Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің


) Негізгі проблемаларды талдау



жүктеу 2,04 Mb.
бет4/9
Дата20.01.2018
өлшемі2,04 Mb.
#7749
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Нормативтік базаны, бақылау және қадағалау, сондай-ақ сәйкестікті бағалау жүйесін қамтитын құрылыс саласындағы техникалық реттеудің ескірген және тиімсіз жүйесі Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа интеграциялануы жолындағы елеулі кедергілердің бірі болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеудің барлық жүйесін түбегейлі қайта қарауы қажет.


1.3 Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Қала құрылысы мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін пайдаланушылардың бұрыс ақпарат ұсынуы

Ақпараттық деректердің жинақталуы мен толтырылуына бақылауды күшейту

Тұрғын үй құрылысы саласы

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Құрылыс саласы Қазақстан Республикасы экономикасының белсенді дамушы салаларының бірі болып табылады әрі елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Тұрғын үй құрылыс саласы басым секторларының бірі болып табылады.

Тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру және халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама іске асырылу кезеңінде 8 128,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынды және пайдалануға енгізілген, ол 114 мыңнан астам тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Осы бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін кредиттік тұрғын үй салу схемалары әзірленді және қолданылуда, коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салу қайта басталды, ЖАО мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту бойынша шаралар қабылданды, жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үй салуына және тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарға ИКИ-ді дамытуға және жайластыруға қолдау көрсетілді.

2016 жылы салынған инвестициялар көлемі 829,6 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылы 6,7%-ға өсті.

2016 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2015 жылмен салыстырғанда 17,6 %-ға артып, 10 512,6 мың шаршы метрді құрады. Тұрғын үйдің едәуір бөлігін – 9 140,2 мың шаршы метрін немесе 87,0 %-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде халық 5 200,6 мың шаршы метрді пайдалануға берілді, бұл пайдалануға берудің жалпы көлемінің 49,4%-ын құрайды.

Барлығы республика бойынша 89 385 бірлік тұрғын үй, оның ішінде жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.

Құрылыс жұмыстары көлемінің өсуіне бірінші кезекте «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражаттар және Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы іс шаралары негіз болды.

2016 жылы тұрғын үй құрылысын және инфрақұрылымды дамытуға 438,7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде Ұлттық қордан – 399,3 млрд. теңге, республикалық бюджеттен – 16,6 млрд. теңге және арнайы резервтен 22,8 млрд. теңге қаражат бөлінді.

Мемлекеттік инвестициялар есебінен жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға 966,1 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 14 мың астам пәтер берілді.



Бюджет қаражаты есебінен жоспардағы 222,3 мың шаршы метрден 256,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұдан басқа, 2016 жылға дейін қаржыландырылған алаңы 176,9 мың шаршы метр тұрғын үйді қосымша іске қосу қамтамасыз етілді. Осылайша, барлығы 432,9 мың шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде: кредиттік қаражат есебінен 210,0 мың шаршы метр тұрғын үй, кезектегілер үшін 103,2 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй, жас отбасылар үшін 63,2 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй, «ҚИК» АҚ-ның 3,5 мың шаршы метр тұрғын үйі Қарағанды облысындағы бұзылу аумағынан тұрғындарды көшіру үшін 53,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. 2016 жылдың нәтижесінде 7 мыңнан астам адам тұрғын үй жағдайын жақсартты.


2014 - 2016 жылдар ішінде тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі (млрд. теңге)




2014 - 2016 жылдар ішінде пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттары (млн. шаршы метр)

2017 жылдан бастап жаңа «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру басталады, оған қолданыстағы тұрғын үй құрылысының тетіктері және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жаңа кешенді тәсілдер интеграцияланды.

Мемлекеттік тұрғын үй саясатының артықшылығы тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландырудан бюджеттен тыс қаржыландыруға көшу болып табылады.

Жеке құрылыс салушылардың арзан кредиттік қаражатқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін банктердің құрылыс салушыларға беретін кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені мемлекеттің субсидиялауы көзделіп отыр.

Халықтың төлем қабілетінің өсуін ынталандыру үшін субсидиялаудың пайыздық мөлшерлемесін қоса алғанда, коммерциялық банктердің ипотекалық кредиттеуін арзандату бойынша шаралар әзірленді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытуды қолдау мақсатында «револьверлік» қағидаты бойынша бұрын бөлінген мемлекеттік инвестициялардың көлемі мен тұрғын үй жинақтарын пайдалану есебінен кредиттік тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылады.

Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жыл сайын қаражат бөлу жоспарлануда.

Жеке тұрғын үй құрылысын қолдау үшін мемлекет бөлінген жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуді жалғасады.

Бірыңғай электрондық деректер базасын құру арқылы жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандардың санын оңтайландыру жүргізіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласының шеңберінде Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары әзірленді және 2016 жылғы 7 сәуірде қабылданды.

Тұрғын үйге халықтың қаражатын тартудың жаңа тетіктерін енгізу арқылы аталған заңдар үлескерлердің тәуекелін азайтады.

Бұл ретте үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастырудың барлық тетіктері міндетті түрде тұрғын үй құрылысын аяқтауды және үлескерлерге оның үлесін беруді көздейді.


1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бүгінгі күні бірқатар проблемалар шешілген жоқ, оның ішінде: жергілікті атқарушы органдар есебінде кезекте тұрғандардың тұрғын үймен толық қамтамасыз етілмеуі, тізімдік түгендеу жүргізу қажеттілігі, құрылыс индустриясының тиімді нарығы қалыптаспаған, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін жеке инвестициялардың белсенді тартылмауы.


1.3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынатын 1 шаршы метр тұрғын үй құрылысы құнының қымбаттауы

Мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету, оның ішінде: құрылысты индустрияландыру, озық технологияларды қолдану негізінде өзіндік құнын төмендету, үлгілік жобаларды қолдану және жобаларды қайта пайдалану, жалға берілетін тұрғын үй нарығын дамыту

Мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындамауы

Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет қатысатын компаниялардың мемлекеттік инвестицияларды мемлекеттік игеруіне және тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі тапсырманы орындауына мониторинг жүргізу


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (бұдан әрі – ТКШ) саласы

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

ТКШ саласы өзара байланысты екі негізгі элементтен тұрады:

1) коммуналдық көрсетілетін қызметтердің негізгі тұтынушылары болып табылатын көп пәтерлі тұрғын үйлерді (бұдан әрі – КТҮ) және жеке үй құрылыстарын қамтитын тұрғын үй секторы;

2) желілер мен құрылыстардан (жүйелерден) тұратын, жылумен, сумен қамтамасыз етуді және су бұруды қамтамасыз ететін коммуналдық сектор.



Тұрғын үй секторы.

Статистика комитетінің деректері бойынша 2014 жылы республиканың тұрғын үй секторының жалпы алаңы 336,9 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 328,9 млн. шаршы метр немесе 97,6% тұрғын үй жеке меншікке тиесілі, 2015 жылы - жалпы алаңы 340,6 млн. шаршы метр, оның ішінде 332,4 млн. шаршы метр немесе 97,5% тұрғын үй жеке меншікке тиесілі, 2016 жылы - жалпы алаңы 342,6 млн. шаршы метр, оның ішінде 334,5 млн. шаршы метр немесе 97,6% тұрғын үй жеке меншікке тиесілі. 

Жаңа тұрғын үйді пайдалануға берумен қатар тұрғын үй қорының тозу процесі жүруде.

Осы мақсатта Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.

Бағдарлама тетігінде республикалық бюджеттен қаражат бөлу арқылы қайтарымдылық шартымен мемлекет қатысатын, мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайту жолымен кондоминиум обьектілерінің ортақ мүлкін жөндеу көзделген.

Өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде жөндеуді талап ететін кондоминиумдар объектілерінің үлесі 2014 жылы – 27,7 %, 2015 жылы – 27,1% және 2016 жылы – 26,08% құрады.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 2669 тұрғын үй жөнделді, тұратын халықтың баспана жағдайлары жақсартылды.
Коммуналдық сектор.

Жылумен жабдықтау. Екі құбырмен есептегенде жылу желілерінің жалпы ұзақтығы 12 мыңнан астам километрді құрайды.

2011 - 2015 жылдары бағдарлама шеңберінде жылумен жабдықтау бойынша 102 жоба іске асырылды, республика бойынша 330 километр салынды және реконструкцияланды.

Бұл ретте жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерінің тозуын төмендету, сондай-ақ жылу шығаратын қуаттарды жөндеу және ауыстыру мәселелерін шешу үшін 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 2016 - 2017 жылдары жылумен қамтамасыз ету және сумен қамтамасыз ету мен су бұру желілері бойынша 120 жоба іске асырылып, олардың ішінде жылумен қамтамасыз ету бойынша 33 жоба іске асырылуда, 1716,8 километр салынады және реконструкцияланады, сумен қамтамасыз ету және су бұру бойынша 87 жоба іске асырылуда, 1613 километр салынды және реконструкцияланды.

Сонымен бірге, энерго, -ресурс үнемдеу технологияларды, инновациялық жабдықтар мен материалдарды көрсету алаңы болып табылатын 2017 жылы Астана қ. Энерготиімділік орталығының құрылысы аяқталады.

Қолданбалы ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-құрылымдық жұмысты жүргізуге мүмкіндік беретін бұл орталықта 4 зертхананықұралдандыру көзделеді: сумен жабдықтау және су тарту, электрмен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету және коммуналдық қалдықтар.


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау