Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің



жүктеу 1,04 Mb.
бет1/9
Дата20.11.2018
өлшемі1,04 Mb.
#22410
  1   2   3   4   5   6   7   8   9



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2017 жылғы «26» желтоқсандағы

№ 895 бұйрығына қосымша


«Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2016 жылғы «29» желтоқсандағы

№ 887 бұйрығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

2017 2021 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

1-бөлім. Миссиясы мен пайымы



Миссиясы: Бәсекеге қабілетті және инновациялық индустрияны құру жолымен минералды-ресурстық тәуелді экономиканы әртараптандыру арқылы қазақстандықтардың жоғары деңгейдегі сапалы өміріне қол жеткізу.
Пайымы:

1) отандық және шетелдік тұтынушылардың өнеркәсіптің өңдеуші салаларының қазақстандық өнімдеріне сұранысының едәуір ұлғаюымен сипатталатын экономиканы тиімді әртараптандыру;

2) өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар тарту есебінен елдің диверсификацияланған экономикасы;

3) бәсекеге қабiлеттi ғылымды көп қажет ететін жоғары техникалық өнiм әзiрлеудi және өндiрудi қамтамасыз етуге қабiлеттi тиiмдi ұлттық инновациялық жүйе;

4) әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ететiн техникалық реттеудiң ұлттық жүйесi;

5) келешекті бағалау болжам ресурстарымен Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттеуін күшейту және жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану;

6) экономика мен халықтың көлік қызметіне қажеттілігін толық қанағаттандыра алатын жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті көлік-коммуникация кешені;

7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында және тұрғын үй-коммуналдық саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру, қазіргі заманның жағдайларында құрылыс өнімдерінің сапасын жоғарылату және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.



2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару


1-стратегиялық бағыт.

Елді индустриялық-инновациялық дамыту үшін жағдайлар жасау

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Тау-кен және металлургия кешенінің дамуы

Тау-кен металлургия кешені (бұдан әрі – ТМК) еліміздің экономикасының басты салаларының бірі және инвестициялаудың тартымды объектісі болып қала береді. ТМК дамытудың айқын әлеуметтік сипаты бар. Қазақстанның бұл өнеркәсіп секторында 300 мыңға жуық адам еңбек етеді.

Металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2014 жылы 1 915,2 млрд. теңгені, 2015 жылы 2 119,3 млрд. теңгені, 2016 жылы 3 360,7 млрд. теңгені құрады.

Метал кенін өндіру көлемі 2014 жылы 882,3 млрд. теңгені, 2015 жылы 700,4 млрд. теңгені, 2016 жылы 996,3 млрд. теңгені құрады.

Дайын металл өнімдерін өндіру көлемі 2014 жылы 150,2 млрд. теңгені, 2015 жылы 144,5 млрд. теңгені, 2016 жылы 201,1 млрд. теңгені құрады.

Қара металлургия өнімдерін экспорттау көлемі 2014 жылы 3 572,7 млн. АҚШ долларын, 2015 жылы 2 631,7 млн. АҚШ долларын, 2016 жылы


2 629,0 млн. АҚШ долларын құрады.

Түсті металлургия өнімдерін экспорттау көлемі 2014 жылы 3 187,9 млн. АҚШ долларын, 2015 жылы 3 197,9 млн. АҚШ долларын, 2016 жылы


2 890,9 млн. АҚШ долларын құрады.

Қара металлургия өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2014 жылы - 96,7 мың АҚШ доллары/адамға, 2015 жылы - 60,8 мың АҚШ доллары/адамға,


2016 жылы 70,5 мың АҚШ доллары/адамға құраған.

Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2014 жылы -


79,5 мың АҚШ доллары/адамға, 2015 жылы - 103,1 мың АҚШ доллары/адамға, 2016 жылы 119,6 мың АҚШ доллары/адамға құраған.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - ИДМ) тұрақты негізде саланың жүйеқұраушы кәсіпорындарымен олардың ағымдағы қызметі және жаңғырту жоспарларын іске асыру бойынша өзара байланыста, бұлардың шеңберінде қаржы, салық салу, кедендік баж салығы, көлік, логистика, темір жол тарифтері, экология, еңбек қатынастары, жер қойнауын пайдалану, энергетика және энерготиімділік мәселелері қарастырылған.


Машина жасау саласының дамуы

Машина жасауда өндіріс көлемі 2014 жылы 905,1 млрд. теңгені құрады, 2015 жылы 614,4 млрд. теңгені, 2016 жылы 720,6 млрд. теңгені құрады.

Машина жасаудың басым секторында еңбек өнімділігі:

- «автокөлік құралдарының, олардың бөліктерінің, керек-жарақтарының және қозғалтқыштарының өндіріс секторыда» 2014 жылы 131,1 мың АҚШ долларын/адамға, 2015 жылы – 55,5 мың АҚШ долларын/адамға, 2016 жылы 46,0 мың АҚШ долларын/адамға құрады;

- «электр жабдығы өндірісі» секторында 2014 жылы 24,4 мың АҚШ долларын/адамға, 2015 жылы 19,0 мың АҚШ долларын/адамға, 2016 жылы 20,1 мың АҚШ долларын/адамға, құрады;

- «ауыл шаруашылық техникасын өндіру» секторында 2014 жылы 46,0 мың АҚШ долларын/адамға, 2015 жылы – 30,9 мың АҚШ долларын/адамға, 2016 жылы 31,1 мың АҚШ долларын/адамға құрады;

- «теміржол техникасы өндірісі» секторында 2014 жылы - 35,1 мың АҚШ долларын/адамға, 2015 жылы - 22,4 мың АҚШ долларын/адамға, 2016 жылы - 13,1 мың АҚШ долларын/адамға құрады;

- «тау-кен өндіру үшін машиналар мен жабдықтары өндірісі» секторында 2014 жылы 13,3 мың АҚШ долларын/адамға, 2015 жылы - 7,1 мың АҚШ долларын/адамға, 2016 жылы 10,2 мың АҚШ долларын/адамға құрады;

- «мұнайды қайта өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібі үшін машиналар мен жабдықтарды өндірісі» секторында 2014 жылы 19,6 мың АҚШ долларын/адамға, 2015 жылы 8,8 мың АҚШ долларын/адамға, 2016 жылы -
9,7 мың АҚШ долларын/адамға құрады.

Машина жасаудың басым секторларында экспорт көлемі:

- «автокөлік құралдарының, олардың бөліктерінің, керек-жарақтарының және қозғалтқыштарының өндірісі» секторында 2014 жылы - 39,9 млн. АҚШ долларын, 2015 жылы - 63,6 млн. АҚШ долларын, 2016 жылы 127,9 млн. АҚШ долларын құрады.

- «электр жабдығы өндірісі» секторында 2014 жылы - 141,9 млн. АҚШ долларын, 2015 жылы - 139,3 млн. АҚШ долларын, 2016 жылы 160,6 млн. АҚШ долларын құрады;

- «ауыл шаруашылық техникасы өндірісі» секторында 2014 жылы
11,2 млн. АҚШ долларын, 2015 жылы 7,2 млн. АҚШ долларын, 2016 жылы -
3,9 млн. АҚШ долларын құрады;

- «теміржол техникасы өндірісі» секторында 2014 жылы - 34,7 млн АҚШ долларын, 2015 жылы - 28,2 млн АҚШ долларын, 2016 жылы - 22,7 млн АҚШ долларын құрады;

- «тау-кен өнеркәсібі үшін машиналар мен жабдықтар өндірісі» секторында 2014 жылы - 86,3 млн. АҚШ долларын, 2015 жылы - 26,2 млн. АҚШ долларын, 2016 жылы - 54,6 млн. АҚШ долларын құрады;

- «мұнайды қайта өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібі үшін машиналар мен жабдықтары өндірісі» секторында 2014 жылы - 182,2 млн. АҚШ долларын, 2015 жылы - 73,6 млн. АҚШ долларын, 2016 жылы - 106,7 млн. АҚШ долларын құрады.

Машина жасау саласында өнімнің жаңа негізгі түрлері игерілген: мобильдік бұрғылау кешендері, локомотивтер, жүк және жолаушылар вагондары, астық тасығыштар, контейнер тасығыштар, бульдозерлер, тоңазытқыштар және тұрмыстық мұздатқыштар.

ИДМ Индустрияландыру картасының жобалары мен машина жасау кәсіпорындарының қызметіне тұрақты негізде мониторинг жүргізуді жүзеге асырады, проблемалық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді.


Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының дамуы

2014 - 2016 жылдар аралығында өзге де металл емес минералды өнім өндірісінің көлемі 7,1%-ға төмендеді ( 2014 жылы – 423,5 млрд. теңгені; 2015 жылы –402,4 млрд. теңгені; 2016 жылы – 393,3 млрд. теңгені құрады).

2014 - 2015 жылдар аралығында өзге де металл емес минералды өнім өндірісінің жалпы қосылған құны нақтылы түрде 4,4%-ға ұлғайды (2014 жылы – 358,7 млрд. теңгені, 2015 жылы – 357,3 млрд. теңгені, 2016 жылы 374,5 млрд. теңгені құрады).

2014 - 2016 жылдар аралығында ресурстардың жалпы отандық өндірісі үлесі 67,8%-дан 65,5%-ға төмендеді (2014 жылы – 67,8%; 2015 жылы – 70,5%, 2016 жылы– 65,5% құрады).

2014 - 2016 жылдар аралығында өзге де металл емес минералды өнім өндірісінде еңбек өнімділігі нақтылы түрде 43%-ға төмендеді (2014 жылы – 31,9 мың АҚШ долл.; 2015 жылы – 25,9 мың АҚШ долл.; 2016 жылы– 18,2 мың АҚШ долл. құрады).

2010-2016 жылдар кезеңінде эксплуатацияға 313 млрд. теңге жалпы сомасына 210 жоба енгізілді, 14 774 астам жұмыс орны (2010 жылы – 27 жоба, 2011 жылы – 39 жоба, 2012 жылы – 36 жоба, 2013 жылы – 40 жоба, 2014 жылы – 39 жоба, 2015 жылы – 19 жоба, 2016 жылы – 31 жоба ).

Индустрияландыру картасы шеңберінде өндірісті жаңғырту бағыты бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жүзеге асырылды. 2014 жылы 12 300 млн. теңгеге цемент өндірісі бойынша «құрғақ әдіспен» № 5
АҚ «Карцемент» технологиялық желісін іске қосу жүзеге асырылуы дейін орындалды. 2015 жылы «Стандарт Цемент» ЖШС 1,0 млн. тонна қуаттылығымен цемент өңдіру екінші жөніндегі технологиялық желіні іске қосылды, жалпы қуаттылығы 2,0 млн. тоннаға өсті. Импортты алмастыруға бағытталған 2016 жылы ең маңызды іске асырылған жобалар: 1.«Семипалатинский деревообрабатывающий завод №1» ЖШС - фанер, ламинатталған фанер, OSB тақталар өндірісі; 2. «Склад ОВ» ЖШС - «TIPIDO» бренді бойынша алюминий радиаторларын шығару; 3. «IpekKagitCentralAsia» ЖШС - қағаз өнімдерін өндіру; 4. «Алпроф» ЖШС - алюминий профильдерін өндіруге арналған жаңа желіні іске қосу.

Ақтөбе облысындағы «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС және «GLB» ЖШС-нің Астана қаласында жалпы сыйымдылығы жылына 250 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы зауыттары іске қосылды.

Қызылорда қаласында 2017 жылы 300 жұмыс орнының ашылумен табақ шыны шығаратын және өңдейтін алғашқы қазақстандық зауыт жобасын іске асыру жалғасуда. Осы өндірісті іске қосу Қазақстандағы шыны қажетілігін толықтай жабуға және көршілес елдерге экспортауға мүмкіндік береді.

Одан басқа, «Шымкентцемент» АҚ (ОҚО) цемент өндіру технологиясын «құрғақ процесіне» көшумен өндірістік желісін жаңғырту бойынша және «Жамбылгипс» АҚ (Жамбыл облысы) , құрылыс қоспаларын және гипс өнімдерін өндіруді кеңейту және жаңғырту бағытында жұмыстар жалғасуда.



Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібінің дамуы

2014 - 2016 жылдар аралығында жиһаздан, сабаннан және өруге арналған материалдардан бұйымдар өндіруден басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру көлемі 53,5%-ға дейін өсті (2014 жылы – 18,5 млрд. теңгені; 2015 жылы – 21,3 млрд. теңгені, 2016 жылы – 28,4 млрд. теңгені құрады).

2014 - 2016 жылдар аралығында жиһаз өндірісінің көлемі 13,6%-ға төмендеді (2014 жылы – 30,2 млрд. теңгені; 2015 жылы – 26,8 млрд. теңгені; 2016 жылы – 26,1 млрд. теңгені құрады).
Химия өндірісін дамыту

Химия өнiмі өндірісінің номиналды мәнде 2014 жылы 230,3 млрд. теңгеден 2016 жылы 277 млрд. теңгеге өсті, химия өнеркәсібі өнімінің экспорт көлемі 2014 - 2016 жылдары кезеңінде азайды (2014 жылы – 1 106,7 млн. АҚШ долл., 2015 жылы – 1 млрд. АҚШ долл., 2016 жылы – 420 млн. АҚШ долл.).

Өнеркәсіп үшін агрохимия және химикаттарды өндірудің еңбек өнімділігінің (агрохимия: АҚШ/адам., 2014 жыл - 81,4 мың. АҚШ. долл /адам, 2015 жыл – 64,1 мың. АҚШ. долл./адам, 2016 жыл – 48,3 мың. АҚШ. долл /адам, өнеркәсіп үшін химикаттардың өнімі: 2014 жыл – 43,3 мың. АҚШ долл. /адам, 2015 жыл – 38,1 мың. АҚШ. долл./адам, 2016 жыл – 28,2 мың. АҚШ. долл /адам) төмендеуі байқалуда.

Отандық химиялық кәсіпорындары химия өнімдерінің жаңа түрлерін игерді, бұл – каустик содасы, цианды натрий, синтетикалық жуғыш заттар, жарылғыш заттар, лак пен бояулар, агрохимиялық құралдар және т.б.

Жамбыл, Ақтобе және Қызылорда облыстарында ірі және тауашалы жобалар іске асырылды.
Фармацевтика өндірісін дамыту

Фармацевтика өнімднің өндiрiс көлемі номиналды мәнде 2014 жылы 36,5 млрд. теңгеден 2015 жылы - 37,17 млрд. теңгеге, 2016 жылы 42,4 млрд. теңгеге дейін өсті.

2014 жылы фармацевтика өнім өндірісінің НКИ-і 102,7 %-ды,
2015 жылы - 101,3%, 2016 жылы - 102,5%-ды құрады.

Жасасылған ұзақ мерзімді шарттар бойынша атаулар саны отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының 233 атауына дейін өсті.

Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу құрылымында отандық өндірушілердің үлесі номиналды мәнде 2014 жылы 16,5%-ды, 2015 жылы 54,7%-ды, 2016 жылы 74%-ды құрады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша 2015 жылмен салыстырғанда ішкі нарықта отандық дәрілік заттардың номиналды мәнінің үлесі – 9,6 %-дан


12,6 %-ға дейін, ал 2014 жылмен салыстырғанда 9,08%-ға қысқарды.

Отандық фармацевтика өнеркәсібінде жаңа сұранысқа ие өнімдер пайда болды:

- дәрі-дәрмектер (онкологиялық, кардиологиялық, аллергияға қарсы, вирусқа қарсы, асқазан-ішек, туберкулезге қарсы, грибоктарға қарсы, бактерияларға қарсы);

- медициналық мақсаттағы бұйымдар (бір реттік медициналық киім, шприцтер, инфузиялық ерітінділер құюға арналған жүйелер, бір реттік қолғаптар, веноздық қанды жинау және сақтау үшін бір реттік стерильді вакуумдық түтіктер, гинекологияға арналған медициналық құрылғылар);



- медициналық техника (рентген жабдықтары, компьютерлік томография, медициналық жиһаз, офтальмологиялық линзалар).
Жеңіл өнеркәсіпті дамыту

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде кәсіпорындардың 90%-дан аса шағын және орта бизнес субъектілерінен құралған, бұл ретте 20%-дан астам сала кәсіпорындары ескі жабдықтармен жабдықталған, олардың жүктемесе


30 – 40 %-ды құрайды.

Жеңіл өнеркәсіптің технологиялық тұрғыдан аграрлық сектормен байланыстылығын ескере отырып, оның дамуы ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды бағыттарын қалпына келтіруге және дамытуға айтарлықтай ықпал етеді, оның арқасында елдің ішкі төлем қабілеттілігі сұранысы және ішкі нарықтың сыйымдылығы артады.

Осы мәселелерді шешуді мемлекеттің тікелей қатысуымен қазақстандық өндірушіні қорғау, контрафактілік және контрабандалық өнімге қарсы күрес, субсидияларды, лизингтік кестелерді, инвестициялық қорларды пайдалану, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша шараларды іске асыру негізінде жүзеге асыру көзделеді.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша жеңіл өнеркәсіпте 1506 кәсіпорын тіркелген, олардан 895 белсенді жұмыс атқаруда, оның ішінде 845 шағын, 32 орта және 18 ірі кәсіпорын.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішінде 58%-ын киім шығаратын кәсіпорындар, 31%-ын тоқыма өнімдерін шығаратын кәсіпорындар, былғары және оған жататын өнімдерді шығаратын кәсіпорындар 11%-ды құрайды.

Жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2014 жылы 63189 млн., теңге, 2015 жылы 71592 млн. теңге, 2014 жылы 79438 млн. теңге құрады.

Жеңіл өнеркәсіптің НКИ-і 2016 жылы 99,1%, 2015 жылы – 103,6%, 2014 жылы – 104% құрады.

2014-2016 жылдары аралығында 13,9 млрд. теңгеге 19 аумақтық жоба іске асырылған, өнімдерді шығаратын өндірістің үлесі - 12% (26 млрд. теңге).


Экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру

Экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесі жаппай қырып-жоятын қаруды жасау, оны тасымалдау, қару-жарақ және әскери техниканы жасау, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолданылуы мүмкін өнімдердің экспорт, импорт және транзитті жүзеге асыру рұқсат ету механизміне негізделген. Экспорттық бақылау жүйесіне еліктірілген мемлекеттік органдармен (ҰҚК, ҚМ, СІМ, ІІМ және т.б.) келісу бойынша лицензияны (рұқсатты) беру немесе беруден бас тарту жайлы шешім сыртқыэкономикалық операциялармен байланысты кешенді бағалау негізінде қабылданады.

2015, 2016 жылдары 7037 және 6729 сәйкесінше рұқсатнамалық құжат берілген, (экспорт/импортқа лицензия, кепілдік міндеттеме (түлкілікті пайдаланушы сертификаты), транзитке рұқсатнама, ҚР территориясы шеіберінде өнімді қайта өңдеуге рұқсатнама, тауарлар, технологиялар, жұмыстар, қызметтер, ақпараттардың экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру).

Рәсімнің айқындығын, сондай-ақ рұқсат құжаттарды алуға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі толық автоматтандырылған, яғни оларды «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесі арқылы қағаз және электронды нысанда көрсету қарастырылған.



Қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалау өндірістің көмір, тау-кен рудасы, металлургиялық, мұнай өндіруші мұнай шығаратын, газ өңдейтін, мұнай-химия, химия, геологиялық барлау салаларының қауіпті өндіріс объектілерінде, атом энергиясын пайдалану объектілерінде, қазан шұңқыр-газ шаруашылығының, қопарғыш жұмыстар, барлығы 9249 кәсіпорында 230733 қауіпті өндіріс объектілерін және қауіпті техникалық жабдықтарын пайдаланатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында шағын, орта бизнес үшін әкімшілік тосқауылды төмендету бойынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, 6 электрондық форматта беріледі.

Қазіргі заманғы халықаралық стандарттар мен технологиялық талаптарға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздіктін барлық салалар бойынша 26 қағидалар енгізілген.

Тұрақты негізде өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі инспекторлардың біліктілігін арттыру жүргізіледі.
Жергілікті қамтуды дамыту үшін жағдайы жасау

Жергілікті қамту мониторингінің барлық субъектілерінің сатып алуларында жергілікті қамтудың үлесі 2014 - 2016 жылдар аралығында 5,6% құрады.

2016 жылдың қорытындылары бойынша 2015 жылдың қорытындыларымен салыстырғанда тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді жалпы сатып алу 948,9 млрд. теңгеге жоғарылады (2015 жылдың ішінде – 8 416 млрд. теңгеге), жергілікті қамтудың үлесі 0,1%-ға өсті.

Сонымен бірге, интеграция жағдайында жергілікті қамтуды мониторингілеуге тыйым салынбаған.



Экономика салаларының энергия тиімділігін арттыру

Еліміздің ірі энергия тұтынушыларының мемлекеттік энергетикалық тізілімін құру «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі нормасы болып табылады. Тізілімнің негізін еліміздің 70%-дан астам электр энергиясын тұтынатын өнеркәсіп секторы құрайды (мысалы, тұрғындар – 15%, көлік секторы – 5%). Өнеркәсіп секорынының 50 ірі кәсіпорны еліміздің жалпы энергия тұтынуынан 36,7% тұтынады (14 842 731 963,1 кВт*сағ ээ. сомасы мөлшерінде 18,6% елдің тұтынуын «ERG» Корпорациясы, «Қазақмыс» ЖШС, «Қазцинк» АҚ және «АрселорМиттал» АҚ құрады).

Мемлекеттік энергетикалық тізілімді (бұдан әрі – МЭТ) қалыптастыру және жүргізу бойынша 2016 жыл ішінде МЭТ субъектілерінің жалпы саны
6 066 субъектіні құрады.

Заңнамаға сәйкес 2203 заңды тұлға энергетикалық аудит жүргізіп қорытындылары бойынша бес жылдық энергия үнемдеу жоспарын әзірлеуі және іске асыруы тиіс. Мемлекеттік энергетикалық тізілім (МЭТ) субъектілерінің іске асырылған энергия үнемдеу жоспарларының саны 2016 жылы – 335 бірлік, 2015 жылы – 170 бірлік, 2014 жылы – 20 бірлікті құрады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің энергия сыйымдылығы көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 4%-ға төмендеп, 2000 жылдың бағасына 1,18 тнэ/мың АҚШ долл. немесе 96% құрады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің энергия сыйымдылығы көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 87,5% құрады (2000 жылдың бағасына 1,47 тнэ/мың АҚШ долл.)

Энергия үнемдеу саясатын және энергия тиімділігін арттырудың дамыту келесі кезеңі «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» мойындалған халықаралық энергосервистік шарттар арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторлар тарту 59-қадамын іске асыру болып табылады. Қадам шеңберінде жеке шығындарын өтей отырып, энергия үнемдеу саласында кешенді қызмет көрсету үшін жекеменшік энергия сервистік компанияларды дамытуды ынталандыру және іс жүзінде энергетикалық шығындарды үнемдеуден қаржылай пайда табу бойынша міндет қойылды.

Энергия үнемдеу саласы дамытудың басым бағытына өнеркәсіптік секторда энергия тиімділігінің арттыру, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік секторы, сонымен бірге энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру саласына инвестицияларды тарту және энергия тиімділік бойынша қаржыландырудың тиімді шараларын әзірлеу жатады.

Сондай-ақ, энергия үнемдеу әлеуеті энергетика секторында орналасқан. Энергетика бастапқы энергия ресустарының негізгі тұтынушысы болып табылады.

Көліктің тез даму қарқыны мотор майы және электр энергиясын деген қажеттілікті ұлғайтады. Осыған байланысты, көлік секторында жүргізілетін энергия үнемдеу саясаты ең төмен энергетияның жұмсалуы кезінде жүк және жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мақсатында көліктік құралдарын жетілдіру құрылымын жетілдіру аса маңызды болып саналады.



Инвестициялық ахуалды жақсарту, оның ішінде экономиканың шикізат емес секторына ТҰК тарту

Индустриялық дамытудың инвестициялық қамтамасыз етуі елдің индустриялық-инновациялық дамуына елеулі әсер етеді.

2014-2016 жж. кезеңінде Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны (бұдан әрі - ТШИ) 59,6 млрд. АҚШ долл. құрады (оның ішінде 2014 ж.. – 23,7 млрд. АҚШ долл., 2015 ж. – 14,8 млрд. АҚШ долл. және 2016 ж. – 21 млрд. АҚШ долл.).

Салалық тұрғыда олардың ішінде ең үлкен үлес кен өндіру өнеркәсібіне – 31,9 % (2014 ж. – 8,4 млрд. АҚШ долл., 2015 ж. – 3,5 млрд. АҚШ долл. және 2016 ж. –


7,2 млрд. АҚШ долл.),
кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметіне – 27,4 %
(2014 ж. – 5,6 млрд. АҚШ долл., 2015 ж.. – 5,5 млрд. АҚШ долл. және 2016 ж. –
4,9 млрд. АҚШ долл.),
өңдеу өнеркәсібіне -17,4 % (2014 ж. – 3,7 млрд. АҚШ долл.,
2015 ж. – 2,6 млрд. АҚШ долл. және 2016 ж. – 4,1 млрд. АҚШ долл.),
көтерме және бөлшек саудаға – 11,1 % (2014 ж. – 2,8 млрд. АҚШ долл., 2015 ж. – 1,5 млрд. АҚШ долл. США және 2016 ж. – 2,3 млрд. АҚШ долл.) келеді.

Негізгі экспорттық шикізаттық айқындамаларға бағаның төмендеуіне байланысты ТШИ ағынының төмендеуі байқалды.

Бұл ретте 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (23,7 млрд. АҚШ долл.) жалпы ТШИ ағынының көлемі 2016 жылдың ішінде 11,5%-ға төмендеді және 21 млрд. АҚШ долл. құрады.

Бұл ретте, бірқатар салаларда ТШИ төмендеуіне қарамастан, 2016 жылы 2014 жылмен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібінде химия өнеркәсібі өнімдернің өндірісінде ТШИ 4,8 есе (2016 ж. – 173 млн. долл., 2014 ж. – 35,9 млн. долл.), тоқыма, киім және тері өндіруде 2,8 есе (2016 ж. – 16,8 млн. долл., 2014 ж. – 6,1 млн. долл.), көлік құралдары мен жабдықтарын өндіруде 2,4 есе (2016 ж. – 20,8 млн. долл., 2014 ж. – 8,6 млн. долл.) және металлургия өнеркәсібінде 1,2 есе (2016 ж. – 3,5 млрд. долл., 2014 ж. – 3 млрд. долл.) өсті.


Анықтама:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2017 жылғы
1 жартыжылдықта жалпы ТШИ ағыны 10,5 млрд. долл. құрады және өткен жылғы сәйкес кезеңмен (9,6 млрд.долл.) салыстырғанда 8,6 %-ға өсті.


Жалпы ТШИ ағынының едәуір өсімі сауда – 54,2%-ға (1,3 млрд. долл.), тау-кен өнеркәсібінде – 2,2 есе (5,7 млрд. долл.) өңдеу өнеркәсібінде – 46,7%-ға (2,4 млрд. долл.), көлік – 10,3%-ға (308,4 млн.долл) байқалады.

Ауыл шаруашылығында ТШИ оң ағыны байқалады – 14,3 млн. долл. (2016 жылғы
1 жартыжылдықта 3,3 млн. долл.)


ТШИ ағынының едәуір төмендеуі келесі секторларда:

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 95%-ға (151,2 млн.долл.) (геологиялық барлауға 95,3%-ға төмендеу);

- ақпарат және байланыста – 94,2 %-ға (21,7 млн. долл.).

Бұл ретте, өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларында ТШИ ағаш және қағаз бұйымдарын өндіруде – 2,8 есе, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде – 4,6 есе, металлургия өнеркәсібінде – 40,5%-ға, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіруде 32,3%-ға өсті.

Өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларында ТШИ машиналар мен жабдықтарын өндіруде –70,7%-ға, фармацевтикалық өнімдерді өндіруде – 45,7 %-ға, химия өнеркәсібінде – 15,4 %-ға төмендеді.

Бұл ретте өңдеу өнеркәсібінің инвестиция құрамындағы үлесі
16,9 %-дан (2016 жылғы 1 жартыжылдықта) 22,8 %-ға (2017 жылғы
1 жартыжылдықта) өсті.


Елдік тұрғыда ТШИ едәуір жоғары көлемі келесі елдерге тиесілі: Нидерланды
(3,1 млрд. долл.), АҚШ (2,3 млрд. долл.), Швейцария (1,2 млрд. долл.), Қытай
(495,3 млн. долл), Ресей (444,6 млн. долл.), Бельгия (646,4 млн. долл.), Франция
(415,6 млн. долл.), Корея (246,8 млн.долл.), Ұлыбритания (245,2 млн.долл.) алады.

Жаңа экономикалық шынайлылық – дамушы елдерден капиталдың кетуі және негізгі экспорттық шикізаттық айқындамаларға бағаның төмендеуі кезінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында экономиканың шикізаттық емес секторында өнеркәсіпті дамыту үшін инвестициялардың жаңа көздерін іздеу мақсаты тұр.

Инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатымен инвесторларды қолдау бойынша айтарлықтай шаралар қолданылады, оның ішінде:

- инвестициялық преференцияларды, заңнаманың тұрақтылығын қарастыратын ынталандыру пакеті енгізілді ;

- визалық және көшіп-қону тәртібін жақсартуға, шетелдік жұмыс күшін әкелуге, салық және кеден заңнамасын және т.б. жетілдіруге бағытталған инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі егжей-тегжейлі жоспар қабылданды;

- 2016 жылдан бастап ИДМ инвесторларға арналған, олар инвестициялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік қызметтер алу мүмкіндігіне ие болатын «бір терезе» болып табылады. Сонымен қатар, «бір терезе» Қазақстанның барлық облыстық орталықтарында құрылды;

- инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін инвестициялық омбудсмен жұмыс істейді;

- ТҰК қатысуымен ірі инвестициялық жобалар бойынша жұмысты үйлестіретін Үкімет кеңесі құрылды. Сонымен қатар, жергілікті деңгейде мәселелерді шешу үшін әкімдердің жетекшілігімен барлық өңірлерде инвестицияларды тарту бойынша кеңестер құрылды.

Елбасының Қазақстан халқына 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары және «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспары - 100 қадам» шеңберінде одан әрі инвестициялық ахуалды жақсарту және ТҰК тартуға ерекше назар аударылатын болады.


Қазақстан Республикасының Индустрияландыру картасы

Индустрияландыру картасы шеңберінде 2014-2016 жылдар ішінде


2,3 трлн. теңге сомасына 405 жоба енгізіліп, 34,4 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

Оның ішінде 2016 жыл 878 млрд. теңге сомасына 130 жоба енгізіліп,


10 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

2014-2016 жылдар ішінде енгізілген жобалармен 5 трлн. теңге сомасына өнім өндірілді. Орташа алғанда енгізілген жобалармен ай сайын 140 млрд. теңгеден астам сомаға өнім өндіріледі.

ЖІӨ өсіміндегі Карта жобаларының салымы 2015 жыл ішінде 1,2 %-дан
0,39 пайыздық пунктін құрады (2014 жылы – 4,1 %-дан 0,79 п.п., 2013 жылы -
6 %-дан 0,8 п.п.).
Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту

Арнайы экономикалық аймақтар экономикалық өсу нүктесі болып табылады және өзінің орналасқан өңіріне де, сондай-ақ жалпы елдің экономикасына да оң әлеуметтік-экономикалық әсер береді.

Қазақстанда 11 АЭА құрылған 2017 жылға дейін АЭА инфрақұрылымдарын дамыту үшін республикалық бюджеттен
274,5 млрд.теңге, ұлттық компания қаражаттарынан 41,8 млрд.теңге бөлінді.
Инфрақұрылым құрылысы бүгінгі күнде:


  • 5 АЭА-да толық аяқталған («Сарыарқа» АЭА, «Оңтүстік» АЭА, «Қорғас» ШЫХО» АЭА, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА (бұдан әрі - «ИТП» АЭА);

  • 3 АЭА-да инфрақұрылым құрылысы аяқталу сатысында, аяқталуы 2017-2018 жылдарға жоспарланған («Астана - жаңа қала» АЭА, «Ақтау теңіз порты» АЭА, «Тараз химия паркі» АЭА (бұдан әрі - «Тараз Химпаркі» АЭА);

  • 2 АЭА-да құрылыс жүргізілуде, аяқталуы 2019-2020 жылдарға жоспарланған («Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА (бұдан әрі - «ҰИМТ» АЭА), «Павлодар» АЭА).

Жұмыс істеп тұрған, АЭА аумақтарында 157 өндіріс жұмыс істейді және 76 жоба іске асырылу сатысында.

АЭА қатысушыларымен 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін 410,5 млрд.теңгеге инвестициялар жүзеге асырылды. 2014 жылы – 108,8 млрд.теңге, 2015 жылы – 198,6 млрд.теңге, 2016 жылы – инвестициялар көлемі 103,1 млрд.теңгені құрады.

АЭА жұмыс істеу кезеңінде АЭА қатысушыларымен шамамен 11 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

АЭА жұмыс істеу кезеңінде АЭА қатысушыларымен төленген салық төлемдерінің жалпы сомасы 107 млрд.теңгені құрады.

2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында инфрақұрылымды дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы әзірленді (бұдан әрі - Бағдарлама).

Бағдарлама шеңберінде басымды міндет «ҰИМТ» және «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымының құрылысын болып аяқтау табылады.



Ұлттық инновациялық жүйенің дамуына жәрдемдесу

Мемлекет Қазақстан Республикасының стратегиялық маңызды бағыттарының дамуы ретінде тарапынан жүргізіліп жүйелі күштің нәтижесінде инновациялық даму анықталды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика бойынша комитетінің деректері бойынша 2016 жылы – 9,3% (2879 кәсіпорын), 2015 жылы – 8,1% (2585 кәсіпорын), 2014 жылы - 8,1% (1940 кәсіпорын) құрады.

Соның ішінде өнім және процесс инновациясы бойынша 2016 жылы 5,6% деңгейінде қалды (1743 кәсіпорын), 2015 жылы да белсенділік 5,6%-ды (1781 кәсіпорын), 2014 жылы – 5,4% (1303 кәсіпорын) құрады.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың ішкі шығыны 2016 жылы 66600,1 млн. теңгені құрады (2015 жылы - 69302,9 млн. теңге, 2014 жылы – 66347,6 млн. теңге), оның ЖІӨ үлесі - 0,14%.

Өнім және процесс инновациясына арналған (технологиялық инновацияға шығындар) шығындар 2016 жылы 1528645,9 млн. теңгені құрады (2015 ж. – 655 361 млн. теңге, 2014 жылы – 434 602,4 млн. теңге).

2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда инновациялық өнімнің көлемі 68579 млн теңгеге ұлғайып, 445775,7 млн. теңгені құрады (2015 ж. – 377196,7 млн. теңге, в 2014 ж. – 580 386 млн. теңге).

Инновациялық өнімнің ЖІӨ-ге үлесі 2016 жылы 0,95% құрады, 2015 жылы – 0,92%, 2014 жылы – 1,46%.


Техникалық реттеу және метрология ұлттық жүйесінің халықаралық жүйемен сәйкестік деңгейін арттыру

Индустриялдық-инновациялық даму үшін жағдай жасау техникалық реттеу және метрология жүйесін дамытумен тығыз байланысты.

2016 жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорында стандарттау жөніндегі нормативтік құжат шамамен 69500–ге жетеді, (олардың қатарында: ҚР СТ ұлттық стандарттар – 6842, ГОСТ мемлекетаралық стандарттар – 24613), 2015 жылғы 15 желтоқсанмен салыстырғанда стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың саны 1000-ға артты.

Экономиканың басым салаларын дамыту мақсатында жыл сайын Қазақстан Республикасының Индустрияландыру картасына кірген кәсіпорындарға сервистік қызмет көрсетуге және Кеден одағының техникалық регламенттеріне дәлелдеу базасын жасауға бағытталған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар әзірлеуді қарастыратын Мемлекеттік стандарттау жоспары қалыптастырылады.

Жыл сайын менеджмент жүйесін сертификаттаған және енгізген кәсіпорындардың, оның ішінде экспортқа бағытталған кәсіпорындардың саны ұлғаюда. 2016 жылғы 30 қаңтардағы жағдайы бойынша ИСО халықаралық стандарттарының негізінде 9674 кәсіпорын сертификатталды, 2015 жылмен салыстырғанда менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындардың саны 992-ге артты.

Республиканың эталондық базасының эталондары мен эталондық жабдықтарының саны 101 бірліктен тұрады, оның ішінде мемлекеттік эталондар - 52, жұмыс эталондары - 49, бұл отандық экономиканың мүдделерін толық көлемде қамтамасыз етеді.

Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеу жөніндегі (ILAC және IAF) халықаралық ынтымақтастықты тану бойынша көпжақты келісімдердің қол қоюшысы, сондай-ақ аккредиттеу жөніндегі Азиялық-Тынық мұхиттық ынтымақтастықтың (PAC) толық құқылы мүшесі болып табылады және ИСО/МЭК 17011 «Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды бағалауды және аккредиттеуді жүзеге асыратын органдар. Негізгі талаптары» халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келеді.

СРО және СЗ-ларын Кеден одағының СРО және СЗ бірыңғай тізіліміне енгізу тәртібі туралы ережеге сәйкес Кеден одағының техникалық регламенттері бойынша СРО және СЗ бірыңғай тізілімінің (бұдан әрі – КО ТР) өзектендірілген қазақстандық бөлігіне 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша КО ТР сәйкестікке өзектендірілген 81 СРО және 228 СЗ енгізілді, 2014 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 8 СРО және 84 СЗ-ға артық.


Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін жоғарылату

2014-2016 жылдары жоспарлы түрде аудандардың геологиялық құрылысын зерттеуделеуге және пайдалы қазба кен орындарын болжауға бағытталған және жерасты суларын іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу негіздемесі үшін ауданды геологиялық жете зерттеулер (АГЖ-200), кенді аудандарды геологиялық минерагенді карталау (ГМК-200), 1:200 000 масштабта тереңдікті геологиялық карталау (ТГК-200), инженерлік-геологиялық зерттеулер, гидрогеологиялық жете зерттеулерді қамтитын аймақтық геологиялық зерттеулері жүргізілді.

2014 жылы АГЖ-200 бойынша 5 объектіде жұмыс аяқталды, барынша перспективті аудандар бойынша болжамды ресурстар бағаланды: алтын -375,4 тонна, мыс – 31,5 млн.тонна, полиметалдар(қорғасын және мырыш) – 13,0 млн.тонна; молибден – 230,5 мың тонна; темірлі-марганецті руда – 268,3 млн.тонна. Сондай-ақ, АГЖ -200 бойынша 6 жаңа объектіде жұмыс басталды.

2016 жылы АГЖ-200 бойынша 6 объектіде жұмыс аяқталды, нәтижесінде келесі болжамдық ресурстар бағаланды: алтын – 1,8 тонна, мыс – 23,3 млн.тонна, полиметалдар – 0,9 млн.тонна, қалайы – 98,5 мың тонна, вольфрам – 457,8 мың тонна, никель – 1,2 млн. тонна, темір кендері – 4,6 млрд.тонна және т.б.

2014 жылы ГМК-200 бойынша 2 объектіде жұмыс аяқталды, нәтижесінде келесі болжамдық ресурстар бағаланды: алтын – 103 тонна, мыс – 0,7 млн.тонна, қорғасын -7,4 млн.тонна, мырыш – 7,4 млн.тонна, молибден – 0,2 млн.тонна, темір кендері – 1172,0 млн.тонна, ванадий, сирек жерлер.

2016 жылы ГМК-200 бойынша 1 объектіде жұмыс аяқталды, нәтижесінде келесі болжамдық ресурстар бағаланды: алтын – 3,5 тонна, мыс – 5,4 млн.тонна, полиметалдар – 0,9 млн. тонна.

2014 жылы ГГК-200 бойынша 2 объектіде жұмыс аяқталды, нәтижесінде келесі болжамдық ресурстар бағаланды: алтын – 450 тонна, полиметалдар – 4,5 млн. тонна, темір кендері – 430,0 млрд.тонна.

2016 жылы ГГК-200 бойынша 2 объектіде жұмыс аяқталды, нәтижесінде келесі болжамдық ресурстар бағаланды: вольфрам – 1,8 млн. тонна.

Алдыңғы үш жылмен салыстырғанда, жұмыс көлемі және нысаналы индикаторға қол жеткізу жөніндегі жұмыс нәтижесі 2014-2016 жылдарда АГЖ-200, ГМК-200 және ТГК-200 бойынша алдыңғы деңгейде қалады.

2012-2016 жылдар аралығында 1:200 000 масштабты инженерлік-геологиялық зерттеулермен гидрогеологиялық жете зерттеуде: Орталық, Солтүстік және Оңтүстік, Шығыс және Батыс Қазақстанның шекаралы аймақтарында, жерасты тұщы су тапшы аудандар мен қарқынды техногенді жүктерді сезінетін аймақтарда ауданы 50,9 мың шаршы км.болатын ауданда 10 нысанда жұмыс аяқталды.

Минералды-шикізат базасын, жер қойнауын тиімді және кешенді пайдалану мақсатында 2014 жылы қатты пайдалы қазбаларды іздеу, іздеу-бағалау және жерасты суларына іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді. Іздеу жұмыстары 2014 жылы 4 объектіде аяқталды. Жұмыстар нәтижесінде болжамдық қорлар бағаланды: алтын – 54,1 тонна, мыс – 4,8 млн.тонна, молибден – 15,1 млн.тонна.

2016 жылы 6 жаңа нысанда іздеу жұмыс аяқталды, нәтижесінде келесі болжамдық ресурстар бағаланды: алтын – 46,1 млн.тонна, мыс – 11,4 млн.тонна, полиметалдар – 0,4 млн. тенге.

2014 жылы 16 учаскеде іздеу-бағалау жұмыстары аяқталды, нәтижесінде С2 категориясы бойынша қорлар есептелді: алтын – 24,7 тонна, күміс – 632,4 тонна, мыс – 1,3 млн.тонна, қорғасын – 151,3 мың тонна, мырыш – 310,2 мың тонна; молибден – 19,2 мың тонна, сондай-ақ болжамдық ресурстар бағаланды, барлығы: алтын – 48,7 тонна, мыс – 1,0 млн.тонна, мырыш – 1,0 млн. тонна, титан – 442,0 мың тонна.

2016 жылы 6 жаңа нысанда іздеу-бағалау жұмыстары аяқталды, нәтижесінде келесі болжамдық ресурстар бағаланды: мыс – 0,9 млн.тонна, полиметалдар – 1,1 млн. тенге.

Алдыңғы үш жылмен салыстырғанда, жұмыстар көлемі және арнаулы индикаторлар 2014-2016 жылдар іздеу және іздеу-бағалау жұмыстары бойынша жұмыстар нәтижесі алдыңғы деңгейде қалады.

2016 жылы қатты пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің болжамды ресурстары бағалау жүргізілді: алтын – 1,9 мың тонна, мыс – 41 млн.тонна, полиметалдар - 3,4 млн.тонна.

Жерасты суларының мемлекеттік желісінің 4345 пунктінде, жер сілкінудің гидродинамикалық нышанын зерттеу жөніндегі 12 постта, жерасты суларының техногенді ластананған 5 полигонында, қауіпті геологиялық процесстерге 39 постта және 2 полигонда жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестеріне мониторинг жүргізілуде.

2014 жылы жер қойнауын пайдаланушылар есебінен қорларды ұлғайту бойынша жер қойлауына мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижесінде төмендегі пайдалы қазба қорларының өсімі анықталды: алтын (103,2 т), уран (109,2 мың.тонна), молибден (37,9 мың. тонна), мыс (3 469,7 мың.т), қорғасын (4,75 мың.т), мырыш (29,22 мың.т), күміс (1 239,8 мың.т), күкірт (9,9 мың.т), марганцті рудалар (147,3 мың.т), кадмий (157,4 т), калий тұздары (330 118,0 мың.т), мұнай (117 987 мың.т), газ (126 293 млн. м3), конденсат (86 705 мың.т), техникалық сулар (49 613 мың.м3/тәу.).

2015 жылы жер қойнауын пайдаланушылар есебінен қорларды ұлғайту бойынша жер қойлауына мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижесінде төмендегі пайдалы қазбалар қорларының өсімі анықталды: алтын (60 760,07 т), күміс (7 855,49 мың.т), мыс (3 005,17 мың.т), темір кендері - (1 038 853,7 мың. тонна), молибден (33 540,5 мың. тонна), никель – (6,4 мың. тонна), уран (3 267,59 мың.тонна), мұнай (83 383,3 мың.т), газ (18 807,2 млн. м3), конденсат (3 693,0 мың.т), техникалық сулар (123,582 мың.м3/тәу.).

Қазақстан Республикасының минералды-шикізат қорының ағымдағы жай-күйі және елдің геологиялық қызметінің даму туралы мемлекеттік органдарды анықтамалық-талдамалық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасына 2014 жылы мониторинг жүргізу бойынша елдің анықтамалық-талдамалық жүйе 2009-2014 жылдар аралығында қатты пайдалы бойынша қазба, мұнай, конденсат, газ және жерасты суларының 35 түрі бойынша жаңа мәліметтермен толықтырылды Қазақстан Республикасының аумағында көмірсутек шикізаты, қатты және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша мониторингтік карталар жаңартылды және қолданысқа шығарылды, республикадағы минералды шикізат ресурстарын пайдаланылуы мен жағдайы туралы анықтамалық жасалды. «Геология және жер қойнауын қорғау» журналының төрт номері баспаға шығарылды.

Қазақстан Рсепубликасының минералды-шикізат базасын мониторингілеу бойынша 2015 жылы мындай жұмыстар жалғастырылды: Көкшетау орта массиві мен оның жиегінің ірі алтын-уранды, сирек металды және алмазды аймағының перспективасын бағалау бойынша; Қазақстандағы геологиялық барлау жұмыстарын негіздеу, технологиялық қамтамасыз ету және нәтижелілігі бойынша материалдарды жинақтау және талдау (соның ішінде - шетелдік) бойынша; пайдалы қазбалардың 8 түрі бойынша кен орындары мен кеніштердің анықтамалығын дайындау бойынша.

3 нысан бойынша: көмірсутек шикізаты, қатты және кең таралған пайдалы қазбалардың лицензиялық және тендерлік нысандары бойынша жаңартулар және мониторингті карталарды дайындау бойынша; қатты және кең таралған пайдалы қазбалар, мұнай конденсат, газ және жерасты суларының 35 түрі бойынша Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасының анықтамалық-талдамалық жүйесін (ААЖ) жаңа деректермен толықтыру бойынша жұмыстар аяқталды. Есептер «Қазгеоақпарат» РГАО геологиялық қорына берілді.

2016 жылы жер қойнауын мемлекеттік сараптау нәтижесінде келесі пайдалы қазбалар қорлары өсімі алынды: алтын (26176,98 кг), мыс (1581,8мың тонн), қорғасын (36,4 мың тонн), күміс (13718,8 тонн), титаномагнетитті кен (226100,0 мың тонн), көмір қыртысындағы метан (1722,7 млн.м3), мұнай (48861,1 мың тонн), конденсат (400,3 тыс.тонн), термальды жер асты сулары (13,5 мың м3/тәул.).

2016 жылы Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасын мониторингілеу бойынша: Көкшетау орта массиві және оның жиегінің перспективасын бағалау бойынша ірі алтын-уранды, сирек металды және алмазды аймақ; Қазақстандағы геологиялық барлау жұмыстарын негіздеу, технологиялық қамтамасыз ету және нәтижелілігі бойынша материалдарды жинақтау және талдау (соның ішінде - шетелдік) бойынша; пайдалы қазбалар түрлері бойынша кен орындары мен кеніштердің анықтамалықтарын (24) дайындау бойынша жұмыстар аяқталды. Есептер «Қазгеоақпарат» РГАО геологиялық қорына берілді.



Жер қойнауын пайдалану.

Пайдалы қазбалардың қорлары бойынша Қазақстан әлемде келесі орында, бірінші - хромиттер (38%) екінші – уран (19%), үшінші – марганец (30%), үшінші – қорғасын (10,1%), төртінші – мырыш (9,5%), алтыншы – темір (6%), жетінші – көмір (4%), сегізінші – мыс (5,5%), он екінші орын - мұнай (1,8%), он төртінші орын – бокситтер, он төртінші орын – алтын, жиырма бірінші – газ кемінде - 1%.

Қатты пайдалы қаталар бойынша жер қойнауын пайдалану объектілерінің жалпы саны:

2014 жылы (ҚПҚ)-432 (барлау-123, өндіру-191, барлау/өндіру-118), жерасты сулары (ЖС)-186 – (барлау-6, өндіру-170, барлау/өндіру-10).

2015 жылы (ҚПҚ) - 478 (барлау-173, өндіру-190, барлау/өндіру-115), жерасты сулары (ЖС)-180 – (барлау-2, өндіру-167, барлау/өндіру-11).

2016 жылы (ҚПҚ) -538 (барлау-238, өндіру-187, барлау/өндіру-113), жерасты сулары (ЖС) -1180 – (барлау-2, өндіру-167, барлау/өндіру-11).

Жер қойнауын пайдаланудың минералдық шикізат кешеніне 2012-2016 жылдар аралығында салынған инвестициялар 6 318,4 млрд.теңгені құрады, соның ішінде: 2014 жылы - 1 220,9 млрд. теңге, 2015 жылы - 1 269,7 млрд. теңге, 2016 жылы – 1 517,5 млрд. теңге.


жүктеу 1,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау