Ќазаќстан Республикасы Кґлiк жјне коммуникация министрлiгiнiѕ кґліктік баќылау саласындаєы мемлекеттiк ќызмет стандарттарын бекiту жјне Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ кейбір шешімдеріне ґзгерістер мен толыќтырулар енгізу туралы



жүктеу 144,2 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі144,2 Kb.
#17528



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысына

бекітілген

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет).

2. «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен әзірленген .

3. Мемлекеттiк қызмет:

1) отандық тасымалдаушы үшін – www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) немесе балама негізде осы стандартқа 2 және 5-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдарымен (бұдан әрі – кеден органдары) көрсетіледі;

2) шетелдік тасымалдаушы үшін – осы стандартқа 1 және 5-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) немесе кеден органдары көрсетеді.

Бұл ретте мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру:

1) отандық тасымалдаушы үшін – ХҚО немесе кеден органдары арқылы;

2) шетелдік тасымалдаушы үшін – уәкiлеттi орган немесе кеден органдары жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

шетелдік тасымалдаушы уәкілетті органға немесе кеден органдарына жүгінген кезде:



1) өтінішті берген сәттен бастап - бес жұмыс күні ішінде, ал тасымалдау бағытын келісу қажет болмаған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралының жүріп өтуі үшін алым сомасын көрсете отырып, арнайы рұқсатты беру туралы хабарлама немесе арнайы рұқсатты беруден жазбаша дәлелді бас тарту беріледі;

2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алынатын алым сомасын мемлекеттік қызмет алушы төлеген сәттен бастап - бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға арнайы рұқсат беріледі;

3) өтінішті тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

4) арнайы рұқсатты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

отандық тасымалдаушы:

1) ХҚО аудандық бөліміне жүгінген кезде:

белгіленген үлгідегі өтінішті қарау мерзімі – уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні, ал тасымалдау бағытын келісу қажет болмаған жағдайларда бір жұмыс күні (орындалған құжаттарды ХҚО жеткізуге кеткен 2 күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

арнайы рұқсатты беру мерзімі – уәкілетті органға төлем құжаты келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні (орындалған құжаттарды ХҚО жеткізуге кеткен 2 күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

2) ХҚО облыстық бөліміне жүгінген кезде:

белгіленген үлгідегі өтінішті қарау мерзімі – уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні, ал тасымалдау бағытын келісу қажет болмаған жағдайларда бір жұмыс күні (құжаттарды қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

арнайы рұқсатты беру мерзімі – уәкілетті органға төлем құжаты келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні (құжаттарды беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

3) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

4) арнайы рұқсатты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

отандық тасымалдаушы портал арқылы жүгінген кезде:

1) сұрау салу сәттінен бастап – бес жұмыс күні ішінде, ал тасымалдау бағытын келісу қажет болмаған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралының жүріп өтуі үшін алым сомасын көрсете отырып, арнайы рұқсатты беру туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе электрондық құжат нысанында арнайы рұқсатты беруден дәлелді бас тарту беріледі;

2) арнайы рұқсатты беру ХҚО арқылы стандарттың осы тармағында көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады;



3) арнайы рұқсатты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының жүрiп өтуіне арнайы рұқсат (бұдан әрі – арнайы рұқсат) және оған бақылау талонын қағаз тасығышта беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта немесе электрондық құжат нысанында беру болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алым ставкалары бойынша республикалық бюджетке төленеді.

8. Мемлекеттік қызмет:

шетелдік тасымалдаушы уәкiлеттi органға жүгінген кезде:

уәкiлеттi органның белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, түскi үзiлiспен күн сайын көрсетiледi.

Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

отандық тасымалдаушы:

1) ХҚО жүгінген кезде:

ХҚО белгіленген жұмыс кестесiне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда күн сайын түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

2) портал арқылы жүгінген кезде:

жұмыс кестесі – тәулік бойы.

кеден органдарына жүгінген кезде:

кеден органының белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiспен күн сайын көрсетiледi.

Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы:

шетелдік тасымалдаушы уәкілетті органда немесе кеден органдарында осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті толтырып ұсынады;

отандық тасымалдаушы:

1) ХҚО-да немесе кеден органдарында осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті толтырып ұсынады;

2) порталда электрондық құжат нысанында сұрау салуды толтырып жолдайды.

Мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін мемлекеттік қызметті алушы – отандық тасымалдаушы жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан және осы стандарттың 14-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес хабарламаны алғаннан кейін, портал арқылы төлем құжатының және белгіленген нысандағы тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған сенімхатының (бұдан әрі – сенімхат) сканерлеген көшірмелерін уәкiлеттi органға ұсынады.

10. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

шетелдік тасымалдаушыға:

уәкілетті органда немесе кеден органдарында жеке өзі келген, жеке басын куәландыратын құжатты және сенімхатты ұсынған кезде, қолхаттың және төлем құжатының түпнұсқасы негізінде, қолхатта көрсетілген мерзімде;

отандық тасымалдаушыға:

ХҚО-да немесе кеден органдарында жеке өзі келген, жеке басын куәландыратын құжатты және сенімхатты ұсынған кезде, қолхаттың (хабарлама) және төлем құжатының түпнұсқасы негізінде, қолхатта көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

11. Арнайы рұқсат беруге:

1) келісуші ұйымның тасымалдау бағытын келісуден бас тартуы;

2) ақпараттың толық ұсынылмауы;

3) жүкті тасымалдауға қойылатын автокөлік құралының, оның ішінде тартқыш-автомобильдің және тіркеменің (жартылай тіркеменің) техникалық сипаттамаларының сәйкес келмеуі;

4) хабарлама ұсынған күннен бастап күнтізбелік 15 күннің ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралының жүріп өтуі үшін алынатын алым сомасының болмауы бас тарту үшін негіздемелер болып табылады.

3. Шағымдану тәртiбi
12. Уәкілетті органның немесе кеден органдарының лауазымды адамының не ХҚО қызметкерінің әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе кеден органдарының не ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1, 2 және 6-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жүгінеді.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық–анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.

13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті немесе Қаржы министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz немесе Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 10, электрондық пошта мекенжайы: www.customs.kz.

14. Уәкілетті орган қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша уәкілетті орган басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайы бойынша;

ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі.

Кеден органдарының қызметкерлері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 6-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша кеден органының басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 10 мекенжайы, телефоны 8 (7172) 79-46-09 бойынша шағым беріледі.

15. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

16. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.

17. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

18. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық–анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.



4. Өзге талаптар

19. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-11-бабының екінші бөлігіне, «Ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

20. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

21. Мемлекеттік қызмет:

шетелдік тасымалдаушы үшін:

1) қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi, нормативтiк құқықтық актiлердiң деректерi (үзiндi көшiрмелерi) бар стенділермен жабдықталған, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар уәкiлеттi органның немесе кеден органдарының ғимараттарында осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетіледі;

отандық тасымалдаушы үшін:

1) дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандуспен жабдықталған күту залында мемлекеттік қызметті алушының жүгіну жері бойынша ХҚО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан;

2) порталда «жеке кабинетте»;

3) кеден органдарының ғимараттарында осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетіледі.

22. Мемлекеттік қызметті алушыға уәкілетті органда немесе кеден органдарында өтiнiштердiң бланкілерін осы стандартқа 1 және 5-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша уәкілетті органның немесе кеден органдарының органдардың қызметкерi бередi.

ХҚО-да бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда немесе ХҚО қызметкерінде, сондай-ақ www.con.gov.kz ХҚО интернет-ресурсында орналастырылады.

Мемлекеттік қызметті алушы – отандық тасымалдаушының толтыруына арналған сұрау салу нысаны порталда орналастырылады.

23. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдауды осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органның кеңсесі жүзеге асырады.

ХҚО-да құжаттарды қабылдауды «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы қызметкерлер жүзеге асырады.

Порталда электрондық сұрау салуды жіберу мемлекеттік қызметті алушы – отандық тасымалдаушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде сұрау салынған мемлекеттік қызметке сәйкес уәкілетті органға жіберіледі.

Кеден органдарында құжаттарды қабылдауды осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша кеден органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.

24. Уәкiлеттi органға, ХҚО немесе кеден органдарына мемлекеттік қызметті алуға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттiк қызметтiң түрi;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті орган немесе ХҚО лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты.

Портал арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін электрондық сұрау салуды берген кезде мемлекеттік қызметті алушы – отандық тасымалдаушының порталдағы «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет мәртебесінің жай-күйі туралы ақпарат көрсетіледі.

Өтініш оң қаралған кезде, мемлекеттік қызметті алушы – отандық тасымалдаушыға порталдағы «жеке кабинетке» осы стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімде хабарлама жолданады.

25. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);

2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

3) уәкiлеттi органның үй-жайларында орнатылған стенділерде;

4) ХҚО үй-жайларында орнатылған стенділерде;

5) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында;

6) порталда орналастырылады;



7) кеден органдарының үй-жайларында орнатылған стенділерде.

26. Уәкілетті органның, ХҚО-ның және кеден органдарының мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi.

27. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенеді.

28. Уәкілетті органның және кеден органдарының жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация, қаржы министрліктерінің бұйрықтарымен бекiтіледi.


–––––––––––––––––––––––––––––––––––––
жүктеу 144,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау