Қазақстан республикасы парламенті сенаты аграрлық МӘселелер, табиғатты пайдалану



жүктеу 0,5 Mb.
бет2/3
Дата25.12.2019
өлшемі0,5 Mb.
#24932
1   2   3

ОМАРОВ С.К. Өзіңіз білесіз, Қазақстанда екінші деңгейлі банктер ауыл шаруашылығын қаржыландыруға қатыспайды десе де болады. Қазіргі бүкіл қаржыландырудың барлығы «ҚазАгро» АҚ арқылы жүріп жатыр, 70 пайызы «ҚазАгро» АҚ арқылы жүргізіледі. Ал «ҚазАгро» АҚ арқылы барып жатқан қаржының бәрі мемлекеттің қаржысы. Сондықтан біздің негізгі ойымыз, бұл кредиттік серіктестіктер бойынша көптеген ұсыныстар енгізілген болатын, бірақ соның көбісі өтпей қалды. Біздің негізгі ойымыз болашақта осы кредиттік серіктестердің жұмысын ары қарай дамыту.

Бүгінгі күні кредиттік серіктестер бойынша қайтарылмай қалған қарыздың көлемі өте аз, ол 10 пайызға да жетпейді. Басқалармен салыстырғанда ол жақсы көрсеткіш. Сондықтан былтырғы жылы осы кредиттік серіктестерді жинап, үш рет осындай отырыс өткіздік, солардың пікірін тыңдадық.

Бекмырза Қайыпұлы, сіздің көтеріп отырған сұрағыңыз сол кредиттік серіктестердің өздерінің жиналғандағы берген ұсынысы еді. Бұл жерле сұрақ жаңағыдай болып қойылып жатса, бізге рұқсат беріңіз, біз ендігі отырысқа дейін олармен тағы да бір кездесіп, осы мәселені қарайық. Егер сіз жағынан сұрақ болатын болса, солармен бірге кездесіп, сіздің де қатысқаныңыз дұрыс болар.

СӨЙЛЕУШІ. Ассоциация кредитных товариществ.

Рұқсат болса орыс тілінде айтайын.

ТӨРАҒА. Айтыңыз.

СӨЙЛЕУШІ. Действительно, законопроектом предусмотрена норма о делегировании полномочий общего собрания правлению. Я хотел отметить, что общее собрание вправе, но не обязано делегировать определенные полномочия.

Ваши опасения понятны в части того, что правление может исключать либо добавлять новых участников, но в этой же статье предусмотрена оговорка, что повторно созванное общее собрание является правомочным, если на нем зарегистрировано любое количество участников, за исключением случаев, предусмотренных в пунктах 1 и 4 статьи 9. Как раз в этих пунктах 1 и 4 говорится о том, что если стоит вопрос о включении либо исключении новых участников, то в любом случае необходимо квалифицированное большинство голосов. То есть тогда этот пункт не будет работать, тогда нужно созвать квалифицированное большинство две третьих либо единогласно.

ЕЛАМАНОВ Б.Қ. Уважаемый представитель ассоциации, в любом случае с двумя человеками проводить собрание – ни в какие рамки закона не лезет.

СӨЙЛЕУШІ. Они же будут проводить в рамках своих...

ЕЛАМАНОВ Б.Қ. Вы объясните мне: при регистрации любого числа участников товарищества, это сколько человек?

По второму вопросу. Это исключительная компетенция общего собрания, это прописано в законе. Например, изменение устава – исключительная компетенция общего собрания?

СӨЙЛЕУШІ. Да, я согласен, но мы делегируем полномочия. Если общее собрание своему правлению не доверяет, оно может и не делегировать. То есть эти вопросы в любом случае будут решаться большинством голосов общего собрания, не правления. Изменение состава участников и изменение устава.

ЕЛАМАНОВ Б.Қ. Жаңа сіз айтып кеттіңіз, оң өзгерістер бар, серіктестік «ҚазАгро» АҚ тарапынан қаржыландырылып жатқан бірден бір мекеме. Бірақ неге оны санаулы адамдарға ғана, мүшелеріне ғана беріп тұр. Жылда сол адамдарға береді, сол себептен қайтарымды болып жатқаны. Ол жақсы жұмыс істеп жатқаннан емес, әр серіктестікте бір нақты мүше бар, ол жарнасын салды, одан басқа адамға олар несие бермейді. Сол себептен ғой қайтарымының болып жатқаны, жылда сол адамға береді несиені.

ОМАРОВ С.К. Ол жерде кімнің болса да кредиттік серіктестікке кіруге құқығы бар, әрқайсысы өзінің серіктестіктегі мүшесіне жауап беру керек қой. Бұл бүгінгі күні жақсы жұмыс істеп жатқан қаржылық институт.

ЕЛАМАНОВ Б.Қ. Жергілікті жерден келіп отырмыз ғой, ол жаққа кім көрінген кірмейді оған, қандай сеткадан өтетінін білесіз, кредит алғысы келіп отырған шаруалардың көп екенін білесіз, неге кіре алмай отырғанын білесіз ғой. Ол сеткадан өтеді, оған жіктеліп-жіктеліп тәуекелі жоқ адамдарды қабылдайды. Алып жатқаны сол себептен, оның санының үлкеймей жатқаны да сол. Бұл шешім емес.

ТӨРАҒА. Дүйсенғазы Мағауияұлы, осы мәселе бойынша ма?

МУСИН Д.М. Осы мәселе бойынша қосымша ретінде нақтылау.

Әли Әбдікәрімұлы, біз осы мәселені өткен жұмыс тобында вице-министр Құрманов мырзаның қатысуымен жан-жақты үлкен талқылау жасағанбыз. Әріптесіміздің қойып отырған мәселесі дұрыс, бұл жерде несиелік серіктестіктің жұмысының жағдайы түсінікті, жақсы жұмыс істеп жатыр, қазір екінші деңгейдегі банктерде несиелеу екі есе қысқарып кетті. Оның бәрі түсінікті. Осы жерде Рүстем Жомартұлы түсінік берсін деп ойлаймын: «правомочным считается при участии любого числа участников» деп тұр, мысалы, жалпы жиналысқа екі-ақ адам келуі мүмкін. Осы жағынан қойып отырсыз ғой?

ЕЛАМАНОВ Б.Қ. Иә.

ТӨРАҒА. Пожалуйста, Рустем Жомартович.

ҚҰРМАНОВ Р.Ж. Да, мы рассматривали на рабочей группе этот вопрос. Ассоциация кредитных товариществ была в отъезде, они форум в Алматы проводили.

Здесь немножко пугающе звучит, что можно проводить любым составом, любым большинством непосредственно решение принимать. Но здесь имеется в виду, что есть оговорки, за исключением пункта 1-4. То есть по всем другим вопросам можно любым составом проводить. А что касается изменение устава или изменение членов КТ, то в данном случае это право не делегируется им. То есть это касается любых организационных вопросов, может принять любое количество членов КТ, но не ключевые нормы, которые касаются управления КТ.

ЕЛАМАНОВ Б.Қ. Но в любом случае полномочия общего собрания нельзя делегировать одному-двум человекам. Ваш пункт подразумевает любое количество, даже один человек может проводить собрание и принимать уполномоченное решение.

ТӨРАҒА. Дүйсенғазы Мағауияұлы, дәл осы жағдай бойынша түзету бар ма?

МУСИН Д.М. Бар, кестеге енгізілді.

ТӨРАҒА. Кестеге енгіздіңіздер ғой? Жұмыс тобында тағы да талқылап, ары қарай жұмыс жасаңыздар.

Я считаю, что вопрос есть, конечно. Формулировку надо посмотреть. Эту формулировку каждый человек может по-разному толковать. В суде и других юридических органах это выражение они могут толковать по-разному. Поэтому есть определенная опасность и опаска. Я считаю, что опасение правильное.

Ары қарай талқылап көріңіздер, мүмкіндік бар.

Рашит Қайыржанұлы, осы мәселе бойынша ма?

ӘКІМОВ Р.Қ. Осы мәселе бойынша.

Жеткілікті айтылды. Осы арада ассоциацияның өздеріне жеңілдіктер жасап тұрғаны белгілі, орысша айтқанда лобби идет.

Есть общее положение. Понятно, кто инициатор, это Ассоциация кредитных товариществ.

Сапархан Кесікбайұлы, олардың қайтарымы жақсы болғаны, біріншіден, олардың құрамында тіркелген үлкен үлес иесі екі-үш құрылтайшы бар. Солар арқылы шешіп отыр.

Кредитное товариществоны заңға кіргізіп отырсаңыздар, 100 мың, 200 мың теңгемен үлес қосып отырған шағын шаруаларды алып отырған жоқ, өйткені 20-30 қағаз керек. Оны алып отырған 4-5 үлкен құрылтайшылар, жылда қағаздарын дайындайды да ары қарай жалғастырып ала береді. Сондықтан мына әріптестердің айтып отырғаны дұрыс, қажет емес деп ойлаймын. Жалпы талап бар ғой, сол талаппен ары қарай да жұмыс істей берсін.

ТӨРАҒА. Тағы сұрақтарыңыз бар ма?

ОРНЫНАН. (МИКРОФОНҒА ЕМЕС).

ТӨРАҒА. Я не знаю, кто из вице-министров может ответить, осы заң жобасында да астыққа қатысты біраз мәселелер енген, бірақ бізді ойландыратын...

Гүлмира Султанбаева, это у вас?

ТӨРАҒА. Біздің бәрімізді ойландыратын мәселе – астықтың экспорты. Біз неге осы астықтың экспортын астық күйінде жасаймыз, неге ұн күйінде жасамаймыз? Ұн күйінде тіпті жасамайды деп айту да дұрыс емес шығар, бірақ астық күйінде экспорт жасауға құмармыз. Мысалы, оңтүстікте тұрған диірмендердің барлығы тоқтап қалды да Ташкентте, Өзбекстанмен шекараның бойында бірнеше диірмендер ашылды. Олар бізден астық күйінде алады, ары қарай ұнға айналдырады да ұнменен өздерін қамтамасыз етеді, тіпті ары қарай Ауғанстанға да сатып жатқан жағдайлары бар.

Қазір Қытаймен дәл сол сияқты болатын түрі бар, тағы да басқа мемлекеттермен.

Осы астыққа байланысты, астықтың экспортына байланысты бізде қандай саясат бар?

ОМАРОВ С.К. Әли Әбдікәрімұлы, айтқаныңыз дұрыс, бізде кейінгі жылдары экспорттауға астықтың көлемін көбейтіп отырмыз, ұнның көлемі әзірге көбеймей жатыр. Оның үстіне кейбір уақыттарда ұнның экспортының көлемі азайып та келе жатыр. Өйткені бірінші мәселе ұнды алатын рынокқа байланысты.

Бұрын Өзбекстан бізден үлкен көлемде алатын еді, қазір енді олар кәсіпорындарды өздері салып жатыр, тәжіктер де өздері сала бастады, ауғандар да салып жатыр. Сондықтан бүгінгі күні басты нарығымыз Ауғанстан.

Ауғанстанның өзіне де кейінгі уақытта бізге Пәкістан конкурент. Пәкістанда астық жақсы болып, ұнды көп шығарса біздің ұнымыз өтпей де қалуы мүмкін. Сондықтан қазір бізде екі жол көріп отырмыз, жаңадан нарық ашу керек.

Бірінші нарық Қытай. Президентпен бірге барған іссапарда біз әзірше Қытайдың бір провенциясымен келісіп келдік, олар айына 5 мың тоннадан бізден ұн алатын болып отыр.

Екінші мәселе. Әңгіме ұнда емес, біз ары қарай кетуіміз керек. Ұнмен біз мәселені шеше алмаймыз, өйткені қазір 4 миллион тонна ұн шығарамыз. Оның 1,7 миллион тоннасын өзіміз ішкі нарықта қолданамыз да, 2,2 миллион тоннасы экспортқа кетеді, 100 мың тоннадай өзімізде қалып отыр. Одан артық ұнды бізде шығаратын басқа нарық жоқ, одан асып кете алмаймыз. Ұнды шығарғанмен ұн ішкі нарықта қалып кетеді. Сондықтан біз қазіргі кезде ұннан жоғары терең өңдеу жөнінде жұмыс істеп жатырмыз.

Ұн жөнінде тағы бір айта кететін мәселе, біз Өзбекстанның нарығымен қанша жылдан бері соғысып келе жатырмыз, оларда бұрын пошлина 20 пайыз болатын, одан кейін 11 пайызға түсті, кейін 5 пайызға түсті. Былтыр Елбасы барып, өзі кездесу өткізіп келгеннен кейін бізде қазір Өзбекстанға пошлина жоқ, акциз жоқ. Одан кейін Өзбекстанның территориясы арқылы Ауғанстанға өткізу үшін транспорт шығындарын екі есеге азайтты. Бүгінгі күні біздің ұн шығарушыларымызға Өзбекстанның нарығына кіруге, ар жағындағы Ауғанстанға кіруге ешқандай кедергі жоқ, бәрі дұрыс. Бірақ болашақта ұнның нарығы үлкейеді деген болжам жоқ. Қазіргі бір үмітіміз Қытайға шығып, ары қарай кету, ал болашақта терең өңдеуге өтуіміз керек.

ТӨРАҒА. Біздің де негізгі айтып отырғанымыз сол. Ұн дегеніміз первая стадия переработки. Зерно в переработанном виде.

Әрине, қазір өте қиын, себебі біз астықпенен ұрып сатып жатқаннан кейін көрші мемлекеттердің бәрі өздерінде диірмен ашып алды. Мысалы, Өзбекстан біздің берген астықты ұнға айналдырып, пайдаланып жатыр, шетелге де шығарып жатыр. Тәжікстанға да сатып жатыр. Тәжікстан біздің рынок еді, ол рынокты қазір біз арқылы алған астықты өңдеп Өзбекстан алып отыр, енді Ауғанстанға жіберіп жатыр. Сол сияқты ары қарай сөйтіп кетеді.

Енді Қытаймен жұмыс жасайын деп жатырмыз, Қытаймен де сондай болайын деп жатқан сияқты, қазір біз астықтың экспорты туралы әңгіме жасап жатырмыз, ұн туралы емес.

Жалпы халықаралық статистиканы алатын болсақ, астық өнімдері бойынша әлемнің халқын қамтамасыз ету 50 процентті ғана құрайды, астық әлемдегі халыққа жетпейді. Оны шығаратын мемлекеттердің өзі санаулы, сол Өзбекстанның өзі де астық өндіреді, бірақ оның астығы біз айтқан сапаға дәл келмейді. Сол сияқты астық өндіретін мемлекеттер көп шығар, бірақ сапалы астықпен, нан жасауға болатын астықпен әлемнің халқы қамтамасыз етілмеген. Яғни рынок бар деген сөз, біріншіден.

Екіншіден, ет бойынша да сондай басталып жатыр. Етті де малдың басымен экспортқа шығарып жатырмыз. Біз ет күйінде шығарып жатқан жоқпыз, біз малды шығарып жатырмыз. Экспорттың көлемі жарты жылда былтырғымен салыстырғанда екі есе өсіп кетті. Біздің осы саясатты өзгерту керек сияқты болып көрінеді.

Министрліктің, сіздердің бастап жатқан жұмыстарыңыз бұл салада бар, жоқ деп айтуға болмайды, бірақ жалпы мемлекеттік саясатты өзгерту керек шығар, переработкаға көңіл бөлу керек шығар деген әңгіме біздің айтып отырғанымыз.

ОМАРОВ С.К. Малдың шығарылу мәселесі бойынша бізде бұйрық шықты, аналық басқа тыйым салдық.

Біз жақында анализ жасап біттік, республика бойынша 78 откормочная площадка арқылы мал шетелге шығады екен. Негізгі кетіп жатқан жағы Өзбекстан. Сондықтан қазір 78-ді азайтайын деп отырмыз, елушақтысын жабамыз, оларға мал шығаруға рұқсат бермейміз. Өйткені 78-дің бәрін бүгінгі бақылау мүмкін болмай кетті. Сондықтан елуін қысқартып, 28-інен шығатын болады. Ол жерден толығымен бақылап отырамыз.

Айтқаныңыз рас, малдың шығаруын біз қазір азайтуымыз керек. Біз қазір ет өңдейтін заводтармен сөйлесіп жатырмыз. Олардан келіп түскен ұсыныс ет өңдейтін кәсіпорындарға малдың жеткізуін субсидировать етсек деген ой бар.

Қазіргі кезде 175 өңдейтін кәсіпорын бар екен, загруженность 38-40 пайыздан аспайды. Оның өзі де статистика.

Осыларға беріп жатқан инвестсубсидия бар, ары қарай бізге заводтарды салудың да керегі жоқ шығар. Сол инвестсубсидияларды басқа бағыттарға бұрсақ па деген ойымыз бар.

ТӨРАҒА. Переработкаға ориентер алатын болсақ, ол бәрібір керек. Инвестиция бәрібір салынуға тура келеді, оборудование алу керек, заводтар салыну керек по переработке.

ОМАРОВ С.К. Біз былай қараймыз, перерабатывающие предприятия бір облыстарда көп шоғырланып кеткен, бір облыстарда жоқ. Бәрі айналып келіп бір облысқа сала береді, керек жерлерде салынбайды. Сондай подход жасаймыз.

ӘКІМОВ Р.Қ. Төрағаның сұрағына байланысты сұрақ. Біздің мемлекетімізде мал басының азайып кету себепті біз асылдандыру үшін, мал басын жалпы көбейту үшін біз пәлен жылдан бері шетелден мал алып жатырмыз. Сөйте тұра біз өзіміздің малды шетелге шығарып жатырмыз. Оның бағасы да белгілі ғой, қалай алып жатқанымыз да, қалай шығарып жатқанымыз да.

Кезінде мұнай шығаруға да, астық шығаруға да біз тыйым салдық. Жаңа өзіңіз айтып отырсыз, өңдейтін салаларда 40 пайыз ғана, сөйте тұра мал шығаруға неге біз тыйым салмаймыз? Тыйым салуға болады ғой, өзіміз көріп отырмыз, көзіміз жетіп отыр.

Талай ұрғашы мал да, бәрі кетті ғой, жалғыз Өзбекстан емес, шекаралық облыстардан Ресейге де, басқа жерлерге де кетіп жатыр. Бұл бірінші сұрақ.

Екінші сұрақ серіктестер туралы. Мұнда орталық кредиттік серіктестік құруға мүмкіндік беріп отыр заң бойынша. Олардың құрамына тұрақты қор құру көзделген. Біріншіден, орталық кредиттік серіктестік құруға жалпы талаптарыңыз қандай?

Мәжілістегі бір әріптесіміз сұрақ қойған екен, 200-дің 100-ы ғана келісіп отыр. Бұл ерікті ме, еріксіз бе?

Қор қай көзден, жаңа кредиттік серіктестіктер қорынан ба, әлде бюджеттен беріле ме?

ОМАРОВ С.К. Рашит Қайыржанұлы, сізде ескі редакция кетіп қалған ғой деймін, өйткені орталық кредиттік серіктестік дегенді Мәжілісте алып тастаған.

ЕЛАМАНОВ Б.Қ. Мұнда жүр ғой.

ОМАРОВ С.К. Ол қалай кетіп қалған?

ТӨРАҒА. Мынау Мәжілістің варианты емес пе?

ОМАРОВ С.К. Оны алып тастаған.

СӨЙЛЕУШІ. Центральное кредитное товарищество в Мажилисе исключили, потому что был законопроект Национального Банка, исключили.

ОМАРОВ С.К. Сіздерде ескі вариант кетіп қалған.

РАЙМБЕКОВ К.Ө. Правительствоның заключениесінде бар, заңда жоқ.

ОМАРОВ С.К. Заңда жоқ, оны алып тастаған.

ТӨРАҒА. Бір сұрақ қалды, малды тіпті шығармау жөнінде.

ОМАРОВ С.К. Тіпті шығармау жөнінде бұл өте қиын сұрақ. Біз апрельден бері қайта-қайта талқылап келе жатырмыз. Екі жаққа бөлініп алған, бір жағы жабу керек, бір жағы жабу керек дейді, екінші жағы жаппау керек дейді. Жиналып, бір шешімге келген уақытта бұрынғы жабу керек деп жүргендер енді жаппау керек деп шығады. Сондықтан бұл сұрақ әлде де талқыланатын болады. Егер мүмкіндік болса бір талқылауға қатысып өздеріңіздің пікірлеріңізді айтсаңыз дұрыс болар еді. Өйткені бір шешімге келгендей боламыз, ертеңіне қайтадан пікірлерін өзгертіп жібереді.

ТӨРАҒА. Шығару керек деп отырғандар крупный производительдер ғой.

ОМАРОВ С.К. Сол крупный производительдердің өздері бірде мына жағына, бірде мына жағына шығады. Қазір енді бір қадам бастап жатырмыз.

ТӨРАҒА. Қатыстырыңыз.

ОМАРОВ С.К. Бірігіп бір талқылау өткізейік.

ЕЛАМАНОВ Б.Қ. Мен «Ауыл – ел бесігі» жобасына байланысты кейін бағдарламаға арнайы шақырып сөйлесеміз ғой деп бұл сұрағымды қоймайын деп отыр едім. Бір аудандарда екі-үш мясокомбинат салады, бір аудандарда тіпті жоқ, сол себептен біз тоқтатқымыз келіп отыр деп өзіңіз жаңа айтып кеттіңіз. Ол өте дұрыс емес нәрсе.

«Ауыл – ел бесігі» деген жоба жоспарланды, оны Ұлттық экономика министрлігі координат жасап жатыр. Біз өткенде осы жерде сіздің орынбасарларыңызға сұрақ қойып едік. «Ауыл – ел бесігі» жобасы негізінен ауыл. Ол кісілердің жасап жатқан документтерінің бәрі инфрақұрылым: жол, свет, газ, мектеп, денсаулық сақтау саласы. Оның бәрі дұрыс, жасалу керек, осы кезге дейін де ол азды-кемді жасалды. Соның бір пунктінде «Ауыл – ел бесігі» жобасының мақсаты жазылған: елді жұмыспен қамтамасыз ету деп айта келе өндірістік инфрақұрылымдарды дамыту делінген. Осы мәселеге келген кезде олар сіздерге сілтейді. Биыл 52 елді мекенді бөліп алды, келешекте 1,5 опорный елді мекендер. Соның тұсына сіздер мына ауданда мясокомбинат жоқ, бір мясокомбинат салыну керек деп жазылу керек қой. Соны осы кезге дейін добиваться ете алмаймыз. Кім қатысқанын білмеймін осы жерде біз күштеп салдыра алмаймыз, өйткені ол өз еркімен барып, конкурсқа қатысып ұтып алу керек дейді. Ал мемлекет оны заинтересовать етіп, сол жерге салынатындай жұмыс жасау керек дейміз. Біз депутаттық сұрау жазайық деп отырмыз: 1500 елді мекеннің барлығына әлеуметтік инфрақұрылыммен бірге, әлде Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан бола ма, әлде ФИИР бағдарламасының есебінен бола ма бірдеме жазулы тұру керек еді. Мысалы, халықты ол жерге жинағанмен, оны жұмыспен қамтамасыз етпесең, қанша алтынмен аптасаң да ол жерге бармайды, жұмыс орны жоқ болса. Осы мәселені біз айтып келе жатырмыз, ешқандай қозғалыс жоқ. Бір-біріңізге сілтейсіздер. Мәжілісте осы жөнінде сізге де сұрақ қойыпты ғой, сіз де аналарға сілтепсіз: экономика министрлігі ғой координация жасап отырған деп. Негізінен ауылға жаны ашитын сіз ғой, олар енгізбей жатса, өздеріңіздің тарапыңыздан енгізіңіздер. Бір жерден шығу керек ол, ФИИР бағдарламасымен болады, мысалы Қаскелеңде болса ФИИР-мен де келеді, развитие регионовпен де келеді, Минсельхоздің АПК-мен келеді. Соның бәрі жазылып, көрініп тұру керек қой әр ауылда. Спецпроект деген Елбасының қойған тапсырмасы: ашып қалған кезінде осында-осындай жағдай болады, осындай стандарттар енгізіліп, осындай жұмыс орны ашылады. Бағдарлама осылай болу керек қой деп ойлаймыз. Оған қалай қарайсыз?

ОМАРОВ С.К. Сіздің айтқаныңыз дұрыс шығар, бірақ біз бүгін Ауылшаруашылық министрлігі тарапынан әр жерде жұмыс істеуге мүмкіндік беріп жатырмыз. Барлық субсидирование бар, кредитование бар.

Мен мысалы, сіздің ауылыңызға келіп, мына жерге сен не істесең де, мясокомбинат сал деп ешкімге айта алмаймын ғой, болмаса сіздің ауылыңызға келіп, мына жерде отырған адамдарға сен бүгін мына жерден молочно-товарная ферма сал деп айта алмаймын. Ол үшін мен мынаумен айналысамын деп адамның өзі шешу керек. Осы уақытқа дейін үстінен тапсырма беріп келдік қой, тапсырма бергеннен не пайда шығып жатыр? Сол күйінде қалып кетіп жатыр. Төбеден тапсырма беріп 2000-2500 астам кооператив құрдық, оның 30 пайызы бүгін істемейді. Хорошо, мен әр ауылдың айналасына жазып қоямын: «Мына жерге мясокомбинат сал, мына жерге молочно-товарная ферма сал» деп. Егер адамның өзі ол жерге оны салуға құқығы жоқ болса, мен қалай айтамын оған? Ол ертең біздің мойнымызға ілінеді ғой, жұмыс істемейтін болып.

Егер соларды істеуге мүмкіншілік жоқ десе, онда айтыңыз: «Міне мына жерде молочно-товарная ферма салайын деп жатыр, оған мүмкіншілігі жоқ» деп. Бүгінгі күні барлық мүмкіншілік беріліп отыр ғой.

ОРНЫНАН. (МИКРОФОНҒА ЕМЕС).

ЕЛАМАНОВ Б.Қ. Мемлекеттің саясатын жүргізу үшін Минсельхозыңыз бар, жергілікті атқарушы органдар бар, барлығымыз жабылып, салынатын жағдай жасауымыз керек қой. Әркім өзі біледі деп отыра берсек дым болмайды, Кооперативтің өзінің болмай қалғаны да содан. Әркім өзі біледі деп тізіп жіберді. Ол жерде кооперативтің сүт қабылдайтын ештеңесі жоқ, сосын ғой ол кооперативтің жұмыс істемей жатқаны. Сондықтан мемлекеттік көзқарас болу керек.

ОРНЫНАН. (МИКРОФОНҒА ЕМЕС).

ОМАРОВ С. К. Кооперативтер қалай істелді. Мына жерде отырды да, Минсельхоздан или неден тарс-тарс еткізіп, әр облысқа план берді. Солай істеді де сол план бойынша кооперативтерді құртып тастады. Кооперативтегі адамды бір-бірімен біріктіріп қойды да, олар жұмыс істеген жоқ.

Мен қазір Ауыл ел бесігінде мынаны қалай болса да саласың деп план жасауыма болады. Ол адамның өзінің құлқы болмағаннан кейін одан не пайда?

Сіздің айтқаныңыз дұрыс, біз жоспарлауымыз керек.

ЕЛАМАНОВ Б.Қ. Жоспарлау керек, жоспарлау керек. Айтып отырғаным сол ғой.

ОМАРОВ С.К. Оған келісемін. Мысалы, негізі мына жерде осындай салса дұрыс болады деп мына жерде біз өзіміз айтуымыз керек, содан кейін акиматпен бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Оған мен келісем, ал енді пландап қойып...

ЕЛАМАНОВ Б.Қ. Жоқ, ол елді мекеннің тұсына жазылғанда оның орындалу-орындалмауы екіталай екенін көріп отырсыз ғой, бірақ орындалатындай жағдай жасау керек қой.

ТӨРАҒА. Бекеңнің айтып отырғаны завод қана емес, жұмыс орындарын ұйымдастыру керек дейді. Әңгіменің бәрі сіздің инвестсубсидияны алып тастаймыз дегеннен шығып тұр.

ОМАРОВ С.К. Мен субсидияны алып тастаймын деп жатқан жоқпын, ол туралы әңгіме көп қазір. Менің айтып жатқаным мынадай, мысалы, мукомолдардың шулайтын себебі неліктен? Өйткені кезінде тарсылдатып мукоперерабатывающий өнеркәсіпті салып тастады. Кезінде цементный зауыттарды салып еді ғой тарсылдатып, тура сондай қылып мынаның барлығын салып тастады.

Қазіргі Өзбекстанның да жағдайы да сондай. Мыналардың барлығын қазір ұрып салып жатыр, ертең біздің қалпымызға келеді олар да. Сондықтан баяғы Минсельхозда специализация регионов деген болған. Жақсы нәрсе. Бірақ сол аяғына дейін жетпей кетті. Сондықтан сол специализация регионовқа келуіміз керек. Менің айтып жатқаным сол, мясокомбинаттардың барлығын жауып тастайын деп жатқан жоқпын. Бірақ әр жерде керегіне қарай салу керек.

ТӨРАҒА. Жақсы. Құрметті әріптестер, біз министрмен әлі де кездесеміз. Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы жөнінде бізде ноябрьде арнайы министрмен кездесу бар, сол кезде тағы да талқылармыз бұл мәселенің барлығын.

Тағы кімде сұрақ бар? Әбеке, сізде бар ма?

НҰРАЛИЕВ Ә.Т. Сапархан Кесікбайұлы, өзіңізге бір сұрақ. Жаңа глубокая переработка туралы өзіңіз айтып кеттіңіз, глютен, крахмал деп жатырсыз. Шын мәнінде клейковина да алуға болады. Ол өндірілетін өнімнің қосымша құнын екі есе арттырады. Ол барлығымызға белгілі.

Өткен жұмада біз Алматы қаласында аграрлық өңірдің дамуына байланысты научно-исследовательский институттарда болдық, КазНАУда болдық. Сол жерде көтеріліп отырған мәселе переработка, оның керек екені баршамызға мәлім, тем более глубокая переработка, Бірақ аграрлық ғылымға бөлінген қаражат бар-жоғы 271 миллион, 3,6 пайызды құрайды екен. Біз депутаттық сұрау да қойғанбыз, ол өзгерген жоқ. Осыған байланысты сіз не айтасыз?

Бізге енді шын мәнінде глубокая переработка керек деп жатырмыз. Разработка жасау үшін бөлініп жатқан қаражат жоқ, осыған байланысты не айтар едіңіз?

ОМАРОВ С.К. Наукаға бөлініп жатқан ақша қазір 7 миллиардқа жетті ғой деймін.

ОРНЫНАН. Иә, 7 миллиард.

ОМАРОВ С.К. Бұрынғы министрлер ары-бері жүгіріп екі есе көтерілді.

НҰРАЛИЕВ Ә.Т. Екі есе көтерілді ғой, бірақ переработкаға бөлініп жатқан ақша 276 миллион теңге – 3,6 пайызды ғана құрайды екен. Жаңа Әли Әбдікәрімұлы көтеріп жатыр, глубокая переработка керек деп өзіңіз қосып жатырсыз. Ол үшін бізге ақша бөліну керек, разработка да жасау керек.

ОМАРОВ С.К. Жасалу керек. Енді бөлінген ақша бұрын кеткен, біз қазір НАНОЦ-тің жаңа бастықтарымен бірге қайтадан ақшаның бағыттарынн қарап жатырмыз. Бұрын Ауылшаруашылық министрлігіндегі департаментте переработки болмаған, негізі переработкаға сонша мән берілмеген, қазір біз штатымызды ауыстырып жатырмыз. Сонымен департамент құрып, екі жақты переработканы толығымен анализ жасап, қандай направление, қандай ақша керектігін анықтап, жұмыс істеп жатырмыз. Соның нәтижесі ойынша көреміз, қазір бір нәрсе деп айта алмаймын. Өйткені переработкамен бұрын ешкім айналыспаған.


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау