Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің



жүктеу 2,04 Mb.
бет3/9
Дата20.01.2018
өлшемі2,04 Mb.
#7749
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2-стратегиялық бағыт.

Экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету және транзиттік әлеуетін іске асыру үшін көлік инфрақұрылымын дамыту

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Көлік инфрақұрылымының дамуы ел экономикасының ішкі қажеттілігімен, сондай-ақ көлік дәліздерін әртараптандыру қажеттілігімен негізделеді.

2016 жылы республикада барлық көлік түрімен тасымалданған жүк көлемі 3,517 млрд. тоннаны, соның ішінде: темір жолмен – 0,332 млрд. тонна, автомобиль көлікпен – 3,181 млрд. тонна, әуемен - 0,000018 млрд. тонна, ішкі сумен – 0,001 млрд. тонна, теңізбен – 0,003 млрд. тонна құрады, бұл 2015 жылы 3,513 млрд. тоннаны құраған көрсеткіштен 0,1 % артық. 2015 жылы бұл көрсеткіш 3,513 млрд. тоннаны құрады.

2016 жылы коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлермен тасымалданған көлемін бағалауды ескере отырып, жолаушылар тасымалы 22 338,1 млн. адамды құрады, бұл 2015 жылғы тиісті кезеңдегі көлемнен 2 % артық. 2015 жылы бұл көрсеткіш 21 843,3 млн. адамды құраған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мынадай 5 халықаралық көлік дәлізі қалыптасқан және жұмыс істейді:

1) Трансазиаттық теміржол магистралінің (ТАТМ) солтүстік дәлізі.

Батыс Еуропаны Ресей арқылы Қытаймен, Корея түбегімен және Жапониямен байланыстырады (Достық/Қорғас - Ақтоғай - Саяқ - Мойынты - Астана - Петропавл (Пресногорьковская) учаскесінде);

2) ТАТМ-ның оңтүстік дәлізі.

Аталған дәліз мынадай маршруттар бойынша өтеді: Түркия, Иран, Орталық Азия елдері арқылы Оңтүстік-Шығыс Еуропа - Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия (Достық/Қорғас - Ақтоғай - Алматы - Шу - Арыс - Сарыағаш учаскесінде);

3) ТАТМ-ның орталық дәлізі.

Орталық Азия - Солтүстік - Батыс Еуропа бағыты бойынша өңірлік транзиттік тасымалдар үшін зор маңызы бар (Сарыағаш - Арыс - Қандыағаш - Озинки учаскесінде).

4) ТРАСЕКА.

Шығыс Еуропаны Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі арқылы Орталық Азиямен байланыстырады (Достық/Қорғас - Алматы - Ақтау учаскесінде, оның ішінде перспективада тура қатынайтын Жезқазған - Бейнеу теміржол маршруты, сондай-ақ Ахалкалаки (Грузия) - Карс (Түркия);

5) Солтүстік - Оңтүстік.

Қазақстанның қатысуымен Ақтау теңіз порты - Ресейдің Урал өңірлері және Ақтау - Атырау учаскелерінде, сондай-ақ Өзен - Берекет (Түрікменстан) - Горган (Иран) жаңа теміржол желісі арқылы Ресей мен Иран арқылы Парсы шығанағы елдерінен Солтүстік Еуропаға өтеді;

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында алты негізгі бағыт бойынша - автокөлік дәліздері қалыптасқан:

1) Ташкент - Шымкент - Тараз - Бішкек - Алматы - Қорғас;

2) Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара;

3) Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл;

4) Астрахань - Атырау - Ақтау - Түрікменстан шекарасы;

5) Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай;

6) Астана - Қостанай - Челябинск - Екатеринбург.

Қазақстан аумағы арқылы 70 халықаралық әуе дәлізі өтеді. Алматы, Астана, Қарағанды және Атырау қалаларындағы әуежайларда «EL AL» (Израиль), «KLM» (Нидерланды), «FedEx» (АҚШ) және т.б. авиакомпаниялардың Боинг-747 жүк әуе кемелеріне тұрақты түрде жанармай құяды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша ел аумағы бойынша транзиттік тасымалдың көлемі 14,5 млн. тоннаны құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 5 % төмен. Транзиттік тасымалдан түскен кіріс 267 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 84 млрд. теңгеге артық.



Автожол саласы

2017 жылғы жағдай бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзақтығы 96,3 мың км құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 23,9 мың км, жергілікті – 72,4 мың км.

Республикалық маңызы бар автожолдар желісінің жағдайы: жақсы – 46%; қанағаттанарлық – 39%; қанағатсыз – 15%-ды құрады;

Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың жағдайы: жақсы – 24 %; қанағаттанарлық – 41%; қанағатсыз – 35%-ды құрады.

Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін реконструкциялау аяқталды, Астана-Теміртау, Алматы-Талдықорған, Бейнеу-Ақтау, Көкшетау-Петропавл автожолдары пайдалануға берілді. 2018 жылы Орталық-Шығыс дәлізін, Орал-Тасқала, Теміртау-Қарағанды және Таскескен-Бақты автожолдарын аяқтау жоспарлануда.

2018-2021 жылдары Орталық-Шығыс дәлізінң шеңберінде Балқаш-Бұрылбайтал-Күрті учаскесінің, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Жетібай-Жаңаөзен, Бейнеу-Ақжігіт, Ұзынағаш-Отар, Мерке-Бұрылбайтал, Талдықорған-Өскемен, Үшарал-Достық, Қалбатау-Майқапшағай, Осинов асуы, Щучье-Зеренді, Петропавл-РФ шекарасы, Қостанай-Қарабұтақ, Астана қаласы оңтүстік-батыс айналма жолы автожолдарын реконструкциялау жұмысы жүргізіледі.


Азаматтық авиация

Қазақстан Республикасында 50 авиакомпания және әуе кемелерін пайдаланушылар қызмет көрсетеді, оның ішінде 20 авиакомпания коммерциялық әуе тасымалдарын орындайды, 30- авиациялық жұмыстарды орындайтын (авиациялық-химиялық, орманды бақылау, мұнай-газ құбырларын айналып ұшып өту және басқа жұмыс түрлері) әуе кемелерін пайдаланушылар және 1 – жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар болып табылады.

467-і әуе кемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификатына ие.

Қазіргі уақытта Қазақстан 26 шетелдік мемлекетпен 89 халықаралық маршрут бойынша аптасына 425 әуе қатынасын орындайды.

Қазақстан ТМД елдерімен 50 маршрут (аптасына 236 рейс), Таяу Шығыс елдерімен 15 маршрут (аптасына 92 рейс), Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен 14 маршрут (аптасына 69 рейс) және Еуроодақ елдерімен 9 маршрут бойынша (аптасына 28 рейс) ұшуды орындайды.

Мемлекет басшысының ұшу географиясын кеңейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2016 жылы 13 жаңа маршрут ашылды (Алматыдан Сиань, Шарм-Эл-Шейх (маусымдық), Тегеран және Самараға, Астанадан Амстердамға, Актаудан Батумиға (маусымдық) және Сочи (маусымдық), Шымкентен Стамбулға және Худжанд, Карағандадан Стамбулға, Тараздан Нижневатовск, Сургут және Худжанд.

Ішкі авиақатынастар саласында 42 бағыт бойынша тұрақты ұшу жүзеге асырылады.

Қазақстандық авиакомпаниялар тасымалдаған жолаушылар саны


2016 жылдың кезеңінде 6,0 млн. адамды құрады.

Республиканың транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, оны тиімді пайдалану азаматтық авиация үшін қосымша табыс табуға және оны дамытудың жоғарғы серпінін сақтауға бағытталған шара болып табылады.

2016 жылы транзиттік авиаұшу көлемі 169,0 млн. ұшақ-километрді,
2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша129 млн. ұшақ-километрді құрайды.
Су көлігі

Қазақстанның Каспий теңізіндегі жағалау көлік инфрақұрылымы қолданыстағы үш теңіз портын қамтиды – Ақтау, Құрық және Баутино.

Бұл ретте, Ақтау порты Ақтау порты экспортты-импортты және транзиттік бағыттағы жүктерді өткізуге қатыстырылады, оның Каспий бассейінінде жүк тасымалдауды қамтамасыз етудегі үлесі шамамен 25 %-ды құрайды. Құрық портында 2016 жылғы желтоқсанда паром терминалының бірінші іске қосу кешені пайдалануға енгізілді. Баутино порты теңіздегі мұнай операцияларын қолдау базасы ретінде мамандандырылған.

2015 жылы Ақтау порты арқылы 5 896 мың тонна жүк ауыстырып тиелді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 38% төмен.

Ақтау порты арқылы тиеудің жүктерді ауыстырып 2016 жылғы көлемі 5842 мың тонна (соның ішінде солтүстік терминал арқылы – 378 мың тонна) жүгі, бұл 2015 жылғы деңгейге теңеледі. Бұл ретте, автомобиль техникасының 13784 бірлігі өңделді, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 7 есе артық (1886 бірлік).

Теңіз порттары арқылы жыл сайын өткізілетін жүктердің негізгі номенклатурасын мұнай, металл, бидай, паромдық және басқа да жүктер құрайды. Бұл ретте Ақтау порты арқылы өткізілетін мұнай көлемі біртіндеп төмендеуде, сонымен қатар құрғақ жүктерді өңдеу бойынша порттық қуатты ұлғайтудағы қажеттілік туындайды.



2-кесте. Ақтау порты арқылы ауыстырып тиеу динамикасы

мың тонна

Жүктің номенклатурасы

2014ж.

2015ж.

2016 ж.

2015 ж. %

Барлығы

10 264

5 896

5 842

99

Мұнай

5 954

3 521

2 278

65

Құрғақ жүк

2 344

1 909

2 440

128

Паромдық жүктер

1 970

466

1 124

241

2015 жылы отандық теңіз көлігімен 2888 млн. тонна жүгі тасымалданды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 40% төмен.

Отандық теңіз көлігімен 2016 жылы 3082 мың тонна жүк тасымалданған, бұл Түрікменстан-Махачкала бағытындағы және жаңа Махачкала-Баку жаңа қатынау желісіндегі тасымалдары есебінен 2015 жылғы көрсеткіштен 7% жоғары болды.

3-кесте. ҚР теңіз көлігімен жүктерді тасымалдау динамикасы

тыс. тонн


Направление

2014ж.

2015ж.

201.

7 ай

2015ж. %

Барлығы

4 745

2 888

3082

107

Ақтау–Баку (мұнай)

1 919

915

28

3

Ақтау–Махачкала (мұнай)

2 576

1 108

1611

145

Ақтау–Амирабад (құрғақ жүк)

180

171

220

129

Түрікменбашы – Баку/Махачкала (мұнай)

70

694

1064

153

Махачкала-Баку (мұнай)

-

-

159

-

Көрсеткіштер төмендеуінің негізгі себептері:

- мұнайдың құбыр көлігіне қайта бағдарлануы, 2015 жылғы шілдеден бастап ТШО мұнайды порт арқылы тиеуді тоқтатты;

- металл өнімдері бағасының төмендеуі;

- дәнді дақылдар өнімінің төмендігі;

- мұнай өнімдерінің (газойль) тасымалдау бағыты РЖД-ға ауысуы.

Тасымалдау көлемінің төмендеуі Ақтаудағы экспорттаушылардың экспорттық жүктерді таратудың FOB шарттарымен байланысты болды, себебі FOB шарты кезінде экспорттық жүктерді ирандық сатып алушылары бірінші кезекте ирандық кемелерді тиейді.

Каспий бассейніндегі теңіз тасымалдау нарығында Қазақстан флоты


5 %-ды құрайды, ол 12-13 мың тонналық жүк көтеретін 8 танкерден және
4 құрғақ жүкті кемеден тұрады.

Ақтау порты арқылы өткізілетін мұнайдың жалпы көлемінің


шамамен 70%-ын отандық танкерлер тасымалдайды.

Құрғақ жүктердің барлық көлемі шетелдік кеме компанияларымен тасымалданған, алайда, көрсетілген қызметтерді әртараптандыру мақсатында жүктерді теңіз арқылы тасымалдау нарығында құрғақ жүкті флотты кезең-кезеңмен ұлғайту ұйғарылады.

Сонымен қатар, Қазақстанның сауда флотының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі шешімді талап етуде, ол үшін Каспий маңындағы мемлекеттерден төмен емес деңгейде қазақстандық кеме қатынасы компаниялары үшін тең жағдайлар жасауы қажет.

Су көлігіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін ХТҰ қабылдаған конвенциялар талаптарына сәйкес теңіз көлігінде бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады. Атап айтқанда, Порттың теңіз әкімшілігін құру, навигациялық қауіпсіздікті күшейту, оның ішінде, Құрық және Ақтау порттарында кемелер қозғалысын басқарудың қосымша жүйелерін орнату болжануда.

Өзендегі кеме қатынасы Ертіс, Орал, Қиғаш, Есіл, Іле, өзендерінің бассейндерінде, Қапшағай су қоймасында және Балқаш көлінде жүзеге асырылады. Пайдаланылатын су жолдары учаскелерінің жалпы ұзақтығы 4108,5 км құрайды, соның ішінде 4040,5 км-де кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралар іске асырылады.

Ішкі су жолдары бойынша жүк тасымалдауды 659 кемесі бар жеке меншік кеме иелері жүзеге асырады.

Өзен көлігі республиканың көлік жұмысының жалпы көлеміндегі үлес салмағы аз. 2016 жылы ішкі су көлігімен 1 266,6 мың тонна, 2017 жылғы
9 айлары бойынша 1206,2 мың тонна жүк тасымалданды.
Темір жол саласы

Қазақстанның көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші рөлге ие. Тасымалдау қашықтығының алыс болуы, ТМД және Балтық елдерімен салыстырғанда жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі арзан тарифтері теміржол көлігін пайдаланушылар үшін неғұрлым қажет болып отыр.

Қазақстан теміржолының пайдалану ұзындығы 16 041 мың км (оның ішінде екі жолды желілер – 4,9 мың км (30%), электрлендірілген желілер –
4,2 мың км (26%) құрады.

Елдің жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы теміржол көлігінің үлесі шамамен 60 %-ды құрайды, бұл ретте барлық көлік түрлерімен тасымалдаудан түскен кірістердегі оның үлесі 20 % құрайды.

Жүк вагондары меншік иелерінің жүк вагондарын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бағалық реттеудің болмауы жылжымалы құрамды жаңарту үшін қолайлы жағдай жасайды.

Теміржол көлігі құралдары негізгі құралдарының тозу деңгейі 2016 жылдың қорытындылары бойынша 52,7%-ға дейін төмендеді (2014 ж. – 56,2%; 2015 ж.-49,6%).

Республикада облысаралық қатынастардағы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурстық негізде субсидиялардың бөлінуімен мемлекеттік және жеке меншік компаниялар жүзеге асырады.

Реттеудің қолданыстағы практикасына сәйкес қатынас түрі мен жүк тегіне байланысты тарифтер сараланған. Нәтижесінде тасымалдардан түсетін кірістер қатынастар түрімен және жүк тегімен айқындалатын нарық сегментіне байланысты ерекшеленеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының нарығындағы жалғыз жүк тасымалдаушы болып табылады. Бұл ретте тасымалдауды жүзеге асыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Локомотив» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ жылжымалы құрамын, басқа да теміржол әкімшіліктерінің мүкәммалдық вагондары мен операторлық компаниялар вагондарының жеке паркін пайдаланады.

Автомобиль көлігі

2016 жылы 3 181,1 млн. тонна жүк тасымалданды, 2015 жылмен салыстырғанда өсім 0,2 %-ды құрады.

2016 жылда жүк айналымы 160,8 млрд. ткм құрады, 2015 жылмен салыстырғанда жүк айналымы өсім 0,2%-ды құрады.

2016 жылда 22 309,7 млн. жолаушы тасымалданды, 2015 жылмен салыстырғанда 2,3%-ға өсті.

2016 жылда жолаушылар айналымы 235,7 млрд. ткм құрады,
2015 жылмен салыстырғанда 6,5%-ға.

Тұрақты қатынас бойынша 137 халықаралық және 254 аса облысаралық тұрақты жолаушылар маршруттары бар.

Автомобиль паркі жоғары тозумен сипатталады –
12 жылдан аса пайдалануда болған автокөлік құралдарының үлес салмағы 70%-ды құрайды, оның ішінде 78%-ды автобустар және 60%-ды жүк автомобильдері құрайды.
1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту

Инфрақұрылымды жаңғырту және көліктегі зияткерлік жүйелерді енгізу қажеттілігі транзитті-көліктік кешеннің негізгі проблемалары болып табылады.



Автожол саласында пайдаланудағы жол-пайдалану техникасының жоғары тозуы анықталуда; қалпына келтіру жұмыстарының жоғары капитал қажеттілігі, республикалық маңызы бар автожолдар желісін жеткіліксіз қаржыландыру және жолдар қызметінің жөндеуаралық мерзімдерінің сақталмауы, пайдаланудағы жолдардың төмен техникалық параметрлері (білікке түсетін салмақ есебі, санаттар және т.б.), 2 жолақ қозғалысты жолдарда авариялар мен өлімнің жоғары тәуекелі, жергілікті бюджеттерден жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары дамуының төмен деңгейі және 1 861 ауылдық елді-мекенге қатты жамылғысы бар кіреберіс автожолдардың жоқтығы.

Темір жол көлігі саласында жылжымалы құрамның тозуы, тарифтің үнемі өсуі, әлсіз сервис сияқты проблемалар байқалады. Тарифті қалыптастырудың қолданыстағы қағидаттары мен реттеу тетігі тасымалдаушының клиентке хабар беруін алып тастайды. Сондай-ақ, теміржол көлігінің жаңартылуы мен дамуына қаражат жеткіліксіз бөлінуі білініп жатады.

Темір жол көлігінің қызметтері қатты сараланған, бұл өнім жеткізушілердің көптігінің басым жабдықтаушылардың жоқ болуы, нарықта автоматты түрде монополиялық бәсекелестік моделіне әкеліп соқтырады.

Саланың тиімділігі тек нарықта жиынтық үлесі үлкен ірі тасымалдаушылардың және нарықтағы «тауашалы» қатысушылардың бәсекелестігі болған кезде ғана мүмкін.

Еліміздің транзиттік әлеуетін барынша қолдану керек және өз кезегінде көлік-коммуникация саласында бәсекелестік ортаны құруға және көлік құралдарының паркін ұлғайтуға мүмкіндік беретін, темір жол желілерінің дамуына жаңа (жеке) субъектілерді тарту қажет.


Азаматтық авиация саласында негізгі проблемалар мыналар болып табылады:

1) бірқатар өңірлік әуежайлардың әуе кемелерін қабылдау-ұшыруы үшін ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкессіздігі;

2) авиакөлік инфрақұрылымының жердегі техника, жүк қоймалары және терминалдармен қажетті деңгейде жабдықталмауы;

3) авиациялық персоналдың тапшылығы;

4) Қазақстан өңірлерінде әуе көлігі қызметіне қолжетімді болмауы.

Шешу жолдары:

Қазіргі уақытта республикада 18 әуежай қызмет көрсетеді, оның ішінде 14 әуежай ұшу-қону жолағын техникалық және жарықтандыру сигналын беру жабдығымен жарақталуы бойынша ИКАО стандарттарына сәйкес келеді.

Осы орайда, қазіргі заманғы әуе кемелерін белсенді пайдалануға байланысты Қазақстанның бірқатар өңірлік әуежайларының техникалық жарақталуы және әуеайлақ жабынының жай-күйі реконструкциялау мен жаңғыртуды талап етеді.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әуежайының 15-нің ұшу қону жолағы және 11 жолаушы терминалы салынды және реконструкцияланды.

2016 жылы Петропавл қаласы әуежайының ҰҚЖ және аэровокзал кешенін реконструкциялау аяқталды.

Семей қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, рульдеу жолағын және аэровокзалын реконструкциялау жобасын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Ағымдағы жылы Астана қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталды. Астана қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалының дизайны ішкі және халықаралық бағыттарда жолаушыларға қолайлы қызмет көрсетуге бағытталған, сондай-ақ трансферттік және транзиттік жолаушыларға қызмет көрсетудің кең мүмкіндігіне ие.

2020 жылға дейін Қостанай және Өскемен ққ. әуежайларының ҰҚЖ реконструкциялау жоспарлануда.

Сондай-ақ, инвестициялар, займдық қаражат тарту есебінен Шымкент, Орал, Қызылорда және Атырау ққ. жолаушылар терминалын реконструкциялау (салу) ұсынылады.

Бұдан басқа, Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» шеңберінде Алматы іргесінде жаңа әуежай салу және әлеуетті инвесторды тарту жолымен халықаралық авиациялық хаб құру бойынша жобаны іске асыру мәселесі пысықталуда.

Сондай-ақ, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылға дейін жаңа топырақты жергілікті әуе желісінің 11 әуеайлағының құрылысы және 5 қатты жабынды жергілікті әуе желісінің 5 әуеайлағын реконструкциялау көзделуде.

Осылайша, Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2020 жылға дейін республикалық және облыстық маңызы бар барлық әуежайлар ИКАО талаптары мен стандарттарына сәйкес келетін болады.

Қазіргі уақытта кадрларға деген барынша қажеттілікті ұшу құрамының авиациялық персоналы және әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша мамандар құрайды: оларға деген жыл сайынғы қажеттілік жылына оқу бітірген мамандардың іс-жүзіндегі санымен толықпайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Азаматтық авиация академиясынан басқа, азаматтық авиация саласындағы әртүрлі бейіндегі мамандарын кәсіптік даярлауды 18 сертификатталған авиациялық оқу орталығы жүзеге асырады.

Авиациялық мамандарды даярлау сапасын жақсарту үшін Азаматтық авиация академиясының (Алматы қ.) материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту жалғасуда және оқытудың еуропалық стандарттарына көшу бойынша шаралар іске асырылуда.

Азаматтық авиация академиясы базасында еуропалық талаптарға сәйкес келетін «Training Center Part FCL» ЖШС ұшу орталығы және Орта Азиядағы жалғыз Авиациялық қауіпсіздік бойынша субөңірлік ИКАО оқу орталығы құрылды.

Жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін және пилоттарды сапалы даярлау мақсатында Азаматтық авиация академиясында түсінік деңгейінде ағылшын тілінің білімі бар, міндетті түрде психологиялық іріктеу бойынша дәрігерлік-ұшу сараптамалық комиссиясынан өткен абитуриенттерді іріктеу жүргізу қажет. Жұмыс берушілердің қатысуымен Академия жанында абитуриенттерді іріктеу бойынша комиссия құру қажет және абитуриенттердің одан әрі кемінде 3 жыл мерзімінде жұмыс істеп өтеуі көзделеді.

Сондай-ақ, «Қазаэронавигация» РМК оқу орталығының базасында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін біліктілікті арттыру бойынша салалық оқу орталығы құрылған, ол да сала мамандарын даярлайды.
2016 жылы арналған орталық ИКАО «TRAIN AIR PLUS» жүйесіне толық құқылы мүшесі ретінде кірді, ол азаматтық авиацияның білікті мамандарын даярлауға және әдістерін стандарттауға бағдарланған.

Бұдан басқа, сала ұйымдары мен оқу орындары арасында кадрларды даярлау бойынша ынтымақтастық туралы шарттар жасалуда.

Жалпы осы іс-шараларды іске асыру Қазақстан Республикасында пилоттарды кәсіптік даярлау сапасын жақсартады және ұлттық кадр әлеуетін нығайтатын болады.
Су көлігі саласында порттық инфрақұрылымының жеткіліксіз қуаты, кеме қатынасы шлюздерінің техникалық қауіпсіздіктің жеке талаптарына сәйкес келмеуі, сауда флотының жеткіліксіз саны, мемлекеттік техникалық флоттың тозғандығы байқалады.

Осыған байланысты теңіз порттық қуаттарын ұлғайту, теңіздегі сауда флотын дамыту, мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту, Шүлбі шлюзінің қорғаныш гидротехникалық құрылысын салу, кеме қозғалысы мен теңізде құтқару операцияларын басқарудың мамандандырылған жүйесін құру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

Шешу жолдары:

Атап айтқанда Құрық портты дамытудың екінші фазасын іске асыруды аяқтау қажет, оны пайдалануға енгізу Қазақстан теңіз порттарының өткізу қабілетін 26 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Отандық сауда флотының тоннажын арттыру мақсатында жаңа кемелерді, атап айтқанда құрғақ жүк кемелерін және паромдарды сатып алу бойынша шаралар қабылдау қажет. Аталған шараларды іске асыру сауда флотының Ақтау және Құрық порттарынан жүктерді теңізбен тасымалдауда үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Кеме қатынасының қазақстандық сулардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін кеме қозғалысын үйлестіру навигациялық жүйелерін құру және кейін оларды Ақтау портында біріктіруді қажет етеді. Аталған жүйе міндеттерінің бірі құтқару операцияларын басқару болып табылады.

Ішкі су жолдарында мемлекеттік техникалық флотын жаңартуды жалғастыру, кеме қатынасы шлюздарын қауіпсіздігін күшейту, оның ішінде Шүлбі шлюзінің қорғаныш құрылысын салу және Өскемен және Бұқтырма шлюздарын күрделі жөндеу есебінен шаралар қабылдау.

Көліктік бақылау органдардының жеткілікті материалдық-техникалық жабдықталмауы бақылауды тиімді жүргізуге теріс әсерін тигізуде және су көлігінде авариялықтың деңгейін төмендетуге мүмкіндік бермеуде.

Тиесілілік табелімен көзделген 28 арнайы су көлігінің көліктік бақылаудың аумақтық органдары теңгерімінде барлығы 12 кеме бар, олардың ішінде тек 5 қызметтік кеме техникалық жарамды күйде.

Автомобиль көлігі саласында инфрақұрылым объектілері мен көліктің қанағаттандырарлықсыз жағдайы, қауіпсіздік шараларын сақтауға тиімді бақылау жеткіліксіз, көліктегі қауіпсіздікпен қазіргі жағдайын жеткілікті күрделі ретінде айқындайды.

Жалпы заманға сай серіктік және телекоммуникациялық жүйелердің көмегімен жүк және жолаушылар тасымалдарының мониторингін толыққанда іске асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жетілмегендігі байқалады.

Көліктегі апаттылық деңгейіне себепші болатын негізгі факторлар:

1) көлік процесіне қатысушылардың төмен тәртібі мен жеткіліксіз біліктігі;

2) тасымалдарды ұйымдастырудың технологиялық процестерін сақтамау;

3) бақылау органдарының материалды-техникалық жабдықталуының жеткіліксіздігі;

4) көлік құралдарының қанағаттандырарлықсыз техникалық жағдайы мен тозуы.

Заң шығару деңгейінде тұрақты жолаушылар маршруттарындағы автобустарды жаңарту бойынша, сондай-ақ автокөлік саласында автоматтандыруды дамыту бойынша міндетті талаптар енгізілген.

Саны 100 адамнан асатын елді мекендерді тұрақты автобус қатынастарымен толық қамтымау басқа проблема болып табылады, бұл 2016 жылы 80%-ды (6623 ауылдық елді мекендердің ішімен 5299 бірлік) құрайды.

Халықтың ұтқырлығын қамтамасыз ету мақсатында инфрақұрылым мен автомобиль жолдарын дамытуды ескере отырып, елді мекендерді тұрақты автобус қатынасымен толық (100%) қамтамасыз ету қажет.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен 5 автовокзал, 29 автостанция, 103 жолаушыларға қызмет көрсету пункттері мен Астана және Алматы қалалары мен облыс орталықтарында 968 такси тұрақтарын салу көзделген.

Бұл шаралар халықаралық, облысаралық облысішілік тұрақты автобус маршруттарының санын арттыруды қамтамасыз етіп, халқының саны 100 адамнан асатын елді мекендерді тұрақты автобус қатынасымен толық (100%) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тұрғындарға қызмет көрсету процесін оңтайландыру мен сапасын жақсарту мақсатында жолаушыларды электронды билеттендіру мен маршруттарды онлайн диспетчерландіруге көшіру жүзеге асырылатын болады, бұл сондай-ақ жолаушылар үшін тасымал процесі жөніндегі ақпаратты автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының ірі қалаларында атмосфераны ластандыратын шығарындылардың 60% автомобиль көлігінің үлесіне келеді.

Экологиялық таза көлікті дамыту мақсатында тұрақты автобус тасымалдарында газмоторлы отындағы автобустардың пайдаланылуы ынталандырылатын болады, содай-ақ тиісті инфрақұрылымды дамыту қолданыстағы газбен жұмыс істейтін жеңіл көліктің санын арттыруға әкеледі.

Халықаралық жүк тасымалы саласында отандық тасымалдаушыларға Евро-5 және одан жоғары класты көлік құралдары паркін толықтыруға жағдай жасалатын болады.



1.3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар

1

2

Бағалық тәуекелдер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін дамыту.

Әуе тасымалдарының бәсекелі нарығын құру.

Теңіз тасымалдарының бәсекелі нарығын құру.


Техногендік және экологиялық тәуекелдер

Осы тәукелді төмендету үшін озық техникалық және экологиялық регламенттер, стандарттар, көлік активтерін жаңғыртуды енгізуді талап етеді;

ТЖМ-мен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Құтқару жұмыстары мен авариялық жағдайларды жоюды ұйымдастыру бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеу; «Облжолзертхана» РММ-ды техникалық жарақтандыруды ең жақсы халықаралық тәжірибелер негізінде арттыру;

Автожол саласын қабылданған техникалық шешімдердін өмірлік циклін мониторингілеу мүмкіндігімен басқару процесін автоматтандыру;

Субстандарттық кемелерді пайдалануға қатысты талаптар қатандату.



Жоғарғы пайдаланушылық жүктеменің салдарынан көлік инфрақұрылымының өндірістік қуатының төмендеу қаупі

Теміржол жылжымалы құрамын сатып алу;

Сауда флотын толықтыру, кеме қатынасы шлюздерін күрделі жөндеу;

ИКАО (қауіпсіздікті арттыру) санаты бар әуежайлардың санын ұлғайту.



3-стратегиялық бағыт.

Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуникалдық шаруашылықты дамыту

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласы

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау тұжырымдамасын қабылдады (бұдан әрі – Тұжырымдама).

Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалаудың негізгі міндеті ұлттық ерекшеліктерді ескеріп, есептердің бірыңғай қағидаттарын (еурокодтар) қолдана отырып нормативтерді пысықтау және әзірлеумен, қатаң ұйғарылған әдістен еуропалық елдерде қабылданған икемді параметрлік әдіске өту болып табылады.

Тұжырымдама реформаның іске асырылуын 3 кезеңде көздейді:

I кезең - 2013-2014 жылдар;

II кезең - 2015-2020 жылдар;

III кезең - 2021-2025 жылдар.

Бірінші кезең - дайындау. ҚР ҚН EN құрылыс нормаларының жиынтығын, құрылыс нормаларын және ғимараттар мен құрылыстарға арналған қағидалар қамтитын жинағын, инженерлік жүйелерді, құрылыс нормаларын сүйемелдейтін сілтеме стандарттарды үйлестіру және еурокодтарға ұқсас ережелер жинағын, сондай-ақ Қазақстанның климаттық, геологиялық, табиғи-климаттық, сейсмологиялық және басқа ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, оларға ұлттық қосымшаны әзірлеу кіретін құрылыс саласының жаңа нормативтік базасы бекітілді.

Екінші кезең - 2015 жылдан бастап техникалық реттеудің жаңа жүйесіне өту және техникалық реттеудің ескі және жаңа жүйелерінің 2020 жылға дейін «қатар әрекет ету кезеңі».

«Қатар әрекет ету кезеңіне» жаңа нормативтік базаны практикалық мақұлдау, оның ішінде оларды енгізудің тұрақты және тиімді процесін құру, мамандардың кәсіби деңгейін үздіксіз арттыру, даярлау және қайта даярлауды қамтамасыз ету кіреді.

2016 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінде өткен кеңес хаттамасының 3.5) тармақшасына сәйкес Еурокодтарды енгізу мерзімі 2019 жылдың соңына дейін қысқартылды, құрылыс нормалары және қағидаларын (ҚНжҚЕ) жою жүзеге асырылады.
Үлгілік жобаларды әзірлеу. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде үлгiлік жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекiту жолымен жүзеге асырылады.

Үлгілік жобаларды көп рет қолданудың орындылығы мен экономикалық тиімділігі үлгілік жобаларды әзірлеудің басты мақсаты болып табылады.

Үлгілік жобалар мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша не бекітілген мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес әзірленеді және бекітілгеннен кейін оларды қолдану және тарату үшін салалық мемлекеттік органдарға (өтінім берген тапсырыс берушілерге) жіберіледі.

Үлгілік жобаларды әзірлеу және оларды енгізу жобалау мерзімін едәуір қысқартуға және ақшалай қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретінін ескере отырып, мемлекет әлеуметтік объектілердің үлгілік жобаларын әзірлеуге тұрақты негізде қаражат бөліп отырады (сумен жабдықтау және су бұру объектілері, ауылдық мәдениет үйі, тұрғын үйлер, балабақшалар, емханалар, мектептер, мамандандырылған түзету мекемелері, Азаматтық қорғаныс объектілері және т.б)

Айталық, 2014 жылы 103 бірлік, 2015 жылы – 183 бірлік үлгілік жоба әзірленді, 2016 жылы 45 бірлік әзірленеді.



Құрылыстағы баға белгілеу және сметалық құн. Құрылыс өнімінің сметалық құнын қалыптастыру – нарықтың барлық шарттары мен талаптарын көрсетуі тиіс құрылыс кешенінің барлық қатысушыларына арналған экономикалық қатынастардың негізгі элементі.

Сметалық-нормативтік база құрылыс өнімінің баға белгілеу жүйесіндегі негізгі элемент болып табылады.

Сметалық есептеулердің анықтығын арттыру және құрылыс құнын айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жобалау кезінде құрылыс ресурстарының ағымдағы нарықтық бағаларына байланысты (құрылыс материалдарының құны, машиналарды, тетіктерді пайдалану, құрылыс саласындағы жұмыскерлердің еңбекақысы) құрылыстағы баға белгілеу жүйесінің реформасы жүргізіледі. Күрделі құрылыстың құнын бағалау жөніндегі жаңа сметалық-нормативтік жүйенің негізі ретінде ресурстық әдіс, әлемнің экономикалық дамыған елдерінің шетелдік практикасында табысты пайдаланылатын ағымдағы бағалармен ресурстар шығындарын тікелей калькуляциялау әдісі қабылданды.

2015 жылғы 1 шілдеден бастап ИДМ-нің 2015 жылғы 24 маусымдағы


№ 450 бұйрығымен Қазақстан Республикасында құрылыс құнын айқындаудың ресурстық әдісі енгізілді.

Жаңа сметалық-нормативтік базаға өту мақсатында 2014 жылы – 36 бірлік, 2015 жылы – 48 бірлік, 2016 жылы – 42 бірлік норматив әзірленіп, оларды ғылыми-техникалық кеңес мақұлдап бекітті.

Ресурстық әдіске өту шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға тиісті өзгерістер енгізілді, 16 нормативтік құқықтық акті және 350 сметалық-нормативтік құжат әзірленді және бекітілді.

Ағымдағы бағаларда құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін Республиканың 16 өңірінде құрылыс материалдарының бағасына мониторинг жүргізілуде.

Жаңа нормативтік базаны енгізуге байланысты жаңа технологиялар бойынша технологиялық карталар әзірлеу негізінде ресурстық элементтік сметалық нормаларды өзектілендіру мен жаңарту бойынша қарқынды жүйелі жұмыс жүргізу талап етіледі. Негізгі жаңа технологиялар бойынша жаңа сметалық нормалар әзірленуі тиіс технологиялық карталар мен еңбек процестерінің карталарын әзірлеу қажет.
Сәулет және қала құрылысы. Сәулет және қала құрылысының саясаты Қазақстан Республикасының аумағын дамытуды кешенді түрде ұйымдастыруға бағытталған.

2013 жылы аралық (2020 жыл) және есептік (2030 жыл) мерзімдерге Қазақстан аумағын ұйымдастырудың басты жобалық шешімдері қысқаша баяндалған, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін әзірлеу аяқталып, бекітілді.

Бас схеманың негізгі жобалық шешімдері аумақтарды дамытудың өңіраралық схемалары мен облыстар аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары деңгейінде егжей-тегжейлі нақтыланатын болады.

2014 жылы Орталық және Оңтүстік аумақтың өңіраралық схемаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын «Қазақстан – 2050» Стратегиясын ескере отырып түзету (өзектендіру) әзірлеу басталды.

2015 жылы Орталық өңірдің өңіраралық схемасын, Оңтүстік өңірдің өңіраралық схемасын әзірлеу жалғасты және Қазақстан Республикасы Батыс өңірінің өңіраралық схемасын әзірлеу басталды, Алматы агломерациясының аумақтық даму өңіраралық схемасының негізгі ережелерін әзірлеу аяқталды және бекітілді.

2016 жылы Орталық өңірдің өңіраралық схемасын, Оңтүстік өңірдің өңіраралық схемасын, Астана агломерациясының өңіраралық схемасын және Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын түзету бойынша әзірлеу аяқталды. Батыс өңірінің өңіраралық схемасын әзірлеу жалғасты және Ақтөбе мен Шымкент агломерацияларының аумақтық

өңіраралық дамытудың схемасын әзірлеу басталды.

2017 жылы Батыс өңірдің өңіраралық схемасы мен Ақтөбе және Шымкент агломерацияларының аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын аяқталуы көзделуде.

Мемлекеттік қала құрылысы кадастры Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық-құқықтық кадастрлар жүйесіне кіреді және Қазақстан Республикасының аумағындағы өткен, қазіргі таңдағы және болашақтағы құрылыс объектілерінің ахуалын, ғимараттар мен құрылыстардың кіші архитектуралық формалардың және абаттандыру элементтерінің, сонымен қатар Қазақстан Республикасының елді мекендер аумақтарын дамыту және салу туралы, функционалдық зонасына сәйкес объектіге және аумаққа қажет деректер, олардың қазіргі таңдағы және болашағын белгілеу, топографиялық-геодезиялық, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайларын, инженерлік қамтамасыз етуі туралы ақпараттар болуы қажет.

Республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры 2011-2012 жылдар аралығында құрылды және тәжірибелік қолданысқа енгізілді.

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
32 бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік ақпараттық қор болып табылатын мемлекеттік қала құрылысы кадастры, өзектендірілген және нақтыланған деректермен қамтылуы қажет.

Базалық деңгейдегі Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (МҚҚК ААЖ) толыққанды қалыптастыру және жүргізу үшін аумақты пайдалануды және құрылыс салуды мониторингілеу мақсатында елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін түгендеу қажет (базалық деңгейдің цифрлық негізін құру).

Осыған орай, 2018 жылы Көкшетау қаласында - 767,85 гектар, Павлодар қаласында - 1900 гектар, Шымкент қаласында – 1000 гектар, Петропавловск қаласында - 930 гектар, Ақтөбе қаласында – 870 гектар құрылыс салынған аумақтарда жерасты және жерүсті коммуникацияларына түгендеуді орындау көзделеді.

Нәтижесінде барлық коммуникациялардың орналасқандығы туралы егжей-тегжейлі мәліметті қамтитын АИЖ МҚҚК (электрондық карта) геоақпараттық қор жүйесі құрылады. Коммуникацияны түгендеу нәтижелері барлық коммуналдық қызметтермен және инженерлік коммуникациялардың теңгерімін ұстаушылармен келісіледі.



жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау