ескертулерді және/немесе ақпаратты беру туралы сұрауды жолдайды. Бұл ретте
Кепілгердің өтінімді қарау процесі мен мерзімдері тоқтатылады.
23. Өтініштерді
қарастыру қорытындылары бойынша, кепілгер
кредитті/микрокредитті кепілдендіру туралы шешім қабылдайды және
жауабын МҚҰ/КС жолдайды.
24. МҚҰ/КС кредитті/микрокредитті беру, кепілді рәсімдеу туралы
қол қойылған шарттардың көшірмесін кепілгерге жолдайды.
25. Кепілгердің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешім болған кезде
МҚҰ/КС кепілгерге кредит/микрокредит беру, кепілді рәсімдеу туралы қол
қойылған шарттар көшірмелерін жолдайды.
Кепілдік берушінің оң шешімімен хатты алған соң МҚҰ/КС
қарастыруына
кредиттің/микрокредиттің
бекітілген
кепілдіктің
сомасынан 50 % жартылай берілуіне жол беріледі (кредиттік желі
шеңберінде).
Кепілдік беруші Кепілдік шартына қол қоюдан бас тартуға құқылы,
егер МҚҰ/КС кепілдік беру мүмкіндігі жөніндегі кепілдік берушінің
хатындағы шарттарына сәйкес келмейтін шарттарда жасалған жағдайда.
26. Кепілгер сұратылын шарттармен немесе кепілдік берудің өзге де
негізгі талаптарымен оң шешім қабылдайды.
27. МҚҰ/КС кредит/микрокредит беру туралы қол қойылған шарттың
көшірмесін алғаннан кейін кепілгер МҚҰ/КС жолдайтын кепілдендіру шартын
үш данада рәсімдеп, қол қояды.
28. МҚҰ/КС және қатысушы кепілдік беру шартын жасасады және қол
қойылған шарттың данасын кепілгерге береді.
29. Кепілдік беру шартын ресімдеп, қол қою рәсімі аяқталғаннан кейін
МҚҰ/КС қатысушыға кредит/микрокредит беруді жүзеге асырады.
30. Бағдарлама
шеңберінде
МҚҰ/КС
берілген
кредиттер/микрокредиттер
бойынша
кепілдікке
ұсынылған
кепілмен
қамтамасыз етуді микрокредит беру ұйымы мен кепілдік берушінің мақұлдау
кезінде жартылай алмастыруға жол беріледі. Сонымен қатар, кепілдіктің көлемі
осы Қағидалардың 9,10 тармақтарына сәйкес анықталады.
31. Бағдарлама қатысусышына кепілдік беру жөнінде теріс шешім
қабылдаған жағдайда, МКҰ/КС бас тартудың жазбаша уәжделген жауабын
ұсынады.
32. Бағдарламаның жүзеге асырылуы Бағдарлама қатысушыларының
кепілдік алу үшін кепілдік берушіге жүгінген кезде және кейінінен МҚҰ/КС
кредит/микрокредит алу үшін жүгінген кезде келесі тіртіпте жүргізіледі:
1) Кепілдік беруші осы Қағидалардың 2- қосымшасына сәйкес
Бағдарлама қатысушысынан толық құжаттар пакетін алған соң 14 жұмыс күн
ішінде МФО/Кт қатысушымен ары қарай кредит/микрокредит алу үшін өзі
алған құжаттарды кепілдік беруге тексереді;
2) Кепілдік берушімен кепілдікті ұсыну бойынша оң шешім
қабылданған соң, Кепілдік беруші Қатысушыға берілетін кепілдіктің