Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2018.27.08 № 192 ҚАУЛЫСЫ
Статус документа: Действующий Дата: 16.11.2018 17:00:07
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 75) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары бекітілсін.
2. Мына:
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 237 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12994 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 187 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15907 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Жоспарлау және бюджет басқармасы (Әдібаев А.С.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы
|
Д. Ақышев
|
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 192 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) оның құрылымына кіретін ведомстволардың, ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Ұлттық Банкке тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың мыналарды:
кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан еңбек шарттары және ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша сатып алынатын қызметтерді;
монетарлық қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын және бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қажет тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
іссапар шығыстарын;
жарналар (салымдар), оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгізуді;
бағалы қағаздарды сатып алу;
басқару органы және бақылау кеңесінің мүшелеріне сыйақылар төлеуді;
өкілдік шығыстарымен байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелердің көрсетілетін қызметтерін;
соттардағы, төреліктердегі және аралық соттардағы дауларды шешу үшін қажетті алымдарды, басқа шығыстарды төлеуді;
Қазақстан Республикасының немесе басқа елдердің заңнамасында айқындалған алымдарды және төлемдерді төлеуді;
мемлекеттік тапсырыстарды орындаумен байланысты өнімді өндіруге арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының көрсетілетін қызметтерін;
сақтандыру қызметтерін қоспағанда, трансфер-агент көрсететін қызметтерді, қаржылық қызметтерді;
бағалы қағаздардың шетелдік депозитарийі және банктер көрсететін қызметтерді, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажетті тауарлар мен қызметтерді;
мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;
уақытша сақтау қоймалары көрсететін қызметтерді және осындай қызметтермен байланысты алымдарды, басқа да төлемдерді төлеуді;
«Назарбаев Университеті» білім берудің автономды ұйымында оқыту, сондай-ақ курстарда, семинарларда, тренингтерде, тағылымдамаларда және жоғары оқу орнынан кейінгі шетелдегі жоғары білім саласында біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді;
тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн тетiктердiң, агрегаттардың, жабдықтардың, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етулердің, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың сынуы, iстен шығуы туындағанда растау құжаттары болған кезде, сондай-ақ дүлей күш жағдайларының туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше оқиғалар мен жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшін, электроэнергетикалық объектілердегі, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріндегі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне кіретін ерекше маңызды мемлекеттік объектілердегі, сондай-ақ өнеркәсіп салаларының және қызмет түрлерінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10310 болып тіркелген «Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығына сәйкес қауіпті өндірістік объектілер ретінде сәйкестендірілген объектілердегі апаттарды жою үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан филиалдарының және өкілдіктерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
тауар биржалары арқылы тауарларды;
мемлекеттік бағдарламаларды, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Ұлттық Банк Басқармасының немесе Директорлар кеңесінің шешімдерін іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
құқықтық тәртіпті, ұлттық, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасын және қолжетімділік шектелген өзге де ақпаратты сақтау қажеттілігіне байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
мемлекеттік және табиғи монополия субъектілерінен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер алуды;
сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау қызметтерін;
Қазақстан Республикасының немесе басқа елдердің заңнамасында белгіленген бағалар мен тарифтер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықтарда (аукциондарда), тендерлерде өткізілетін мүлікті;
сатып алынатын тауарларға қатысты ерекше құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
шетелдік құқықты қолдануға байланысты мәселелер мен (немесе) құжаттар бойынша, тапсырыс берушінің мүдделерін халықаралық төрелікте, халықаралық коммерциялық төрелікте, шетелдік сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелік (соттың) реттеуге дейін қорғау және білдіру, істі қарау перспективаларын бағалау бойынша консультациялық және заң қызметтерін қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді иелену тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуетті жеткізуші - тапсырыс берушімен сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциумы), кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға тапсырыс беруші осындай жеке тұлғаға жеке меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді сатып алған (жалға алған) жағдайда әлеуетті жеткізуші болып табылады;
2) әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасы - әлеуеттi жеткізушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал ететін кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты әлеуеттi жеткізушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
3) біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетiн қызметтер - бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастыруына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;
4) біріздендіру - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді рұқсат етілетін элементтер мен шешімдер тізбесін қысқарту, оларды біртектілікке келтіру арқылы артық әртүрлілікті жоюға бағытталған сатып алу;
5) бюджет - тапсырыс берушінің бюджеті (шығыстар сметасы), бизнес-жоспары (жылдық бюджеті);
6) жеткізуші - заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциумы), тапсырыс берушiмен жасалған сатып алу туралы шартта оның қарсы агентi ретiнде әрекет ететiн, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға. Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға, тапсырыс беруші осындай жеке тұлғаға жеке меншік құқығында тиесілі баспананы сатып алған (жалға алған) жағдайда жеткізуші болып табылады;
7) жұмыс - заттық нәтижесі бар қызмет, сондай-ақ жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;
8) көрсетілетін қызмет - тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесi жоқ қызмет;
9) қаржы жылы - ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт кезеңі;
10) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі - «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Мемлекеттік сатып алу туралы заң) сәйкес қалыптастырылатын әлеуетті жеткізушілер мен жеткізушілердің тізбесі;
11) сараптама комиссиясы (сарапшы) - әлеуетті жеткізушілер ұсыныстарының тапсырыс берушінің сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты техникалық ерекше нұсқамасына сәйкес келуі не сәйкес келмеуі туралы сараптамалық қорытындыны дайындау үшін тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) құратын (айқындайтын) алқалы орган (маман);
12) сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсатында тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) Қағидаларға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, жүйелі іс-шаралар кешені;
13) сатып алуды ұйымдастырушы - тапсырыс берушінің бөлімшесі немесе филиалы немесе ведомствосы, тапсырыс берушінің шешімімен сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімі үшін жауапты заңды тұлға;
14) сатып алу порталы - Ұлттық Банктің Қағидаларға сәйкес электрондық сатып алуға бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын ақпараттық жүйесі;
15) тапсырыс беруші - бөлімшелері, филиалдары, ведомстволары арқылы Ұлттық Банк, сондай-ақ Ұлттық Банктің құрылымына кіретін ұйымдар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Ұлттық Банкке тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
16) стандарттау - нақты және әлеуетті міндеттерге қатысты жалпыға бірдей, көп мәрте және ерікті пайдалану ережелерін белгілеу арқылы тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
17) сатып алу - жұмыс істеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не тапсырыс берушінің жарғылық қызметін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушінің бюджеті қаражатының есебінен Қағидаларда белгіленген тәртіппен сатып алу;
18) тендерлік комиссия - тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
19) ұзақ мерзімді шарт - 12 (он екі) айдан аса мерзімге жасалатын сатып алу туралы шарт;
20) Ұлттық Банктің ұйымдары - Ұлттық Банктің құрылымына кіретін ұйымдар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Ұлттық Банкке тиесілі немесе оның сенімгерлікпен басқаруындағы заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
21) тауар - нәрсе (зат), оның iшiнде жартылай фабрикат немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объективтендірілген нәтижелерi, сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар;
22) ішкі кооперация - тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) Ұлттық Банктен немесе Ұлттық Банктің ұйымынан не олардың үлестес тұлғаларынан олардың ережесінде немесе жарғысында көзделген қызмет шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
23) электрондық сатып алу - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу порталын пайдалана отырып сатып алу;
24) сатып алу туралы шарт - 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі) және Қағидаларға сәйкес тапсырыс беруші мен жеткізуші арасында тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жазбаша нысанда жасалған азаматтық-құқықтық мәміле.
3. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) сатып алуды жүргізу кезінде мынадай қағидаттарды негізге алады:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысуы үшін тең жағдай жасау;
3) әлеуетті жеткізушілер арасындағы адал бәсекелестік;
4) сатып алу процесінің жариялылығы және айқындылығы;
5) ішкі кооперацияға қолдау көрсету.
4. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесінде:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын қалыптастыру және бекіту;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау және онымен сатып алу туралы шарт жасау;
3) сатып алу туралы шартты орындау қамтылады.
5. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші өзінің шешімімен сатып алуды ұйымдастырушыны айқындайды.
6. Тапсырыс берушілер заңды тұлғаны сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде айқындауға құқылы. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тапсырыс берушілердің бірлескен шешімдерімен айқындалады.
7. Өткізілетін (өткізілген) сатып алу жөніндегі құжаттарды тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) бекітілген іс номенклатурасына сәйкес тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) сақтайды.
8. Әлеуетті жеткізуші мен оның үлестес тұлғасының бір тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
2-тарау. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау
9. Тапсырыс беруші бекітілген бюджеттің негізінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын (бұдан әрі - сатып алу жоспары) әзірлейді.
10. Қаржы жылына арналған сатып алу жоспары тапсырыс берушінің тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігі негізінде қалыптастырылады.
11. Сатып алу жоспарын (оған өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды) тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген өзге тұлға бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген, қосылған құн салығы есепке алынбаған сома;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері.
Тапсырыс беруші ұзақ мерзімді шарт жасауды жоспарлаған кезде, сатып алу үшін бөлінген сома сатып алу жоспарында әрбір қаржы жылына бөліне отырып көрсетіледі.
12. Тапсырыс беруші сатып алу жоспары бекітілген (оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген) күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны тапсырыс берушінің интернет-ресурсында және (немесе) сатып алу порталында орналастырады.
13. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) бекітілген сатып алу жоспарының негізінде жүзеге асырады.
14. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстар қысқартылған;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орынсыздығы негізделген;
3) дүлей күш жағдайлары басталған жағдайларда жол беріледі.
15. Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудан бас тартуды сатып алу жоспарына енгізілген тиісті өзгерістер негізінде жүзеге асырады.
Тапсырыс беруші осындай шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушы мыналарды жүзеге асырады:
1) өткізілетін сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етеді және тиісті хабарландыруды тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында және (немесе) сатып алу порталында жариялайды;
2) тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етуді және (немесе) шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
16. Тапсырыс беруші Қағидалардың 14-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудан бас тартқан жағдайда, сатып алу жоспарына ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттілігін және шығыстарды ұлғайту немесе орындылығының туындауы бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
3-тарау. Сатып алу тәсілдері
17. Сатып алу келесі тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
1) тендер, оның ішінде бағаны төмендетуге сауда-саттықты қолдана отырып;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) тікелей шарт жасау тәсілдерімен жүзеге асырылады.
18. Қағидалардың 17-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген тәсілдермен жүзеге асырылатын сатып алулар Қағидаларда көзделген тәртіппен электрондық сатып алу арқылы да жүргізіледі.
19. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәсілін тапсырыс беруші дербес таңдайды.
20. Тапсырыс беруші сатып алуды жүзеге асыру тәсілін оның филиалының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлеміне орай, осындай сатып алуды тапсырыс берушінің атынан тапсырыс беруші филиалының тікелей жүзеге асыруы шартымен айқындайды.
4-тарау. Тендер тәсілімен сатып алу
Достарыңызбен бөлісу: |