (MRS) деп тұтынушының қанағаттану деңгейі өзгермейтіндей болып А игілігін бір бірлікке көбейтуге «ауыстыратын» В игілігінің мөлшерін айтады.

MRSab= - B/ A


Сонымен, тұтынушы тәртібінің экономикалық теориясы өте қарапайым: тұтынушылар өздері сатып ала алатын тауарлар жиынтығынан ең жақсысын таңдайды.

Тұтынушы бар қаражатын А және В тауарларын сатып алуға жұмсайды делік. Егер оның бюджетін немесе бар қаражатын I деп , ал А және В тауарларының бір өлшемінің бағаларын Pа , Pв деп белгілесек, бюджеттің шектеулі екендігін келесі теңсіздік түрінде бейнелеуге болады:



I >* А + Pв * В.
Бұл теңсіздік жазықтықта жартылай жазықтыққа сәйкес келіп, ол жартылай жазықтықтың шекарасы
I = Pа * А+ Pв * В
түзуімен анықталады. Бұл бюджет сызығы деп аталып , А, В тауарларын сатып алуға бюджеттің толық жұмсалатынын, яғни ақшалай табыстың тұрақты көлемінде алуға болатын екі өнімнің әр түрлі комбинацияларын көрсетеді. Жазықтықтағы бюджет сызығының бейнесі суретте келтірілген.Соңғы теңдеуді былай деп жазуға болады:

I Pa

B = ¾ - ¾ * A

Pb Pb
Бұл жердегі (Pa / Pb) – бюджет сызығының бұрыштық коэффициентін бейнелейді.


Табыс және бағада болатын өзгерістер.
Табыс және бағада болатын өзгерістер бюджет сызығының қозғалысына әкеледі. Табыстың өсуі тұтынушыға бұрын қолы жетпеген жиынды сатып алуға мүмкіндік береді. Сондықтан ол бюджет сызығын координат осімен жоғары жылжытады. Бұл уақытта, бюджет сызығының көлбеуі өзгертпейді. Табыстың азаюы бюджет сызығын координаттар осіне жақындатып, параллель жылжытады. А тауарына бағаның арзандауы осы тауарға сұранысты арттырады , бұл кезде В тауарының бағасы тұрақты деп есептейміз.

В В В




А А А


Сурет 3.4. Табыс пен бағаның өзгеруі.

Тұтынушылар талғамы дұрыс қалыптасуы үшін, олар бюджеттерінің шектеулі екендігін ескертіп, ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамын анықтаулары қажет. Бұдан ең ұтымды тауарлар құрамы бюджет сызығы мен талғамсыздық қисықтарының жанама нүктесінде екенін білеміз.

Бұл қиылысу нүктесінде талғамсыздық қисығының иілуі коэффициенті бюджеттің сызықтың бұрыштық коэффициентіне тең . Талғамсыздық қисығының иілуін MRS, ал бюджет сызығының иілуі Pb / Pa білдіретіндіктен , тұтынушы тепе-теңдік жағдайға келесі шарт орындалған кезде жетеді.

Pa

MRS = ¾

Pb

Қайталауға арналған сұрақтар


  1. Шекті пайдалылық теориясына негізделген тұтынушылық тәртіптің тұжырымдамасының мәні неде?

  2. Баға өзгерісі кезінде тауарға сұраныс шамасының өзгеруінің негізінде не жатыр?

  3. Колледждегі футбол командасының тренері алаңдағы А және В төрешілерінен ол әрқашан денелі және тез жүгіретінін қалайтынын айтады. Қалаудың осы берілген қатынасы транзитивті болып табылады ма? Ол толық реттелумен сипаттала ма?

  4. Талғамсыздық қисығы өзін-өзі қия ала ма?

  5. 1 долларлық купюраны 5 долларлыққа алмастырудың шекті нормасы қандай?

  6. Егер тұтынушы тек екі тауар тұтынса және әрқашан өзінің барлық табысын соған жұмсаса, онда осы екі тауар төменгі категориялы тауар бола ма?

  7. Айталық, тұтынушы әрқашан бір стақан кофеге екі қасық қант салып ішеді. Егер бір қасық бағасы p1 –ге тең, бір стақан кофе бағасы p2 –ге тең және тұтынушы бұл тауарларға m доллар жұмсай алса, қанша кофе және қантты тұтынушы сатып алғысы келеді?

  8. Тұтынушының бюджеттік сызығы бастапқыда p1 x1 + p2 x2 = m түрінде

болады. Содан соң 1- тауардың бағасы екі еселенеді, 2-тауардың бағасы

8 есе өседі, ал табыс 4 есеге артады. Жаңа бюджеттік сызық үшін оны бастапқы баға және табыс арқылы белгілеп теңдеу жазыңыз.


Тақырып 5. ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ


    1. Өндірістік функция. Изокванта

    2. Кемімелі шекті өнімділік заңы

    3. Өндірушінің тепе -теңдігі

Фирманың экономикалық қызметi өндiрiстiк функциямен жазылады:


Q = F ( K, L, M)
Мұндағы Q - өндiрiстiң максималды көлемi

К - капитал факторы

L - қолданылған еңбек мөлшерi

М - шикiзат, материалдар.


Өндiрiстiк функция – ол ең жоғарғы өнiм көлемiнiң өндiрiсте қолданылатын әр түрлi факторлардан тәуелдiлiгi.

Өндiрiстік функцияны график түрiнде көрсету үшiн тең өнiмдер қисығы немесе изоквонталар қолданылады. Тең өнiмдер қисығы (изокванталар) – бiрдей өнiм көлемiн қамтамасыз ететiн, өндiрiс факторларының көптеген комбинацияларын көрсететiн қисық (сурет 4.1).

Изоквантаның бұрыштық коэффициентi бiр ресурсты екiншiсiмен техникалық алмастыру қалай жүретiнiн көрсетедi. Сондықтан бұл коэффициенттiң абсолюттi мәнi техникалық алмасудың шектi нормасын сипаттайды.

K



MRTSLK = - —

L

Изокванта өндiрiстiң техникалық нәтижелiгiн графикалық талдаудың негiзгi құралы болып табылады.

K

10 ------- Q3



5 --------------- Q2

Q1



1 2 L

Сурет 5.1. Изокванта.
Өндiрiсте қолданылатын факторлардың бiреуiнiң көлемiн өзгертуге болмайтын уақытты қысқа мерзiмдi кезең деп атайды. Өз кезегiнде көлемi өзгермейтiн фактор тұрақты фактор деп, ал қолдану көлемi өнiм көлемi өзгеруiне қарай өзгеретiн фактор өзгермелi фактор деп аталады.

Ұзақ мерзiмдi кезең – бұл барлық өндiрiс факторларының көлемiн өзгерту үшiн жеткiлiктi уақыт, сондықтан ұзақ мерзiмде барлық факторлар өзгермелi болады. Өндiрiске өзгермелi фактордың ықпалын көрсету үшiн жалпы, орта, шектi өнiм түсiнiктерi енгiзiледi.

Жалпы өнім (ТР- total product) - өндірістің жалпы көлемі.

Өзгермелі фактордың орта өнімін (AP- average product) жалпы өнімді өзгермелі фактор (еңбек, капитал) санына бөлу арқылы есептейміз.

ТР ТР

АРL= — ; АРК = —

L K

Өгермелі фактордың шекті өнімі (MP- marginal product) ол жалпы өнім өсімінің өзгермелі фактор мөлшерінің өсіміне қатынасы.


ТР ∆ТР

МРL= — ; МРК = —

L ∆K


Басқа факторлар тұрақты болып, өзгермелі факторларды қолдануды арттыру нәтижесінде ең жоғарғы нүктеге жеткеннен кейін, осы факторды қосымша қолданудың өнім көлемінің төмендеуіне әкелуі шекті өнімнің кемімелі заңын білдіреді. Бұл заңның әрекетін өмірден алынған қарапайым мысалмен түсіндіріп көрейік, айталық фермер өзінің 8 гектар жерінен 50 центнер бидай өндіріп жүрді. Енді ол өнімділікті арттыру мақсатында жер қабатын минералды тыңайтқыштармен өңдей бастады. Бір рет өңдегеннен кейін жалпы өнім көлемі 60 центнер құрады, екінші ретінде 65 центнер, ал үшінші ретте 70 центнер өнім алды. Қосымша тағы бір рет өңдеу барысында өнім көлемі 40 центнерге дейін төмендеді. Минералды тыңайтқыштарды қайта-қайта қолдану жердің сапасының нашарлауына әкеліп, өнімділік күрт төмендей бастады. Шекті өнімнің кемімелі заңын келесі кесте мен сурет 4.2. арқылы көрсетуге болады.

5.3. Өндiрушiнiң тепе-теңдiгi
Берiлген шығындар кезiнде өнiмдi максимизациялауға тең шығындар түзуi немесе изокоста мүмкiндiк бередi. Егер w- еңбектiң бағасы, ал r- капиталдың бағасы болса, онда өндіруші өзінің С-бюджетіне К және L факторларының белгiлi мөлшерiн сатып алады. Еңбек және капитал үшiн изокоста теңдеуі келесідей жазылады.
C = w×L + r×K немесе K = С / r – (w / r)×L.
Мұндағы , -w/r - изокоста көлбеуi .
K




C/r



w/r


0 C/w L

Сурет 5.2. Изокостаның өзгеруі.
Өндiрушi бюджетiнiң өсуi және ресурстар бағасының төмендеуi изокостаны оңға, ал бюджеттiң қысқаруы немесе бағаның өсуi солға жылжытады (сур.4.3.).
K

S



T

0 L

Сурет 5.3. Өндірушінің тепе-теңдігі.
Изоквантамен изокостаның қиылысқан жерi өндiрушiнiң тепе-теңдiгiн анықтайды, өйткенi ол қолда бар шектеулi құралдар кезiнде өндiрiстiң ең жоғарғы көлемiне жетуге мүмкiндiк бередi (сур.4.4.). Т нүктесiнде изокванта мен изо-коста бiрдей көлбеуде болатынын және изокванта көлбеуi MRTS өлшенетiнiн ескере отырып тепе-теңдiк жағдайын мына түрде жазуға болады:
dK w

MRTSLK = — = - —

dL r
Айталық, ресурстар бағасы сол қалыпта, өндiрушi бюджетi әрқашан өсiп отырады делiк. Изоквантаның изокостамен қиылысқан нүктелерiн қоса отырып бiз OS-“даму жолы” сызығын аламыз. Бұл сызық өндiрiстi кеңейту процесiнде факторлар арасындағы қатынастың өсу қарқынын көрсетедi.

Ауқымнан үнем (қайтымдылық) өндiрiс ауқымы өзгергенде өнiм көлемi қа-лай өзгеретінiн сипаттайды. Егер барлық факторлар мөлшерiн t есеге көбейт-сек және өнiм көлемi сол есеге артса, онда ауқымнан тұрақты қайтымдылық болады (Q1 = tQ0 ).

Егер t есеге көбейткенде өнiм көлемi t еседен артыққа өссе онда ауқымнан өспелi қайтымдылық болады (Q1

Егер өнiм көлемi t еседен кемге өссе онда ауқымнан кемiмелi қайтымдылық болады (Q1

Сонымен, өндіріс теориясын талдай келе оның тұтынушы тәртібі теориясымен ұқсастықтарын аңғаруға болады.
Қайталауға арналған сұрақтар


  1. Ұзақ және қысқа мерзімді кезеңдер арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.

  2. Изоквантаға сипаттама беріңіз.

  3. Еңбектің орта өнімі нені білдіреді?

  4. Графикті пайдалана отырып шекті өнімнің кему заңын түсіндіріңіз.

  5. Еңбектің және капиталдың бағасының өзгеруі изокостаның бұрыштық коэффициетіне қалай ықпал етеді?

  1. Өндірістік ресурстар құрамындағы келесі өзгерістердің қайсысы қысқа мерзімге, қайсысы ұзақ мерзімге жатады?

а) «Казахойл» жаңа мұнай өндейтін қондырғыны құруда.

б) ЖШС «Семей су» тағы 20 жұмысшыны жалдады.


Тақырып 6. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
6.1. Шығындар теориясы

6.2. Қысқа мерзімдегі шығындар түрлері

6.3. Ұзақ мерзімдегі шығындар
Жалпы өндіріс шығындары, бұл – өндірушінің белгілі бір өнім көлемін өндіруді қамтамасыз етуге жиналған жиынтық шығыны.

Оларға тауарларды не қызметті жасауға қажетті шикізаттар, тұтынушыға жеткізу, оны тұтынуға жарамды түрге келтіруге жұмсалатын шығындар жатады. Шығындарды жеке тауар өндіруші және қоғам тұрғысынан қарастыруға болады. Cол себептен шығындар жеке өндірушінің белгілі бір өнім көлемін өндіруге жүмсалған шығынның барлық элементі: шикізат, жанармай, электр энергиясы материалдар, жалақы.Қоғамдық шығындар өндірістің қоршаған ортаға кері есер етуіне байланысты. Мысалы, химиялық комбинат қандай да бір шығындармен өнім өндіруді жүзеге асырады. Сонымен қоса ол сыртқы қоршаған ортаны ластайды және адамдардың денсаулығына кері әсер етеді.

Ресурстардың шектеулігі феноменнің әрекет ету күшіне байланысты шығынсыз өндіріс мүлдем мүмкін емес. Осы жағдайға байланысты белгілі бір өнім өндіру жөнінде шешім қабылдау осы ресурстар қолданылатын басқа өнім өндірісінен бас

тартуды білдіреді. Осылайша барлық шығындар альтернативті шығындар болып табылады. Альтернативті шығындарға инвесторларға,жұмысшыларға,табиғи ресурстар иелеріне төленетін төлемдер жатады. Бұл төлемдер өндіріс факторларын тарту мақсатында жүзеге асады. Бұл шығындарды әртүрлі әдістермен топтастыруға болады: айқынды және айқынсыз. Айқын шығындар бұл өндіріс факторлармен аралық бұйымдарды жеткізушілерге ақшалай көріністегі шығындар. Айқын шығындарға жұмысшыларға төленетін жалақы, сауда фирмаларына жарналық төлемдер, қаржылық қызмет көрсететін банктер мен басқада фирмаларға төленетін төлемдер, заң кеңестеріне төленетін сайықылар жатады.

Айқындалмаған шығындар фирманың меншік ресурстарын қолданудың альтернативті шығындары жатады. Шығындарды жіктеу әдісінің ең маңыздысы өндірістік шешім қабылдаудың ұзақтылық мерзіміне байланысты. Шығындар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.

Тұрақты шығындар (FC-fixed costs)- өндіріс көлемінің қысқаруы мен артуына байланысты қысқа мерзімде өзгермейтін шығындар. Оларға ғимарат, өндіріс жабдықтары, аренда және әкімшілік шығындар жатады.

Айнымалы шығын (VC-variable сost)- өндіріс көлемінің қысқаруы мен артуы на байланысты шамасы өзгеретін шығын. Оларға шикізат электр энергиясы қосымша материалдар жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалатыншығындар жатады.

Жалпы шығындар (TC-total costs)- өндірістің берілген көлемі кезіңдегі тұрақты және өзгермелішығындардың қосындысы.

Басқару шешімдерін қабылдау үшін өндірушілер тек шығындардың жалпы сомасын ғана емес, сонымен қатар өнімнің бір бірлігіне жұмсалған шығындарды,яғни орташа шығындарды білу қажет. Бұл көрсеткіш осы өнім бірлігіне бекітілген бағамен салыстыру үшін керек.Орташа шығындар өзгермелі және орташа тұрақты болып бөлінеді.



Орташа шығындар (AС-average costs) өнімнің бір бірлігіне кеткен шығын.

Оны есептеу үшін жалпы шығындарды өнім көлеміне бөлеміз.


жүктеу 2,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау