Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамыту саласы



жүктеу 1,83 Mb.
бет2/9
Дата29.05.2018
өлшемі1,83 Mb.
#18379
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамыту саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен концессия тетігін қолдана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке секторға қаржылық және технологиялық ресурстарды инвестициялауға мүмкіндік беретін құқықтық негіз қаланды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларының тартымдылығын арттыру және олардың кеңінен қолданылуы үшін 2012-2014 жылдар аралығындағы кезеңде заңнамаға қосымша тұжырымдамалық өзгерістер енгізілді.

2013 жылғы желтоқсанда өңірлерде МЖӘ жобаларын іске асыру процесін жеделдетуге мүмкіндік беретін, үлгілік және техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын жобалар бойынша заңнамалық түрде қажетті құжаттаманы дайындау рәсімі оңайлатылды.

МЖӘ жобалары үшін республикалық деңгейде «бір терезе» қағидатын енгізу мақсатында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі жанында «Kazakhstan Project Preparation Fund» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. Орталық мемлекеттік органдар үшін барлық республикалық МЖӘ жобаларын «бір терезеде» дайындау мен сүйемелдеуді, сондай-ақ инвесторларға консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін болады.

2013 жылы мемлекеттік инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәсілдерді реформалаудың маңызды кезеңі инвестициялық жобаларды бюджеттік қаржыландыру бойынша шешімдерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік немесе жеке инвестициялар есебінен жобаны іске асыру мүмкін болмаған не оның орынсыздығы жағдайларында ғана қабылдауға мүмкіндік беретін «бюджеттік компаратор» тетігін енгізу болып табылады.

2014 жылғы шілдеде жергілікті атқарушы органдардың дербестігін арттыру мақсатында, атап айтқанда МЖӘ үлгілік жобаларын іске асыру кезінде оларға құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын жобаларды қоспағанда, жергілікті концессиялық жобаларды келісу мен сараптау өкілеттіктері берілді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін белгілеу үш жылдық кезеңде жүзеге асырыла бастады.

МЖӘ мәселелерін кешенді реттеу үшін қоғамдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру үшін ресурстарды біріктіру жолымен мемлекет пен жеке сектор арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыру және күшейту мақсатында Мемлекет басшысы 2015 жылғы 31 қазанда «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңға қол қойды.

Заң МЖӘ салалары мен қатысушыларын кеңейтуді көздейді.

Білім беру, денсаулық сақтау және автожолдар салу сияқты негізгі салалармен бірге Заң экономиканың барлық салалары мен аяларында МЖӘ-ні дамытуды көздейді.

Тұтастай алғанда, 2005 жылдан бастап объектілер құрылысының жалпы құны 51,4 миллиард теңгені құрайтын 3 республикалық жоба іске асыру сатысында тұр, әртүрлі дайындық сатысында жалпы құны 496 миллиард теңгені құрайтын қосымша 23 республикалық жоба бар, олардың ішінде автожолдар, ауруханалар, түзеу мекемелерін және т.б. салу бар.

Жергілікті МЖӘ жобалары бойынша:

Шығыс Қазақстан облысында 6,7 миллиард теңге сомасына 11 жоба бойынша шарттар жасалды;

Алматы облысында 2,1 миллиард теңге сомасына 8 жоба бойынша шарттар жасалды;

Ақтөбе облысында 10,3 миллиард теңге сомасына 7 жоба бойынша шарттар жасалды;

Солтүстік Қазақстан облысында 3,2 миллиард теңге сомасына 3 жоба бойынша шарттар жасалды;

Ақмола облысында 0,7 миллиард теңге сомасына 2 жоба бойынша шарттар жасалды.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту саласындағы негізгі проблемалар жобалардың инвестициялық тартымдылығының төмендігі, жобаларға бастамалық етуші мемлекеттік органдардың белсенділігінің төмендігі болып табылады. Мемлекеттік және жергілікті органдардың кадрлардың және жергілікті бюджеттердің ұзақ мерзімді инвестициялық мүмкіндігінің болмауына байланысты МЖӘ тетігін пайдалану жолымен инвестициялық жобаларды іске асыруға толық қызығушылық танытпай отыр.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Жеке және халықаралық капиталдың концессиялық жобаларға қатысудан бас тарту тәуекелі

1. Мемлекет пен концессионер арасында тәуекелдерді бөлу

2. Концессия бойынша келісімшарттарды мониторингілеу



Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің концессиялық ұсыныстар мен сараптама жүргізуге конкурстық құжаттарды ұсынбауы

Концессиялық жобаларды дайындау процесін әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша шаралар қабылдау


Статистикалық ақпаратты ұсыну саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Пайдаланушыларды сапалы статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету және Қазақстанның статистикалық жүйесінің тиімділігін арттыру үшін статистиканың барлық салаларында халықаралық стандарттар табысты енгізілуде.

Статистика саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдармен және Еуразиялық экономикалық комиссия, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Статистикалық комитеті сияқты ұлттық статистикалық қызметтермен ынтымақтастық жүзеге асырылуда.

Статистикалық жүйенің институционалды ортасын жетілдіруге және операциялық қамтамасыз етуге, ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді және физикалық инфрақұрылымды жақсартуға, кадрлық әлеуетті дамытуға, статистикалық инфрақұрылымды, стандарттар мен әдіснамаларды жақсартуға, пайдаланушылармен және респонденттермен жұмысты жетілдіруге, әдіснамалар мен статистиканың нақты салаларындағы тәжірибені жетілдіруге бағытталған 2012-2016 жылдарға арналған Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесін нығайту жөніндегі жоба (бұдан әрі – ҚАЗСТАТ жобасы) сәтті іске асырылуда.

2013 жылы 12 жаңа және жетілдірілген әдістеме қабылданды, 2014 жылы – 16, 2015 жылы – 32.

КАЗСТАТ жобасы шеңберінде 2013 жылы 233 адам оқытылды, 2014 жылы – 604, 2015 жылы – 562.

Тұтастай алғанда, ҚАЗСТАТ жобасының нәтижесінде статистиканың әртүрлі саласындағы 70-тен астам жетілдірілген және жаңа әдістемелерді қабылданады; статистикалық есептердің жалпы санын кемінде 15%-ға азайтылады; пайдаланушылардың статистикалық деректердің сапасымен қанағаттануы кемінде 80% деңгейінде қамтамасыз етілетін болады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне «Ресми статистикалық ақпараттарды тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі енгізілді.

2015 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімдерді бұзулар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына шағымдар жоқ.

2015 жылдан бастап тұтынушылар мен респонденттерден қоңырау қабылдау жөніндегі ақпараттық қызмет жұмыс істейді. Ақпараттық қызметті тұтынушылармен және респонденттермен тығыз байланыс орнату және оларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында құрылды. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес ақпараттық қызмет шамамен 7 мың қоңырау қабылдады.

Ресми статистикалық ақпаратқа қанағаттану бөлігінде қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында жыл сайын пайдаланушыларға пікіртерім жүргізіледі. Тұтастай алғанда, пайдаланушылардың статистикаға деген көзқарасы позитивті. Жыл сайын пайдаланушылардың статистикалық деректерге деген сенімінің жоғары дәрежесі байқалады (2013 жылы – 80,8%, 2014 жылы – 82,2%, 2015 жылы – 84,4%).

Бұдан басқа тәуелсіз зерттеу ұйымы – Қоғамдық пікірді зерделеу орталығы 2014 жылы Қазақстанда пайдаланушылардың статистикалық ақпаратқа қанағаттанушылық деңгейін зерделеу бойынша әлеуметтік пікіртерім жүргізді, оның қорытындысы да пайдаланушылардың қанағаттанушылық деңгейінің жоғары екенін растады.

Статистикалық процестерді автоматтандыру, барлық пайдаланушылардың шектеусіз статистикалық деректерге қол жеткізуінің ыңғайлылығы, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – «е-Статистика» ИАЖ) қамтамасыз етіледі.

Респонденттер үшін ақпараттық технологияларды қолдану бөлігінде «е-Статистика» ИАЖ – «Онлайн режимде деректерді жинау» АЖ компонентін атап өту қажет. 2015 жылы онлайн режимде 810 мыңнан астам есеп қабылданды, бұл 2014 жылдан 2,8 есе артық.

Тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзекті статистикалық және талдамалық ақпаратта интерактивті режимде статистикалық деректер «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйеде (бұдан әрі – «Талдау» АТЖ) жарияланады.

«Талдау» АТЖ статкөрсеткішті іздеуге, деректерді түрлі кесте, графика және картография түрінде және кескіндерде көрсетуге; берілген талаптарға сәйкес деректерді визуалдандыруға; деректерге талдау жүргізуге арналған құралдарды ұсынуға; таңдалған деректерді немесе талдау нәтижелерін қолжетімді ортақ форматқа айналдыруға, деректерді ұдайы өзектілендіру үшін Тұтынушының жеке кабинетін құруға және т.б. мүмкіндік береді.

Статистиканың Интернет-ресурсын пайдаланушылар санының едәуір өсуі байқалады, мәселен 2015 жылы кірушілер саны 3 миллионды құраған, бұл 2014 жылмен (кірушілер саны 2 миллион 100 мың) салыстырғанда 1,4 есеге артық, ал 2013 жылмен (кірушілер саны 844 мың) салыстырғанда 3,6 есеге артық.



Қазіргі уақытта электрондық түрде деректер алмасуды қамтамасыз ету үшін «е-Статистика» ИАЖ-ды мемлекеттік органдардың 24 ақпараттық жүйесімен интеграциялау іске асырылды. Интеграциялар шеңберінде мемлекеттік органдардың әкімшілік деректерін статистика органдары статистикалық ақпаратты өндіруге пайдаланады, бұл респонденттерге жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Алғашқы статистикалық деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органды кәсіпкерлік субъектілерге қатысты тексеру құқығынсыз және орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты тексеру құқығымен функцияларды беру бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, айыппұлдар ұлғайтылды.

Бұдан басқа Заң шығару жұмысының 2016-2021 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспарында 2017 жылғы 2-жартыжылдықта «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бекітілген.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Өндірілетін өнімнің сапасын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі жоғары білікті қызметкерлердің болуы болып табылады.

Қазіргі уақытта статистика органдарында жоғары деңгейдегі экономикалық, математикалық, статистикалық және компьютерлік дайындықты, жүйелік талдау мен болжау әдістерін меңгерген мамандардың жетіспеушілігі сезіледі.

Бұдан басқа, респонденттерге түсетін елеулі жүктеме олар ұсынатын бастапқы деректердің сапасына әсер етеді, бұл шығарылатын статистикалық ақпараттың сапасынан байқалады.

3. Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің Комитеттің Ақпараттық жүйелерімен интеграциялануына дайын болмауы

1. Статистика комитеті ақпараттық жүйелерімен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау.

2. Мемлекеттік органдармен электронды түрде деректермен алмасу.




2-стратегиялық бағыт. Қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Макроэкономикалық саясат саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Өткен үш жылда (2014-2016 жылдар) Қазақстан экономикасы геосаяси факторлардың, Федералдық резервтік жүйенің сандық жұмсарту бағдарламасының тоқтатылуы және тақтатас өндірудегі серпілістің әсерінен мұнайдың, мұнай және басқа да экспорттық тауарлар бағасының күрт төмендеді, сұраныстың азаюы және капиталдың шамадан тыс әкетілуі нәтижесінде елдің негізгі сауда серіктестерінің экономикасы өсуінің төмендеуі жағдайында дамыған болатын.

Көрсетілген кезең ішінде ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсуі 2,1%-ды құрады (2000-2013 жылдары – 8,0%). 2014 жылы экономика 4,2%-ға, 2015 жылы – 1,2%-ға, 2016 жылы (алдын ала бойынша деректер) – 1,0%-ға өсті.

Қолайсыз сыртқы факторлар жағдайында экономиканың өсуі экономикаға жаңа инвестицияларды тартумен қолдау тапқан ішкі сұраныстың есебінен, сондай-ақ тұрғын-үй құрылысын қоса алғанда, ауыл шаруашылығында, құрылыста өнім шығарудың, көлік саласында қызмет көрсетудің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Елдегі экономикалық белсенділікті қамтамасыз еткен қолайлы жағдайлардың бірі инвестициялардың өсуі болып табылады. Мәселен, негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі үш жылда 21 335,0 миллиард теңгені құрады және жылына орташа есеппен 4,3%-ға өсті.

2016 жылғы инвестициялар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және ИИДМБ шеңберінде индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы нәтижесінде 5,1% -ға өсті. Инвестициялардың ең көп өсуі ауыл шаруашылығында 46,7%, тау кен өндіру өнеркәсібінде – 14,8%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда – 10,3% және саудада – 10,3% байқалады.

Экономиканың нақты секторында өңдеу өнеркәсібінің ілгері өсуі байқалады. Жалпы, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2016 жылғы 1,1%-ға төмендеді. Өнеркәсіптің төмендеуіне мұнай, көмір, темір рудасын өндіру және машина жасау елеулі ықпал етті. Тау-кен өндірісі өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс 2,7%-ға азайды, өңдеу өнеркәсібінде 0,7%-ға ұлғайды.

Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығында жалпы өнім көлемі 3 615,8 миллиард теңгені құрап, өсімдік шаруашылығы өнімінің 7,8 %-ға (1 994,7 миллиард теңге) өсуі есебінен 5,5 %-ға ұлғайды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 233,6 миллиард теңгені құрап, тұрғын үй құрылысы мен өнеркәсіп объектілері құрылысының ұлғаюы есебінен 7,9%-ға ұлғайды. 2016 жылғы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 17,6%-ға өсіп, 10 512,7 мың шаршы метрді құрады. Тұрғын үй құрылысына 829,6 миллиард теңге инвестиция бағытталды немесе 2015 жылға қарағанда 106,7%-ды құрады.

Әлем экономикасындағы белгісіздік және Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінде өсуінің құлдырауы 2014 жылы 120,7 миллиард АҚШ долларымен салыстырғанда 2016 жылы қаңтар-қарашада 55,3 миллиард АҚШ долларына дейін, оның ішінде тауарлар экспортының құлдырауы 32,7 миллиард АҚШ долларына дейін, тауарлар импортының көлемі 22,6 миллиард АҚШ долларына дейін төмендеген елдің сыртқы сауда айналымына кері әсерін тигізді.

Ұлттық Банктің халықаралық резервтері 2014 жылы 29,2 миллиард долларды құрады және тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импортының 6,2 айын жапты, 2015 жылы – 27,9 миллиард долларды (7,4 ай), 2016 жылы – 27,9 миллиард долларды құрады (9,1 ай). Жалпы, 2017 жылғы 1 қаңтарда еліміздің халықаралық резервтері 90,7 млрд АҚШ долларын құрап, 2016 жылы 0,7% -ға төмендеді.

2014 жылы ЕДБ берген кредиттер көлемі 12 105,7 миллиард теңгені құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 7,2%-ға көп, 2015 жылы өсу 12674,2 миллиард теңгеге дейін 4,7% құрады, ал 2016 жылы – 12859,1 миллиард теңгеге дейін 1,5%-ға құрады.

Депозиттік базаның кеңеюі байқалуда. Депозиттер 2016 жылы 13,7%-ға өсіп, 18 163,8 миллиард теңгеге жетті, оның ішінде халықтың депозиттері 15,4%-ға ұлғайды.

Жұмыссыздық деңгейі 2016 жылы 5,0 %-ды құрады.

Жұмыссыздықтың шартты түрдегі төмен деңгейіне қарамастан, инфляцияның өсуіне байланысты нақты жалақының индексі 2014 жылғы 103,9 %-дан 2016 жылы 97,6 %-ға дейін төмендеді. Орташа айлық номиналды жалақы 2016 жылы бағалау бойынша 140,7 мың теңгені құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 11,8 %-ға артық.

Халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табыстары 2013 жылғы 62,3 мың теңгеден 2016 жылғы қарашада 74,6 мың теңгеге дейін ұлғайды. Кірістер 2014 жылғы қарашамен салыстырғанда номиналды мәнінде 2,3%-ға өсті, нақты мәнінде – 5,9%-ға төмендеді.

Инфляция деңгейі 2014 жылы 7,4%-ды құрады. 2015 жылы теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамына көшуі нәтижесінде инфляция 13,6%-ды құрады. 2016 жылы бағалардың өсуін тежеу бойынша қабылданған шаралар есебінен инфляция 8,5% - ды құрады. Инфляцияның құрылымында азық-түлік тауарлары бағасының жыл сайынғы орташа өсуі 9,5%-ды, азық-түлік емес тауарларда – 13,3%-ды, ақылы қызметтер бағасы – 6,9%-ды құрады.

Әлемдік экономиканың бәсең қалпына келуі және жаңа геосаяси тәуекелдер жағдайларында экономиканың орнықты өсуіне бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру қамтамасыз етілді.

Елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында орталық, жергілікті мемлекеттік органдар мен өзге де органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 6 мамырдағы отырысында мақұлданған 2015 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірінші кезектегі іс-қимыл жоспары шеңберіндегі шараларды іске асырды. Осы жоспар шеңберінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бес институционалдық реформасының іс-шаралары, сондай-ақ ағымдағы экономикалық саясаттың басымдықтары іске асырды.

2015 жылы экономика салаларының өсуін қамтамасыз ету және экономикалық белсенділіктің одан әрі бәсеңдеуін болдырмау, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2015 және 2016 жылдары экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел шаралар жоспары (бұдан әрі – Жедел шаралар жоспары) мен «ерекше кезеңдегі» экономикалық саясат шаралары ескеріле отырып, Мемлекет басшысының Үкіметтің 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі – «ерекше кезең» жоспары) іске асырылуы қамтамасыз етілді.

Жоғарыда аталған жоспарлар экономиканың нақты секторын қолдауға және жеке инвестицияларды ынталандыруға, жұмыс орындарын құруға және жұмыспен қамтуды қолдауға, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермеуге, Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалануға және мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды қайта қарауға, сондай-ақ республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұдан басқа алдағы үш жылда экономикалық белсенділікті сақтау үшін Үкімет 2015 жылдың соңында жедел шаралар мен «ерекше кезең» жоспарларын өзектілендіруді ескере отырып, Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын қабылдады.

Дағдарысқа қарсы жоспар «100 нақты қадам Ұлт жоспары» шеңберінде институционалдық реформаларды тереңдетуге және Президенттің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты 2015 жылғы қарашадағы Қазақстан халқына жолдауын, сондай-ақ экономиканың өсуін ынталандыру және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жедел шараларды іске асыруға бағытталған.

Жалпы Дағдарысқа қарсы жоспарда жаңа құрылымдық экономиканы қалыптастыру жөніндегі шараларды және экономиканың өсуін ынталандыру мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жедел шараларды көзделген.

Жаңа құрылымдық экономиканы қалыптастыру оны қалыптасқан экономикалық болмысқа бейімдей отырып, оған бизнес үшін де, жалпы мемлекеттік басқару жүйесі үшін де тиімділікті арттыратын ынталандыруды енгізу арқылы экономикалық саясатқа жүйелі өзгерістер болжайды.

Дағдарысқа қарсы жедел шаралар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде негізгі инфрақұрылымдық жобаларды, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ) мен агроөнеркәсіптік кешеннің индустриялық жобаларын мемлекеттік кепілдікпен қарыздар тарту арқылы қосымша қаражат тарту жолымен іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ өндірістік кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және жұмыс орындарын сақтау жөніндегі нақты шараларды қабылдау көзделген.

Экономикалық белсенділікті қолдау үшін: ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру мен қаржылық тұрақтылықты қолдауға, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде экономиканы қолдау шараларын кеңейтуге, шағын және орта бизнесті (бұдан әрі – ШОБ) және экономика салаларын қолдауға, іскерлік белсенділікті қолдау мен халықты жұмыспен қамтуға бағытталған 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар жоспары қабылданды.

Бұдан басқа, өнім шығару көлемінің қысқаруы байқалып отырған экономиканың салаларында өндіріс көлемінің өсуін қамтамасыз ету; «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және 2016 жылғы дағдарысқа қарсы қосымша шаралар жоспары шеңберінде жоспарланған қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру; «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды және экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдету үшін шілдеде 2016 – 2017 жылдары экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар жоспары қабылданды.

Қабылданған дағдарысқа қарсы шараларды ескере отырып, Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері дамудың оң траекториясында қалып отыр. 2016 жылғы қорытындысы бойынша ЖІӨ өсуі 2015 жылға қарағанда 1,0%-ды құрады.

2. Негізгі проблемаларды талдау

2016 жылы 2015 жылдың тренді жалғасады, әлемдік нарықтағы мұнай мен металдар бағаларының төмендеуі есебінен Қазақстан экономикасы өсуінің бәсеңдеуі байқалды, Ресейдегі рецессия мен Қытай және Еуроаймақ экономикаларының өсуінің баяулауына байланысты Қазақстанның экспорттық өнімдеріне сұраныс төмендеді.

Кредит беруді азайту, нақты жалақының және халықтың нақты табыстарының төмендеуі бизнес пен халықтың тарапынан ішкі сұраныстың төмендеуіне әкелді.

Қазақстанда экономика өсуінің негізгі драйвері әдеттегідей үй шаруашылығының шығыстары болды. 2010 – 2013 жылдары олардың экономикалық өсімге қосқан үлесі 65-90%-ды құрды, ал 2014 жылдан бастап тұрмыстық шығыстар үлесі ұзақ мерзімді кезең ішінде алғаш рет өзінің ең төменгі мәніне дейін төмендеді.

Тау-кен өндіру серпінінің баяулауы, сондай-ақ инфляциялық процестердің жеделдеуі салдарынан нақты жалақының төмендеуі тұтыну шығыстарының төмендеуіне ықпал етті.

Сондай-ақ сауда көлемінің төмендеуі байқалды, бұл экономикадағы белсенділіктің төмендеуі мен теңгенің әлсіреуіне негізделген. Сонымен қатар оның басқа да себебі бар.

Алдыңғы жылдары азаматтардың ақшалай табыстарының нақты өсімінің қарқыны мен республикадағы бөлшек сауда қарқынының алшақтығы байқалды.

Халық өз шығыстарының елеулі бөлігін тұтынушылық кредит арқылы қаржыландырды. Іс жүзінде ақшалай табыстың өсуі мен тауар айналымының арасындағы айырмашылық тұтынушылық кредитпен қамтамасыз етілген болатын. 2014 – 2016 жылдары бөлшек сауда өсімінің орташа қарқыны 2,1% құрады.

2014 жылдың қорытындысы бойынша маңызды мәселелердің бірі ішкі және сыртқы факторлар тарапынан теріс оқиғалар мен үрдістердің нәтижесінде экономикалық агенттердің девальвациялық күтулері салдарынан экономиканы долларландыру үрдісінің күшеюі болды. Бұл факті көбіне банк секторы міндеттемелерінің құрылымында көрініс табады.

Осының аясында инфляцияның күрт жеделдеуі байқалды. Егер 2013 жылы инфляция деңгейі 4,8 %-ды құраса, 2015 жылы – 13,6 %-ды құрады. Бірақ бағаның өсуін тежеу бойынша қабылданған шаралардың арқасында, инфляция 2016 жылы 8,5% -ды құрады.

2015 жылғы тамыздан бастап теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамына көшуге инфляциялық таргеттеудің режиміне негізделген жаңа ақша-кредит саясатын іске асыруға көшу жүзеге асырылды. 2015 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін теңге 82 %-ға бәсеңдеді. Бағасының өсуі 2015 жылғы желтоқсанда 2014 желтоқсанға қатысты 22,6 % құраған теңгенің бәсеңдеуі азық-түлік емес тауарларға ең көп әсер етті.

Азық-түлік емес тауарлар бөлігінде тұтыну себетіндегі импорттық тауарлардың үлесі 50%-дан елеулі артық. Сондықтан олар жылдам қымбаттайды, ал импорт үлесі айтарлықтай төмен көрсетілетін қызметтер инфляциясы (2015 жылғы желтоқсанда 8,1%) бағаның жалпы көтерілуін тежейді.

Мұнай бағаларын 2016 жылғы минимумдардан жандандыру ұлттық валютаны бірталай күшейтті, нәтижесінде теңгенің долларға қарағанда айырбас бағамы жыл соңында долларға 333,29-ды құрады.

3. Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Қазақстан экспорттайтын энергия ресурстары мен ауыл шаруашылығы шикізатының әлемдік бағаларының құбылмалылығы

  1. Әлеуетті тәуекелдерді уақтылы анықтау үшін әлемдік экономиканың және Қазақстанның негізгі шикізат тауарларына әлемдік бағалардың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері серпінін мониторингілеу.

  2. Қолайсыз жағдай орын алған кезде, оның ішінде ұлттық экономиканың бәсеңдеуімен, рецессиясымен немесе дағдарысымен сипатталатын энергия ресурстарына әлемдік бағаның күрт өзгеруі салдарынан экономиканы қолдау бойынша қажетті шаралар қолдану мәселесін қарау

Әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуі

1. Әлемдік экономиканың өсуінің нашарлау дәрежесіне байланысты ұлттық экономиканы қолдау бойынша шараларды іске асыру

2. Мемлекеттік бюджетті оңтайландыру және басым емес шығыстарды секвестрлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу



Елдің егеменді кредиттік рейтингінің төмендеуі

Рейтингтік агенттіктерге Үкіметтің экономикалық өсудің құлдырауының теріс салдарын нивелирлеу/еңсеру жөніндегі шараларын түсіндіру


жүктеу 1,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау