Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 233 бұйрығына
4-қосымша
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ
акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері
жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 № 46 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну:
1) Министрлік кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияда және Министрлікте - жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру қосымша қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетің ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызметтер көрсетудің жол берілетің ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;
2) порталда - үш жұмыс күні ішінде.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын қағаз жеткізгіште беру;
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық цифрлік қолмен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында, оны алу орны мен күні көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі дайындағы туралы хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтіжесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші:
Министрлікте және аумақтық әділет органдарында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдау бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жетелдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондау мүмкін болады.
3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Мемлекеттік корпорацияда және Министрлікте мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі- өтініш);
2) жарғының (ереженiң) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен (бар болған кезде) бекітілген шешiмi не шешімінен үзiндi көшірме;
3) жарғы (ереже) телнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын құжат.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жеке басын куәландыратын қүәлікті (не сенімхатты) көрсеткен кезде жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақталуды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай ішінде жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күн ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Порталда:
1) өтініш;
2) жарғының (ереженiң) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен (бар болған кезде) бекітілген шешiмiнің электронды көшірмесі не шешімінен үзiндi көшірме;
3) заңды тұлғаның құрылтай құжаттырында көзделген мерзімді баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын, жарғы (ереже) телнұсқасының жоғалғаны туралы ақпарат көрсетілген электронды көшірмесі.
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық цифрлік қолмен куәландырылған электрондық құжат нысанында, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының зандарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
9-1. Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
3) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы негіз болып табылады.
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама жіберіледі.
Егер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 № 948 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
1) шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында - оның атауы пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға өтініш беруші қол қоюға тиіс.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13–тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар арқылы Мемлекеттік корпорацияның басшысына не 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылдануын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының поштасына жіберіледі, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы шағым жіберген кезде өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу орындау туралы белгі қою, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдануға құқылы.»
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 № 948 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе)
оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет
мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
1) шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), пошта мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында - оның, атауы пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға өтініш беруші қол қою тиіс.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымның қабылданғанын растау оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымның жауабын алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағым осы стандарттың 13–тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар арқылы Мемлекеттік корпорацияның басшысына не 1414 Бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылдануын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қолдану үшін Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушының поштасына жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы жүзеге асырылады.
Портал арқылы шағым жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қолжетімділігі болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу туралы белгі жасау, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін
қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де
талаптар
13. Денсаулығында организмнің өмірлік қызметін шектейтін тұрақты бұзылған ақауы бар көрсетілетін қызметті алушыларға, мемлекеттік кызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажет болған жағдайда: 1414 Бірыңғай байланыс - орталығы арқылы көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдау үшін тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайы интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) көрсетілетін қызметті беруші - www.adilet.gov. kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорация - www.con.gov.kz.
15. Қызмет алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар.
16. Қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс- орталығы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс - орталығы: 1414.
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын
заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік
қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері
жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
____________________________
тіркеу органының атауы
Нысан
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың,
сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен
өкілдіктерін жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру туралы
өтiнiш
1. Ұйым нысаны (тиiстi ұяшықта х түрiнде көрсетiңiз)
1) заңды тұлға _____________________ 2) филиал ______________________
3) өкiлдiк __________________________________________________________
2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) атауы _____________________
_____________________________________________________________________
3. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) БСН нөмiрi ________________
4. Заңды тұлғаның (филиалдың және өкілдіктің) құрылтай құжаттарының
телнұсқасын беру үшiн негiз _________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Телнұсқаны алуға арналған үшін шешімнің нөмірі және оны қабылдау
күні: _______________________________________________________________
6. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның,
сондай-ақ акционерлік қоғамдардың филиалдары мен өкілдіктері
жарғысының (ережесінің) төлнұсқасының жоғалғандығы туралы
хабарландыру жарияланған баспа органының атауы, нөмірі мен
жарияланған күні ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. және қолы М.О.
20__ жылғы «___» ___________
Өтiнiшке: ___________________________________________________________
_______________________________________________________ қоса берiледі
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын
заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік
қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері
жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
____________________________
тіркеу органының атауы
Нысан
(көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты
(бұдан әрі - Т.А.Ә.) не ұйымының атауы)
_______________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының № __ бөлімі
(мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын, атап
айтқанда:
жоқ құжаттардың атаулары:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________;
толық тапсырмауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін
қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) Т.А.Ә. (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. ___________________________________________________
Телефон:_____________________________________________________________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болған
кезде_____/қолы
20__ жылғы «___» _______________
Достарыңызбен бөлісу: |