тұлғаларды ерікті түрде біріктіру жолымен мүшелік негізінде құрылатын
өндірістік кооперативтің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;
3) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы
орган (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы басқармасы) – ауыл шаруашылығын
басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың
құрылымдық бөлімшесі;
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта
жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын
алқалы атқарушы орган;
5) кепілдік – қарыз алушының міндеттемелері бойынша микроқаржы
ұйым/кредиттік
серіктестік
алдында
Кепілгердің
субсидиарлық
жауапкершілігін растайтын құжат;
6) кепілгер – «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы;
7) кепілдік беру – кәсіпкердің микроқаржы ұйымдарға/кредиттік
серіктестік алдында кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерін негізгі
берешек сомасы шегіндегі субсидиярлық жауаптылық шарттарында орындауын
қамтамасыз етуде кепілдік берушілігін ұсынуды көздейтін мемлекеттік
қолдаудың түрі;
8) кепілдік шарты – кепілгердің, кредитордың және қарыз
алушының арасында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша кепілдік беру туралы жасалған үшжақты жазбаша келісім;
9) кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – жеке және/немесе заңды
тұлғалар өз қатысушыларының кредиттерге және басқа қаржылық, соның
ішінде банктік қызмет көрсетуге деген қажеттіліктерін олардың ақшаларын
жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым
салынбаған басқа да көздер есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;
10) қаржы институттар – банктік операцияларды жүзеге асыру
құқығына лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер, кредиттік ұйымдар,
сондай-ақ АӨК саласындағы лизингтік компаниялар мен КС;
11) қатысушылар – халыққа қызмет көрсету орталығында тңркелуіне
қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен
қамтығандар, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері;
12) кредит/микрокредит - МҚҰ/КС/ «АШҚҚҚ» АҚ Қазақстан
Республикасының
ұлттық
валютасында
ақылылық,
мерзімділік,
қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы мақсат талаптарымен
шарттарында кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша Бағдарлама
қатысушысына беретін қарыз қаражаты;
13) микрокредит беру ұйымы – «Аграрлық несие корпорациясы»
акционерлік қоғамы;
14) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым
болып табылатын, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуімен ресми
мәртебесі
анықталатын
және
есептік
тіркеуден
өтуімен,
кредиттер/микрокредиттер беру қызметін, сондай-ақ «Микроқаржы ұйымдары
туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етілген қызметтің
қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
15) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – «АШҚҚҚ» АҚ/микроқаржы
ұйымына/кредиттік серіктестіктерге кредит/микрокредит алу үшін өтініш
берген уақытқа қарай жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде
мемлекеттік тіркелген мерзімі кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер;
16) жұмыс істеп тұрған кәсіпкер - «АШҚҚҚ» АҚ-ға/МҚҰ-ға/КС-ға
кредит/микрокредит алу үшін өтініш берген сәтте дара кәсіпкер немесе
заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан астам
кәсіпкер.
2-тарау. Кепілдік беру шарттары
3. Кепілдік беру үшін қатысушылардың келесі өлшемшарттарға
сәйкестігін талап етеді:
1) Бағдарлама шеңберінде қорландырылатын МҚҰ/КС арқылы
ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан)
және шағын қалаларда бизнес ашу, жұмыс істеп отырған бизнесті кеңейту,
кооперативтер құру үшін кредитке/микрокредитке мақұлдау алу;
2) кредит/микрокредит алуға өтініш берген күні алдында, соңғы
есептілік күніне салықтарды төлеу берешектері, бюджетке міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік
аударымдар бойынша берешектері, қаржы институттары алдында мерзімі өткен
берешектердің жоқ болуы (10 АЕК-тен аспайтын мөлшердегі жалпы
берешекке жол беріледі) берілмейді.).
4. Бағдарлама шеңберінде орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері
кепілдендік беретін қатысушылар бола алмайды.
5. Кепілдік беруге:
1) ұйымдардың және кәсіпорындардың үлесін, акцияларын сатып
алуға бағытталған;
2) мемлекеттік даму институттары тікелей берген;
3) жер учаскелерін сатып алуға арналған;
4) жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және оны салуға берілген;
5) тұтынушылық мақсаттарға берілген;
6) овердрафт түріндегі;
7) акцизделетін өнімді өндіруге бағытталған;
8) бұрын алынған қарыздарды қайта қаржыландыруға немесе өтеуге
бағытталған;
9) Бағдарлама қатысушыларына бұрын келтірілген шығындарды өтеу,
Бағдарлама қатысушыларының жеке және/немесе заңды тұлғалардан, оның
ішінде қатысушылардан, акционерлерден, лауазымды тұлғалар мен