10. Кредит берушілер ЖАО жасалатын кредиттік келісім
сомасының кемінде 20 %-ын бастапқы бизнесті қаржыландыруға
бағыттайды.
11. Микробизнес ашуға арналған кредиттер/микрокредиттер
«Бастау Бизнес» жобасының шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне немесе
Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне
оқыту курстарынан өткеннен кейін не соңғы екі жыл ішінде басқа
бағдарламалар шеңберінде кредит/микрокредит алу үшін жүгінген
мерзімнің алдын сертификатты алу кезден соңғы 24 ай ішінде кәсіпкерлік
негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификат болған кезде
беріледі.
Кредиттер/микрокредиттер алуға «Бастау Бизнес» жобасында
оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғау
кезеңіне жіберілгендер үшін) Бағдарлама қатысушылары басым құқыққа
ие.
Кредиттер/микрокредиттер ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің
қызметін кеңейту және (немесе) зәкірлік кооперациялар мен ауыл
шаруашылығы кооперативтеріне қатысушылардың қызметін дамыту
үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша
жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып, кемінде екі жаңа
тұрақты жұмыс орнын құру шартымен ұсынылады.
12. Қолда бар бизнесін кеңейтуге және ауыл шаруашылығы
кооперативтерін құруға арналған кредиттер/микрокредиттер жаңа тұрақты
жұмыс орындарын құру талабымен кезінде беріледі.
Бұл ретте кредит беруші мен Қатысушы арасындағы шарттарда ісін
жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, жаңа жұмыс орындарын
құру жөніндегі талап міндетті түрде көрсетіледі.
13. Кредиттер/микрокредиттер аудандардың, шағын қалалардың
мамандану карталарына сәйкес іске асырылатын жобаларға басым тәртіппен
беріледі, олардың ішінен:
кредит беруші қарыз сомасының 80%-ын аудандардың, шағын
қалалардың мамандану карталарында көрсетілген басым қызмет түрлеріне
сәйкес кредиттер/микрокредиттер беруге жолдайды;
қарыз сомасының 20%-ы басым қызмет түрлеріне қарамастан,
кредиттер/микрокредиттер беруге жолданады.
Қарыз алғаннан кейін алты ай өткен соң басым қызмет түрлеріне кредит
беру/микрокредит беру үшін көзделген қарыздың игерілмеген сомасы болған
жағдайда, кредит беруші қаражат қалдығын басым қызмет түрлеріне
қарамастан, кредит/микрокредит беруге жолдайды.
Облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар өңірлік
кәсіпкерлік палаталарымен бірлесіп аудандардың, шағын қалалардың
мамандану картасын әзірлейді. Бұл ретте аудандар мен шағын
қалалардың мамандану картасы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
саласындағы уәкілетті органмен келісіледі және оны облыс әкімінің ауыл
шаруашылығын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары
бекітеді.
Аудандардың, кіші қалалардың қартасы МҚҰ/КС/ «АШҚҚҚ» АҚ/
«ҚазАгроКепіл» АҚ беріледі.
Аудандардың, кіші қалалардың мамандану қартасы жасалатын
маркетингтік талдау негізінде аудандың деңгейде потенциалдық
тауашаларын және перспективалық бағыттарды айқындау бойынша
бизнесті дамыту үшін әзірленеді. Маркетингтік зерттеу (cкрининг тәсілі
бойынша) қаржылық емес қолдау операторы «Атамекен» Қазақстан
Республикасының
Ұлттық
кәсіпкерлік
палатасымен
жүргізіледі.
Маркетингтік зерттеу аяқталғанға дейін бұрын бекітілген аудандардың,
кіші қалалардың мамандану қарталары қолданылады.
14. Кредиттер/микрокредиттер:
1) Қазақстан
Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес
айқындалған орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне;
2) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтіндерге;
3) тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарды өтеуге,
акцизге жатқызылған өнім өндіруге, тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып
алу мен салуға, жер учаскелерін сатып алуға (нысаналы қолданылуы
кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес), осындай жер учаскелері/тұрғын
үйлердің
нысаналы
қолданылуы
Бағдарлама
қатысушысымен
кредит/микрокредит беру туралы шартты жасасу күнінен бір жыл ішінде
бизнес мақсаттарға өзгертілетін жағдайда болуды қоспағанда.
4) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша
берешектері барларға (10 АЕК-тен аспайтын мөлшердегі жалпы берешекке жол
беріледі) берілмейді.
Берешегінің жоқтығы берешектің бар болуы (бар болмауы) жөніндегі
мәліметтің электрондық нысанымен расталады, олардың есебі мемлекеттік
кірістер органдарда жүргізіледі (электрондық қызметтер арқылы ұсынылған
(Қазақстан Рсепубликасының Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер
комитетінің порталы мен web-қосымшасы «Салық төлеушінің кабинеті»,
«электрондық Үкімет» порталы) қаржыландыруға кәсіпкерлік субъектісімен
өтінішті ұсыну күніне дейін 30 күнтізбелік күннен кем емес).
15. Кредиттер/микрокредиттер беру Қағидалардың осы тарауында
көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру
және микрокредит беру тәртібі