«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті»



Дата23.11.2018
өлшемі63 Kb.
#24284

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қорытындысы жөніндегі анықтама
Қарағанды қаласы 2017 жылғы 21 маусым

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ басшысының м.а. 2017 жылғы 9 маусымдағы № 4-од бұйрығымен бекітілген жұмыс тобымен 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің қызметін қозғайтын заңнамада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;



  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің қызметінде персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

I . Заңнамада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 27-бабында өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңын сақтамағаны үшін жеке және заңды тұлғаларға жауапкершілік белгілейтін норма жоқ, яғни өндіруші, орындаушы, сатушы және/немесе өткізуші.

2. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 715-бабының 2-бөлігінде мемлекеттік органның құрылымына және штаттық кестесіне сәйкес әкімшілік жазаларды қолдануға құқылы адамның лауазымының толық атауы көрсетілуі қажет.

Мысалы: Мемлекеттік органның басшысы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы. Мемлекеттік органның басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары.

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы 28-бабының
4-тармағына сәйкес нұсқамаларға қол қоюға бас мемлекеттік инспекторлар мен олардың орынбасарларының құқығы бар.

Тексеру субъектілері үшін кедергілерді төмендету, сондай-ақ қолайлы жағдай жасау және бизнес үшін шығындарды азайту мен бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында нұсқамаларға қол қою құқығын мемлекеттік инспекторларға жүктеу қажет.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде (бұдан әрі - Департамент) прокуратурадан одан әрі оларды тексеруге тартуға Департамент қызметкерлерін бөлу туралы талаптар келіп түседі. Тексеріс аяқталған соң Департамент қызметкерлері өз қызметі бөлігінде тексеру қорытындысы туралы анықтама дайындайды және оларды прокурорларға ұсынады, бұл ұсыным жасау үшін негіз болып табылады. Белгісіз бір уақыттан кейін прокуратурадан заңнаманың бұзылуын жою туралы ұсыным келіп түседі, бірақ оның мәтінінде тексерудің басталуы және аяқталуы жөнінде не күні, не уақыты көрсетілмейді.

Департамент «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 715-бабына сәйкес техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын орган ретінде осы Кодекстің 193 (бірінші бөлігінде), 203, 415 (бірінші бөлігінде), 417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418, 419 (бірінші бөлігінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 806-бабының
4-бөлігін басшылыққа ала отырып, техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда, хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалуы тиіс. Бұл сұрақ тудырады, өйткені прокуратураның ұсынымы нақты тексеру аяқталған мерзімнен бері барынша кешігіп келеді.

Осы Кодекстің 193 (бірінші бөлігінде), 203, 415 (бірінші бөлігінде), 417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418, 419 (бірінші бөлігінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарына прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғауы үшін 805-бапты қосуы туралы тиісті органдарға өтініш білдіру қажет деп санаймыз.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қазандағы № 91 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерімен сәйкес келтіру қажет. Техникалық реттеу саласындағы бақылау нормасын алып тастау және бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы бақылау және қадағалау нормаларын қосу қажет.

II. Персоналды басқару бойынша қызметті зерттеу

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде құрылымға сәйкес 13 қызметкер, оның ішінде Жезқазған бөлімінде - 3 қызметкер және Балқаш бөлімшесінде - 2 қызметкер бар. Бүгінгі күні 2 бос орын бар (Басшы және бас маман 2018 жылғы


8 ақпанға дейін 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыста).

2017 жылғы 21 сәуірде басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты Департамент басшысы К.Э. Кенжин жұмыстан босатылды.

Талдау өткізу кезінде әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының нормаларын сақтауға байланысты тәуекелдердің туындау жағдайын растау анықталған жоқ. Департамент қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік бұзушылық жоқ. Департамент қызметкерлері туралы сыни мақалалар БАҚ жарияланбаған. Мүдделер қақтығы болған жоқ.
III. Мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша қызметті зерттеу

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүргізбейді.

Есептік кезеңде жеке және заңды тұлғалардан 600 өтініш келіп түсті, оның ішінде өнімді сертификаттау бойынша техникалық регламенттің талаптарын түсіндіру бойынша – 501 өтініш және өндірілетін өнімді каталогтандыру жүргізуге өтінім - облыстың 99 кәсіпорныына келді. Барлық өтініштер бойыншажауаптар мен түсініктемелер берілді. Өтініштерді қарау мерзімін бұзшылық анықталған жоқ.
IV. Бақылау-қағалау функцияларын іске асыру бойынша қызметті ерттеу

Мемлекеттік бақылау және қадағалау Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабының 1-тармағына, 141-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нәтижелерін талдау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру – ішінара тексеру болып табылады.

Сондай-ақ, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес ішінара тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау органдары:

1) жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке;

2) жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелеріне;

3) өзге де ақпаратқа талдау жүргізеді.


Кәсіпкерлік кодекстің 141-бабының 3-тармағын және «Мемлекеттік органдардың тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесін, міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығын орындау үшін ішінара тексеру өткізу кезінде тексерілетін субъектілер (объектілер) үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы №1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығымен Техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесінің бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі -тәуекел дәрежесінің бағалау өлшемшарттары) бекітілді.

2017 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған ішінара тексеру жоспарына метрологиялық қағидалар мен нормаларды сақтау үшін мемлекеттік метрологиялық бақылау өткізуге 35 субъект енгізілді.

Тексеруді тіркеу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында субъектілер мен объектілердің бірыңғай тізілімі арқылы жүзеге асырылады. Салыстырып тексеру тоқсан сайын және дәл мерзімінде жүргізіледі. Тексеру тағайындау актілері бланкілерін, нұсқаманы, хаттаманы, әкімшілік материалдарды тіркеу жай-күйі Департаменттің номенклатурасына сәйкес жүргізіледі.
Департаментте құрылымға сәйкес 13 қызметкер ғана болуына байланысты тексерулерге сол қызметкерлер қатысады. Заңның бұзылуын жою және жарамсыз өлшем құралдарын айналымнан алып тастау туралы нұсқамалардың орындалуын қатаң бақылау жүргізіледі.

Тексерулер тағайындау туралы актілерді, тексеру өткізу туралы хабарлауларды дайындау кезінде басшылық тексеру субъектілерінің атауын, бизнес сәйкестендіру нөмірін, субъектінің заңды мекенжайын сәйкестендіруді жүргізеді.

Сондай-ақ, әкімшілік материалдарды дайындаған кезде субъект санатын анықтау, тексеру субъектісінің атауын сәйкестендіру, бизнес сәйкестендіру нөмірінің, субъектінің заңды мекенжайынның дұрыстығын бақылау жүргізіледі. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес хаттама мен қаулыда мәліметтің толықтығын қарайды.

Мемлекеттік бақылау және қадағалау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне кейіннен бере отырып, статистикалық және талдау есебі айсайын дайындалады.

Тексеру субъектілерімен заңнаманың бұзылуын болдырмау мақсатында Департамент қызметкерлері жүйелік негізде дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізеді, онда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын және Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құжаттарының талаптарын түсіндіру жүргізіледі.
ҰСЫНЫМДАР

Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес келмеуіне жол беруге ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ жүктелген міндеттерді орындау кезінде жұмыстарды ұйымдастырудағы кемшіліктерді жою мақсатында ұсынылады:



  1. Департаменттің ішкі нормативтік құқықтық актілерді сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес функционалдық міндеттерді орындау бөлігінде қызметін бақылауды күшейту;

  2. Ережеге техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша функцияларды беру, сондай-ақ зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша функцияларын қосу бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізу;

  3. Департамент туралы Ережемен белгіленген функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыру, атап айтқанда «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» және «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізу;

  4. өткізілген тексерулер бойынша материалдарды ресімдеу бөлігінде ішкі бақылау жүйесін сәйкестендіру жұмыстарын жалғастыру;

  5. қызметкерлерді тұрақты жұмыс орнынан өзге жерге жіберген кезде өз лауазымдық міндеттемелерін орындау үшін еңбек заңнамасын бұзушылыққа жол бермеу бойынша жұмыстарды жалғастыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау