Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Т. Орынбаев 2013 жылғы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет12/30
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15886
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

35
«Зертханалық  ақпараттық  жүйе»
және «Медициналық  суреттер»
көрсетілген диагностикалық  қызметтер және олардың  нәтижелері туралы
ақпаратты ЭМЖ (кейінен ЭДП ақпаратты тіркеумен) жинастыруды, өңдеуді
және беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер. Осы жүйелерді іске асыру
өңірлік/жергілікті деңгейлерде жүзеге асырылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық  ахуалды мониторингілеу жүйесі –
ақпаратты жинауды, жалпылауды және талдауды, ҚР Денсаулық  сақтау
министрлігінің  жауапты құрылымдарына және жергілікті билік органдарына
Республиканың  барлық  өңірлеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық  ахуал
туралы уақтылы хабарлауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
Пациенттің  жеке кабинеті – пациенттердің  денсаулығы туралы өз
деректеріне рұқсатты және медициналық  персонал үшін оларға рұқсатты
басқаруды, МСАК профилактикалық функцияларын қолдауды, денсаулығының 
жағдайын өз бетімен бақылауды және денсаулыққа байланысты өткізілген іс-
шаралардың  қажеттілігі туралы хабарландыруды қамтамасыз етеді. Ұялы
құрылғылар және қосымшалар арқылы осы ақпаратқа қолжеткізу мәселелері
қаралатын болады.
Дәрігердің  жеке кабинеті – дәрігерлерге өз пациенттерінің  ЭМЖ және
ЭДП оперативті қолжеткізуді қамтамасыз етеді, дәрігер үшін «Стационар»,
«Емхана», «Жедел жәрдем» ақпараттық жүйелеріне кірудің бірыңғай нүктесі.
Менеджердің  жеке кабинеті – ҚР ДСМ және оның  ведомстволарының, 
денсаулық  сақтау басқармаларының  мамандарының, денсаулық сақтау
ұйымдарының  басшыларының функциялық  міндеттеріне сәйкес ақпараттық 
жүйелердің функционалына кіруге арналған бірыңғай нүкте.
Телемедицина

консультация,
консилиум,
конференция
және
видеоселекторлық  кеңестер
және
барлық  ел
бойынша
жиналыстар,
телекөпірлер,
оқыту
семинарлары
сияқты
телемедицина
қызметтерін
(медициналық және телемедицина жабдықтарын пайдаланумен) ұсыну.
Ескі жүйелер үшін деректерді жаңа форматқа көшіру, сондай-ақ  жаңа
жүйелерде функционалды пайдалану көзделеді. Тұжырымдамалық функциялық 
архитектураға сәйкес Медициналық-статистикалық  жүйенің  функционалы
медициналық  көмек көрсетудің  әртүрлі деңгейлеріне және процестеріне
арналған дербес ақпараттық  жүйелердің  арасында бөлінетін болады (Емхана,
Стационар, Жедел жәрдем және т.б.). Мүдделі тұлғалардың  уақтылы, өзекті,
нақты және жеткілікті ақпараттағы қажеттілігін қанағаттандырмайтын жүйелер
қайта өңделеді. Қолданыстағы ақпараттық жүйелер функционалының жаңасын
мұралануы 5-қосымшада ұсынылған. Мұралану ақпараттық  жүйелердің 
қолданыстағы функционалын жаппай көшіру емес, осы тұжырымдаманың 
қосымшаларына және пайдаланушылардың  қажеттілігіне сәйкес бөлек
модульдердің функционалын жаңғыртуды білдіреді.
Денсаулық сақтау саласында өзара іс-қимыл үшін платформа ретінде ДБР
қызмет етуін қамтамасыз ету үшін қосымша аралық бағдарламалық жасақтама
қажет – медициналық  деректермен алмасу және бірыңғай ақпараттық 
медициналық  кеңісікті құру үшін интеграциялық  платформа. Бұл платформа


36
бірнеше компоненттерден тұрады, олардың  негзігілері мыналар: ДҚБЖ және
итеграциялық шина.
Жоспарлы ақпараттық жүйелермен және сервистермен анағұрлым егжей-
тегжей танысу үшін 6-қосымшада ақпараттық  жүйелердің  тізімі, олардың 
негзігі функциялығы және Сервис Бағытталған Архитектураның  (СБА)
шеңберінде басқа қосымшалармен пайдалану үшін қол жетімді болатын
сервистер келтірілген.
2.2. ТЕХНИКАЛЫҚ АРХИТЕКТУРА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
2.2.1. Тұжырымдамалық техникалық архитектура
Техникалық архитектура аппараттық  және бағдарламалық  жасақтама
инфрақұрылымының  архитектурасы
болып
табылады,
ол
қолданбалы
жүйелердің  жұмысын
және
қолданбалы
жүйелер
мен
ақпараттың 
архитектурасына қойылатын операциялық  (функциялық  емес) талаптарының 
орындалуын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда е-денсаулық  сақтаудың  архитектурасына ақпараттық 
жүйелер мен қосымшалардың  екі түрі кіреді. Бірінші бөлігі клиент-серверлік
үстелдік қосымшалардың  қағидаты бойынша әзірленген. Осы жүйелерді
пайдалану кезінде барлық МҰ-дың кәсіпорынның өз шегінде сервердің болуы
және барлық  пайдаланушылар өз жұмыс станцияларынан жергілікті желі
бойынша жүйелермен жұмыс істейтіні көзделеді. Түн ішінде күні бойы
жаңартылған барлық деректер жергілікті серверден жоғары (деректерді резервті
көшіруді қамтамасыз ету үшін облыс деңгейіне) жіберіледі, онда деректер
синхрондалады, ал төменге анықтамалықтардағы, деректердің құрылымындағы
және БЖ кодтарындағы ықтимал өзгерістер беріледі. Медициналық  көмек
көрсету процесіне қажетті шұғыл ақпаратпен орталықтандырылған серверлер
мен ДБАЖ жүйелерінің  түйіндері арасындағы алмасу көлік ортасы арқылы
хабарламамен алмасу жолымен сервистерге жүгіну арқылы жүзеге асырылады.
Қосымшалардың  екінші бөлігі веб-технологияларда әзірленген, оларда
пайдаланушылар веб-браузер арқылы веб-серверлер, қосымшалар мен дерек
қорлары орналасқан орталық ҚР ДСМ ДӨО тікелей жүгінеді.
Келешекте тиімді бағамен байланыстың  жоғары жылдамдығы бар
арналар пайда болғанда осы архитектура өзгертіледі және барлық  есептеулер
(немесе көбі) орталық  ДӨО орналасқан е-денсаулық  сақтаудың  бұлтында
орындалатын болады. Осы процес кезең-кезеңмен өтетіні есепке алынатын
болады, медициналық  ұйымдар кезекпен клиент-серверлік архитектурадан
бұлтты архитектураға көшетін болады.
Осы кезде Қазақстанда бұлтты технологияны енгізу үшін қажетті жағдай
әлі жоқ және негізгі кедергі ретінде (осы технологиялардың жоғары бағасынан
басқа) кең  өрісті (өнімділігі жоғары) және төмен латентті деректерді беру
арналарының  болмауы
болып
табылады.
Оған
қарамастан,
әлемдік
тенденциялар осы арналар Қазақстан үшін жақын арада қолжетімді болатыны


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау