Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің



жүктеу 203,5 Kb.
Дата05.01.2020
өлшемі203,5 Kb.
#25935
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурқа хабарлама
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, В-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;*

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша докторы ғылыми дәрежесінің болуы.*

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;*

7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша докторы ғылыми дәрежесінің болуы.*

* Ескертуге: осы талап "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154 071

208 205

С-4


138 248

186 551

I. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, (010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 10-кіреберіс, анықтама үшін телефон: (87172) 74-27-10, е-mail: El.Rysakova@mid.gov.kz) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
1. Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Басқарма қызметіне жалпы басшылық ету; Комитеттің бюджеттік жоспарлауын, бюджеттік өтінімдерін жасау, үш жылдық кезеңге бюджет жобаларын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; Комитетке тікелей қатысы бар қойылған мақсаттар, міндеттер мен индикаторлар бойынша Министрліктің Стратегиялық жоспарын іске асыруды жүзеге асыру; Комитеттің қаржы қызметін, бюджеттік жоспарлауын, мемлекеттік сатып алу жоспарларын жасау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Комитеттің мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу; мемлекеттік активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету; Комитеттің ведомствоға бағынысты ұйымдарының (АҚ, ЖШС, РМК) қаржы қызметіне мониторинг және талдау жүргізу; Комитеттің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының штат кестесін келісу; Басқарма қызметкерлерінің қызметін жедел басқару және үйлестіру; Басқарма қызметкерлерінің біліктіліктерін аттыру, көтермелеу, жазалау туралы ұсыныстар енгізу; Басқармаға жүктелген басқа міндеттерді өз құзыреті шегінде жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Қаржы, Есеп және аудит, Экономика, Мемлекеттік және жергілікті басқару), Құқық (Заңтану). Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу талаптары; діни қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу талаптары; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау қабілеттілігі, ұйымдастырушылық қабілеті, стратегиялық ойлау қабілеті, жетекшілік, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, жемқорлыққа төзбеушілік

2. Лицензиялаумен аттестаттауды мониторингілеу және бақылау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау; бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық ұйымдармен жұмыстарды жүзеге асыру; аттестаттау мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін бақылау; мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу бойынша жергілікті атқарушы органдарды бақылау; аттестаттау мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелікті қамтамасыз ету; лицензиялау мен аттестация бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне мониторинг жүргізу; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу; мемлекеттік құрылыс инспекторларының тізілімін жүргізу; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау тізілімін жүргізу; берілген лицензияларға мониторингілеу мен талдау жүргізу; лицензиаттардың тізілімін жүргізу; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшыларына жеке және заңды тұлғалардың атынан түскен арыздарды қарау; Лицензиялау мен аттестаттау бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін тексеруге қатысу; облыстардағы сәулет-құрылыс бақылауы мен лицензиялау заңнамаларын жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу; Комитет басшыларымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі),Өнер (Сәулет), Құқық (Заңтану, Халықаралық құқық). Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР заңдарынжәне«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексін білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Жобалық жұмыстар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен әзірлеу мен келісу; экономиканың әр түрлі саласындағы үлгі жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру, үлгі жобаларын әзірлеуде салалық министрліктер мен ведомстволардан өтінімдер жинау, жоспарлау кезеңіне бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, конкурстық құжаттамаларды дайындау және техникалық тапсырыстарды әзірлеу; конкурстар өткізу мен келісім-шарттар жасасу. Экономиканың әр түрлі саласындағы үлгі жобаларын тарату. Үлгі жобаларын қолдануда және үлгі жобаларын тексеру мен қайта қолдану үшін тізімге қосу мәселелері бойынша жұмыс топтары шегінде жобаларды қайта қолдануда, бұрын әзірленген жеке жобалардың қайта қолдануына қатысты сауалдарды қарау бойынша жобалау ұйымдарымен жұмыстарды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Министрлік пен Комитеттің тапсырмалары мен актілерін уақытылы орындауды қамтамасыз ету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу; ақпараттық, талдамалық, анықтамалық материалдар мен есептерді, жетекшілік ететін бағыттағы жұмыстар бойынша жұмыс жоспарларын дайындау.

Комитет бекітетін және мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын құрылыс жобаларына техникалық сараптау жүргізуге байланысты кешенді жұмыстарды қамтамасыз ету. Жыл сайынғы бюджеттік жоспарлау бөлігінде құжаттамалар әзірлеу, үлгі жобаларын әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын (қызметтерін) ұйымдастыру, бюджеттік бағдарламалардың, бағдарламалық құжаттардың, басқарма жұмысының және т.б. атқарылуы туралы есептер мен ақпараттар дайындау. Үлгі жобаларын әзірлеушілермен тұрақты жұмыс жасау. Құрылысқа үлгі жобаларын және жобаларды әзірлеу мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға консультативтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру. Жобалау ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізуді, тізілімдер жүргізуді, ТЭН және ЖСҚ жобаларының мемлекеттік сараптамадан өтуін және бекітілуін, жобалау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ақпараттық және консультативтік қолдау көрсетумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Сараптамалық сүйемелдеу режимінде жобаларға сараптама жүргізуде мемлекеттік органдар және заңды тұлғалармен жұмыс жасау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет және Министрлік басшылықтарының қатысуымен өтетін кеңестерге материалдар дайындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі),Өнер (Сәулет), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Мемлекеттік және жергілікті басқару). Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»ҚР заңдарын, Салық кодексін, Бюджет кодексін білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
4. Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Құрылыста баға белгілеу және сметалық нормалауды жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру бойынша ұсыныстар дайындауға, нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеу мен келісуге, Комитет бекітетін және мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыланатын техникалық-экономикалық негіздемелері және құрылыс объектілері мен кешендері жобаларының баға көрсеткішін қарауға қатысу;құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;бюджеттік бағдарламаларды орындау, стратегиялық және бағдарламалық құжаттар бойынша, басқарма жұмысы туралы есептер мен ақпараттар дайындау; материалдарға, бұйымдар мен құрастырмаларға, ағымдағы бағасына әдістемелік мониторинг жүргізу әдістемесіне, сметалық нормативтер мен құжаттамалардың ағымдағы деңгейдегі бағаларына мониторинг жүргізу рәсімдерін автоматтандыру үшін бағдарламалық бағдарламалық жасақтама әзірлеуге қатысу, құрылыс өндірісінің қазіргі заманғы үдемелі, ресурс үнемдейтін технологияларын, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп материалдарды жеткізудің көліктік схемасын, ғылыми-техникалық және ресурс үнемдейтін технологияларды, жаңа материалдарды, бұйымдар мен құрастырмаларды енгізуді ескере отырып, технологиялық картаны, баға жасаудың элементтік жүйесінен конструктивтік жүйесіне көшу бойынша нормативтік құжаттарды пайдалануда сметалық құн мен бағалар әзірлеу және қолданудың тәртібін анықтау мен ұйымдастыруға қатысу; құрылыс үшін ғылыми-зерттеу, зерттеу, жобалау және сараптау жұмыстарының, сондай-ақ еліміздің жекелеген өңірлерінде экономиканың барлық салалары бойынша салынатын құрылыс объектілерінің құнын анықтау мәселелері бойынша, сметалық нормалар мәселелері бойынша әдіснамалық көмек, ақпараттық және консультативтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру, құрылыстағы баға белгілеуді жетілдіру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі), Өнер (Сәулет), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Мемлекеттік және жергілікті басқару). Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңдарынбілу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
5. Техникалық реттеу және нормалау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу бөлігінде республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді және тақырыптық жоспарларды қалыптастыру; мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес конкурстық және шарттық құжаттарды дайындау; құрылыс саласында нормативтік базаны реформалау мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын, еуропалық нормалар мен стандарттарға сәйкестендірілген нормативтік-техникалық құжаттар жобаларын әзірлеу мен қарауға; бюджеттік бағдарламаның іске асыру барысы мен бөлінген қаражатты игеруді бақылауды жүзеге асыруға қатысу; Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері жобаларының, сондай-ақ ЕурАзЭҚ шеңберінде әзірленудегі жобаларды қарау және әзірлеуге қатысу; жобалық және техникалық шешімдерді, жобалауға арналған арнайы техникалық талаптарды қарау; құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының энергия үнемділігін арттыру бөлігінденормативтік техникалық құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау және талдау; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау; халықаралық тәжірибе жинақтау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу және талдау жүргізу; жаңа құрылыс нормаларын, еуропалық нормаларға сәйкестендіру бойынша жұмыстар үшін құрылыс саласында кадрларды дайындау және біліктіліктерін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының аумағында Еурокодтарға сәйкестендірілген жаңа ережелер жинағын қолдануға мониторинг жүргізу және ақпарат әзірлеу; Құрылыс материалдары, өнімдері және құрылымдары тізбесін қалыптастыру; депутаттар сауалдарына, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, мемлекеттік органдардың хаттарына жауаптар дайындау; техникалық кеңестер, семинарлар мен конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізуді ұйымдастыру және қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Министрлік, Комитет басшылығының тапсырмаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі, Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), Стандарттау, сертификаттау және метрология, Жылу энергетикасы, Электр энергетикасы), Өнер (Сәулет), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Қаржы), Құқық (Заңтану). Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңдарын білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
6 Тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын экономикалық талдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 5 бірлік.

Функционалды міндеттері: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Ипотекалық ұйымы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Самұрық Қазына «Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, жергілікті атқарушы органдардан ақпаратты жинау арқылы тұрғын үй құрылысын бағдарламаларын іске асыруына мониторингті және бақылауды жүзеге асыру. Тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру үшін жоспарлы кезеңге арналған, соның ішінде ҚР Ұлттық қор қаражатын бөлудің бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру. Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына экономикалық талдау мәселелері бойынша Комитеттің және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл қамтамасыз ету. Тұрғын үй құрылысын саясатын дамытудағы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу. Республикалық және ведомствоаралық комиссиялар жұмысына қатысу. Министрлік, Комитет және өзге де мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жасау. Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарын ұсыныстар енгізу. Тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша әдіснамалық түсініктемелерді жүзеге асыру. Үкімет отырысына, Министрлік пен Комитет кеңестеріне материалдарды (таныстырылымдар, баяндамалар, анықтамалар) әзірлеу. Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметінің тапсырмалар мен нормативтік-құқықтық актілерін уақтылы орындау. Басшылықтың тапсырмасы бойынша, оның ішінде: Депутаттық сауалдарды, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды уақытылы дайындау. Қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу; жетекшілік жасайтын бағыт бойынша жұмыс жоспарларын, ақпараттық, талдамалық, анықтамалық материалдар мен есептерді мәселелері бойынша, дайындау. Комитеттің төрағасы жүктеген өзге де функцияларды атқару.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі), Өнер (Сәулет), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Қаржы, Есеп және аудит, Мемлекеттік және жергілікті басқару), Құқық (Заңтану). Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР заңдарын, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі, ҚР Бюджеттік кодексін білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

7. Коммуналдық шаруашылық басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Коммуналдық шаруашылық саласында заңдардың, қаулылардың, өкімдердің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, бағдарламаларды, мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;реттелетін салада нормативтік-техникалыққұжаттарды әзірлеу;коммуналдық салада бюджеттік жоспарлауғажәне инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастыруға,жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) салалық келісімдерін және Қаржы министрлігі мен ЖАО үшжақты несиелік келісім шарттарды дайындауға қатысу.Коммуналдық салада табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық жобаларын келісуге қатысу.Бюджеттік инвестициялық жобаларға одан әрі мониторинг және талдау жүргізе отырып, жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларын қарау. Белгіленген қуаты 100 Гкал/сағ. дербес қазандық, қазандықтардыотынмен қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау, әлеуметтік объектілер, тұрғын үйлер, жылумен, сумен, жабдықтау желілері, су бұру бағыттары бойынша жылыту маусымына дайындықты және оны өткізуді қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдардан түскен ақпаратқа мониторинг және талдау жүргізу. Коммуналдық қызметтер үшін коммуналдық берешектердің серпіні бойынша ақпарат жинау және талдау. Коммуналдық қызметтер үшін берешектерді азайту тетігін әзірлеу, жылыту маусымына дайындық пен оны өткізу мәселелерін заңнамалық реттеу бойынша ұсыныстар енгізу.Басшылық жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру, құрылыс объектілері мен техникалық қадағалауда көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу, шарттар жасасу, құрылыс орталықтарымен байланыстыөзге де функцияларды орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар және технологиялар (Құрылыс, материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі, Жылу энергетикасы, Электр энергетикасы), Өнер (Сәулет), Ауылшаруашылық ғылымдары (Су ресурстары және суды пайдалану), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару), Құқық (Заңтану). Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Электр энергетикасы туралы» ҚР заңдарын білу, сонымен қатар Бюджеттік және Сукодекстерін білуі. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

8. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Комитет басшылығының тапсырмасы бойынша Комитеттің құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын дайындау, Комитет әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ оларды басқа құрылымдық бөлімшелер әзірлеген жағдайда келісу арқылы дайындауға қатысу; Комитетке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілер жобаларына құқықтық сараптама жүргізу; Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда (ұйымдарда) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуге көмек көрсетуді және келісуді қамтамасыз ету; Комитетте, Министрлікте, Парламентте, Үкіметте, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құрылатын комиссиялардың, кеңестер мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу; құқықтық сипаттағы мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа органдарда (кәсіпорындарда) Комитеттің мүдделеріне өкілдік ету; заңнаманы насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру; Комитеттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер дайындау; Комитеттің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету; Комитет басшылығы жүктеген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Құқық (Заңтану, Халықаралық құқық). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңдарын білу. Функционалды міндеттерін орындау үшін қажетті басқа міндетті білімі болуы; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
9. Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Комитетке тікелей қатысы бар қойылған мақсаттар, міндеттер мен индикаторлар бойынша Министрліктің Стратегиялық жоспарын іске асыруды жүзеге асыру; шығыс лимитіне сәйкес Комитеттің бюджеттік өтінімін әзірлеу; Комитеттің мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітуге ұсыну; тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу өткізу үшін конкурстық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асыру; жүргізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша шарттар жасасуды ұйымдастыру; мемлекеттік сатып алуды бақылау жөніндегі уәкілетті органға есеп беру; Комитет кәсіпорындарының даму жоспарын қарау, оларды орындауды бақылау және талдау жасау; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің стратегиялық жоспарды нақтылау бойынша ұсыныстарын қалыптастыру және жинау; бюджеттік жоспарлауды қалыптастыру және бюджеттік өтінімдер жасау; мемлекеттік сатып алу бойынша есеп жүргізу; құрылымдық бөлімшелерде жүргізілген мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу; Қазақстан Республикасының заңнамасы мен басшылықтың тапсырмасын сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру; жыл қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүргізген бюджеттік бағдарламалар бойынша стратегиялық жоспардың көрсеткіштерін орындауды бағалау жөнінде талдамалық ақпаратты жасау, жинақтау және оны бюджеттi жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органға жолдау жұмысын ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Қаржы, Есеп және аудит, Экономика, Мемлекеттік және жергілікті басқару), Құқық (Заңтану). Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңдарын, осы санаттың нақты лауазымының мамандығына тиісті салаларды реттейтін Қазақстан Республикасыныңнормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалды міндеттерін орындау үшін қажетті басқа міндетті білімінің болуы; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
10. Ішкі әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Іс жүргізу және құжаттандыру мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес құжаттамалық қамтамасыз етудің бірыңғай тәртіпте жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру. Комитеттің кіріс және шығыс құжаттарының өтуіне, орындалуына уақытылы бақылау жүргізу. Комитетке түскен хат-хабарларды бөлу, бақылауға қою және бақылаудан алып тастау. Атқарушылық тәртіп бойынша Комитеттің басшылығына апта сайынғы ақпараттар дайындау; «БЭҚАЖ» бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде, сондай-ақ қағаз түрінде келіп түсетін хат-хабарларды уақытында қабылдауды, тіркеуді және бағыттауды қамтамасыз ету. Ведомстволық мұрағатқа сақтауға арналған «ҚБҮ» қызметтік ақпараты бар құжаттарды қалыптастыру, есепке алу, тапсыру. Комитетте іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, құжаттандырудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжат айналымын есепке алуды және оның жағдайына талдау жүргізуді ұйымдастыру, құрылымдық бөлімшелерде Құжаттау және құжаттаманы басқару ережелері талаптарының сақталуын, Комитеттегі және құрылымдық бөлімшелердегі құжат айналымы бойынша жұмыстың уақытында жүзеге асырылуын ұйымдастыру. Жетекшілік ететін бағыттағы жұмыстар бойынша ақпараттық, талдамалық және анықтамалық материалдарды ұсыну. Құжаттар мен істерді аяқталған жұмыстар бөлігі бойынша және бекітілген істер номенклатурасына сәйкес қалыптастыру. Кейінгі сақталатын және пайдаланатын (істерді ресімдеу, тізімдемелерді жасау) құжаттарды дайындау, өндірістік аяқталған істерді Комитеттің ведомстволық мұрағатына тапсыруды жүзеге асыру. Құжат айналымын ақпараттық қамтамасыз етуді оңтайландыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Комитеттің ақпараттық қауіпсіздігін, үздіксіз локальды желісін, серверлік жабдықтарын, компьютерлік және ұйымдастыру техникаларын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Ақпаратты сенімді қорғау жөніндегі нормативтік талаптардың сақталуын, техникалық құралдарды, әдістерді және ұйымдастыру іс-шараларын кешенді пайдалануды бақылау. Ақпаратты қорғаудың техникалық қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу, ақпаратты қорғау құрылғыларына техникалық қызмет көрсету; ақпаратты қорғаудың тиімділігін жетілдіру мен арттыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар жасауға қатысу. Ақпаратты қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарын орындау бойынша қызметкерлердің жұмыс орындарына тексеру жүргізу; Техникалық құралдарды қорғау мен бақылау мұқтаждығын анықтау, оларды қажетті негіздері мен есеп-қисаптарымен алуға өтінімдер жасау; олардың жеткізілуі мен пайдалануын бақылайды. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құралдарды, әдістер мен ұйымдастыру іс-шараларын және басқа да ұқсас іс-шараларды кешенді пайдалануды қамтамасыз ету. «Мемлекеттік органдарда ақпараттық технологияларды қолдану» көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алу арқылы компьютерлік, ұйымдастыру техникаларын, серверлік құрылғыларды алу үшін бюджеттік өтінімдер мен техникалық ерекшеліктерді әзірлеу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Мемлекеттік және жергілікті басқару, Экономика, Қаржы) Техникалық ғылымдар және технологиялар (Автоматтандыру және басқару, Ақпараттық жүйелер, Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету), Білім (Информатика), Құқық (Заңтану). Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңдарын білуі. Функционалды міндеттерін орындау үшін қажетті басқа міндетті білімі болуы; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.



Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.



Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 



2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz


жүктеу 203,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау