Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



жүктеу 3,63 Mb.
бет7/16
Дата14.11.2017
өлшемі3,63 Mb.
#422
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

«Денсаулық» білім беру саласы

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:



  • дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқылы арқылы жүзеге асырылады.

Мақсаты: қимыл белсенділігін дамыту, дене жаттығуларына қызығушылықты қалыптастыру.

Міндеттері:



  • денсаулықты нығайтуға әсер ететін: ептілік, төзімділік, икемділік, шапшаңдық, тепе-теңдік сақтайтын дене қасиеттерін дамыту;

  • жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеу қимылдың негізгі түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;

  • мәдени-гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу, салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ



Дене шынықтыру

Негізгі қимыл түрлеріне жаттығулар

Жүру мен жүгіру. Еркін жүру мен жүгіру дағдыларын қалыптастыру және белгілі тапсырмаларды орындау: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені жоғары көтеріп, қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіріп жүру; саппен жүгіру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгерте, шеңбер бойымен, қол ұстасып, арқан ұстап, үзіліс жасай отырып, отырып тұру, бұрылу, «жыланша», заттарды айналып, төбенің үстіне және төбеден төмен, алаңның бір жағынан екінші жағына және т.с.с. жүгіру.

Секіру. Жоғары қарай заттарға жанаса отырып, екі аяқпен секіру дағдыларын қалыптастыру; 2-3 метр арақашықтықта алға қозғала отырып, бір орыннан ұзындыққа секіру, жерде жатқан жалпақ шеңберге 5-10 см биіктіктіктегі заттан секіру.

Дәлдеп көздеу, лақтыру, қағып алу. Бір-бірінен 1,5-2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ ұстап, айқастыру жағдайларында допты домалату, қақпа арқылы тұрып допты домалату, допты екі қолымен көкірек тұсынан кері, екі қолмен жоғары, бастан асыра, жоғарыға, төмен еденмен (жермен) лақтыру, допты қағып алу.

Еңбектеу және өрмелеу. Тура бағытта 4-6 метр арақашықтықта, «жыланша», арасы алшақтанған заттар арасымен, еденге қойылған тақта бетімен, 40 см биіктіктегі доғамен, арқанмен, еңіс тақта бойымен, бөрене арқылы, орындық аяқтары арасымен еңбектеу дағдыларын қалыптастыру.

Тепе-теңдікті сақтау. Бір ұшы 20-30 см көтеріліп, иілген тақта бетімен нығыздалған беткейі бар бөрене бойымен, бір орнында тұрып, аяқтың ұшымен, тепе- теңдікті сақтап жүру дағдыларын қалыптастыру.

Сапқа қайта тұру. Сапқа, шеңберге кішігірім топтармен және тұтас топпен қайта тұру дағдыларын қалыптастыру.


Күтілетін нәтижелер:

- тапсырманы орындай отырып жүре және жүгіре алады;

- екі аяқпен алға қарай ұмтылып секіреді;

- допты бір-бірінен 2 метр арақашықтықта домалатады, допты көкіректен, бастан асыра екі қолмен лақтырады;

- 6 метр арақашықтықта еңбектейді, еңіс тақта бойымен, заттар арасымен еңбектейді;

- еңіс тақта бойымен тепе-теңдікті сақтай отырып өтеді, өкшені көтереді;

- сапқа, шеңберге, қатарға қайта тұрады;

- музыкамен айқын және ырғақты адымдайды.

ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Жүру. Нық қадаммен алға, нық қадаммен артқа, тізені жоғары көтеріп жүру, алаңның бір жағынан екіншісіне тұру дағдыларын қалыптастыру.

Жүгіру. Әр түрлі бағыттарда жүгіру дағдысын қалыптастыру: жылдам және баяу қарқында.

Секіру. Бір аяқтан бір аяққа секіру, тіке жорғалау; екі аяқпен секіру (аяқтар бірге-аяқтар алшақ), тереңдікке (15-20 см биіктіктен) секіру дағдыларын қалыптастыру.

Дәлдеп көздеу, лақтыру, қағып алу. Көлденең нысанға, алысқа көздеп лақтыру дағдыларын қалыптастыру, тура нысанға оң және сол қолмен көздеп лақтыру, допты тәрбиешіден 1-1,5 метр арақашықтықта лақтыру, үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан өткізе лақтыру, оң, сол қолмен алыстағы қапшыққа допты лақтыру.

Еңбектеу, өрмелеу. Еденге тігінен тұрған құрсаудан еңбектеу, еңіс баспалдақ бойымен өрмелеу, гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және одан төмен түсу дағдыларын қалыптастыру.

Тепе-теңдік. Тура жолмен (25-20 см ені), бір-бірінен 10 см арақашықтықта орналасқан тақта бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Сапқа қайта тұру. Қатардағы өз орнын табу, бұрылу, бір орнында қайта тұру дағдыларын қалыптастыру.



Күтілетін нәтижелер:
- аяқтарды тік ұстап тәрбиеші нұсқаған тура бағытты сақтай отырып жүре біледі;

- тепе-теңдікті сақтап, тәрбиеші нұсқаулығымен бағытты және жүгіру қарқынын өзгерте отырып жүгіре біледі;

- шектелген жазықтықта жүгіру мен жүру кезінде, заттарды аттап өту кезінде тепе-теңдікті сақтайды;

- төрт тағандап еңбектейді, баспалдақпен өрмелейді, гимнастикалық қабырға бойымен ерікті тәсілмен өрмелейді;

- екі аяқпен қуатты түрде секіреді, бір орнында тұрып 40 см ұзындыққа секіреді;

- 1,5 метр арақашықтықтағы берілген бағыттармен допты домалатады, допты екі қолмен көкіректен, бастан асыра лақтырады; доппен еденге соққы береді, оны жоғарыға қатарынан 2-3 рет лақтырып және қағып алады; заттарды оң және сол қолмен 5 метрден кем емес арақашықтыққа лақтырады.


Жалпы дамыту жаттығулары
Қол мен иыққа арналған жаттығулар

Біліктерді қалыптастыру:



  • қолды екі жаққа созып кезектестіріп екі қолды бір-бірлеп немесе екі қолды бірге жоғары көтеру, түсіру, заттармен және заттарсыз жаттығуларды орындай отырып, көтеру;

  • затты бір қолдан екінші қолға, арқасынан, бастан асыра өткізу, алдымен немесе бастан асыра, арқадан шапалақ ұру;

  • қолды алақандарын айналдырып жоғары көтеру, алға қарай, жан-жаққа созу, саусақтарды қимылдату, қол саусақтарын жұму және ашу.

Аяққа арналған жаттығулар

Біліктерді қалыптастыру:



  • аяқтың өкшесін көтеру, аяқтарды алға қою, жан-жаққа, артқа қою;

  • 2-3 рет қатарынан отырып-тұру, қолды алға ұстау, қолмен тізеге сүйену, қолмен тізені қамту және басты ию, аяқтарды кезектестіре көтеру, тізені ию;

  • құмы бар қапшықты отырып аяқ өкшелерімен қамту, таяқ, валик (диаметрі 6-8 см) бойымен қозғалу өкше ортасын тірек етіп, жан-жаққа нық қадам жасау.

Кеудеге арналған жаттығулар

Бір-біріне допты бастан асыра (алға және артқа) беру, оңға, солға бұрылу, қолды алға көтеру; солға, оңға, алға иілу, отырған күйінде затты артына беру, нық отырып аяқтарын өзіне тартып, малдас құрып отыру, созу; аяқты созып, тізені қолмен қамту, аяқтарды кезектестіре көтеру, оларды бір-бірінің үстіне қою (оң аяқты сол аяққа және керісінше), алға қарай отырған күйінде иіле білуді дамыту. Алға қарай иілу, тіземен тұру, арқамен жатып бір мезгілде екі аяқты алға көтеру, оларды түсіру; велосипед айдағанды елестететіп аяқтармен қозғалу; ішпен жатып аяқтарды бүгу және жазу (бір-бірлеп және бірге), арқадан ішке қарай және кері бағытта бұрылу, иықтарды бүгу және көтеру, қолды жан-жаққа жаю дағдыларын қалыптастыру.

Спорттық жаттығулар

Шанамен сырғанау

Биік емес төбеден бір-бірін сырғанату біліктіліктерін қалыптастыру.

Сырғанау


Ересектердің сүйемелдеуімен мұз жолдың бойымен сырғанау шеберліктерін қалыптастыру.

Шаңғымен жүру

Шаңғыны кию және шешу, сырғанау қадамымен тегіс шаңғымен жүру және сырғанау дағдыларын қалыптастыру.

Велосипед тебу

Үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын қалыптастыру.

Жүзуге дайындық

Суға түсу, судан шығу, суда ойнау дағдыларын қалыптастыру.

Дене шынықтырудағы балалардың бос уақытын ұзақтығы 15-20 минут айына 1 рет ұйымдастыру.

Дене шынықтыру мерекесі жылына 2 рет – жазда және қыста, ұзақтығы 20 минут.

Дене шынықтырудағы балалардың бос уақытын ұйымдастыру екі айда 1 рет, ұзақтығы 20 минут.

Дене шынықтыру мерекесі жылына екі рет (қысқы және жазғы), ұзақтығы 45 минут.

Денсаулық күні екі айда 1 рет, ұзақтығы 30 минут.

Өз бетінше қимыл әрекеті

Өз бетінше әрекет балалардың күн тәртібінде көлемді уақытты құрайды.

Бұл үшін ойынды дамытуға мүмкіндік беретін спорттық құралдармен жабдықталған қозғалыс ортасын құру қажет. Олардың ішінде кішкентай балалар үшін барынша қолжетімдісі- доп, құрсау, секірткіш (скакалка). Бірте-бірте балалар ойынына барынша күрделі дене шынықтыру жабдықтарын: скамейканы, баспалдақты, текшелерді енгізеді.

Әр алуан құралдар баланың қозғалысқа деген қызығушылығын тудырады, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытады. Балалардың қимылдық ойындарды өз бетінше ұйымдастыруы, серуендеу барысында игерілген қозғалу біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіруі үшін жағдайлар құру.

Өз бетінше қимыл әрекетіне қызығушылыққа қолдау көрсету, бар дене шынықтыру жабдықтары мен құралдарын пайдалануға ынталандыру.

Салыстырмалы, оңай және шапшаң шешілетін қозғалыс тапсырмаларын нақты қою біліктіліктерін дамыту.


Күтілетін нәтижелер:
- қол мен иыққа арналған, заттармен және заттарсыз аяққа арналған жаттығуларды өзгерте отырып орындайды;

- әртүрлі бастапқы жағдайдан денеге арналған жаттығуларды орындайды;

- биік емес төбеден сырғанайды және бір-бірін сырғанатады;

- шаңғыны өз бетінше киіп және шешеді; үш дөңгелекті велосипед тебеді, суға түседі;

- өз бетінше әрекет үшін дене шынықтыру жабдықтарынан заттарды өздігінен таңдай алады.
Шынықтыру және сауықтыру жұмыстары

Шынықтыру шараларын жүргізу.

Жаттығу мен массаж жасау.

Балалардың күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада күн сайын болуын қамтамасыз ету.

Өзіне-өзі күтім жасау дағдыларын дамыту.

Дағдыларды қалыптастыру:



  • денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мәдени-гигиеналық шараларды өз бетінше орындау;

  • өзінің сыртқы түріне назар аудару және ретсіздікті өз бетінше орнына келтіру;

  • тамақтану, ұқыптылық, бір-біріне көмек көрсету мәдениеті;

  • қол орамалды, дәретхананы пайдалану, тазалықты сақтау;

  • өз заттары мен басқалардың заттарына мұқият болуға тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер:

- тазалықты, ұқыптылықты сақтайды;

- тамақтану, жуыну әрекеттерінің қарапайым дағдыларын игереді;

- балабақшадағы қарапайым іс-әрекет ережелерін, өсімдіктермен және жануарлармен өзара әрекеттестіктің қарапайым ережелерін сақтайды;

- жол қозғалысы ережелері туралы қарапайым түсініктерге ие;

- жеке бас гигиенасын дұрыс сақтайды және біледі;

- өзіне қызмет көрсету дағдыларын, қол орамалды қолдануды біледі;

- асхана құралдарын қолдана және өзбетінше тамақтана біледі.


«Қатынас» білім беру саласы

«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет;

- мемлекеттік, орыс және басқа да тілдер ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады.

«Қатынас» білім беру саласы балалардың әлеуметте тілді қарым-қатынас үшін практикалық игеруге бағытталған.

Мақсаты: қатынас дағдылары мен біліктерін дамыту.

Міндеттері:



  • балалар іс-әрекетінің түрлі формалары мен түрлерінде ауызша

сөйлеудің барлық компоненттерін дамыту (лексикалық жағы, тілдің грамматикалық құрылымы, тілдің айтылу жағы; байланыстыра сөйлеу-диалогтық және монологтық түрлері);

  • әдеби тілді дамыту, сөз өнеріне баулу;

  • қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларына, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ



Тіл дамыту

Тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу

Дағдыларды қалыптастыру:

-дыбыстарды айту;

- сөйлеу әрекетінде көпше және жекеше түрдегі зат есімдерді, атау септігіндегі көпше түрдегі зат есімдерді пайдалану;

- түрлі ойындар мен жаттығуларды пайдалану арқылы тілдің грамматикалық құрылымын ;

- сөйлеу аппаратының моторикасын, тыныс алу мен тілдік естуді дамыту;

- дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және нығайту;

- заттар , олардың сапасы, айырмашылықтары, бөліктерінің атауы мен қолданылуы туралы білімін қалыптастыру;

- ойын жаттығулары барысында сөздік қорды байыту және белсендіру.

Байланыстырып сөйлеу:

- суреттерді, заттарды қарау, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу;

- шағын тақпақтар мен өлеңдерді жаттау;

- ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдау және түсіне білу;

- тілдік этикеттің сәйкес түрлерін дұрыс пайдалану;

- кейіпкерлерді сипаттау үшін интонациялық мәнерліліктің қарапайым тәсілдерін қолдану;

- рифмді және сөздік ойындарға назар аударуын, қызығушылығын тәрбиелеу;

- таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға тілегін, қызығушылығын қолдау дағдыларын қалыптастыру.



Көркем әдебиет

Балаларға оқып беру және әңгімелеу:

- ертегілердің мазмұнын түсінуді, тыңдауды, бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету;

- кейіпкерлердің мінез-құлқын бере білу мен орындаудағы интонациялық реңктерді қабылдауға ;

- мәнерлеп оқу;

- тақпақтарды, өлеңдерді ойша талдап, асықпай, дыбыстарды айқын айту;

- орындау кезінде кейіпкерге, оқиғаларға деген өзінің қатынасын бере білуге үйрету.
Русский язык

(для дошкольных организаций с казахским языком воспитания и обучения)
Воспитание звуковой культуры речи.

Формирование навыков:

- слушания речи на русском языке (сказки, рассказы, короткие стихи и песенки).

- произношения гласных звуков русского языка: а,о,у,е,е,и,ы,э,ю,я, используя игры и игровые упражнения.

Развитие артикуляционного аппарата.

Словарная работа и развитие речи.

Формирование навыков:

- понимания и восприятия названий игрушек, некоторых предметов быта, овощей и фруктов, животных;

- выполнения просьбы воспитателя, дальнейшее расширение словарного запаса детей и правильное произношение слов на русском языке;


  • названия некоторых предметов ближайшего окружения;

  • слова, обозначающие признаки предметов по величине, по цвету;

  • слова, обозначающие действия;

- понимания словосочетаний и составление их способом согласования (существительное и прилагательное, существительное и глагол).

- понимания простых вопросов и правильного ответа на них в виде короткого предложения;

- составлять простые предложения;

- запоминания детьми коротких стишков и песен.

Развитие связной речи и умения правильно ставить ударение в словах при произношении.
Ожидаемые результаты:


  • умеет правильно произносить гласные звуки русского языка: а,о,у,е,е,и,ы,э,ю,я;

  • умеет составлять простые предложения;

-употребляет в речи имена существительные в форме единственного и множественного числа;

  • умеет слушать взрослых и понимает простую речь;

  • применяет необходимые слова и словосочетания при обыгрывании сказок;

  • слушает, понимает содержание сказки, запоминает образные слова;

  • умеет читать наизусть небольшие потешки и стихотворения при помощи взрослого, передавая свое отношение к содержанию;

  • знает о качестве, свойствах, различии, названии предметов на русском языке и их предназначение;

  • понимает простые вопросы и умеет правильно отвечать на них короткими предложениями на русском языке.


Күтілетін нәтижелер:

- дыбыстарды дұрыс айта біледі;

- сөйлеуде жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді қолданады;

- ересектермен диалог жүргізу, сұрақтарды тыңдай және түсіне біледі;

- ертегілерді ойнау кезінде қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;

- ертегі мазмұнын түсінеді, тыңдайды, бейнелік сөздерді есте сақтайды;

- қысқа тақпақтар мен өлеңдерді ересектердің көмегімен мазмұнына өз қатынасын білдіре отырып жатқа айтады.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Тіл дамыту

Тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу

Мемлекеттік тілде халық ауыз әдебиеті шығармаларын тыңдау біліктерін бекіту.

Тіл дыбыстарын дұрыс айта білуді жетілдіру.

Артикуляциялық аппаратты ары қарай дамыту.

Сөздік жұмысы

Сөздерді мемлекеттік тілде дұрыс айту біліктерін қалыптастыру:

- жақын маңайдағы бірқатар заттардың: ойыншықтардың, қазақтың ұлттық ыдыстарының, жемістердің, жануарлардың атауларын білдіретін;

- көлемі, түсі бойынша зат белгілерін білдіретін;

- жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді, іс-әрекетті білдіретін сөздерді білу.

Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру

Сөз тіркестері мен олардың қиысуын түсіну дағдыларын қалыптастыру (зат есім мен сын есім, зат есім мен етістік).

Екі, үш сөзден тұратын қарапайым сөйлемдерді түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Байланыстырып сөйлеуді дамыту

Қарапайым сөйлемдерді пайдалана отырып, ауызша және жазбаша түрдегі қарапайым сұрақтар және оған жауаптар құрастыруды түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Қысқа өлеңдер мен әндерді ары қарай үйренуін қалыптастыру.

Ойыншықтарды, жемістерді, жақын маңайдағы заттарды ересектердің көрсетуі бойынша сипаттау біліктерін қалыптастыру.

Көркем әдебиет

Балаларға оқып беру және әңгімелеу.

Оқиғаны эмоционалды қабылдау, кейіпкерлерге қайғыруды жалғастыру, ертегіні баяндаудың бірқатар ерекшеліктерін байқау.

Өлең мен прозаны ажыратуға, көркем шығармаларда түрлі өмірлік құбылыстар: мереке, күлкілі және балалар өмірінен байыпты көріністер сипатталуы мүмкін екендігін түсінуге үйрету.

Таныс шығармаларға бағыттала білуді бекіту, оларды суреттер бойынша тану, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.

Балаларға эмоциялы, түсініп, логикалық екпінді сақтап, сөзді айқын айтып, мәнерлі жатқа айтуға, халық әндері мен өлең рифмдерінің дұрыс берілуін; интонация мен қуанышты, таңдануды бере білуге үйрету.


Русский язык

(для дошкольных организаций с казахским языком воспитания и обучения)
Воспитание звуковой культуры речи.

Закрепление навыков слушания сказок, рассказов, коротких стихов и песен на русском языке и правильной постановки ударения при произношения слов.

Совершенствование навыков развития артикуляционного аппарата.

Словарная работа и развитие речи.

Формирование навыков:

- произношения слов на русском языке, обозначающих названия некоторых предметов ближайшего окружения, признаки предметов по величине и по цвету;

- понимания и согласования слов в словосочетаниях.

Закрепление умений:

- употребления в речи имен существительных в единственном и множественном числе;

- понимать простые вопросы и отвечать на них в виде короткого предложения.

Развитие связной речи и умения правильно ставить ударение в словах при произношении.

Составление простых предложений для описания игрушек, фруктов, предметов ближайшего окружения по образцу взрослого.

Совершенствование навыков:

- запоминания коротких стишков и песен;

- понимания простого предложения из 3-4 слов.

Ожидаемые результаты:


  • произносит правильно слова, вслушивается в их звучание;

  • рассматривает сюжетные картинки и составляет простые предложения;

- называет все действия, предметы и явления, их признаки и качества;

  • слушает и понимает речь взрослого;

  • отвечает на вопросы взрослого, касающиеся ближайшего окружения на русском языке;

- умеет составлять связную речь;

- пересказывает содержание сказок и коротких рассказов;

- читает наизусть небольшое стихотворение;


  • называет свой город (поселок, село);

  • знает и называет некоторые растения, животных и их детенышей на русском языке.


Күтілетін нәтижелер:

- сөзді айтады, олардың дыбысталуын тыңдайды;

- мазмұнды суреттерді қарайды;

- барлық іс-әрекеттерді заттар мен құбылыстарды, олардың белгілері мен сапасын атайды;

- ересектердің сөзін тыңдайды және ұғынады, олардың сұрақтарына жауап береді;

- шығармадан үзінді тыңдай отырып оның атын атайды;

- қоршаған ортаға қатысты ересектердің алуан түрлі сұрақтарына жауап береді;

- барлық сөз таптарын, жалаң сөйлемді және бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді пайдаланады;

- кітаптағы суретке, тәрбиеші сұрақтарына сүйене отырып шығарма мазмұнын қайта айтып береді;

- шағын өлеңдерді біледі және жатқа айтады;

- өз қаласының атын атайды;

- бірқатар өсімдіктердің, жануарлар мен олардың төлдерінің атауларын біледі.


«Таным» білім беру саласы

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:

- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

- құрастыру;

- экология негіздері;

- қоршаған әлеммен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде іске асырылады.

Мақсаты: балалардың интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту және әлемнің біртұтас бейнесі туралы білімін қалыптастыру.

Міндеттер:



  • сенсорлық қабілеттерін, алғашқы ойлау операцияларын, жиынтық туралы қарапайым ұғымдарды, экология саласындағы білімдер мен ұғымдарды дамыту;

  • тірі және өлі табиғат туралы білімін, табиғатта және қарапайым өзара байланыстардағы өзін ұстау туралы ережелерді, танымдық қызығушылықтар мен шығармашылық қиялдауын қалыптастыру;

  • тірі және өлі табиғат нысандарына сүйіспеншілігі мен қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу, балалардың дүниетанымын кеңейту, эстетикалық талғамын қолдау.

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

«Көп», «біреу», «бір-бірден», «ешбір» ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дағдыларды қалыптастыру:

- біртектес заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету;

- топтық бөлмедегі заттарды ажырату және олардың санын анықтау;

- заттарды салыстыру;

- заттардың бір тобын екіншісіне бірізділікпен біріктіру және қосу;

- заттардың бір қатарға, реті бойынша, бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру;

- ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;

- заттарды көлемін салыстыру түсініктерін қалыптастыру;

- көлемін салыстыруда беттестіру және қондыру тәсілдерін пайдалану біліктерін қалыптастыру.

Геометриялық пішіндер:

- геометриялық пішіндерді тану және атау дағдыларын қалыптастыру;

- өзіне тікелей жақындықтағы (оң жақта –сол жақта, алда-артта) кеңістіктік бағыттарды анықтау, оң қолымен сол жақтан оң жаққа қарай заттарды орналастыру дағдыларын қалыптастыру.

- өз денесінің бөліктерін атау және олардың қызметін бағдарлау;

- тәулік бөліктерін – таңертеңгілік, күн, кеш, түнді атау және тану дағдыларын қалыптастыру.


Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру

Дағдыларды қалыптастыру:

- әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылымдар құрастыру;

- бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін пайдалану;

- ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан мазмұнды-ойындық міндеттерді пайдалана отырып құрастыру ;

- үлгі бойынша құрастыру;

- қағаздан бүктеу, жырту, шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып, қағаз беттерін көлемді пішіндерге түрлендіру.


Экология негіздері

Өлі табиғат заттары мен құбылыстары

Жансыз табиғат туралы білімдерін қалыптастыру. Табиғат құбылыстарына қызығушылыққа тәрбиелеу. Ауа туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дағдыларды қалыптастыру:

- ауа райы жағдайын анықтау;

- табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау.

Өсімдіктер әлемі

Туған өлкенің бірқатар өсімдіктері, жемістер мен көкөністер туралы қарапайым ұғым-түсініктерді қалыптастыру.

Бөлме өсімдіктерінің түрлері, олардың айырмашылықтары туралы білімдерді қалыптастыру.

Жануарлар әлемі

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.

Жабайы жануарлар мен Қазақстан аумағын мекендейтін жануарлар туралы ұғымдарды қалыптастыру.

Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру. Табиғат бұрышын мекендеушілер мен қыстайтын құстарға мұқият қарым-қатынасқа тәрбиелеу.


жүктеу 3,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау