ОБЗ импорт немесе экспорт туралы ақпарат жинау үшін Қазақстанда келесідей әдістемелер пайдаланылады:
Әкелу және әкету мониторингі және лицензиялау жүйесі;
Кедендік мәліметтер;
Лицензиялау және мониторинг жүйесі
Лицензиялау және мониторинг жүйесі әкелу туралы мәліметті жинаудың үздік тәсілдерінің бірі болып саналады. 2004 жылы импортты/экспортты лицензиялау және Қазақстанда ОБЗ қызметі сауданы реттеу және оларды өндіруді біртіндеп қысқарту сызбасын сақтауды және Монреаль хаттамасы шеңберінде қолдануды қамтамсыз етті /Б қосымшасы/. Қазақстанда ОБЗ әкелу және әкетуге лицензия беруге жауапты орган болып ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі табылады. Лицензия өз алдына жүзеге асатын ОБЗ, құрамында бар қоспаларға да қатысты болып бір жылға беріледі. Осындай жүйеде барлық импортерлер (және экспортерлер) өздерінің массадағы ОБЗ сауда операцияларын жүзеге асыруда лиценхзия алуы қажет.
2.2.2 Кедендік мәліметтер.
ОБЗ әкелуге (және шығаруға) бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуде кеден органдарының мәліметтері қосымша көздер болып табылады. Кеденшілер өздерінің статистикалық мәліметтерінде Бүкіләлемдік кеден ұйымының үйлесілген жүйесінің кодтарын қолданады. Кеден органдарымен ынтымақтастық көлем және заттардың шыққан елі туралы (немесе қабылдаушы бекеттер) мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Кеден органдары күнтізбелік жылдың ағымының нақтылы уақыт аралығына әрбір индекс бойынша ОБЗ әкелім (шығарылым) туралы мәлімет ұсына алады (мысалы, күнтізбелік жыл бойына). ХФК-114 және 115, галондардың үш түрі және барлық ГХФК әр топ үшін біртұтас кедендік индексі бар болғандықтан, кеден мәліметтері басқа өз алдына тіршілік ететін реттелетін заттар бойынша бөлек мәліметтер алуға мүмкіндік бермейді сонымен қатар, бромды метил тағы басқалар заттар жататын индекспен классификацияланады. Бұл жағдайларда заттар бойынша бөлек мәліметтерді егер кеден органдары қосымша мәліметтер берсе, мысалы ұсынылатын заттардың сауда атаулары бойынша алуға болады. Саудалық атаулар тізімін пайдалана отырып қандай заттар әкелінгенін/әкетілгенін анықтауға болады. Кодтық кеден индекстерінің анық болмауы қоспалар бойынша ерекше байқалуда. Көрcетілген индекстер құрамында ОБЗ бар қоспаларға жатпайды. Керісінше ОБЗ қоспалары ЖЖ көп бөліктерінде кездесуі мүмкін. Осы себепке байланысты Қазақстанда кедендік мәліметтер бұл қоспалардың әкелінуін анық сәйкестендіре алмайды. Сонымен қатар кеден мәліметтерін пайдалану әкелінген (және әкетілген) ОБЗ және барлық талап мәліметтерін жинау және барлық көлемді есептеуге мүмкіндік бермейтінін айта кету керек. Сондықтан да кеден органдарынан алынған әкелім (және шығарылым) туралы мәліметтер негізінен алдын ала жақын есеп айырысуға арналған мәлімет ретінде қолданылуы мүмкін.
Импортерлердің мәліметтері кең қолданыс табады. Белгіленген заң талаптары болмаған жағдайда тұтынушылар өз еркімен ОБЗ әкелім көлемі туралы ақпарат жібереді. Ақпараттарды жинақтау жүйесінің жинақталған мәліметтерінің толықтығын қамтамасыз ету үшін әкелім немесе басқа өнімдерді жүзеге асырушы барлық компаниялар қатысады.
Осы жүйе барлық қажетті әкелімнің дәрежелері бойынша деректер жиынын іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алайда, кәсіпорындардың уағдаластығын талап ететін мәліметтер көлемінің жеткіліксіздігіне байланысты кемшіліктер де болады. Алынған мәліметтердің ерікті бастамамен ұсынылғандығынан оның толық және нақты екендігін анықтау өте қиын. Сонымен қатар кейбір импортерлер есепке алынбай қалатфындықтан мәліметтерді өткізу немесе екі жақты есеп жүргізіледі. Мұндай жағдайларда импортерге мерзімі көрсетілген мәліметтер (нақты) ұсыну туралы заңнамалық ұсыныс көрсетілмейді.
Өткен жылдар бойынша ОБЗ әкелім бойынша баға мәліметтерінің экстраполяциясы немесе баға мәліметтері бар көрсеткіштер негізінде орындалады. Мысалы: егер ел ХФК-11 өндірмейтін және шығармайтын болса 1986 ж. 6 т. 1990 ж. 12 т. әкелсе және қолданса, онда бұл сандар оның үнемі жыл сайынғы әкелудің өсім темпін сақтау жағдайында 1994 жылы 24 т. құрайтынын болжауға болады. Мұндай экстраполяция өте дөрекі нәтижелер береді.
2.3 Қазақстандағы озон бұзушы заттарды тұтыну көлемі және оның өзгеру динамикасы
Озон бұзушы заттарды тұтыну бағасы қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарламасы Монреаль хаттамасы шеңберінде мәліметтерді ұсыну бойынша Басшылық негізінде Қазақстан жағдайы үшін әзірленген мәліметтер бағасы бойынша Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес орындалды. Мәліметтер көздері: кеден органдарының статистикалық мәліметтері, ҚР қоршағанортаминінің лицензиялау жүйесі, ҚР жеке кәсіпкерлері мен кәсіпорындары.
Республика Монреаль хаттамасымен реттелетін заттарды өндірмейді, тек тұтынады. Қазақстанда ОБЗ тұтынуды талдау 2000...2007 жж. орындалған. (2 кесте). Монреаль хаттамасының қосымшасы бойынша ОБЗ тұтыну бағасы 2007 жылы (ХФК) І тобының тұтынудан шығатын толық тұтыну көлемі А қосымшада Е және С («көшу» заттары мен бромды метил) Қосымшада келтірілді.
2 кесте – 2000 – 2006 жж. ОБЗ тұтыну, ОБЖ тонна
Зат/жылдар
|
2000
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
А Қосымша,
І топ
|
523,9
|
290
|
112
|
30,4
|
11,2
|
0
|
0
|
0
|
А Қосымша, ІІ топ
|
13,2
|
7,2
|
2,4
|
0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
В Қосымша, ОБЖ ІІ және ІІІ топтары
|
1,7
|
0,6
|
0
|
0
|
0,11
|
0
|
0
|
0
|
С және Е Қосымша
|
59,1
|
63,4
|
49,6
|
39,9
|
46,9
|
46,4
|
79,9
|
124.7
|
Барлығы
|
597,8
|
61,1
|
164,0
|
70,4
|
58,3
|
46,4
|
79,9
|
124.7
|
Қазіргі таңда ГХФК салқындатқыш секторындағы маңызды «көшу заттары» болып тоңазытқыш қондырғылар мен желдеткіштер, жылу сораптарында және т.б. хладагенттер ретінде қолданылады. Тұтыну өсімі өнеркәсіптік, коммерциялық және тұрмыстық секторлардың тоңазыту жабдықтары мен ауаны салқындату жүйесінің дамуымен тығыз байланысты.
2000 жылдан бастап Қазақстанға тоназытқыш жабдықтары мен ауа желдеткіштері қондырғыларының импортының орнықты өсуі байқалады. Ресей федерациясында, Белоруссияда, Украинада, Өзбекстанда, Жапонияда, Қытайда, Корея Республикасында, Еуро Одақ және басқа мемлекеттерде өндірілген жабдықтар импортталады. Төменде кесте түрінде 2000...2007 ж. кезеңдеріндегі тоңазытқыш жабдықтары мен желдету қондырғыларының импортының мәліметтері келтірілген.
3 кесте - 2000...2007 жж. кезеңдеріндегі тоңазытқыш жабдықтары мен желдету қондырғыларының импорты
Атауы / жылдар
|
2000
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
Ауаны желдетуге арналған қондырғылар; желдеткіштер, тонна
|
1060
|
2173
|
3214
|
4106
|
4995
|
5349,7
|
11401,4
|
6449.1
|
Тоңазытқыштар, мұздатқыштар және басқа тоңазыту жабдықтары, тонна
|
5233
|
7751
|
11090
|
16724
|
20901
|
22130,1
|
41402,8
|
46,121
|
Тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар, дана
|
40194
|
40846
|
54866
|
234284
|
299189
|
339020
|
608715
|
827266
|
Әрине, барлық импортталатын жабдықтар сервистік қызмет көрсетуді және оны хладагенттермен толтыруды талап етеді. Негізінен ГХФК-22 қолданылады.
1 сурет. 2000...2007 жж. кезеңдердегі салқындату жүйесі мен ГХФК импортының көлемі
Бромды метилді тұтыну астық мәдениеті өндірісімен тығыз байланысты. Халықаралық сауда ережелері негізінде оны тасымалдау мен сақтау алдында (астық) тауарды карантиндік өңдеуден өткізу қажет. Бромды метилмен әртүрлі өнімдер соның ішінде ауылшаруашылық, азық-түлік өнімдері, жемдік астықтар, дәнді өнімдер және т.б. залалсыздандырылады.
2003 жылы тұтыну деңгейінің қысқаруы мен оның 2004...2005 жж. тұтынуының қысқаруы оларға шектеуге және бромды метилді қолдану түрлеріне бақылаудың күшеюіне байланысты пайда болды. Өкінішке орай, ауылшаруашылық өнімдері экспортын карантиндік өңдеу үшін тұтыну өсімі тұтынудың ары қарай өсуіне алып келді. /Г қосымша/
Бромды метил тұтыну деңгейі өзгеру тенденциясы 2 суретте келтірілген.
2 сурет. 2000-2007 жылдар кезеңіндегі астық өндірісі және бромды метильді тұтыну деңгейінің өзгеруі
Достарыңызбен бөлісу: |