Жас жеткіншектерді еңбекке баулуда сынып жетекшілері үздіксіз жұмыс атқаруда.Бастауыш сыныптан бастап еңбек-адам өмірінің ажырамас бөлігі екені айтылып келеді.Орта буында оқушылар тікелей еңбекке араласады.Күнделікті сабақ үстінде кәсіп,мамандық туралы,олардың атқаратын жұмысы жайында мәлімметтер берілді. Барлық сыныптарда белсенді мүшелер (гүл өсіру,газет шығару.тал егу) жұмыстарын атқарды.Арнайы еңбек пәні сабағында бағдарлама бойынша сабақтар өтіліп,тиісті практикалық жұмыстар жүргізіліп,оқушылар еңбек тәрбиесіне қалыптасты. 9-11 сынып оқушылары іскер адамдар мен бүгінгі күнгі белгілі мамандық бойынша жұмыс істеп жүрген түрлі кәсіп иелерімен кездесулер өткізді.
Азаматтық тәрбие.
Азаматтық тәрбие саласында оқушылармен бірге атқарылған жұмыстар биылғы жылы өз деңгейінде өткізілді.Патриоттық,құқықтық тәрбие,саяси сана,саяси ойлау,саяси мәдениетпен тығыз байланыстылығы өткізілген іс-шаралар барысына түсіндірілді.Жыл көлемінде патриоттық тәрбиеге-28,құқықтық тәрбиеге-19,саяси саналылыққа-32,толеранттылық тәрбие бойынша-13 тәрбие сағаттары өткізілді.Тарих пән бірлестігі ұйымдастыруымен «Құқықтық тәрбие» апталығы өткізілді.КТІЖБ-нің қызметкерлері келіп 9,10,11 сыныптарға дәріс оқып,жасөспірімдер арасында насихат жұмыстарын жүргізді.
Эстетикалық тәрбие.
Адамның эстетикалық тәрбиелілігі табиғи күштер дамуы,қабылдау қабілеті.эмоциоалдық күйзеліс,ойлау және көркемдік эстетикалық білімділігі бірлігіне негізделеді.Бұл бағытта сынып тжетекшілері үнемі жұмыс атқарып келеді.Пән мұғалімдерімен байланыса отырып,әрбір сабақтың тәрбиелік мақсатында тәрбиенің осы элементтері оқушыға баса айтылып,оның бойындағы әдемілікке,сұлулыққа,өмірдегі құбылысқа деген өзіндік ой пікірі,көзқарасы талқыланып отырады.Эстетикалық тәрбие бағытында еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Элегант шоу» сайысы өткізілді.Оның мақсаты оқушылардың сән үлгілерін жасай алуы,олардың бойындағы фантазилық шеберлігін анықтау болатын.Сонымен қатар 5-7 сыныптар арасында «Арулар ханшайымы» сайысы өткізіліп,онда оқушылардың киім таңдай білуі,сахна мәдениетін ұстануы басты назарда болып,әрбір қатысушының әрекетіне талдау жасау арқылы көпшілік оқушыларға да қосымша мәліметтер берілді.Эстетикалық тәрбие бағытына жыл көлемінде 22 ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Адамгершілік тәрбиесі
Адамгешілік сана мен мінез-құлықтың маңызды компоненті адамгершілік қажеттілік,ерік,тілек,тұрақтылық,өмірде адамагершілік таңдауын жүзеге асыра білу білігі.Осы аталғандар оқушы жүрегінен орын алса,ол адамгершілігі мол адам ретінде танылады.Бұл әрбір оқушыға жадында жатталып жүрген түйін.Осыған жету үшін сынып жетекшілері жыл басынан жоспарлы түрде жұмыс жүргізуде.Басты бағыт бойынша «Атамекен» бағдарламасына сүйенуде.Бабалар өсиетімен өскен ел екенін оқушыларға күнделікті сабақ барысында үздіксіз ескертумен келеді.Оқушы бойындағы адамгершілік сезімді ояту-тәрбиенің басты міндеті екенін тәрбиелеуші ұстаздардың жадында жатталып келеді.Бұл бағытта 29 ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Ақыл-ой тәрбиесі
Ұстаздар қауымының атқаратын негізгі қызметі-баланың қабілеті мен дарынын,интеллектін,танымдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған.Оның басты міндеті-оқушыны ғылым негіздері бойынша білім жүйесімен қаруландыру.Білімдер жүйесін сапалы меңгеру логикалық ойлау,ес,зейін,ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ықпал ету.Бұл бағыттағы жұмыстар басты назарда болып,тоқтаусыз жүргізілді.
Экологиялық тәрбие
Оқушының экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған -17 ашық тәрбие сағаттары өткізілді.Аталған тәрбие сағатының аясында мектеп оқушылары күз-көктем айларында тазалық жұмыстарына шығып,экологияның не екенін,оны қалай таза ұстау керектігі қажетті білім,деректер,мәліметтер арқылы қоршаған ортаны танып біледі.Осы бағытта 9 Г сынып оқушысы Бәйтіков Өтежанның «Өндірістегі қалдықтарды қайта өңдеу» тақырыбындағы ғылыми шығармашылық жұмысы 31 мамыр күні республикада ІІ орынға ие болды.
Экономикалық тәрбие
Экономикалық тәрбие бағытындағы жұмыстар мектептегі барлық пәндерді оқытуда жүзеге асып отырды.Кез-келген сабақ үстінде мұғалімдер жұмысты орындаудың тиімді жолдарын айта отырып,оқушыларға экономикалық тәрбие беріп отырды.Сынып жетекшілері қазіргі нарықтық заманда біздің эконмикада қандай проблемалар болып жатқанын түсіндіре отырып,оны шешудің жолдары бүгінгі алған білімдерінде екенін айтып берді.Оқушыларға экономикалық тәрбие арқылы ойлаудың дамуын,адамгершілік және іскерлік қасиеттердің қалыптасуын қамтамасыз ететіндігін түсіндірілді.
Нашақорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстардың есебі.
2008-2009 оқу жылында мектеп директорының 08.09.08 ж №213 бұйрығына сәйкес және Қызылорда облыстық наркологиялық орталығының келісімімен жоспар жасалып бекітілді.Мектепішілік наркологиялық сынып жетекшілер құрамы құрылып және 105 оқушы наркотірек мүшесі ретінде тағайындалды. Жылдық жоспары бойынша наркотірек мүшелері өздеріне бекітілген жұмыстарын жүргізіп отырды. 18.10.08 ж. аралығында дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойындарынан «Жастар нашақорлыққа қарсы» тақырыбында
8-11 сыныптар арасында дене тәрбиесі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен сайыстар өткізді.Сурет пәні мұғалімі Г.Құлмашева плакаттар сайысын өткізді. 18 қазан 2008 жылы Қызылорда ОІІД-ң Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп «Есірткінің денсаулыққа зияндығы және қылмыстық жауапкершілігі» жөнінде ашық сабақ ретінде, арнайы техникалық құралдар пайдалана отырып 9-10-11 сыныптың ер балдарымен кездесу өткізді.Сонымен қатар 19 қараша темекіге қарсы күніне жоспар жасалынып 5-11 сыныптар «Темекі шеккеннің,өз өміріңе балта шапқаның» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді.Валеология пәнінің мұғалімі Жұмаділдаева Ләйләнің ұйымдастыруымен 21 қараша күні Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Г.Қожахметованың қатысуымен «Темекі қоғамға зиян» тақырыбында акция өткізілді.Акцияға мектеп полициясы мен дене тәрбиесі мұғалімі Ә.Кемадуллаев қатысты.Акция барысында СӨС маманы видероликтер көрсетіп темекінің қоғамға зиян екендігіне түсінік беріп өтті.Дене тәрбиесі мұғалімі оқушыларды спортпен айналысыуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.Сонымен қатар мектеп полициясы осындай зиянды нәрселерден қылмыстың туындайтынын айтып өтті.Осы аталған акция Қоғам ТВ телеарнасында көрсетілді. 27-30.11.08ж. күндері сыныптардағы наркотірек мүшелері «Темекі шеккенің ,өз өміріңе балта шапқаның » тақырыбында тәрбие сағаттарын ұйымдастырып,нашақор адам СПИД ауруын жұқтырушы бірінші адам екені жөнінде айтылып өтті.13.12.08ж. мектеп тәлімгері Р.Томанова «Шылымды ермек етер,түбіне өзі жетер» атты 6-7 сынып оқушылары арасында пікірталас ұйымдастырды
Жолда жүру ережесі бойынша жүргізілген жұмыстар
2010 – 2011 оқу жылында мектепішілік жолда жүру ережесіне байланысты жоспар құрылды.Жоспар бойынша қыркүйек айында «Бағдаршам сенің досың» тақырыбында сыныптарда тәрбие сағаттары және практикалық сабақтар жүргізілді. Қыркүйек - айының 1-4 жұлдыз аралығында «Жаяу жүргінші сақ бол!» тақырыбында рейд ұйымдастырылды. Онда мектеп алдындағы көшеден бей-берекет өткен оқушыларды анықтап, жол белгілері туралы мәлімет беріп, көшеден тек арнайы өткел (зебра) арқылы өту керектігі ескертілді. 06.09.2008 жылы сынып жетекшілер отырысы болып өтті.Отырыста балалардың жазғы демалысын аяқтап мектепке оралуда осыған байланысты жолда жүру ережесімен оқушыларды таныстыру әсіресе бастауыш сынып оқушыларын қайтар уақытында балалардың жолды кез келген жерден кесіп өтулеріне тиым салу мәселесі талқыланды. 18-23 қырқүйек аралығында бастауыш пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Байқа балақай» атты апталық өтті.Онда жол ережелерімен таныстыра отырып түрлі іс-шаралар болды.
4 сыныптар арасында шығармашылық жұмыстарынан байқау болды.Сонымен қатар сынып жетекшілер оқушылардан «Жол белгілерін білеміз бе?» тақырыбында жүгіртпе сауалдар алды.Тәлімгер Томанова Ританың ұйымдастыруымен 5 сыныптар арасында викториналық сұрақтар алынды.
ЖҚТБ \АҚТҚ- ның індетіне қарсы жүргізілген І жарты жылдық есебі.
2008-2009 оқу жылына ЖҚТБ/АҚТҚ-ның індетіне қарсы іс-шаралар жоспары жасалынды.Жоспар бойынша жасөпірімдер арасындағы панасыздықты болдырмау,бақылаусыздықтың алдын алу мақсатында рейд ұйымдастырылды.Рейд барысында мектеп полициясы жасөспірімдер арасында панасыздықты болдырмау, бақылаусыздықтың алдын - алу жөнінде «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы». «Ішімдік пен шылым шегуге құштарлықтың жасөспірімдерге зиянды жақтары», Кәмелетке толмағандардың ата-анасының әкімгершілік жауаптылығы тақырыптарында мектепішілік бақылауға алынған балалар мен олардың ата-анасымен байланыс жасап рейдтік жұмыстар атқарды.Қараша айында 5-11 сыныптар аралығында АҚТҚ(ВИЧ)/ЖҚТБ(СПИД) тақырыбында диктанттар алынды.
13-14.11.2008 жылы сурет пәні мұғалімдері Абайдуллаева Райхан мен Құлмашева Гүлжан «Біз никотинсіз өмір үшін» тақырыбында сурет конкурсын ұйымдастырды.Конкурсқа 5-9 сынып оқушылары қатысып темекінің адам ағзасына тигізер зияндығын қыл қалам арқылы көрсете білді. 12-19 қараша аралығында дене тәрбиесі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын таңдаймыз» атты волейболдан жарыс өткізілді. Спорттық сайысты мектебіміздің медбикесі А.Оржанова ашып оқушыларға жұқпалы аурудың кең етек алып келе жатқандығы оған қарсы тұру үшін салауатты өмір сүргенде ғана қол жеткізетіндіктерін, алдағы уақытта спортпен шұғылданып жүруге шақырды.2008 жылдың 1 желтоқсан күні мектеп медбикелерінің ұйымдастыруымен 8-11 сыныптар арасында СПИД ауруы туралы шолу сабақтарын жүргізді және бірінші сабаққа кірген барлық мұғалімдер сабақтың 15 минутын АҚТҚ/ЖҚТБ тақырыбына арнады.Бұл сабақта оқушылар Спид ауруына дүние жүзі болып күресіп жатқандығы «аурудың барған сайын өсу үстінде екенін оған адамзаттың бірігіп күресу керектігін кеңінен айтып жеткізді. Сонымен қатар тәлімгер Томанова Рита 8-9 сыныптар арасында «Менің таңдауым-салауатты өмір» тақырыбында дөңгелек стол өткізді.Дөңгелек столда оқушылар СПИД ауруының шығу тарихы туралы айтып өтіп,оның адамдар арасында қалай тасымалданатынын және қалай қорғану жөнінде сөз қозғалды.Яғни бұл ауруға шалдықпас үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру кеңінен қозғалды.
№205 орта мектебінің
СПИД-ке қарсы күрес күніне өткізілген жұмыстардың есебі.
1- желтоқсан СПИД - ке қарсы күрес күніне байланысты мектебімізде
1 қарашадан бастап 15 желтоқсан аралығында айлық өткізілді. Айлық барысында СПИД - пен күрес күніне 8-11 сыныптар арасында плакаттар шығарылып, сонымен қатар «Салауатты өмір менің таңдауым» тақырыбында 5-11 сыныптарды тәрбие сағаттары өткізілді. Мектеп психологы Медеуова Кенже АҚТҚ(ВИЧ) ЖҚТБ (СПИД) профилактикалық бағдарламасы арқылы анкеталық тапсырмаларды 9-11 сыныптар арасында өткізді.
«СПИД ғасыр індеті» тақырыбында қазақ тілі мұғалімдері Баймаханова Айгүл 9-10 сыныптар арасында шығарма жаздырып оның ішінде 11 «Б» сынып оқушысы Тасбергенова Динараның жазған шығармасын жақсы деп тауып марапатталды. Желтоқсанның 1-і күні 11 А сынып жетекшісі Абдраманова Г «Нашақорлық жастар дерті» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына Облыстық наркологиялық орталығының дәрігері Тұрсынбаев Аманды шақырып оқушылар мен бірге өз ойларын ортаға салып оқушыларды зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Валеология пәнінің мұғалімі Жұмаділдаева Ләйлә мен тәрбие ісі орынбасары Оразбеков Қалтайдың ұйымдастыруымен желтоқсанның 1-і күні 8-11 сыныптар арасында «Өмір сабағы » өткізілді. Сабақтың мақсаты балалар арасында СПИД - тің таралмауы үшін жауапкершілігін арттыру, өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайту мен сақтауға бала мен үлкендердің назарын аудару.
Құқық бұзушылық пен панасыз қалушылықтың алдын алу жөніндегі жүргізілген жұмыстардың есебі.
Қырқүйек айында 2008-2009 оқу жылына арналған құқық бұзушылықтың алдын - алу мақсатында жоспар құрылды.08-13.09.08 жыл аралығында мектеп мұғалімдері Е.Шаймерденов, С.Базарбаев, тәрбие ісі орынбасары
Қ. Оразбеков «Жаппай оқыту» атты жедел қозғалыста мөлтек ауданға беймезгіл уақытта рейдке шығып, кафе-бар, ойын автоматтарына мектеп жасындағы баланы кіргізбеу керектігі ескертілді.17 қыркүйек күні қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғаларын болдырмау,жол ережесін насихаттау және құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» мақсатында ата-аналар мен оқушылар арасында бірге аймақтық ата-аналар жиналысы өтті.Жиналысқа
1.Қалалық білім беру бөлімі бастығының орынбасары Асқарбек Темірбекұлы Есжанов.
2.Қалалық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімше бастығы Қуаныш Сәтбайұлы Шүкіров.
3.Жол полиция басқармасының штаб аға инспекторы полиция капитаны Ербол Демесінов.
4. Жол полиция басқармасының техникалық инспекторы Оспанов Ғалымжан.
5.Қалалық білім беру бөлімінің тәрбие бөлімінің жетекші маманы Гүлнар Жиенбайқызы
6.№ 43,212,197,189 мектеп ата-аналары мен оқушылары қатысты.Жиналыста қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында жол көлік оқиғаларын болдырмау, жол ережесін насихаттау және құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында осындай аймақтық ата-аналар жиналысын әр мөлтек аудан бойынша болып жатқандығы және қазіргі таңда оқушы бойынан артық мінез,бейуаз сөз,өрескел қылық көбейгендігі.Осындай жағдайлар кезінде кейбір ата-аналарымыз бала тәрбиесіне бейтараптық танытып отырғандығы айтылыды.Бұл көзқарастан кейін оқушының одан әрі сорақы,оғаш мінез – құлық танытуына жағдай жасаймыз.Қазақ атамыз: «Қамысты бос ұстасаң қолыңды кеседі»-десе керек.Осы айтылғанды бүгінгі бала тәрбиесіне алаңдап отырған ата-аналарымызға баса айтуға болатындығы айтылды.Сонымен қатар Жолда жүру ережелеріне байланысты 10 жыл ішінде 28 мың адам қайтыс болғандығы,яғни Қазақстаның бір ауданы түгелдей жоғалып кеткен. Қазіргі таңда жаяу жүргіншілердің тиісті жерден өтпегені үшін 5840 теңге көлемінде айыппұл,егер 1 жыл көлемінде осы жағдай қайталанылса айпұлмен қоса 3 күн жұмыс жасауға міндеттеледі.Былтыр 12 көлік оқиғасы тіркеліп 2 бүлдіршін қайтыс болса, 2008 жылғы 8 айда 9 көлік оқиғасы тіркеліп 9 адам жарақат алған,адам шығыны жоқ.Осындай жағдайлар қайталанбау үшін балаларға жолда жүру ережелерін үйрету керек.Осы жылы көптеген жерлерге жол үсті сызықтары сызылды.Торайғыров пен Қорқыт-ата көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатылып жол үсті сызықтары сызылады.Осы айтылған мәселелер бойынша ата-аналарға балаларына қатаң бақылау жасау керектігі кеңінен қозғалды.
Сынып жетекшілерінің зерттеулері бойынша мектепішілік назарда ұсталатын оқушылар анықталып, олар қажетті үйірмелерге тартылып, тәлімгер ұстаздар бекітілді. Тұрмысы төмен отбасы балалары анықталып, оларға қажетті көңіл бөлініп,сынып жетекшілерінің қатаң бақылауына бекітілді.Күзгі демалыс күндері мектепішілік назарда ұсталатын оқушылардың ата-аналарымен байланысып,демалыс уақытында оқушылардың бей-берекет көшеде жүрмеуін ескертіп, мектеп инспекторы тиісті қолхат қағаздарын толтырып отырды.
Мереке күндері сынып жетекшілерден, ер мұғалімдерден, ата - аналардан кезекшілер жасақталып, қалалық демалыс паркіне, орталық алаңға, мөлтек ауданға рейдке шығып жүрді.
2008-2009 оқу жылында мектебімізде 1374 оқушы оқиды.Қыркүйек айында сынып жетекшілерімен бірлесе отырып анықталғаны назарда ұсталатын оқушы саны-6,қолайсыз отбасы саны -4,КТІЖБшеде тіркелгені -1.Бұл 11 А сынып оқушысы Маханов Тоқтар сабаққа келмегені үшін ата-анасына бірнеше рет әкімшілік ескерту беріліп, кейін есепке алынды.Мектеп қабырғасында қиын оқушыларға тиісті тәлімгер мұғалімдер бөлініп,сабақтан бос кездерінде жеке жұмыстар жүргізілуде.Осының нәтижесінде бұл оқушы сабақтан қалуын тоқтатты.Қолайсыз отбасылардың үйлеріне мектеп полициясымен бірге барып,олардың тұрмыс жағдайларын зерттеп,баласының тәрбиесіне қажетті көңіл бөлу керек екендігі ескертілді.
Күзгі демалыс күндері назарда ұсталатын оқушылар мектептегі спорттық үйірмелерге қатысты.
Бала тәрбиесіне қажетті көңіл бөлмегені үшін 10 А сынып оқушысы А.Иманбаев пен 11 Б сынып оқушысы Д.Теміровтің ата-анасы қалалық сотқа тартылып,әкімшілік шара ретінде айыппұл салынды.Қазіргі уақытта оқушылар сабаққа толық қатысып жүр.Оларға тиісті тәлімгер ұстаздар бекітілді.Оқушылардың сабаққа қатысуы күнделікті бақылауға алынған.Сабақтан бос кездерінде тәлімгер ұстаздарымен өздерінің қызығушылығы бойынша жұмыс жүргізеді.Мектепішілік іс-шараларға да қатысып отырады.Мектеп инспекторы ата-аналарымен үнемі байланыста болып отырады. ІІ тоқсан бойынша барлығының сабақ үлгерімі қанағаттанарлық.Мұғалімдермен байланысы жақсы жолға қойылған.
№ 205 орта мектебінің
2009-2010 жылдың «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу» бағытында атқарылған жұмыстар есебі.
Қалалық білім беру бөлімінің 20 қараша 2008 жылғы № 501 бұйрығын басшылыққа ала отырып Қала мектептерінде құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы барысында 19 қараша мен 31 желтоқсан аралығында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарынан кезекшілік рейд ұйымдастырылды.Құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты мектеп ұстаздары мен сынып жетекшілер арасында жиналыс өткізіліп 19 қараша мен 31 желтоқсан аралығында айлық жарияланғандығы ескертілді. 21 қараша күні «Темекі қоғамға зиян тақырыбында» мектепішілік акция ұйымдастырылып акцияға Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Г.Қожахметова мен мектеп полициясы және дене тәрбиесі мұғалімдерінің қатысуымен болып өтті.Өткізілген іс-шара Қызылорда қоғамдық телеарнасында көрсетілді. Сонымен қатар 4-5.12.2008 ж мектепішілік
1-11 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы болып өтті.Онда қазіргі уақыттағы жасөспірімдер мәселесі талқыланды.Көптеген нақтыланған мәліметтерді,ақпарат құралдарында жария болған фактілерді келтіре отырып мектеп инспекторы ата-аналарды бала тәрбиесіне көп мән беруге шақырды.Айлық аясында жасөспірім балаларға түрлі тақырыптарда іс-шаралар ұйымдастырылды.Мектеп кітапханасында «Жасөспірім және заң» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылды. Ата-аналармен кезекшілік рейд барысында мектепішілік есепте тұратын оқушылардың үйін және мөлтек ауданда орналасқан сауда орталықтарына күндізгі және кешкі уақыттарда аралап, жасөспірім балаларға темекі,спирттік ішімдік сынды зиянды заттарды сатуға болмайтынын ескертіп өттік.Сонымен қатар мектепішілік қолайсыз отбасы балалары ретінде тіркелген Қыдырияұлы Батырбектің,Сақтапбергенов Әлімжанның үйлерінде болып, тұрмыс жағдайларын көріп, балаларының тәртібі жөнінде әңгімелестік.9 желтоқсан күні қалалық білім беру бөлімінің айлық жоспары бойынша «Мен қоғам үшін құндымын ба?» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен пікірталас болып өтті.Пікірталаста оқушылар өз көкейінде жүрген ойларын ортаға салды.Жалпы қазіргі таңда қоғамда жасөспірімдердің құндылығы және оның жан-жақты қаралып жатқандығы туралы айтып өтті.Сонымен қатар елбасының айтуы бойынша болашақ жастар қолында екенін мақтанышпен жеткізе білді. 12-13 желтоқсан аралығында 9-11 сыныптар арасында жасөспірімдер мен оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында спорттық шаралар ұйымдастырылды.15 желтоқсан күні мектепішілік жиында спорттық шараларда белсенділік танытқандығы үшін, арнайы орын алғандар марапатталды. Тәуелсіздік күні мерекесіне,жаңа жыл мерекесіне орай мектеп мұғалімдерімен бірлесіп ата-аналар мөлтек ауданға,орталық алаңға түнгі рейдке шығарылды. Мереке қарсаңында мектеп оқушылары тарапынан ешқандай құқық бұзушылық орын алған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |