Бітеуов Азербай
илиция полковнигі Бітеуов А., «Германияны жеңгені үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Кеңес милициясына 50 жыл», 2 және 3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Еңбек ардагері», Қазақ ССР-нің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Тергеу органы құрылған кезден бастап, ұзақ жылдар бойына А.Бітеуовтың басқаруындагы аға тергеуші Ергалиев Рамазан негізінен социалистік меншікке қол сұғушылыққа қарсы қозғалған қылмыстық істерді тергеумен айналысып, мінсіз қызметі және қылмыстық істерді сауатты, кәсіби дәрежеде тергегені үшін, Гурьев облысында бірінші болып ҚазССР Ішкі Істер министрінің 1969 жылғы 28 ақпандағы №56 санды бұйрығымен «Қазақ ССР-нің үздік тергеушісі» атағына ие болып, подполковник шенінде зейнеткерлікке шыққан. Одан кейін, еңбек ардагерлері кеңесіне төрағалық еткен.
Көп жылдар бойына тергеу органдарында аяңбай қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққан, есімдері осы күнге дейін ұмытылмай келе жатқан Ішкі істер органдарының ардагерлері Е.Батыров, Г.Жақсымбетов, Я.Кұрманғалиев, Қ.Қабдолов, Қ.Әбдіғалиев, Л.Ибрагимов, В.Кудряшов, Қ.Кереев, Қ.Құспанов, Я.Елеулиев, М.Аслялиев, Г.Кемалиев, А.Меңдіғалиев, С.Сарышев, М.Сүлейменова, Т.Нүпқалиев, Қ.Төлеулиев, С.Кенжебаевтар кейінгі ұрпақ есінде.
Атырау облысы ІІО Тергеу қызметінің тарихында абыройлы басшылар қатарында Нұрмұханбет Сабырұлы Нажимовты атауға болады.
Нәжімов Н.С.,
Нәжімов Н. С.
1953 жылы 20 сәуірде Теңіз (қазіргі Құрманғазы) ауданы Ганюшкино селосында дүниеге келген. Милиция полковнигі. 1974 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Гурьев ҚІІБ тергеушісі, аға тергеушісі, бөлім бастығының орынбасары. 1997 ж. қараша айынан 2003 ж. шілде айына дейін ОІІБ бастығының орынбасары лауазымында болған.
Нәжімов облыс ІІО тергеу саласындағы білікті, тәжірибелі мамандардың бірі. Қазіргі кезде осы салада қызмет істейтін тергеушілер түгел дерлік оның тәлім-тәрбиесін көрген шәкірттері. «ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілген, басқа да көптеген бағалы сыйлықтармен, Құрмет грамотасымен марапатталған.
1977 жылы тергеу бөлімі бастығының орынбасары лауазымында милиция майоры Даргужин Бақтықожа болды. Ол өзінің алғашқы еңбек жолын 1953 жылы әділет органынан бастап, 1966 жылы тергеу саласына ауысып, 1979 жылдан 1987 жылға дейін Ішкі Істер басқармасының тергеу аппаратын басқарып, тергеу саласына ұмытылмас із қалдырған.
К
Достарыңызбен бөлісу: |