«Ќазаќстан Республикасы Ќўрылыс жјне тўрєын їй-коммуналдыќ шаруашылыќ істері агенттігініѕ Алматы ќаласы бойынша Мемлекеттік сјулет-ќўрылыс баќылау жјне лицензиялау департаменті» мм, 050010, Алматы ќ



жүктеу 45,72 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі45,72 Kb.
#13669
түріКонкурс



Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды
Индекс 040000, Талдықорған қ., Шевченко көшесі, 131, анықтама телефондары: 8 (7282) 24 51 98, 24 52 05, Е-mail: dgask_alm_obl@mail.ru, БИН: 150240002667

Құжаттарды қабылдау мерзiмі: жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;


     2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;


    4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
   5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
    6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

 8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

       Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады

Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылардың қатысуына қатысты ақпарат: Алматы облысының маслихат депутаттары, сәулет және қалақұрылысы басқармасы, құрылыс басқармасы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысады.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.



Әңгiмелесу өткізудің орны: Алматы облысы, Талдықорған қ., Шевченко көшесі, 131.

  1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, № 100-02-11, №100-02-12, 2 бірлік).

Еңбек ақысының көлемi: 83282 теңгеден бастап 112431 теңгеге дейін айлық есеп ақысын құрайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары техникалық ғылымдар және технология (құрылыс немесе құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі, көлік құрылысы не болмаса гидротехникалық құрылысшы және ғимаратшы).

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Функционалдық міндеттері: Құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылыс қызметі туралы жұмастарының сапасын қадағалау, құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдеріне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру, салынып жатқан және салынуы жоспарланған (қайта жаңғыртылатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын күрделі жөнделетін) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу; құрылыстың сапасын тексеру нәтижелерін жинақтау және талдау, тіркеу; құрылыс индустриясының кәсіпорындары бойынша құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын шығаруға мониторинг жүргізу, салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты басталуына) арналған құжаттарды қарау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және жеке лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану.



жүктеу 45,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау