Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

жүктеу 126,5 Kb.
Дата27.01.2020
өлшемі126,5 Kb.
#27396
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдардың орнын басу үшін жалпы конкурс жариялайды

Конкурстардың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-6 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім. 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

      Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

C-R-5 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

      Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Қызмет өтілімі бойынша тәуелді

min

max

С-О-6

97 510

132 020

C-R-5

84 414

114 854

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті, 150011, Петропавл қаласы, Алматинская көшесі, 55-309, анықтама үшін телефон: (7152) 61-26-61, электрондық мекенжай: g.baibusina@mvd.gov.kz, «Б» корпус бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Медициналық бөлімнің жетекші маманы – санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау тобының эпидемиолог дәрігері, (1 бірлік) С-О-6 санаты

Функционалдық міндеттері:

Инфекциялық және паразиттік аурулардың диагностикасын жүзеге асыру. Қызметкерлердің арасында профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды және егу жұмыстарына бақылау жүргізу. ЖҚТБ бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге бақылау жасайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бейіні немесе орта білімнен кейінгі: «медицина және фармацевтика» (емдеу ісі, немесе гигиена және эпидемиология) бейіндері.

2. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі жеткізушілермен, есеп тапсыратын тұлғалармен есеп айырысу және жиынтық есепке алу тобының (орталықтандырылған бухгалтерия) жетекші маманы (1 бірлік) С-О-6 санаты

Функционалдық міндеттері:

Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік құжаттаманы өңдеу, құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асыру. Активтердің, аз құнды және тез тозатын мүліктің және басқа да материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары: «Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес» (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе менеджмент, немесе маркетинг, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіндері немесе орта білімнен кейінгі: «қызмет көрсету, экономика және бизнес» (экономика (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (сала бойынша), немесе менеджмент (салалар бойынша және қолдану аясы бойынша), немесе маркетинг (салалары бойынша) бейіндері.

3. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі материалдық есепке алу тобының (орталықтандырылған бухгалтерия) жетекші маманы (1 бірлік) С-О-6 санаты (басты жұмыскердің баланың 3 жасқа толуына дейінгі бала күтімі бойынша демалысы уақытында 2021 жылдың 03.05-на дейін).

Функционалдық міндеттері: Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік құжаттаманы өңдеу, құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асыру.Активтердің, аз құнды және тез тозатын мүліктің және басқа да материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жүргізу. Айлық, тоқсандық статистикалық есептер құрастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: «Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес» (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе менеджмент, немесе маркетинг, немесе статистика, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіндері немесе орта білімнен кейінгі: «қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша) немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (сала бойынша), немесе менеджмент (салалар бойынша және қолдану аясы бойынша), немесе маркетинг (салалары бойынша), немесе статистика) бейіндері.
4. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы жоспарлау және қаржыландыру тобының жетекші маманы (1 бірлік) С-О-6 санаты

Функционалдық міндеттері:

Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік құжаттаманы өңдеу, құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асыру. Активтердің, аз құнды және тез тозатын мүліктің және басқа да материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары: «Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес» (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе менеджмент, немесе маркетинг, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіндері немесе орта білімнен кейінгі: «қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (сала бойынша), немесе менеджмент (салалар бойынша және қолдану аясы бойынша), немесе маркетинг (салалары бойынша) бейіндері.

5. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы еңбекақы төлеу және зейнетақы тағайындау тобының жетекші маманы (2 бірлік) С-О-6 санаты

Функционалдық міндеттері:

Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік құжаттаманы өңдеу, құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асыру. Активтердің, аз құнды және тез тозатын мүліктің және басқа да материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жүргізу. Айлық, тоқсандық статистикалық есептер құрастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары: «Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес» (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе менеджмент, немесе маркетинг, немесе статистика, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіндері немесе орта білімнен кейінгі: «қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (сала бойынша), немесе менеджмент (салалар бойынша және қолдану аясы бойынша), немесе маркетинг (салалары бойынша), немесе статистика) бейіндері.

6. Тылдық қамтамасыз ету басқармасы мемлекеттік сатып алу тобының жетекші маманы (1 бірлік) С-О-6 санаты (басты жұмыскердің баланың 3 жасқа толуына дейінгі бала күтімі бойынша демалысы уақытында 2021 жылдың 19.09-на дейін).

Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттарды уақытында дайындайды. Бір жылға арналған сатып алу мөлшерін және номенклатурасын жоспарлайды. Облыстың ІІД бөліністерінің бухгалтерлерінен мемлекеттік сатып алу бойынша есептерді жинап, жалпылауды жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары: «құқық», «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе менеджмент, немесе маркетинг) бейіндері немесе орта білімнен кейінгі: «құқық», «қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (сала бойынша), немесе қаржы (сала бойынша), немесе есеп және аудит (сала бойынша), немесе менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), немесе маркетинг (салалары бойынша) бейіндері.

7. Айыртау ауданының полиция бөлімі қаржымен қамтамасыз ету тобының жетекші маманы (1 бірлік) С-R-5 санаты

Функционалдық міндеттері:

Есептерді құру үшін бухгалтерлік құжаттармен жұмыс істеу, құжаттардың уақтылы және дұрыс әзірленуіне бақылау жасау. Активтердің, бағасы төмен және тез тозатын мүліктің және басқа да метериалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе есеп және аудит немесе қаржы, және менеджмент немесе маркетинг) бейіндері бойынша, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «қызмет көрсету, экономика және басқару», (экономика (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (сала бойынша), немесе менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), немесе маркетинг (салалары бойынша) бейіндері бойынша.

8. Ақжар ауданының полиция бөлімі кеңсесінің жетекші маманы (1 бірлік) С-R-5 санаты (басты жұмыскердің баланың 3 жасқа толуына дейінгі бала күтімі бойынша демалысы уақытында 2022 жылдың 12.09-на дейін).

Функционалдық міндеттері: Құжаттандыруды және іс жүргізуді ұйымдастыру. Істерді дайындау және мұрағатқа тапсыру. Номенклатуралық істердің әзірленуін, олардың дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары: «білім», «гуманитарлық ғылымдар», «құқық», «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе менеджмент, немесе маркетинг, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету), «техникалық ғылымдар және технологиялар» (ақпараттық жүйе) бейіндері бойынша, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «білім», «құқық», «қызмет көрсету, экономика және басқару» (іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары бойынша), аудармашы ісі (түрлері бойынша), немесе экономика (сала бойынша), немесе қаржы (сала бойынша), немесе есеп және аудит (сала бойынша), немесе менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), немесе маркетинг (салалары бойынша), «байланыс, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар» (ақпараттық жүйелер (қолдану саласы) бейіндері бойынша.
9. Қызылжар ауданының полиция бөлімі кеңсесінің жетекші маманы (1 бірлік) С-R-5 санаты

10. Мамлют ауданының полиция бөлімі кеңсесінің жетекші маманы (1 бірлік) С-R-5 санаты

11. Мамлют ауданының полиция бөлімі көші-қон қызмет тобының жетекші маманы (1 бірлік) С-R-5 санаты

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды жүзеге асыру; азаматтарды құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; анықтамалық және өзге де ақпараттық талдау материалдарын әзірлеу, бөлімде іс жүргізу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары: «білім», «гуманитарлық ғылымдар», «құқық», «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету), «техникалық ғылымдар және технологиялар» (ақпараттық жүйе) бейіндері бойынша. Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «білім», «құқық», «қызмет көрсету, экономика және басқару» (іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалар бойынша және қолдану аясында), аудармашы ісі (түрлері бойынша), немесе экономика (сала бойынша), немесе қаржы (сала бойынша), немесе есеп және аудит (сала бойынша), «байланыс, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар» (ақпараттық жүйелер (қолдану саласы) барларға рұқсат етіледі.

12. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімі қаржымен қамтамасыз ету тобының жетекші маманы (1 бірлік) С-R-5 санаты

Функционалдық міндеттері:

Есептерді құру үшін бухгалтерлік құжаттармен жұмыс істеу, құжаттардың уақтылы және дұрыс әзірленуіне бақылау жасау. Активтердің, бағасы төмен және тез тозатын мүліктің және басқа да метериалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау.

Конкурс қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе есеп және аудит немесе қаржы, және менеджмент немесе маркетинг) бейіндері бойынша, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «қызмет көрсету, экономика және басқару», (экономика (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (сала бойынша), немесе менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), немесе маркетинг (салалары бойынша) бейіндері бойынша.

13. Уәлиханов ауданының полиция бөлімі кеңсесінің жетекші маманы (1 бірлік) С-R-5 санаты

Функционалдық міндеттері: Құжаттандыруды және іс жүргізуді ұйымдастыру. Істерді дайындау және мұрағатқа тапсыру. Номенклатуралық істердің әзірленуін, олардың дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары: «білім», «гуманитарлық ғылымдар», «құқық», «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе менеджмент, немесе маркетинг, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету), «техникалық ғылымдар және технологиялар» (ақпараттық жүйе) бейіндері бойынша, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «білім», «құқық», «қызмет көрсету, экономика және басқару» (іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары бойынша), аудармашы ісі (түрлері бойынша), немесе экономика (сала бойынша), немесе қаржы (сала бойынша), немесе есеп және аудит (сала бойынша), немесе менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), немесе маркетинг (салалары бойынша), «байланыс, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар» (ақпараттық жүйелер (қолдану саласы) бейіндері бойынша.
14. Тайынша ауданының полиция бөлімі көші-қон қызмет тобының жетекші маманы (1 бірлік) С-R-5 санаты

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды жүзеге асыру; азаматтарды құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; анықтамалық және өзге де ақпараттық талдау материалдарын әзірлеу, бөлімде іс жүргізу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары: «білім», «гуманитарлық ғылымдар», «құқық», «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету), «техникалық ғылымдар және технологиялар» (ақпараттық жүйе) бейіндері бойынша. Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «білім», «құқық», «қызмет көрсету, экономика және басқару» (іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалар бойынша және қолдану аясында), аудармашы ісі (түрлері бойынша), немесе экономика (сала бойынша), немесе қаржы (сала бойынша), немесе есеп және аудит (сала бойынша), «байланыс, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар» (ақпараттық жүйелер (қолдану саласы) барларға рұқсат етіледі.

15. Шал ақын ауданының полиция бөлімі кеңсесінің жетекші маманы, (1 бірлік) С-R-5 санаты (басты жұмыскердің баланың 3 жасқа толуына дейінгі бала күтімі бойынша демалысы уақытында 2022 жылдың 18.01-на дейін).

Функционалдық міндеттері:

Құжаттандыруды және іс жүргізуді ұйымдастыру. Істерді дайындау және мұрағатқа тапсыру. Номенклатуралық істердің әзірленуін, олардың дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары: «білім», «гуманитарлық ғылымдар», «құқық», «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе менеджмент, немесе маркетинг, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету), «техникалық ғылымдар және технологиялар» (ақпараттық жүйе) бейіндері бойынша, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «білім», «құқық», «қызмет көрсету, экономика және басқару» (іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары бойынша), аудармашы ісі (түрлері бойынша), немесе экономика (сала бойынша), немесе қаржы (сала бойынша), немесе есеп және аудит (сала бойынша), немесе менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), немесе маркетинг (салалары бойынша), «байланыс, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар» (ақпараттық жүйелер (қолдану саласы) бейіндері бойынша.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

  3. бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

  1. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  4. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  5. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Жалпы конурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық почта мекен-жайына не Е-gov электронды Үкімет порталда арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не Е-gov электронды Үкімет порталды арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктілірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін олардың отырысында байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.

Қазақстан Республикасы заңнамаға сәйкес, конурсқа қатысушылар және үміткерлер конкурстық комиссия шешімін уәкіл органында немесе оның аумақтық бөлімшелерінде немесе сот тәртібімен шағындана алады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті (жарияланған мемлкеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында) қолма-қол, пошта арқылы мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150011, Петропавл қ, Алматинская к-сі, 55 каб. 309. Солтүстік Қазақстан облсының Полиция департаменті немесе электрондық пошта: g.baibusina@mvd.gov.kz, анықтама телефоны: 61-26-61.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының2-қосымшасы

Нысан
________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш
     
Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
______                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының3-қосымшасы
Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

_____________________

Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________

күні/дата

жүктеу 126,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:

©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау