Ќазаќстан республикасы тґтенше жаєдайлар министрлігі кґкшетау техникалыќ институты



жүктеу 4,21 Mb.
бет14/19
Дата25.11.2017
өлшемі4,21 Mb.
#1654
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Қосымша ақпарат:

Өкімраспоряжение

Нұсқау — инструкция, указание, директива

Нұсқау хат — инструктивное письмо, директивное письмо

Қаулы — постановление

Шешім — решение

Жарлық - указ

Есте сақтаңыз

2 апталық

4 айлық сынақ мерзімімен

10 күндік


штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде - с окладом согласно штатному расписанию

атқаратын қызметінен — с занимаемой должности

Бұйрықта қолданылатын модельді есте сақтаңыз

Етістіктің ырықсыз бұйрық

бұйрық + етіс + райдың

райы жұрнағы жұрнағы



3-жаттығу. Етістіктерді үлгі бойынша түрлендіріңіз

Үлгі: белгілеу - белгіленсін

енгізу -

босату -



қысқарту -

жүктеу -

жүргізу -

орындау -

тыйым салу -
4-жаттығу. Бұйрық үлгілерімен танысыңыз, қандай бұйрық түріне жататынын айтыңыз
Өртке қарсы қызмет

басқармасының бастығы

Ішкі қызмет полковнигі

№ 5 БҰЙРЫҚ

Жұмысқа қабылдау туралы 18.1 1.2007 ж.
Жарас Болатханұлы осы жылдың 13 наурызынан бастап штаттық кестеге сәйкес жалақы келемінде 1 апталық сынақ мерзімімен өрт сөндіруші сарбаз қызметіне қабылдансын.
Негізі: Жарас Болатханұлы өтініші.

Басқарма бастығы

Ішкі қызмет полковнигі Б. Рахметов

_______________________________________________________________


Ақмола облысы

Өртке қарсы қызмет

басқармасы

№ 2 БҰЙРЫҚ 15.02.2007ж.

Жұмыстан босату туралы
Өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты Айдар Сабыржанұлын 2007 жылдың 15 ақпаннан бастап атқаратын қызметінен босатылсын.

Басқарма бастығы

Ішкі қызмет полковнигі Б. Сабыров
5-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Нұсқаулықты енгізу, құжаттармен жұмыс істеу, қамтамасыз ету, нұсқаулықты бекіту, ережені басшылыққа алу, нұсқаулықты көбейту, бұйрықтың орындалуын қадағалау, институттың барлық бөлімшелері, қамтамасыз ету мақсатында
6-жаттығу. Сәйкестендіріңіз.

Жұмысқа кестеге сәйкес

Штаттық белгілеу

Орынбаевтың жағдайына байланысты

Үстемақы шығуына байланысты

Отбасы сынақ мерзімімен

Еңбек шартының қызметінен

Зейнеткерлікке өтініші

2 апталық қабылдау туралы

Атқаратын аяқталуына байланысты
7-жаттығу. Үлгі бойынша жұмыстан босату туралы бұйрықтың мәтінін жазыңыз.

Үлгі: А.Жандосов 2006 жылғы 13 маусымнан бастап отбасы жағдайына байланысты инженер қызметінен босатылсын.

Аты-жөні күні, айы, жылы себебі қызметі.



1. А.Жандосов 21.02.2006ж. отбасы жағдайы, инженер

2. Е.Омарова 10.11.1995ж. кәсіпорынның жабылуы, хатшы

3. Б.Сағатов 15.01.2007ж. басқа жұмысқа ауысу, үйлестіруші

4. Қ.Боранбаева 13.06. 2007ж. себепсіз жұмыстан қалу, есепші
8-жаттығу. Қатесін түзетіңіз.

"Қайсар" ЖШС



№ 19 БҰЙРЫҚ жұмысқа қабылдау 12. 03. 2007 ж.

Омарова Әсел 2007 жыл 12 наурыз бастап штаттық кестеге сәйкес көлемінде 1 айлық сынақпен бас инженер қызметіне кабылдыуыңызды сұраймын.

«Қайсар»ЖШС-ның директоры А.Оспанов
9-жаттығу. Жағдаяттар бойынша бұйрық шығарыңыз.


  1. А.Асановты «Қуат» құрылыс фирмасына инженер қызметіне қабылдау туралы.

  2. Ж.Досановты еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігі үшін инженер қызметінен босату туралы.

  3. Университет ішінде және ауласында шылым шегуге тыйым
    салу туралы.

X Нұсқа
1- тапсырма

а) Стиль оның түрлеріне тоқталыңыз

ә) Сенімхат оның жазылу ерекшеліктері.

б) Талап арыз қандай жағдайда жазылады.
2 – тапсырма.

а) Автокөлік және үй жиһаздарын сату туралы хабарландыру жазыңыз.

ә) Қолхат қандай жағдайда жазылады, оған түсінік беріңіз

б) Түсініктеме қандай жағдайда жазылады.


3 – тапсырма

а) Қарауыл бастығы лауазымы қызметіне тағайындау туралы бұйрықтың үлгісі жазу.

ә) Жұмыс мәжілісінің хаттамасы.

б) Акттың қандай түрлері болады. (Жоғарыда аталған құжаттардың үлгісін көрсетіңіз).



КЕЛІСІМШАРТ

Келісімшарт — тараптар арасында қандай да бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат.

Мысалы: сату — сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және тағы басқа.

Қатысатын адамдар санына қарай келісімшарттар екіжақты немесе көпжақты болады.

Келісімшарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және айы, күні, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Мысалы, пәтерді сату — сатып алу туралы келісімшартта пәтерге қатысты бірнеше мәлімет беріледі, яғни пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те тіркелген нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағаны, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.

Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі нотариалдық кеңседе сақталады. Қалған даналары қатысушы тараптарға беріледі.


1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Келісімшарт — қандай құжат?

  2. Ол қандай жағдайларда жасалады?

  1. Қатысатын адамдар санына қарай қандай келісімшарттар жасалады?

  1. Келісімшарттар қайда куәландырылады?

  2. Келісімшарт неше дана болып жасалады?

  1. Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта қандай мәліметтер беріледі ?


2-жаттығу. Келісімшарт үлгісімен танысыңыз
Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшарт

Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 141, екі мың алтыншы жылғы 24 тамыз

(келісімшарт жасалған мекенжай және дата сөзбен жазылады)



Біз, төменде қол қоюшылар, Көкшетау қаласы, Красная көшесі, 118-үй, 176-пәтерде тұратын азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 2005 жылғы 13 ақпанында берген жеке куәлігінің № 444312119, Көкшетау қаласы, Абылай хан даңғылы, 54-үй, 33-пәтерде тұратын азамат Сансызбаев Думан Әскербекұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 2002 жылы 10 мамырда берген жеке куәлігінің № 314625101, төмендегілер туралы осы келісімшартты жасадық:

  1. Мен азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы, Көкшетау қаласы, Красная көшесі, 118-үй, 176-пәтерде саттым,
    мен азамат Сансызбаев Думан Әскербекұлы Көкшетау қаласы, Красная көшесі, 118-үй, мекенжайындағы 18-пәтерді сатып алдым. Көрсетілген пәтер 1995 жылы 5 наурызда сатып алу келісімшартының негізінде ТИБ-те тіркелген; жекежасалған сату-меншік құқығы бойынша азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлына тиесілі. Келісімшарт № 16 тізбеге тіркеліп, Көкшетау қаласының лицензия № 0011 "Әділ" нотариалдық кеңсесінде куә-
    ландырылған:

- пәтер жалпы пайдалы аумағы 57 шаршы метр 4 бөлмеден түрады;

- пәтердің инвентарлық кұны ТИБ-тің 1995 жылғы 5 наурыздағы № 17 бланкіде керсетілген анықтамасы бойынша жүз
елу (150 000) мың теңге тұрады;

  1. Мен, азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы, көрсетілген пәтерді азамат Сансызбаев Думан Әскербекұлына осы келісім-шартқа қол қою кезінде төленетін үш жүз елу мың (350 000)
    теңгеге саттым.

  2. Осы уақытқа дейін көрсетілген пәтер ешкімге сатылған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ, дау-таласта болған жоқ, тұтқынға алынған жоқ.

  3. Пәтерді пайдалануды Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» заңында белгіленген, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес азамат Жақыпов Орал Санжарұлы жүргізеді.

  1. Сатылған пәтерді азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлының беруі және оны азамат Сансызбаев Думан Әскербеұлы
    қабылдап алуы екі тарап қол қоятын беру-алу актінің негізінде жүзеге асырылады.

  2. Қолданылып жүрген заңның № ... - бабының мазмұны түсіндірілді.

  3. Келісімшартты ресімдеуге байланысты шығынды азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы төлейді.

  4. Келісімшарт үш дана етіп жасалған, бір данасы нотариалдық кеңсенің ісінде, екінші данасы сатушыда, үшінші данасы сатып алушыда сақталады.

Тараптардың қолы сатушы/

сатып алушы/
Осы келісімшартты 2006 жылғы 25 тамызда мен, Исабеков Аслан Сағиұлы, Көкшетау қаласындағы лицензия № 3464 "Сенім" нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырдым. Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, құқықтық іс әрекетке қабілеттілігі және сатылатын пәтердің сатушыға тиесілі екендігі тексерілді. Келісімшарт техникалық инвентаризация бюросында тіркелді. Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды. № 112 тізбеге тіркелді.

Тариф бойынша 500 теңге мемлекеттік салық алынды.



Нотариус (қолы)
жекеменшік құқығы бойынша - по праву собственности

сатушыға тиесілі - принадлежащий продавцу

жалпы пайдалы аумағы - общая полезная площадь

ешкімге сатылған жоқ - никому не продан

қарыз өтеу - уплата долгов

менің қатысуым кезінде - в моем присутствии

пәтердің инвентарлық құны — инвентаризациоиная стоимость квартиры

тұтқынға алынған жоқ — под арестом не состоит

беру-алу актісі — передаточный акт

«Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» заң — закон «О жилищных отношениях»
3-жаттығу. Сұрақтардың жауаптарын жазыңыз.

  1. Пәтерді сатушы кім ?

  2. Сатушының мекенжайы қандай ?

  3. Сатушының жеке куәлігінің нөмірі қандай ?

  4. Пәтерді сатып алушы кім ?

  5. Сатып алушының мекенжайы қандай ?

  6. Оның жеке куәлігінің нөмірі қандай?

  7. Екі тарап қандай келісімшарт жасасқан?

  8. Сатылатын пәтер неше бөлмелі?

  9. Пәтер не бойынша Амантаев Арлан Аяпбергенұлына тиесілі ?

  1. Пәтердің инвентарлық құны қанша ?

  2. Пәтер неше теңгеге сатылған ?

  3. 1996 жылғы жиырма бесінші тамызда а) .........

жасалған келісімшарт бойынша ә)

пәтер туралы қандай мәліметтер б)

көрсетілген ? в)

13. Жақыпов Орал пәтерді пайдалануды неге сәйкес жүргізеді?

14. Осы уақытқа дейін пәтер қандай а)

іс-әрекетте болған жоқ? ә)

б)

в)

15. Пәтерді беру және қабылдап алу қандай акт негізінде жүзеге асырылады ? 16. Қандай заңның бабы түсіндірілді ?

17. Келісімшартты рәсімдеуге байланысты



шығынды кім төлейді ?

  1. Келісімшарт неше дана етіп жасалды ?

  2. Келісімшарт қайда куәландырылады ?

  3. Онда тараптар туралы қандай а)

мәліметтер тексеріледі ? ә)

б)

4-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Келісімшарт жасау, мәміле барысында, пәтерді сату — сатып алу туралы келісімшарт, осы уақытқа дейін, тараптардың қолы, жүзеге асырылады, төмендегілер туралы, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес, пәтерді сатып алдым, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі, келісімшартты рәсімдеу, дау-таласта болған жоқ, жекеменшік құқығы бойынша, жалпы пайдалы аумағы.


5-жаттығу. Екі тілде берілген сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз.

  1. Тұтқынға алынған жоқ.

1. дееспособность сторон

  1. Төмендегілер туралы осы келісімшартты жасадық.

2. указанная квартира принадлежит мне

  1. Көрсетілген пәтер маған тиесілі

3. нижеподписавшиеся

4. Ешкімге сатылған жоқ

4. текст договора прочитан вслух

5.Тараптардың құқықтық іс- әрекетке қабілеттілігі.

5. Заключили настоящий договор о нижеследующем.

  1. Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды.

6. никому не продан.

7. Төмеңде қол қоюшылар

7. под арестом не состоит


6-жаттығу. Үлгімен танысыңыз.
Автокөлікті сату — сатып алу туралы келісімшарт
Алматы каласы, Әуезов көшесі, 112-үй,

13 05. 2007 ж., 2003 үшінші жылғы 13 мамыр

Біз, төменде қол қоюшылар, Көкшетау қаласы, 1-ықшам ауданы, 20-үй, 10-пәтерде тұратын азамат Бейсебеков Болат Әнетұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 2001 жылғы 10 ақпанда берген жеке куәлігінің № 465346514, Көкшетау қаласы, Абылай хан даңғылы 102-үйде тұратын азамат Бәйменов Мейрам Қанатұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 3 ақпанда берген жеке куәлігінің №100245141 төмендегілер туралы келісімшарт жасадық:

1. Мен, азамат Бейсебеков Болат Әнетұлы, "жигули" маркалы жеңіл автокөлігімді сатамын, кузовының типі, шығарылған типі, шасси нөмірі, двигатель нөмірі, мемлекеттік нөмірі А 582 КОМ, мен, азамат Бәйменов Мейрам Қанатұлы, көрсетілген автокөлікті сатып аламын.


  1. Көрсетілген автокөлік Мемлекеттік автоинспекциясының 1998 жылғы 16 сәуірде берген № 254631 техникалық паспорттың негізінде маған, Бейсебеков Болат Әнетұлына тиесілі.

  2. Автокөлік жүз жетпіс бес мың (175 000) теңгеге сатылады. Көрсетілген соманы қол қою кезінде азамат Бәйменов Мейрам Қанатұлы төлейді.

  3. Осы уақытқа дейін көрсетілген автокөлік ешкімге сатылған жоқ, тұтқынға алынған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ.

  4. Осы келісімшартты ресімдеудің шығынын азамат Бәйменов Мейрам Қанатұлы төлейді.

  5. Осы келісімшарт үш дана етіп жасалған, бір данасы нотариалдық кеңсенің ісінде сақталады, екінші данасы азамат Бейсебеков Болат Әнетұлына, үшінші данасы Бәйменов Мейрам Қанатұлына берілді.

Тараптардың қолы: сатушы/

сатып алушы/
2007 жылғы 13 мамырда осы келісімшартты мен, Жазықова Шолпан Ахатқызы, Көкшетау қаласындағы лицензия № 365 "Айқын" нотариалдық кеңсенің нотариусы куәландырамын.

Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі және сатылатын автокөліктің сатушыға тиесілі екендігі тексерілді.

Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды. № 257 тізбеге тіркелді. Тариф бойынша 500 теңге мемлекеттік салық алынды.

Нотариус

(қолы)



7-жаттығу. Сұрақтардың жауабын жазыңыз.

1. Автокөлікті сату — сатып алу туралы келісімшарт қашан жасалған?

  1. Автокөлікті сатушы кім?

  2. Оның жеке куәлігінің нөмірі қандай?

  3. Оның мекенжайы қандай?

  4. Автокөлікті сатып алушы кім?

  5. Оның жеке куәлігінің нөмірі қандай?

  6. Оның мекен-жайы қандай?

  7. Сатылатын автокөліктің маркасы қандай?

  8. Келісімшартта сатылатын а)

автокөлік туралы қандай ә)

мәліметтер көрсетілген? б)



в)

г)

10. Автокөлік ненің негізінде сатушыға тиесілі?

  1. Автокөлік қанша теңгеге сатылған?

  2. Келісімшартта автокөліктің а)

қандай іс-әрекетте болмағаны ә)

көрсетілген? б)

  1. Келісімшарт неше дана етіп жасалған?

  2. Келісімшартты ресімдеудің

шығынын кім төлейді?

15. Келісімшартты куәландырған нотариалдық кеңсенің лицензия нөмірі қандай?

16. Нотариалдық кеңседе а)

Тараптар туралы қандай ә)

мәліметтер тексерілді? б)


8-жаттығу. Келісімшарттағы қажетті сөздерді қойыңыз.

1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 14 қарашада ............. жеке куәлігінің № 123456579. 2. Аталған пәтер ........ құқығы бойынша азамат Мейрам Нұрболатұлына 3. ТИБ-тің ....... бойынша пәтердің құны 9 485150 теңге. 4. Келісімшартты рәсімдеудің ....... азамат Ербол Маратұлы төлейді. 5. Осы келісімшарт жасалғанға дейін пәтер ешкімге жоқ, қарыз ....... берілген жоқ, .... алынған жоқ. 6. Тараптардың ............ анықталды, ; тексерілді, пәтердің сатушыға .............. екендігі тексерілді. 7.Тариф бойынша 500 теңге мемлекеттік ........ алынды.

8. Келісімшарт мәтіні оқылды.
9-жаттығу. Өзіңізді тексеріңіз: аударыңыз.

Жеке куәлік, тіркелген мерзімі, қол қою кезінде, шаршы метр, аталған пәтер, төлем сомасы, үйді пайдалану ережелері.
10-жаттығу. Асты сызылған сөздердің мәндес мағынасын белгілеңіз.

Келісімшарт жеке және заңды тұлғалар арасындағы қарым-қатынасты реттейді.

а) іскерлік хат

ә) құжат

Келісімшартта екі тараптың мәліметтері беріледі.

а) шарттар

ә) мекенжай, аты-жөні



Келісімшартты нотариус куәландырады.

а) растайды

ә) сақтайды

Келісімшарт заң алдында жауапкершілікті жүктейді

а) сотқа талапарыз жазылады

ә) міндет
11-жаттығу. Пәтерді сату-сатып алу келісім-шартында 9 бап бар. Таблицада әр баптың негізгі мазмұны берілген. Әр бапқа таблицадағы бір ғана сөйлем сәйкес келеді. Таблицадағы сөйлем саны баптың санынан көп.

Сіздің жауабыңыз:

а. Келісім үш дана етіп жасалады. 1
ә. Келісімнің бір данасы нотариуста қалады. 2

б. Пәтердің ТИБ анықтамасы бойынша
инвентарлық құны көрсетіледі. 3

в. Пәтердің сатылған бағасы көрсетіледі. 4

г. Пәтерге қатысты тыйым түрлері көрсетіледі. 5

д. Тараптардың мекенжайы, жеке басының 6



куәлігі көрсетіледі.

ж. Пәтердің орналасқан орны көрсетіледі. 7

з. Пәтерді алу тәртібі көрсетіледі. 8

и. ТИБ-те тіркелген мерзімі көрсетіледі. 9
12-жаттығу. Сөз тіркестерін келісімде берілу тәртібіне қарай орналастырыңыз.

  1. төмендегі туралы келісім

  2. қол қоятын беру-алу акті

  3. басқа адамға сатылған жоқ

  4. тізбесінде тіркелген

  5. төлем сомасы

  6. жеке меншік құқығы бойынша

  7. жеке басының куәлігі

  8. инвентарлық кұны

  9. қол қою кезіңде

  1. тараптарға беріледі

  2. келісімнің бір данасы

  3. салық төленді



1______________________ 2____________________ 3____________________
4______________________ 5 ____________________ 6___________________
7______________________ 8____________________ 9___________________
10______________________ 11____________________ 12___________________



13-жаттығу. Екі қатардан мағыналары жақын сөздерді табыңыз.

  1. ____________ мекенжай 1) уақыт

  2. ____________ шағынаудан 2) тізім

  3. ____________ тиесілі 3) қолдану

  4. ____________ мерзімі 4) мүмкіндік

5 ____________ тізбе 5) жақ

6 ____________ пайдалану 6) растау

7 ____________ жұмсау 7) қалдыру


  1. _____________ қабілет 8) салық төлеу

  2. _____________ тарап 9) ықшам аудан

10 _____________ куәландыру 10) меншігінде

11 ______________ сақталу 11)жіберу



12 ______________ салық алу 12) тұратын жері
14-жаттығу. Сөздердің түсіндірмесін табыңыз

1......................келісімшарт а) ақша не зат түрінде орнына келмеген байлық түрі

2......................тарап ә) мемлекеттік қаржының көзі

3...................... қуқықтық іс-әрекетке қабілеттілік б) сатуға, айырбастауға, иеленуге рұқсат ету

4........................ тұтқынға алынған жоқ в) жеке тұлғаның заң алдында жауапкершілігін анықтау

5....................... салық г) белгілі бір міндеттер мен талаптарды жүйелейтін құжат

6....................... шығын ғ) қарым-қатынасқа түсуші жеке немесе занды тұлға.

жүктеу 4,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау