Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:
оқушылар саны туралы мәліметтерді жинақтау үшін «ҰБТӨП» ДБ-ны қалыптастыруды ұйымдастыру;
ОЖСБ-ны ұйымдастыру мен өткізу, ОЖСБ-ның бағдарламалық қамтамасыз етілуін техникалық алып жүру бойынша ҰБТӨП жетекшілері мен инженерлерін оқытуды ұйымдастыру және өткізу;
ҰБТӨП-ті ақпараттық анықтамалықтармен және нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету;
емтихан материалдарын дайындау және облыстық, Астана, Алматы қалаларының БСБД-ларына жіберу;
Тестілеу өткізу кезеңі:
ОЖСБ-ны өткізуді алып жүру;
«Оқушылар» ДБ-сын қалыптастыру процесін бақылау;
телекоммуникациялық желі арқылы «Оқушылар» ДБ-сын жинақтау.
Тестілеу нәтижелерін өңдеу кезеңі:
дұрыс жауаптар кодын қалыптастыру және телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жіберу;
телекоммуникациялық желі арқылы тестілеуді өткізу нәтижелері бойынша статистикалық мәліметтерді жинақтау;
ОЖСБ-ның сұрақ-кітапшаларын жоюды бақылау.
Есеп дайындау кезеңі:
ОЖСБ қорытындысы бойынша Министрлік өкілдерінің есептерін жинау және талдау жасау.
ҰБТӨП функциясы
Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:
техникалық жабдықтың және телекоммуникациялық желінің жұмысын қамтамасыз ету;
ҰТО-дан телекоммуникациялық желі арқылы ақпараттық анықтамалықтарды, нормативтік құқықтық актілерді, тестілеу өткізу үшін қондырылатын бағдарламаларды алу;
мектептерді ақпараттық анықтамалықтармен, нормативтік құқықтық актілермен және бағдарламалармен қамтамасыз ету;
мектеп бойынша жауаптыларды «Мектеп (өтініш қабылдау)», «Оператор» АЖО және «Тестіленуші» АЖО, «Компьютерлік сынып» АЖО, «Мектеп (тестілеу)» АЖО-сы бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс жасауға оқыту;
ҰБТӨП-ке «ОЖСБ 9 сынып» АЖО-сын қондыру.
Тестілеу нәтижелерін өңдеу кезеңі:
тестілеу нәтижелерін өңдеу;
ҰТО-дан телекоммуникациялық желі арқылы дұрыс жауаптар коды бар файлды қабылдау;
емтихан ведомостерін басып шығару;
«Оқушылар» ДБ-сының сақталуын және телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберілуін қамтамасыз ету;
тестілеу нәтижелері бойынша статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберу;
Министрлік өкілінің қатысуымен осы технологиялық нұсқаулықтың 6-қосымшасындағы актіге сәйкес сұрақ-кітапшаларын жоюды ұйымдастыру.
Есеп дайындау кезеңі:
тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есепті телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберу.
БСБД функциясы
Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:
педагогтар және ата-аналар қауымына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Министрлік өкілдерінің өңірлік ДБ-сын қалыптастыру және БҒСБК-ге бекіту үшін ұсыну;
Министрлік өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізу және оларды бөлу;
ҰТО-дан емтихан материалдарын алу және осы технологиялық нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес акт бойынша ашу;
мөрленіп жабылған қораптағы емтихан материалдарын осы технологиялық нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес акт бойынша Министрлік өкіліне тапсыру;
ОЖСБ өткізу орнына емтихан материалдарын жеткізуді ұйымдастыру.
Тестілеу өткізу кезеңі:
ОЖСБ-ның өткізілуін бақылау;
тестілеу аяқталғаннан кейін Министрлік өкілінен осы технологиялық нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес акт бойынша емтихан материалдарын қабылдау.
Тестілеу нәтижелерін өңдеу кезеңі:
тестілеу нәтижелерін өңдеу рәсімін бақылау.
Министрлік өкілінің функциясы
Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:
БСБД ұйымдастырған оқыту семинарларына қатысу;
емтихан матеиалдарын осы технологиялық нұсқаулықтың 8- қосымшасына сәйкес акт бойынша БСБД-дан алу;
тестілеудің емтихан материалдарын мектептерге жеткізу;
ҰБТӨП-тің техникалық жабдықтарының және телекоммуникациялық желілердің жұмысқа қабілеттілігін тексеру;
аудиторияның дайындығын тексеру;
АББ (ҚББ) бекітілген тізімі бойынша оқушыларды аудиторияға кіргізуді жүзеге асыру және орындарына отырғызу.
Тестілеу өткізу кезеңі:
тестілеу үрдісін бақылау және басқару;
Нұсқаулықтың 17 тармағына сәйкес оқушылардың тестілеу кезіндегі тәртіп сақтау ережесін түсіндіру, оқушыларға рұқсат етілмейді:
бір орыннан екінші орынға ауысуға;
кезекшінің рұқсатынсыз тестілеу материалдарын ашуға;
тестілеу материалдарын басқа оқушының материалдарымен айырбастауға;
калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, корректор сұйықтығын және байланыс құралдарын пайдалануға;
басқа оқушылармен сөйлесуге және көшіруге, шпаргалка және басқа да анықтамалық материалдарды қолдануға;
кезекшінің және Министрлік өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға.
тестілеу материалдарын осы технологиялық нұсқаулықтың 13 қосымшасына сәйкес таратады және толтырады;
тестілеу аяқталғаннан кейін оқушылардан тестілеу материалдарын қабылдау (пайдаланылған және пайдаланылмаған) және осы технологиялық нұсқаулықтың 9 қосымшасына сәйкес акт бойынша БСБД өкіліне тапсыру;
қабылданған емтихан материалдарын «Интервоид» пакетіне салу.
Тестілеу нәтижелерін өңдеу кезеңі:
тестілеу материалдарын өңдеу үшін ҰБТӨП-ке жеткізу;
тестілеу нәтижелерін өңдеу процесін бақылау;
деректерді телекоммуникациялық желі арқылы қабылдау мен жіберуді бақылау;
ҰБТӨП қызметкерлері ұйымдастыратын ОЖСБ-ның сұрақ-кітапшаларын жоюға қатысу.
Есеп дайындау кезеңі:
ОЖСБ-ны өткізу бойынша атқарылған жұмыс туралы қағаз түрінде және электрондық тасымалдағышта, ҰТО және БСБД үшін 2 данада осы технологиялық нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есеп дайындау.
АББ-ның (ҚББ) функциясы
Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:
ОЖСБ-ны жергілікті жерде ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын қамтамасыз ету;
осы технологиялық нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес мектептер бойынша оқушылар тізімін бекіту және тестілеу басталмас бұрын БСБД қызметкеріне ұсыну;
тестілеуді өткізуге аудиториялардың дайындығын бақылауды қамтамасыз ету.
Тестілеу өткізу кезеңі:
тестіленушілердің ОЖСБ-ға қатысуын ұйымдастыру.
Тестілеу нәтижелерін өңдеу кезеңі:
емтихан материалдарын өңдеу үшін ҰБТӨП-ке жеткізуді ұйымдастыру;
мектептерге тестілеу нәтижелерін хабарлауды ұйымдастыру.
Мектеп әкімшілігінің функциясы
Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:
ОЖСБ-ны өткізу жайлы оқушылар мен ата-аналар үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
осы технологиялық нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес оқушылардың тізімін АББ-ға (ҚББ-ға) бекітуге ұсыну;
тестілеу материалдарын толтыру бойынша оқушыларға оқыту жұмыстарын жүргізу;
ҰБТӨП-тен ақпараттық анықтамалықты алу;
тестілеу өткізу үшін аудиторияларды дайындау.
Тестілеу өткізу кезеңі:
оқушылардың тестілеуге қатысуын қамтамасыз ету.
Мектеп бойынша жауаптының функциясы
Компьютерлік тестілеу кезінде әрбір компьютерлік сыныпта тестілеу өткізу технологиясын және аудиториядағы тәртіпті сақтауды Министрлік өкілімен бірге мектеп бойынша жауапты қадағалайды.
Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңі:
ҰБТӨП-те бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс жасауға үйрену және ақпараттық анықтамалық пен нормативтік құқықтық актілерді алу;
ҰБТӨП-тен «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО-сы және «Оператор» АЖО-сы бағдарламалық қамтамасыз етуін алу және орнату;
ДБ-ға бекітілген оқушылар тізіміндегі ақпаратты және компьютерлік сыныптар туралы мәліметтерді енгізу;
оқушыларды лектерге бөлу;
деректерді ҰБТӨП-ке жіберу;
тестілеуді өткізу кестесін құрастыру және бекіту;
аудиториялық тізімді басып шығару;
тестілеуге рұқсатнаманы басып шығару;
тестілеу өткізетін компьютерлік сынып техникаларының жұмыс жасауын тексеру;
«Компьютерлік сынып» АЖО-сы, «Тестіленуші» АЖО-сы және «Мектеп (тестілеу)» АЖО-сын қондыру. «Мектеп (тестілеу)» АЖО-сы мектептің бір компьютеріне қондырылады, «Компьютерлік сынып» АЖО-сы компьютерлік сыныптың бір компьютеріне, «Тестіленуші» АЖО-сы компьютерлік сынып қорының ішіндегі әрбір компьютерге қондырылады;
ҰБТӨП-тен лекті ашуға арналған парольді (тестілеу кодын) алу.
Тестілеу өткізу кезеңі:
компьютерлік сыныптағы тәртіп сақтау ережесін бақылау. Нұсқаулықтың 17 тармағына сәйкес, оқушыларға рұқсат етілмейді:
бір орыннан екінші орынға ауысуға;
кезекшінің рұқсатынсыз тестілеу материалдарын ашуға;
тестілеу материалдарын басқа оқушының материалдарымен айырбастауға;
калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, корректор сұйықтығын және байланыс құралдарын пайдалануға;
басқа оқушылармен сөйлесуге және көшіруге, шпаргалка және басқа да анықтамалық материалдарды қолдануға;
кезекшінің және Министрлік өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға.
оқушыларға «Тестіленуші» АЖО-сымен жұмыс жасау тәртібін түсіндіру;
әрбір пәнді тестілеуден кейін «Тестіленуші» АЖО-сы орнатылған компьютерлерден ақпаратты «Компьютерлік сынып» АЖО-сына жіберуді жүзеге асырады;
«Компьютерлік сынып» АЖО-сының көмегімен әрбір пән үшін аудиториялық тізімді қалыптастыру және «Тестіленуші» АЖО-сы үшін әрбір компьютерге қондыру;
әрбір үзілістен кейін аудиториялық тізімге сәйкес оқушылардың кіргізілуін бақылау.
Тестілеу нәтижелерін өңдеу кезеңі:
ҰБТӨП-пен бірлесіп бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысын алып жүру;
тестілеу өткізілген компьютерлерден ақпаратты «Компьютерлік сынып» АЖО-сына, одан әрі «Мектеп (тестілеу)» АЖО-сына жіберуді жүзеге асыру;
тестілеу аяқталғаннан кейін деректерді ҰБТӨП-ке жіберу.
«ҰБТӨП» ДБ-ны қалыптастыру
«ҰБТӨП» базасын қалыптастыру келесі ретпен жүзеге асырылады:
«ҰБТӨП базасы» АЖО ҰТО-дан электрондық тасымалдағыш арқылы ҰБТӨП-ке беріледі;
ҰБТӨП-те «ҰБТӨП базасы» АЖО қондырылады және қажетті ақпараттар енгізіледі (облыс, аудан, оқу орны, мектептің типі, оқыту тілі, мекен-жайы, оқушылар саны);
соңғы мәліметтер телекоммуникациялық жүйе арқылы ҰТО жіжеріледі;
ҰТО ҰБТӨП-тен алынған «ҰБТӨП базасы» АЖО арқылы «ҰБТӨП» ДБ қалыптастырады.
Материалдарды дайындау және жеткізу
ҰТО «ҰБТӨП» ДБ-сындағы мәлімет бойынша оқушылардың санына сәйкес ОЖСБ-ның тестілеу материалдарын дайындайды.
Бір сыныптың материалдары бір қорапқа салынады. Қорапта оқушыларға арналған сұрақ-кітапшалары, жауап парақтары, емтихан материалдарын ашу актісі және «Интервоид» (тестілеу аяқталғаннан кейін жауап парақтарын салуға және бекітуге арналған). Қорап бекітіледі және құлақша жапсырылады. Құлақшада сұрақ кітапшаларының, жауап парақтарының саны, сыныптың оқыту тілі көрсетіледі.
Бір мектептің барлық сыныптарының материалдары қапшыққа салынады, пломбыланады және облыс, аудан, мектеп атауы көрсетілген құлақша жапсырылады.
Тестілеу материалдары салынған қапшықтар емтихан материалдарын жіберу кестесіне сәйкес облыстық, Астана, Алматы қалаларының БСБД-на жіберіледі;
БСБД-да осы технологиялық нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес акті бойынша емтихан материалдарын ашу жүзеге асырылады.
БСБД емтихан материалдарын осы технологиялық нұсқаулықтың 8- қосымшасына сәйкес акт бойынша Министрлік өкілдеріне тапсырады.
Министрлік өкілдері БСБД-мен бірлесе отырып емтихан материалдары тестілеу өткізілетін орындарға жеткізуді қамтамасыз етеді.
Оқушыларды тестілеуге кіргізу және емтихан материалдарын ашу
Оқушылар аудиторияға бір-бірден кіргізіледі. Министрлік өкілі оқушылардың аудиторияға тыйым салынған заттарды алып өтпеуін қадағалайды.
Емтихан материалдары салынған қорап сыныптағы үш оқушының қатыстырылуымен ашылады.
Қорапта: осы технологиялық нұсқаулықтың 10-шы қосымшасына сәйкес емтихан материалдарын ашу актісі, жауап парақтары, сұрақ-кітапшалары, «Интервоид» пакеті болады.
Шақырылған оқушылар қораптағы мөрдің бүтіндігін тексереді. Қорап ашылғаннан кейін ондағы емтихан материалдарына санау жүргізіледі, нәтижесі емтихан материалдарын ашу актісіне толтырылады және оқушылардың қолдары қойылады.
Емтихан материалдарын тарату және онымен жұмыс істеу тәртібі
Емтихан материалдарын таратпас бұрын Министрлік өкілі осы технологиялық нұсқаулықтың 6 тарауы, 18-тармақшасына сәйкес оқушылардың тестілеу кезіндегі тәртіп сақтау ережесін естеріне салады.
Алдымен оқушыларға осы технологиялық нұсқаулықтың 11- қосымшасына сәйкес жауап парақтары таратылады. Жауап парақтары таратылғаннан кейін Министрлік өкілі оны толтыру принципін түсіндіреді. Жауап парағы қара автоқаламмен толтырылады.
Оқушылар қатесіз және өзгертусіз жауап парағын мұқият толтырады. Жауап парағы қате толтырған жағдайда жаңа жауап парағы берілмейді.
Жауап парағын толтыру ережесі:
«Тегі – Фамилия» секторындағы жоғарғы бос торшаларға көлденең бағытта оқушының тегі баспа әріптермен жазылады. Әрбір торшаның астындағы дөңгелекшеден сәйкес әріптерді тауып, бояйды. «Аты – Имя» секторы да осы ретпен толтырылады;
«Мектептің атауы-Наименование школы» секторында оқушы оқитын мектебінің атын және сыныбын баспа әріптерімен толтырады;
«Жынысы-Пол» секторында оқушының жынысына сәйкес дөңгелекше боялады;
«Туған жылы-Год рождения» секторында оқушының туған жылының соңғы екі санының дөңгелекшелері боялады;
«Ұлты-Национальность» секторында ақпараттық анықтамалыққа сәйкес оқушының ұлтының санын көрсететін дөңгелекшелер боялады;
«Нұсқа-Вариант» секторында оқушылар сұрақ кітапшасындағы нұсқаның нөмірін кітапша таратылған соң көрсетеді;
пәндер бойынша сұрақтардың жауаптары сәйкес секторларға боялады;
«Оқушының қолы-Подпись учащегося» секторына оқушының қолы қойылады.
Жауап парағының қызметтік секторлары толтырылғаннан кейін сұрақ-кітапшалары таратылады. Сұрақ-кітапшалары қатар отырған оқушыларға бірдей нұсқа түспейтіндей етіп таратылады. Оқушылар сұрақ-кітапшасынан нұсқа нөмірін жауап парағына көшіріп жазады және сұрақ-кітапшасының мұқабасын баспа әріптерімен толтырады.
Қызметтік секторларды толық толтырғаннан кейін кезекші тақтаға тестілеудің басталу және аяқталу уақытын жазады. Осы мезеттен бастап сұрақтар қою және түсіндіру жұмыстары тоқтатылады. Тестілеу уақыты 120 минут (2 сағат). Сұрақ-кітапшаларын тарату мен жауап парақтарының қызмет секторларын толтыру тестілеуге берілген таза уақытқа кірмейді.
Тестілеу кезінде Министрлік өкілі аудиториядан шықпайды және ол оқушылардың тестілеу кезіндегі тәртіп сақтауларын қадағалайды. Оқушыларға әрбір 30 минут сайын қанша уақыт өткенін ескертіп отырады.
Тестілеу кезінде аудиторияға Министрлік өкілі мен БСБД қызметкерлерінен басқа бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады.
Тестілеу аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын қабылдау және тапсыру
Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеу материалдары: жауап парақтары мен сұрақ кітапшалары әрбір оқушыдан жеке-жеке қабылданады. Оқушы Министрлік өкіліне жауап парағы мен сұрақ кітапшасын жауап беруді аяқтаған соң немесе тестілеу уақыты біткеннен кейін тапсырады.
Министрлік өкілі оқушының жауап парағының барлық қажетті секторларының және сұрақ-кітапшасының мұқабасының толық толтырылуын тексереді.
Министрлік өкілі барлық оқушылардан тестілеу материалдарын қабылдағаннан кейін БСБД қызметкеріне осы технологиялық нұсқаулықтың 9- қосымшасына сәйкес акт бойынша тапсырады.
Оқушылардың барлық жауап парақтары (пайдаланылған және пайдаланылмаған) «Интервоид» пакетіне салынады және мөрленеді, ал сұрақ кітапшалары (пайдаланылған және пайдаланылмаған) қорапқа салынады.
Министрлік өкілі БСБД қызметкерлерімен бірігіп нәтижелерді өңдеу үшін барлық тестілеу материалдарын ҰБТӨП-ке жеткізеді.
Тестілеу нәтижелерін өңдеу
Тестілеу нәтижелерін өңдеу:
тестілеу нәтижелерін өңдеу жауап парақтарын сканерлеу арқылы іске асырылады. Жауап парақтарын сканерлеу әрбір мектеп бойынша жеке-жеке жүргізіледі. Сканерлеу барысында: «Тегі»; «Аты»; «Мектептің атауы»; «Сынып»; «Жынысы»; «Туған жылы»; «Ұлты» (ақпараттық анықтамалыққа сәйкес толтырылады); «Нұсқа»; «Жауаптар қатары» деректерінен «Оқушылар» ДБ қалыптастырылады;
жауап парақтарын сәйкестендіру автоматты түрде және қолмен жүргізіледі. Жауап парақтарының сәйкестендірілмеген деректері қолмен сәйкестендіру жүргізу үшін осы технологиялық нұсқаулықтың 12- қосымшасына сәйкес жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасына түсіріледі;
жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамаларының мәліметтері базаға қолмен сәйкестендіру аяқталғаннан кейін енгізіледі;
лектің барлық мектептері бойынша сәйкестендіру процесі аяқталғаннан кейін ҰТО ҰБТӨП-ке дұрыс жауаптар коды файлын жібереді;
ҰБТӨП дұрыс жауаптар коды файлын қабылдағаннан кейін бағалау үшін ҰТО-дан пароль сұрайды;
тестілеу нәтижелерін бағалаудан кейін әрбір мектеп бойынша осы технологиялық нұсқаулықтың 1 қосымшасына сәйкес ОЖСБ-ның емтихан ведомостері 4 данада (мектеп әкімшілігіне, АББ (ҚББ), Министрлік өкіліне және ҰБТӨП-ке) басылып шығарылады;
емтихан ведомосіне ҰБТӨП жетекшісінің, Министрлік өкілінің, БСБД өкілінің қолдары қойылады және ҰБТӨП мөрі басылады;
барлық мектептердің жауап парақтары сканерленіп болғаннан кейін ОЖСБ нәтижелері телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі;
дұрыс жауаптар коды осы технологиялық нұсқаулықтың 13- қосымшасына сәйкес ҰТО-ға қорытынды файлды жібергеннен кейін тиісті парольдерді енгізу арқылы іске асырылады.
ОЖСБ-ны компьютерлік тестілеу әдісімен өткізу
Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңі:
ҰТО-да «Мектеп (өтініш қабылдау)», «Оператор», «Оқушылар базасы (өтініш қабылдау)» АЖО-лары дайындалады және электрондық тасымалдағыш немесе телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жіберіледі;
ҰБТӨП «Мектеп (өтініш қабылдау)» және «Оператор» АЖО-ларын қондыру және белгіленген мерзімде толтыру үшін мектептерге жібереді;
ҰБТӨП-те «Оқушылар базасы (өтініш қабылдау)» АЖО-сын қондыру жүзеге асырылады және мектептерден деректерді қабылдау бойынша жұмыстар жүргізіледі;
мектеп осы технологиялық нұсқаулықтың 3, 4-қосымшаларына сәйкес мектеп бойынша жауапты адамды анықтайды және оқушылар тізімін қалыптастырып, АББ-да (ҚББ) бекітеді;
бекітілген оқушылар деректері «Оператор» АЖО-сына енгізіледі;
«Оператор» АЖО-сының көмегімен тестіленушілер туралы барлық деректер «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО-сына жіберіледі және «Облыс», «Аудан (қала)», «Оқу орны», «Сынып», «Аты-жөні»; «Туған жылы»; «Ұлты» (ақпараттық анықтамалыққа сәйкес толтырылады); «Жынысы»; «Оқыту тілі» деректерінен «Оқушылар» ДБ қалыптастырылады;
барлық оқушылардың деректері «Оқушылар» ДБ-ға енгізілгеннен кейін лектерге бөлінеді және бекітілген мерзім ішінде тестілеу өткізу кестесі құрылады;
«Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО-сы көмегімен құрылған «Оқушылар» ДБ-сына телекоммуникациялық желі немесе тасымалдағыштар арқылы ҰБТӨП-ке жіберіледі;
ҰБТӨП-пен жинақталған деректер телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі;
ҰТО-да «Тестіленуші», «Компьютерлік сынып», «Мектеп (тестілеу)», «Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-лары қалыптастырылады және электрондық тасымалдағыштар немесе телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жіберіледі;
ҰБТӨП-пен «Тестіленуші», «Компьютерлік сынып» және «Мектеп (тестілеу)» АЖО-лары қондыру үшін мектептерге жіберіледі;
«Компьютерлік сынып» АЖО-сының көмегімен тіркеу файлы құрылады, ол арқылы компьютерлік сыныптың барлық компьютерлері тіркеледі;
бағдарлама тіркелгеннен кейін аудиториялық тізім қалыптастырылады және осы технологиялық нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес тестілеуге рұқсаттама беріледі.
Тестілеу өткізу кезеңі:
оқушылар компьютерлік сыныпқа аудиториялық тізім негізіндегі рұқсаттама арқылы және бөгде заттарсыз кіргізіледі;
оқушылар компьютер сыныбындағы кез-келген бос компьютерге отырады;
оқушыларды кіргізу тестілеу басталды деп хабарланғаннан сәттен бастап тоқтатылады;
оқушы осы технологиялық нұсқаулықтың 9-тарауының, 27- тармақшасына сәйкес оқушының тестілеу кезіндегі тәртіп сақтау ережесін сақтайды және бағдарламамен мұқият жұмыс істейді;
оқушының «Тестіленуші» АЖО-сымен жұмыс істеу реті:
бағдарлама қосылады және оқушы тізімнен өзінің «Тегін»; «Атын»; «Әкесінің атын» таңдайды;
«Тестілеуді бастау» тетігі басылады. Пайда болған бағдарлама терезесіне рұқсаттамадағы пароль жазылады. Әрбір тестіленушінің паролі жеке болады;
барлық тестіленуші үшін ортақ, тестілеу коды енгізіледі және мектеп бойынша жауапты оны тақтаға жазады;
бір пән үшін тестілеу формасы ашылады. Тестілеу пәнін таңдау реті барлық тестілену үшін тізім бойынша бірдей. Тест тапсырмалары компьютердің мониторынан оқылады;
жұмыс терезесінің оң жақ бұрышында «әр пәнге бөлінген уақыт» көрсетіледі. Тестілеу басталғаннан кейін автоматты түрде уақыт санау басталады. Тестілеу уақыты 120 минут (2 сағат). Әрбір 30 минут уақыттан кейін оқушылар 10 минуттық үзіліске шығарылады. Ол уақытта бағдарлама жұмысы автоматты түрде тоқтатылады, үзіліс уақыты тестілеудің таза уақытына кіргізілмейді;
үзілістен кейін оқушы компьютер сыныбындағы кез-келген компьютерге отыра алады;
келесі пән бойынша тестілеуді бастау үшін рұқсаттамадағы пароль мен тестілеу коды қайтадан енгізіледі;
әр пәнді тестілеуден кейін желі немесе электрондық тасымалдау арқылы әр оқушының тестілеу нәтижелері «Компьютерлік сынып» АЖО-сына беріледі;
«Компьютер сыныбы» АЖО-сына барлық нәтижелер жинақталғаннан кейін «Тестіленуші» АЖО-сына келесі пәннің аудиториялық тізімі беріледі;
тестілеу күні аяқталғаннан кейін мектеп бойынша жауаптымен ҰБТӨП-ке тестілеу нәтижелері жіберіледі.
Компьтерлік тестілеу нәтижесін өңдеу кезеңі:
мектеп бойынша жауапты тестілеу аяқталғаннан кейін «Компьютерлік сынып» АЖО-сы арқылы қалыптастырылған файлды ҰБТӨП-ке жібереді;
ҰБТӨП ҰТО-ға лектің тестіленуі аяқталғанын хабарлайды;
«Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-сының көмегімен тестілеу нәтижелері шығарылады және мектеп бойынша ОЖСБ-ның емтихан ведомостері 4 данада (мектеп әкімшілігіне, АББ (ҚББ), Министрлік өкіліне және ҰБТӨП-ке) басылып шығарылады;
емтихан ведомосіне ҰБТӨП жетекшісінің, Министрлік өкілінің, БСБД өкілінің қолдары қойылады және ҰБТӨП мөрі басылады;
тестілеу күнінің барлық лектері бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін ҰТО дұрыс жауаптар кодын жібереді;
ҰБТӨП әрбір лектің тестілеуінен кейін статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жібереді;
ОЖСБ нәтижесі барлық лек бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін үш күн ішінде хабарланады;
барлық лек бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы қорытынды файл жіберіледі.
Есеп дайындау
ОЖСБ өткізілгеннен кейін:
Министрлік өкілі ОЖСБ-ны өткізу бойынша атқарылған жұмысы туралы есебін жазбаша түрде, қағазбен және электрондық тасымалдағышта, ҰТО және БСБД үшін 2 данада осы технологиялық нұсқаулықтың 2- қосымшасына сәйкес дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |