Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы «__» _______________
№ ___ бұйрығымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы және пайымы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – Қазақстан Республикасының біртұтас және тиімді ұлттық экономикасын қалыптастыру.
Министрліктің пайымы – 2025 жылы қазақстандық экономиканың 2015 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бір бөлігінен артық сапалы өсуі.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тәуекелдерді басқару
1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін дамыту
Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және жұмыс істеу саласы
1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Әкімшілік реформа шеңберінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.
2014 жылы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мен тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және Қазақстан Республикасының шағын Үкіметін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік басқару жүйесін әкімшілік реформалау жүргізілді.
Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Заңда Қазақстан Республикасы Үкіметінен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға 1606 функцияны, орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға 261 функцияны, облыстардың жергілікті атқарушы органдарынан мемлекеттік басқарудың аудандық деңгейіне 14 функцияны беру көзделген. Бұдан басқа 2 функция мемлекеттік емес секторға берілді.
Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 95-қадамын іске асыру шеңберінде қоғамды одан әрі демократизациялау, елдегі жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты ақпараттандыру, атқарушы органдар мен ұлттық жоғарғы оқу орындарының ашықтығын, жауапкершілігін, халық алдында есептілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің орталық атқарушы органдар басшыларының, барлық деңгейдегі әкімдердің, ұлттық ЖОО ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін жыл сайын өткізуін көздейтін 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығы қабылданды.
Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілерді лайықты еңбекақымен қамтамасыз ету үшін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің еңбекақы деңгейі 30%-ға көтерілді.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін жергілікті атқарушы органдардың оларды қосымша табыс көздерімен (салықтың бір бөлігін беру) қамтамасыз ету есебінен қаржылық дербестігі күшейтілді.
Бұдан басқа мемлекеттік аппарат қызметін халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға біртіндеп қайта бағдарлау байқалады.
2013 жылғы 15 сәуірде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет көрсетуде жаңа тәсілдерді көздейтін, бірінші кезекте өзінің тұтынушысына бағытталған «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
2015 жылы Заңды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген, адам өмірінің әр түрлі салаларындағы 739 мемлекеттік көрсетілетін қызметтен тұратын жаңа форматтағы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі қабылданды.
2016 жылы «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы қабылданды.
Сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу бойынша мониторинг жүргізілуде. 2013 – 2015 жылдары 728-ге жуық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен 2248 регламенті қабылданды.
2011 жылдан бастап 2015 жыл аралығында қызметтің 7 бағыты бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүргізіледі.
Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспары шеңберінде екі кезеңмен ауыспалы модель бойынша мемлекеттік аппарат жұмысын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу көзделген.
Мәселен, 2016 жылдан бастап бірінші кезеңді іске асыру шеңберінде қолданыстағы жеті бағыт беске дейін оңтайландырылды («Жетекшілік ететін салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру», «Бюджет қаражатын басқару», «Мемлекеттік қызметтерді көрсету», «Персоналды басқару» және «Ақпараттық технологияларды қолдану»).
Екінші кезеңді іске асыру мақсатында 2017 жылдан бастап үш бөлікке дейін оңтайландыру жоспарлануда (стратегиялық мақсаттар мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау; азаматтармен өзара іс-қимылды бағалау; мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуын бағалау).
Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесі бойынша
Қазіргі уақытта мемлекеттік жоспарлау құжаттарының иерархиясы құрылған: мемлекеттік жоспарлаудың логикалық сатысы қалыптастырылған, экономиканы дамытудың басты бағыттары белгіленген және декомпозициялау арқылы мемлекеттік органдардың қызметі стратегиялық міндеттерді іске асыруға бағытталды.
Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөніндегі тұжырымдама іске асырылуда.
Тұжырымдамада:
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының сапасын және олардың іске асырылу деңгейін арттыру міндеттерін шешу;
стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру тиімділігін бағалауды жетілдіру;
стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласындағы жұмыспен қамтылған кадрлардың біліктілік деңгейін арттыру көзделген.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын оңтайландыру (оның ішінде 2015 жылы Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 92-қадамы шеңберінде) және олардың негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде олардың санын 2014 жылғы 313-тен 2016 жылы 300-ге дейін қысқарту қамтамасыз етілді.
Мәселен, егер 2013 жылғы қаңтарда – 8 мемлекеттік және 44 салалық бағдарлама болса, ал 2014 жылғы қарашада – 10 мемлекеттік және 15 салалық бағдарлама (тексеру қорытындысы бойынша), 2015 жылғы қаңтарда – 8 мемлекеттік және 5 үкіметтік бағдарлама болды.
2016 жылдан бастап Үкімет, министрлер, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері үшін негізгі индикаторлар енгізілді.
Негізгі индикаторлар мынадай өлшемшарттар негізінде айқындалған: азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру және әлеуметтік-экономикалық дамудағы оң өзгерістерді көрсету.
Нақты нысаналы индикаторларды бекіту үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдердің одан әрі меморандумдардың негізгі нысаналы индикаторларына қол жеткізудің қорытындысы бойынша олардың қызметін бағалау үшін меморандумдар әзірлеуі үшін нормативтік негіз дайындалды.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы 8 мемлекеттік органның басшысымен меморандум жасасты, сонымен қатар Премьер-Министр 13 министрмен және 16 әкіммен меморандум жасасты.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Мемлекеттік органдардың құзыреттерін регламенттеу және мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейін күшейту бөлігінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі реформаның алдыңғы кезеңдерінің нәтижелеріне қарамастан мемлекеттік органдардың функцияларын және мемлекеттік басқару деңгейлерін айқын бөлу, оның ішінде іске асырылатын функцияларды орталықсыздандыру (қызметтерді көрсету тұтынушыларға жақын болуы тиіс) мәселелері әлі де көп көңіл бөлуді талап етеді.
Бұдан басқа кейін оларды стандарттай және регламенттей отырып, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қосу үшін жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс деңгейінің төмендігі байқалуда.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Мемлекеттік басқару құрылымының өзгеру ықтималдығы
|
Кәсібилігі жоғары мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу
Мемлекеттік органдардың қызметіне жүргізілген функционалдық шолулар шеңберінде ұсынымдар әзірлеу
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау шеңберінде ұсынымдар әзірлеу
|
Мемлекеттік активтерді басқару саясаты саласы
1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) тәсілдеріне сәйкес экономикаға мемлекеттің қатысуын айқындау бойынша 2014 және 2015 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-ге шаққанда жалпы қосымша құнның қатынасы сәйкесінше 21,1% және 19,1% құрады.
Қазақстан экономикасында мемлекеттің қатысу үлесін төмендету:
– Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру;
– «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АО) трансформациялау бағдарламасын іске асыру;
– 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған «Уellow Рages» қағидаттарын іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарында жекешелендіруге және бәсекелес ортаға беруге жататын 780 ұйымды өткізу көзделген, оның ішінде 64-і мемлекеттік меншіктің ең ірі компаниялары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» акционерлік қоғамы, «ҚазАгро» акционерлік қоғамы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның құрамына кіретін 171 еншілес және тәуелді ұйым, сондай-ақ жекешелендіру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, жою нәтижесінде бәсекелес ортаға берілетін 545 ұйым.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткізілген түгендеу барысында мемлекет меншігіндегі 7 127 ұйым қаралды, олардың 137-сін бәсекелестік ортаға беру, 243 ұйымды жою, 380 ұйымды қайта құру ұсынылады.
Жалпы 2014 жылғы маусымнан 2016 жылғы желтоқсанға дейін 105,7 миллиард теңгеге 394 объект сатылды, оның ішінде: республикалық меншік бойынша – жалпы сомасы 8,4 миллиард теңгеге 25 объект; коммуналдық меншік бойынша – 16,9 миллиард теңге сомасына 201 объект; ұлттық холдингтер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың меншігі бойынша – 80,4 миллиард теңгеге 168 объект.
2014 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қордың инвестициялық және операциялық қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған Трансформациялау бағдарламасын іске асырады. Трансформациялау бағдарламасы үш бағытты қамтиды: портфельдік компаниялардың құнын арттыру, портфель құрылымын және инвестициялық қызметті жүргізуге Қор тәсілін өзгерту (қысқарту), Қорды және оның портфельдік компанияларын басқару жүйесіндегі өкілеттіліктерді және жауапкершілікті қайта бөлу. Трансформациялау бағдарламасына сәйкес еншілес ұйымдардың Трансформациялаудың жол картасы, сондай-ақ Қордың корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда қабылданды.
«Yellow pages» қағидаттарын енгізу бәсекелес ортасы бар экономика салаларында мемлекеттің қатысу үлесін қысқартудың құқықтық негіздерін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде 2021 жылға қарай республикалық меншік ұйымдарының квазимемлекеттік секторы субъектілерін 15%-ға қысқарту және жалпы санына қатысты 5% коммуналдық меншік ұйымдарын бәсекелес ортаға беру көзделіп отыр.
Қазақстан 2014 жылдан бастап ЭЫҰД-ның мемлекеттік меншік және жекешелендіру жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қатысады. 2016 жылы Қазақстан тұрақты мүшесі дәрежесін алды.
Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес 2020 жылға дейін ұлттық экономикадағы мемлекеттің қатысу үлесін ЭЫҰД-ның көптеген елдерінің деңгейіне ЖІӨ-нің 15%-ына жеткізу жоспарланып отыр.
Бұдан басқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның компаниялар тобының қызметінің тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру үшін мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға, оның ішінде Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі электр энергиясы мен газ тапшылығының орнын толтыру үшін, көліктік-логистикалық орталықтарының оңтайлы жүйесін дамытуға, барынша жүктелген темір жол учаскелері арасында жеткізу қашықтығы мен уақытын қысқартуға, ұлттық экономикаға жеке инвестициялар тартуға, жаңғыртуға жәрдемдесуге бағытталған инвестициялық жобалар 049 «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның жарғылық капиталын көбейту» бюджеттік бағдарламасы бойынша іске асырылады.
Квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында:
– мемлекеттік мүлікті басқару бойынша қызметінің тиімділігіне байланысты мемлекеттік органдарды рейтингтік бағалау:
1-сурет. Тиімділігі жоғары мемлекеттік 2-сурет. Тиімділігі жоғары мемлекеттік
мекемелерді басқару бойынша мемлекеттік кәсіпорындарды басқару бойынша
органдарды бағалау мемлекеттік органдарды бағалау
(2013 және 2015 жылдарда) (2013 және 2015 жылдарда)
3-сурет. Тиімділігі жоғары акционерлік 4-сурет. Тиімділігі жоғары жауапкершілігі
қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін шектеулі серіктестіктер қатысуының
басқару бойынша мемлекеттік мемлекеттік үлестерін басқару бойынша
органдарды бағалау мемлекеттік органдарды бағалау
(2013 және 2015 жылдарда) (2013 және 2015 жылдарда)
– мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқарудың енгізілуін бағалау;
– ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың әкімшілік шығыстарын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың әкімшілік шығыстарын оңтайландыру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын санамағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың әкімшілік шығыстарының жеке түрлерінің лимиттері регламенттелген болатын. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның әкімшілік шығыстарының лимиттері «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы Заңымен реттеледі.
Осылайша, Қазақстанның экономикасында мемлекеттің қатысу үлесін төмендету және квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін арттыру елдегі мемлекеттік басқарудың сапасын арттырумен бір уақытта жүргізіліп отыр.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Квазимемлекеттік сектор субъектілері санының өсуі теріс ықпал етеді және жеке секторда бәсекелестікті дамытуға кедергі жасайды. Мемлекеттік органдар ел басшылығы қойған әрбір тапсырмаға, міндеттерге ұйымдар құрады, бұл квазимемлекеттік сектор субъектілері санының өсуіне, қызметінің қайталануына әкеп соғады және жалпы ел бюджетіне елеулі жүктеме салады. Қолданыстағы ұйымдастырушылық-құқықтық нысандар – акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мүмкіндіктері пайдаланылмайды.
Мемлекеттік сектор ұйымдарының қызметін талдау олардың қызметтерінің коммерциялық және коммерциялық емес бағыттылығы арасында айқын аражігін ажыратудың жоқтығын және әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы ұйым қызметінің қайталануын анықтады.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Экономикалық ахуалдың нашарлауы және жекешелендіруге жеке сектор субъектілерінің қызығушылығының төмендеуі
|
Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
жекешелендіру объектілеріне сату алдында дайындық жүргізу және оларды бәсекелес ортаға беру;
экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру мәселелерін қарауы
|
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асыру мерзімін бұзу
|
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті түрде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұсынатын ақпараттың негізінде жобалардың іске асырылуын мониторингілеу;
2) мемлекет тарапынан салынған қаражат бөлігінде инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімділігі бойынша қызметтің негізгі көрсеткішін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директорларының біріне бекіту
3) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ директорлар кеңесінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін тоқсан сайын қарау
|
Достарыңызбен бөлісу: |