Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының


-параграф. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тендер тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібі



жүктеу 427,5 Kb.
бет2/7
Дата02.02.2020
өлшемі427,5 Kb.
#28009
1   2   3   4   5   6   7

1-параграф. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тендер тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 

21. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға бөле отырып тендер тәсілімен өткізеді.

22. Тендер тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін тапсырыс беруші:

1) тендерлік комиссияның құрамын, тендерлік комиссия хатшысының кандидатурасын, сондай-ақ Қағидаларда көзделген жағдайларда сараптама комиссиясының құрамын (сарапшының кандидатурасын);

2) сондай-ақ мыналар кіретін тендер талаптарын:

Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жасалған, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық сипаттамасы және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамасы қамтылатын, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын (бұдан әрі - ерекше нұсқама);

Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін бағалау өлшемшарттарын қолдану және олардың маңыздылығының шамасын есептеу әдістемесі (болған кезде);

сатып алу туралы шарттың жобасын бекітеді.

23. Мыналар:



1) орнатылған жабдықты, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық жүйені) толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру;

2) тапсырыс берушіде бар тауарды (жабдықты) жөндеу және (немесе) оған қызмет көрсету үшiн қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, техникалық ерекше нұсқамада тауар таңбаларының нұсқауларын, қызмет көрсету белгiлерiн, фирмалық атауларын, патенттерді, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгiлерін, тауардың шығарылған жерiнiң және өндiрушiнiң атауын, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтiң жекелеген әлеуетті жеткізушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларды көрсетуге жол берiлмейдi.

24. Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін бағалау өлшемшарттарын белгілеу қажеттілігін тапсырыс беруші дербес айқындайды.

25. Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін бағалау өлшемшарттарын қолдану (бұдан әрі - бағалау өлшемшарттары) Қағидаларға 4-қосымшада көзделген әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін бағалау өлшемшарттарын қолдану және олардың маңыздылығы шамасын есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалады.

26. Техникалық ерекше нұсқаманы әзірлеуді, әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін бағалау өлшемшарттарын және олардың мәнінің мөлшерін белгілеуді тапсырыс берушінің функциялары сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мәніне сәйкес келетін бөлімшелерінің (филиалдарының) қызметкерлері қамтамасыз етеді.

27. Тендерлік комиссия бағалау өлшемшарттарын қолдануға мүмкіндік беретін ақпарат қамтылған құжаттарды ұсынбаған әлеуетті жеткізушілердің өтінімдеріне бағалау өлшемшарттарын қолданбайды. Әлеуетті жеткізушілердің құжаттарды ұсынбауы осындай өтінімді қабылдамау үшін негіз болып табылмайды.

28. Тендерлік комиссияның шешімдері сатып алу хаттамалары түрінде ресімделеді, оларға тендерлік комиссияның мүшелері қол қояды, оның хатшысы әрбір бетіне қол қояды және оларға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тендерлік комиссияның хатшысы тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялайды.

29. Тендер тәсілімен электрондық сатып алуды жүргізу кезінде сатып алу хаттамаларына электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып тендерлік комиссияның мүшелері, оның хатшысы қол қояды және тендер қатысушыларына автоматты түрде хабарлана отырып сатып алу порталында жарияланады.

 

 



2-параграф. Тендерлік комиссия, сараптама комиссиясы (сарапшы)

 

30. Тендерлік комиссияның құрамына тендерлік комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, мүшелері және тендерлік комиссияның хатшысы кіреді.

31. Тендерлік комиссия тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) қызметкерлерінің арасынан қалыптастырылады.

32. Тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген өзге тұлға тендерлік комиссияның төрағасы болады.



Төраға болмаған кезде оның функцияларын тендерлік комиссия төрағасының орынбасары орындайды. Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан болады және кемінде 3 (үш) адам болып айқындалады.

33. Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және өзінің қызметін сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап тоқтатады. Егер тендер өткізілмесе, тендерлік комиссия өзінің қызметін сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін тоқтатады.

34. Тендерлік комиссияның отырысы тендерлік комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігінің қатысуы шартымен өткізіледі.

Тендерлік комиссия мүшелерінің біреуі болмаған жағдайда сатып алу хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі не ол тапсырыс берушінің шешімі негізінде ауыстырылады.

35. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және, егер оған тендерлік комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда тендерлік комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары (тендерлік комиссияның төрағасы болмаған жағдайда) дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.



Тендерлік комиссияның мүшесі тендерлік комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда ерекше пікір білдіреді, ол жазбаша түрде баяндалады және сатып алу хаттамасына қоса беріледі.

Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.

36. Әлеуетті жеткізушілердің техникалық ерекше нұсқамаларын, тендерлік өтінімдердің тендер талаптарына сәйкес келуін бағалау өлшемшарттарын бағалауды функциялары сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мәніне сәйкес келетін тапсырыс беруші бөлімшелерінің (филиалының) қызметкерлерінен тұратын тендерлік комиссия мүшелері жүзеге асырады.

37. Тендерлік комиссияның ұйымдастыру қызметін тендерлік комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді, ол:

1) тендерлік комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, тендерлік комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады;

2) сатып алу хаттамаларын ресімдейді;

3) тендер құжаттары мен материалдарының сақталуын қамтамасыз етеді;

4) Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

38. Техникалық ерекше нұсқаманы дайындау немесе әлеуетті жеткізушілердің тендерлік өтінімдерінің тапсырыс беруші бекіткен техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес келуін немесе сәйкес келмеуін қарау және бағалау үшін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) шешімі негізінде сараптама комиссиясын (сарапшыны) тартуға жол беріледі.



Сатып алу рәсімдерінің нәтижелеріне мүдделі адамдарды сарапшылар ретінде тартуға жол берілмейді.

39. Тапсырыс берушіде (сатып алуды ұйымдастырушыда) қажетті біліктілігі бар сарапшылар болмаған жағдайда, сарапшыларды тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы немесе өтеусіз негізде тартуға жол беріледі.



Бірнеше сарапшы тартылған жағдайда тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) тартылған сарапшылардың қатарынан сараптама комиссиясын құрады және олардың арасынан сараптама комиссиясының басшысын белгілейді.

40. Сараптама комиссиясы (сарапшы) әлеуетті жеткізушілердің тендерлік өтінімдерін бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындыны ресімдейді және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы болмайды.



Сараптама комиссиясының (сарапшының) қорытындысы талап етілетін талаптар шегінде жасалса, оны тендерлік комиссия ескереді. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сараптама комиссиясы (сарапшы) қол қояды және тендер қорытындылары туралы хаттамаға қоса беріледі.

Сараптама комиссиясының мүшесі сарапшы сараптама комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда ерекше пікірін жазбаша түрде баяндайды, ол сараптама комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

 

 



3-параграф. Тендер өткізу туралы хабарлау, тендер талаптарын түсіндіру тәртібі

 

41. Сатып алуды ұйымдастырушы тендер жүргізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті жеткізушілердің тендерлік өтінімдерді соңғы ұсыну күнінен кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендер талаптарымен тендер өткізу туралы хабарландыруды тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында не тендер тәсілімен электрондық сатып алуды жүргізу кезінде сатып алу порталында жариялайды.



42. Сатып алуды ұйымдастырушы қайталама тендер талаптарымен тендер өткізу туралы хабарландыруды қайталама сатып алуды жүргізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы күні аяқталғанға дейін кем дегенде күнтізбелік 7 (жеті) күн бұрын жариялайды.

43. Әлеуетті жеткізушілер тендер талаптарын түсіндіру қажет болған жағдайда тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы күні аяқталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын сатып алуды ұйымдастырушыға өтініш береді.



Тендер талаптарын түсіндіру туралы сұрату сатып алуды ұйымдастырушыға хабарландыруда көрсетілген электрондық немесе пошталық мекенжайға жазбаша түрде жіберіледі.

44. Сатып алуды ұйымдастырушы тендер талаптарын түсіндіреді.

45. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

1) тендердің талаптарын түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында не тендер тәсілімен электрондық сатып алуды жүргізу кезінде сатып алу порталында жариялайды;

2) сұратудың кімнен түскенін көрсетпей, тендердің талаптарын түсіндіру мәтінін тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге электрондық пошта бойынша жібереді не тендер тәсілімен электрондық сатып алуды жүргізу кезінде сатып алу порталы арқылы әлеуетті жеткізушілерді автоматты түрде хабардар етеді.

46. Сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік өтінімдерді берудің соңғы күні аяқталғанға дейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей өзінің бастамасы бойынша немесе әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендердің талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.



Тендердің талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің тиісті шешім қабылдауы арқылы жүзеге асырылады.

47. Сатып алуды ұйымдастырушы тендердің талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тендердің талаптарына енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында не тендер тәсілімен электрондық сатып алуды жүргізу кезінде сатып алу порталында жариялайды.



Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күнге ұзартылады.

 

 



4-параграф. Тендерлік өтінімді ұсыну тәртібі

 

48. Тендерлік өтінім әлеуетті жеткізушінің тендер талаптарына сәйкес тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге келісімін білдіру нысаны болып табылады.

49. Әлеуетті жеткізуші 1 (бір) тендерлік өтінімді хабарламада көрсетілген түпкілікті ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін ұсынады.

50. Әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын тендерлік өтінімде мыналар қамтылады:

1) әлеуетті жеткізуші Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырған және қол қойған тендерге қатысуға өтінім немесе Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық сатып алуды жүргізу кезінде тендерге қатысу туралы келісім.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді берген кезде онда көрсетілген мәліметтердің дәйектілігін растайды;

2) әлеуетті жеткізуші өзінің біліктілік талаптарға сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесі:

заңды тұлғалар үшін құқық қабілеттілігін, жеке тұлғалар үшін азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігін растайтын құжаттар;

заңды тұлға қызметін Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының көшiрмесiн ұсынады, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері сауда тiзiлiмiнен қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне нотариат куәландырған аудармасымен (құжаттар шет тілінде ұсынылған жағдайда) қоса апостильденген (заңдастырылған) үзiндi-көшiрмені ұсынады;

Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжат нысанындағы рұқсаттар (хабарламалар) (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) көшiрмелерiн ұсынады);

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесі, ал егер заңды тұлға қызметін «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда - мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің көшірмесі;

құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарының (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) үзінді-көшірмесінің көшірмесін не тендерлік өтінімдерді ашу күннің алдындағы бір айдан ерте емес берілген акция ұстаушылардың тізілімінен үзінді-көшірменің көшірмесі;

электрондық дерекқордан алынған, кәсіпкерлік субъектілердің санаттары туралы мәліметтер қамтылған электрондық анықтама нысанындағы кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлғалар үшін);

егер әлеуетті жеткізуші жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету), оның ішінде қосалқы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) үшін қосалқы мердігерлерді (бірлескен орындаушыларды) тартуды болжаса, тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

3) әлеуетті жеткізуші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасы;

4) банк кепілдігінің түпнұсқасы (электрондық сатып алуды өткізу кезінде электрондық банктік кепілдік түрінде) не тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) банк шотында орналастырылатын кепілдік ақша жарнасын енгізуді растайтын төлем құжаты түріндегі Қағидаларда белгіленген тәртіппен және мөлшерде тендерлік өтінімді қамтамасыз ету;

5) әлеуетті жеткізушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қоюға құқығы бар әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін адамға (адамдарға) тендерлік өтінімге қол қою және тендерлік комиссия отырыстарына қатысуға берілген сенімхат;

6) бағаны төмендетуге арналған сауда-саттық қолданылған тендерді қоспағанда, Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерлік баға ұсынысы;

7) тендерде сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлескен орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті жеткізуші қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі мен түрлері (олар тартылған жағдайда);

8) өтінімге тапсырыс беруші бекіткен бағалау өлшемшарттарын қолдануды растайтын құжаттар (егер әлеуетті жеткізуші бағалау өлшемшарттарын қолдануға ниет білдірген жағдайда);

9) заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум), осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар сатып алуға қатысқан жағдайда, өздерінің біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларда көзделген құжаттардан басқа мынадай құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады:

заңды тұлғалардың мүшелері арасында жасалған бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттар (консорциялық келісім);

рұқсат (хабарлама) талап етілетін, бірлескен шаруашылық қызмет (заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің (консорциум) қатысуы кезінде) туралы шартта көзделген қызметі бөлігіндегі мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) электрондық құжат нысанындағы рұқсаттар (хабарламалар) (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) көшірмесін ұсынады). Консорциум қатысушылары көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес, айналысу үшін рұқсат алу қажет болатын, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын құқық қабілеттілігі болуы бөлігінде консорциум біліктілік талаптарына сәйкес деп танылады.

Электрондық сатып алу өткізілген кезде әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысының не ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады.

51. Тендерлік өтінім қазақ және (немесе) орыс тілдерінде беріледі.

52. Тендерлік өтінімдердің қолданыс мерзімі тендерлік өтінімдерді ашқан күннен бастап кемінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күн мерзімге белгіленеді.

53. Қазақстан Республикасының бейрезидент әлеуетті жеткізушісі Қағидалардың 50-тармағында Қазақстан Республикасының резиденттері үшін көзделген құжаттарды не осындай мәліметтері бар, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес апостильденген (заңдастырылған) құжаттарды қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасымен қоса (құжаттарды шет тілінде ұсынған жағдайда) ұсынады.

54. Тендерлік өтінімді әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көрсетілген тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін тігілген, беттері нөмірленген түрде конвертке салып ұсынады, соңғы беті әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысының не ол уәкілеттік берген адамның қолымен куәландырылады.

Тендерлік баға ұсынысы жеке конвертке салынып мөр басылады және тендерлік өтініммен бірге қоса беріледі.

55. Тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің енгізілгенін растайтын құжат жеке беріледі.

56. Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімі бар конверттің бет жағында:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы мен пошталық мекенжайын;

2) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауы мен пошталық мекенжайын;

3) тендердің (лоттың) атауын көрсетеді.

57. Сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік өтінімдерді тіркеу журналына тендерлік өтінімдер бар конверттерді белгіленген мерзім аяқталғанға дейін ұсынған әлеуетті жеткізушілер туралы мәліметтерді хронологиялық тәртіппен енгізеді.

58. Тендерлік комиссияның хатшысы әлеуетті жеткізушілер ұсынған тендерлік өтінімдерді оларды қабылдаған сәттен бастап және оларды тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) белгілеген тәртіппен мұрағатқа сақтауға бергенге дейін сақтау бойынша жауапкершілік атқарады.

59. Хабарландыруда белгіленген мерзім аяқталған соң, сондай-ақ Қағидаларда белгіленген ресімдеу тәртібін бұзумен ұсынылған тендерлік өтінім бар конверт ашылмайды және әлеуетті жеткізушіге қайтарылады.

60. Электрондық сатып алу тендер тәсілімен өткізілген кезде тендерлік өтінім сатып алу порталында автоматты түрде тіркеледі және сатып алу порталы тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушіге хабарлама берген сәттен бастап қабылданған болып саналады.

61. Әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға электрондық құжаттар нысанда ұсынған құжаттар әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысының не ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

62. Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізушінің енгізілген тендерлік өтінімін қамтамасыз етуді қайтару құқығы cақтала отырып, өзінің тендерлік өтінімін өзгертуіне және (немесе) толықтыруына не кері қайтарып алуына рұқсат етіледі. Тендерлік өтінімге өзгеріс және (немесе) толықтыру тендерлік өтінім ресімделіп, ұсынылатын тәртіпке ұқсас тәртіппен ресімделіп, ұсынылады.

63. Тендерлік өтінімді кері қайтару туралы хабарламаны әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушының мекенжайына еркін нысанда ресімдейді.

64. Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін тендерлік өтінімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, сол сияқты оны кері қайтарып алуға жол берілмейді.

65. Сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынылатын тендерлік өтінім мынадай:



1) егер әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді бұрын ұсынған;

2) тендерлік өтінім тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбайды не сатып алу порталы автоматты түрде қабылдамайды.

66. Әлеуетті жеткізуші өзінің тендер тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, тендерлік комиссия, сараптама комиссиясы (сарапшы) тендер тәсілімен өткізілетін сатып алудың нәтижесіне қарамастан осы шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді атқармайды.

 

 


жүктеу 427,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау