«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм


Сулы өрт сөндіру қондырғысының принципті сызбасы



жүктеу 1,85 Mb.
бет11/12
Дата30.05.2018
өлшемі1,85 Mb.
#18478
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Сулы өрт сөндіру қондырғысының принципті сызбасы

а — спринклерлі секция;

б — қоздырғыш тросстық жүйесі бар дренчерлі секция;

в— қоздырғыш спринклерлік жүйесі бар дренчерлі секция;

1 — спринклерлі шашыратқыш;

2 — таратқыш құбырөткізгіш;

3 — тұтындырушы құбырөткізгіш;

4 — бақылау-дыбыстық клапан;

5 — тартпа;

6 — дыбыстық құрылғы;

7 — дренчерлі шашыратқыш;

8 — жеңіл балқығыш троссты құлып;

9 троссты керу ролигі;

10 қоздырғыш клапан;

11— қолдық іске қосу краны;

12 — топтық әрекетті клапан;

13 — келтіруші құбырөткізгіш;

14 — негізгі су қоректендіргіш (сорғыш);

15 — қайтымды клапан;

16 — автоматты су қоректендіргіш;

17 — компрессор;

18 — автоматты су қоректендіргіштен суды беретін құбырөткізгіш;

19 — автоматты су қоректендіргішті толтыратын құбырөткізгіш;

20 — қоздырғыш құбырөткізгіш;

21 — қайтымды клапан.


Спринклерлі және дренчерлі қондырғылардың жұмысы және құрылысы
Дайын күйдегі спринклерлі қондырғы автоматты су қоректендіргіш 16 тудыратын қысым астында болады. Спринклерлі шашыратқышты ашу кезінде 1 қоректендіргіш 2 таратқыш 3 құбырөткізгіштердегі қысым түседі, бақылау-дыбыстық клапан 4 ашылып және автоматты су қоректендіргіштен 16 келтіруші құбырөткізгіш 13 бойынша ашылған спринклерлі шашыратқыштар 1 арқылы өртті сөндіру орнына келеді. Бір уақытта су бақылау-дыбыстық клапанның іске қосылуы туралы дыбысты беретін дыбыстық құрылғыға 6 түседі. Командалық импульс дыбыстық құрылғыдан 6 негізгі су қоректендіргіштің 14 іске қосылуына келеді, ол су көзінен суды алады және спринклерлі жүйеге түседі. Қайтымды клапан 21 сорғыштың 14 жұмыс істеуі кезінде автоматты су қоректендіргішті 16 ағытады, ал қайтымды клапан автоматты су қоректендіргіштің 16 жұмыс істеуі кезінде сорғышты 15 ағытады. Автоматты су қоректендіргіштің сумен толтырылуы құбырөткізгіш 19 бойынша жүзеге асады, ал ауаны компрессормен 17 сорады.

Дренчерлі қондырғылар келесі қоздырғыш жүйелердің біреуімен іс-әрекетке келтіріледі: троссты, гидравликалық (пневматикалық, электрлік). Дайын күйдегі дренчерлі қондырғының қоздырғыш жүйесі 20 автоматты су қоректендіргішпен 16 тудырылатын қысым астында болады, ал таратушы 2 және қоректендіруші 7 құбырөткізгіштер атмосферамен байланысады.

Өрт кезінде спринклерлі шашыратқыштар 1 ашылады (немесе троссты қоздырғыш жүйенің жеңіл балқығыш құлыптары бұзылады), қоздырғыш жүйеде 20 қысым түседі, өйткені су ашылған спринклерлі шашыратқыштардан шығады. Қоздырғыш құбырөткізгіштердегі 20 қысым кранды 11 бұру кезінде түседі. Қоздырғыш жүйеде қысым түскенде топтық әрекетті клапан 12 ашылады және автоматты су қоректендіргіштен 16 келтіруші 13, қоректендіруші 3 және таратушы 2 құбырөткізгіштер бойынша дренчерлі шашыратқыштарға 7 келеді. Бұл жағдайда дыбыстық құрылғы 6 және негізгі су қоректендіргіш автоматты іске қосылады 14, ол суды су көзінен алып және оның дренчерлі жүйеге береді.
Спринклерлі және дренчерлі қондырғылардың жүйелеріне қойылатын талаптар
Спринклерлі және дренчерлі қондырғылар бір секциядан тәрізді, бірнеше секциялардан тұра алады. Әрбір секция өздігінше басқару түйініне ие болады. Егер спринклерлі немесе дренчерлі қондырғы төрт және одан да көп секциялардан тұрса, онда келтіруші құбырөткізгіш сақиналы болып жасалады, ал қалған жағдайларда тұйық жіберіледі. Сулы өрт сөндіру қондырғыларының сыртқы келтіруші құбырөткізгіштері басқа тағайындаулы құбырөткізгіштермен жалғануы мүмкін.

Қоректендіруші құбырөткізгіштер жүйе трассировкасына байланысты сақиналы тәрізді, тұйық та жасалады. Егер спринклерлі қондырғылардың қоректендіруші құбырөткізгішінің диаметрі 70 мм артық болса, онда оған ішкі өрт крандарын орнатуға болады. Спринклерлі қондырғының бір секциясында 12-ден артық ішкі өрт крандары орналасқан кезде, секция екі енгізуге ие болуы тиіс. Санитарлы құрылғылар мен өндірістік жабдықтарды қоректендіруші құбырөткізгішке жалғауға рұқсат етілмейді. Таратқыш құбырөткізгіште шықпалы тесік диаметрі 12 мм дейінгі 6 артық емес шашыратқышты немесе диаметрі 12 мм артық 4 шашыратқышты орнату жіберіледі. Дренчерлі қондырғылардың қоздырғыш құбырөткізгішінің орналасу биіктігі құбырөткізгіштегі тұрақты қысымнан артық болмауы тиіс.



6.3 Сорғыш станциясына қойылатын талаптар
Автоматты өрт сөндіру қондырғыларының сорғыш станциялары (өрт сөндіру станциялары) су беруді қамтамасыз ету дәрежесіне байланысты 1-ші категорияға жатады.

Электрмен қамтамасыз ету сенімділігі бойынша сорғыш станциялары ЭҚЕ 5.3 сәйкес 1-ші категориялы болуы қажет. Күші жетпеген жағдайда 1-ші категориялы сорғыш қондырғыларын қоректендіруге әр түрлі желідегі кернеуі 0,4 кВ трансформаторларды немесе жақын орналасқан екі трансформаторлық подстанцияларды пайдалануға болады (автоматты резервті қосқыш қондырғыларымен).

Сорғыш станцияларын өндірістік ғимараттарда орнатуға болады, бірақта сорғыш станциясы бөлмелері басқа бөлмелерден өртке қарсы ара жапқыштармен бөлінуі қажет және 2-ші отқа төзімді дәрежелі шектегі жапқыштармен қоршалады. Сорғыш станцияларын ғимараттың бөлек бөлмелерінде, бірінші, шығынқы және жертөле қабаттарында орнатады; олардан тысқа шығатын бөлек шығулары немесе саты торлары болуы керек. Сорғыш станцияларын бөлек тұрған ғимараттарда немесе салынып жатқан құрылыста орналастыруға болады.

Өрт сорғышын іске қосумен бірге бір уақытта автоматты түрде басқа арналуларға қолданылатын ӨСАҚ кірмейтін, берілген магистральда қоректенетін барлық сорғыштар іске қосылуы қажет. Станция бөлмесі өрт посты бөлмелерімен телефон байланысы арқылы жабдықталады.

Станция өлшемін төмендету үшін жоспарда оңға және солға айналатын біліктері бар сорғыштар орнату рұқсат етіледі, сонда жұмыс дөңгелегі тек қана бір бағытта айналуы қажет.

7 Автоматты өртке қарсы қорғаудың экономикалық тиімділігін бағалау
7.1 Автоматты қондырғымен өрт сөндірген жағдайдағы негізгі экономикалық көрсеткіштерді анықтау
Өрт автоматикасы өрттен қорғаудың ең маңызды бағыты болып табылады және халық шаруашылығы экономикасына белсенді әсер етеді. Оның әсері былай түсіндіріледі, оның көмегі пайда болған өрттердің таралуын ірі өрттергі айналдырмауы, нәтижесінде экономикалық шығын мәні төмендейді. Статистика көрсететіндей, өрт автоматикасымен жарақтандырылған нысандардағы өрт шығыны, ондай қондырғысы жоқ нысандар шығындарынан орташа 20 есе төмен. Есептеу көрсететіндей, өрт автоматикасын игеру жыл сайын бірнеше ондаған миллионға экономикалық тиімділік көрсетеді.

Игерілген автоматты өрттен қорғау қондырғысының экономикалық бағалануы негізгі және қосымша көрсеткіштер көмегімен салыстыру базасын құра отырып, сонымен бірге үлгімен салыстыра отырып жүргізіледі

Өрт автоматикасы қондырғысының экономикалық тиімді вариантын таңдауының негізгі көрсеткіштері төмендегілер болып табылады:

Қор салу К, автоматты өрт қорғаудың бар үлгілерін модернизациялауға және жаңа түрлерін құруға немесе қондырғыны игеруге байланысты жұмсалатын шығын.

Өрт автоматикасын енгізуде базалық және енгізілетін қор салу құрайды:

К=КСССУПУКНРПКОС

мұндағы КСС – сауда үйі ғимараты құрылысның сметалық бағасы, оған тура шығындар, қосымша шығындар және жоспарлық жинақтама кіреді;

КСУ - қондырғының және барлық құралдардың сметалық бағасы, оған қондырғының және барлық құралдардың көтерме сауда бағалары, тасымалдау және дайындау қойма операциясы - 4,2% көтерме сауда бағасы, сала бойынша жоспарлық жинақтаманы қоса, жоба жағдайындағы монтаж шығыны, негізінен монтаж бөлімшелеріне – монтаждық жұмыстың 6% .

КПУ - өрт автоматикасын жобалауға кететін шығын;

ККНР – қондырғымен жұмыс істейтін мамандарды дайындауға жұмсалатын шығын;

КПК – өрт сөндіру қондырғысына керекті өрт сөндіру құралдарының құны.

Өрт автоматикасы қондырғысын ауыстыратын қондырғымен ауыстыру немесе модернизациялау кезінде:


К=КСБУБУОС
мұндағы КСБ – сауда ойын-сауық орталығы ғимаратында қондырғыларды орналастыру үшін керек құн тепе-теңдігі;

КУБ – қондырғының тепе-теңдік құны;

КУ – оның жеке қуыстары мен қондырғыға демонтаж жасау құны.

Игерілетін қондырғы үшін


К=КРССУПУПНРПКОС
мұндағы КРС сауда ойын-сауық орталығын реконструкциялау құны, егер ол керек болса.

7.2 Өрт автоматикасы қондырғысын қауіпсіз, сенімді және тиімді қамтамасыз етуге жұмсалатын шығынмен байланысты пайдаланатын шығын
Зауыт өндірушілердің жаңа бұйым ретінде жинақтау өндірісіндегі кеткен шығынды анықтамаймыз.

Өрт автоматика қондырғысының эксплуатациялық шығынын келесі формула бойынша анықтаймыз:

С=См қж + Са Э

мұндағы См - Қалыпты эксплутация үшін қажетті материалдар, және де сол материалдарға кеткен шығындар;



Сқж – қызмет көрсететін қызметшілердің жалақысына кететін шығын:

м
ұндағы N – жеке қызмет тобының саны;

3 нег – негізі жалақы табысы;

3қос – негізгі жалақыға қосылатын қосымша жалақының пайызы;

Qсс – арнайы сақтандыруға аударылған, пайызбен көрсетіледі;

Са – амортизациялық аударым.

Өрттен келетін экономикалық зиян.

Келесі жағдайлар бойынша анықталған зиян:

а) егер де салыстыру базасы ретінде нысанның эксплутация жағдайы АПЗ-сыз қабылданған болса. Бұл жағдайда тура шығын шамасы өрттің еркін дамуының 0,75 сағат уақытынан бастап есептеледі.;

б) енгізілетін нұсқа үшін өрттің еркін даму уақыты қондырғының инерциялығына және өртке қарсы бөлімшенің келу уақытының, ол ҚР үшін – 10 минут, қосындысына тең. Бұл жағдай үшін тура шығын алынып тасталады;

в) Егерде АПЗ жоқ нысанда өрт сөндірудің автоматты қондырғысы енгізілетін болса, тура шығын шамасы қондырғының инерциялығына және өрт ұзақтылығының есептеулерінің қосындысына тең болатын өрттің еркін даму уақытысынан алынады;

г) немесе өрт сөндіру қондырғысы бар нысанда төмен инерциялы және сөндіру ұзақтылығының есетеуі төмен қондырғыға ауыстырылатын болса.

Тура шығын мынаған тең болатын уақыт аралығынан алынады

у= из - ив + (тз - тв),

мұндағы из, тз - ауыстыратын қондырғының өрт сөндіру уақытының есебі және инерциялығы;

ив, тв - қондырғымен сөндіретін уақыт есебі және инерциялық.

Уақыт фактор Т – негізгі көрсеткіштер есебіндегі спецификалық. Ол өрттің шығыны көрсеткішімен тығыз байланысты және өрт автоматикасының енгізілген нұсқасының тиімділігін анықтайды. Бірақ та уақыт факторы АПЗ-ның экономикалық тиімділігін бағалауда пайдалануда және өздік негізгі көрсеткіш ретінде, егер де:

а) регионалдық және салалық масштабта өрт автоматты қондырғысын сатып алу капитал шығынының мерзімін белгілеу;

б) өрт автоматикасы бұйымдарының жаңа үлгілері өндірісіне және негізін қалау жағдайында қосымша капитал салу мерзімін бағалау;

в) Өрт шығының анықтау қиын болғанда, ауыстырылатын және енгізілетін қондырғылардың сөндіру уақыты есебі мен инерциялығын салыстыру;

г) салыстырылған қондырғылар нұсқаларының жұмыс істеу мерзімін бағалау.



Өрт автоматикасының экономикалық тиімділігін анықтау кезінде қосымша көрсеткіштер негізгі көрсеткіштер қалып қойған кезде немесе салыстырылатын нұсқалардың негізгі көрсеткіштерінің айырмашылықтары үлкен болмаған жағдайда, әрбірінің артықшылығы қиын болған кезде қолданылады.


Екі нұсқаны салыстыру кезінде өрт автоматикасын енгізудегі капитал салудың экономикалық тиімділігінің салыстырмасы эксплутациялық шығын мен экономияның капитал шығыны мен экономиясын салыстыру арқылы мына формуламен анықталады:

мұндағы Е – капитал салудың салыстыру тиімділігінің коэффициенті, 1/жыл;

ЕН – капитал салудың экономикалық тиімділігінің нормативті коэффициенті, 0,15;

С1, С2 – салыстырылған нұсқалардағы тапсырыс берушінің эксплуатациялық шығыны;

У1, У2 – салыстырылған нұсқалар бойынша өрттен келетін зиян.

Егер де қондырғыны енгізу қосымша капитал салумен байланысты болса, мәселен, ауыстыру немесе модернизация кезінде, сонымен қатар қондырғының сенімділігін арттыру жағдайында, тиімділік бағасы сатып алу мерзімімен, яғни экономикалық тиімділіктің салыстыруының кері коэффициенті болып табылатын шама арқылы сипатталады.





Мұндағы Т – бір жылдағы сатып алу мерзімі, ТН - нормативті сала бойынша қабылданған сатып алудың нормативті мерзімі.



Ө
рт автоматикасы қондырғысын енгізу кезіндегі екі нұсқаны салыстыру бойынша экономикалық тиімділіктің шамасын мына формуламен анықтаймыз:

мұндағы Эж – экономикалық тиімділік;

Вж – нысанда немесе салада қондырғыны енгізудің жылдық көлемі, нысанда бір қондырғыны енгізу жағдайында В=1.


жүктеу 1,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау