Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің


) Негізгі проблемаларды талдау



жүктеу 1,04 Mb.
бет2/9
Дата20.11.2018
өлшемі1,04 Mb.
#22410
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Тау-кен металлургия кешенінің саласында саланың дамуын тежейтін, минералдық-шикізат базасының таусылуы, ТМК өнімін тасымалдауға арналған магистральды теміржол желісінің реттелетін қызметіне теміржол тарифтерінің жоғары болуы, тұтынушылар сұранысының төмендеуі, дайын өнімге тапсырыстың жоқтығы, машиналарды, жабдықтарды, механизмдерді импорттаудың жоғары көлемділігі сияқты бірқатар проблемалық мәселелер бар, бұл металл мен метал өнімінің негізгі тұтынушысы машина жасау, құрылғылар жасау және құрылыс индустриясы саласының дамуын тежейді, сонымен қатар білікті кадрлардың, бірінші кезекте орта техникалық буындағы мамандықтар тапшылығына әкеледі.
Отандық машина жасау саласының дамуы мынадай жүйелік сипаттағы бірқатар проблемалармен байланысты:

- қазақстандық кәсіпорындардың төменгі технологиялық және инновациялық әлеуетіне байланысты өнімнің бағасы және сапасы жағынан бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

- жабдықтаушылардың және өзіндік құрамдық базаның экожүйемен дамымағанына байланысты өндірілетін өнімнің қосылған құнының және оқшаулаудың төмен деңгейі;

- кәсіпорындарды дамыту үшін қолжетімді қаржыландырудың жетіспеушілігі, бұл сала өсімінің баяулауына алып келеді;

- техникалық реттеу жүйесі жеткілікті дамымаған;

- қазіргі бар кәсіпорындардың өсімі және жаңа кәсіпорындарды құру үшін білікті кадрлардың тапшылығы.


Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының саласындағы негізгі проблемалар:

- құрылыс материалдары өндірісінің маусымдығы күз-қыз мезгілдерінде кәсіпорындардың жүктемесіне кері әсерін тигізеді, сұраныстың төмендеуі, нәтижесінде саланың жалпы дамуына кері әсері;

- технологиялық жабдықтардың тозуы, нәтижесінде өндірістерді жаңғырту және технологиялық қайта жарақтандыру қажеттілігі.
Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібінің дамуында келесі проблемалар бар:

- саладағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың технологиялық жабдықтарының тозуы, өндірістерді жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру қажеттілігі;

- төмен инвестициялық белсенділік;

- ағаш өңдеу технологиясы саласында білікті мамандардың жетіспеушілігі;

- отандық өнімінің таяу және алыс шет елдерден келетін ұқсас тауарлардың бағасы бойынша бәсекелестікке жарамсыздығы.
Химиялық салада бірқатар жүйелі проблемалар бар:

- электрэнергияға тарифтердің жыл сайын өсуі;

- тауарлық өнімдерді тиеу үшін теміржол вагондарының тапшылығы (жабық және ашық вагондар);

- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ қызмет тарифтерінің тұрақты өсуі (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ);

- Қытай және ЕО-ның отандық фосфор өнім экспортының кедендік бажы;

- өнімдерді ішкі нарыққа сату.


Фармацевтика өнеркәсібі саласындағы проблемалар:

- инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржы қаражатының жоқтығы;

- дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығында ММБ, медициналық техниканың және дәрі-дәрмектердің ұзақ мерзімдері және тіркеу процедурасы;

- жоғарғы білікті кадрлардың жоқтығы;

- ұзақ мерзімді шарттар шегінде жеткізілген өнім үшін төлем ақы 90 банктік күндер арқылы жүзеге асырылады;

- тегін медициналық көмектің кепіл көлемі аясында медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу үшін ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша тетіктің болмауы;

- GMP халықаралық стандарт талаптарына кәсіпорындардың сәйкес келмеуіне байланысты экспорт әлеуетінің төмендігі.
Жеңіл өнеркәсіптің дамуы

Жеңіл өнеркәсіпте бірқатар жүйелі проблемалар бар:

- негiзгi қорлардың едәуiр тозуы және өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмен деңгейi;

- отандық салалық өнімдерді тұтыну үлесінің төмендігі;

- еңбек жағдайларының қолайсыздығына байланысты білікті кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі;

- жүн және былғары шикізат сапасының төмендігі;

- салаға капитал салынымдарының жоқтығы;

- қосылған құны төмен тауарлар экспортының жоғары үлесі;

- отандық брэндтердің іс-жүзінде жоқтығы.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бірқатар проблемалар бар:

- дайындау мен тазалауға арналған забойларды тұрақты желдету, көмір мен жабдықтарды тасымалдаудың технологиялық қауіпсіздік схемасының желдету тұрғысынан алдын ала қаттарды газдандандыру тиімділігі бөлігінде төменгі қабатта жатқан көмір қорын аршу үшін жаңа белдеулер, күрделі қазбалалар мен желдету арналары құрылысының төмен қарқыны;

- тау-кен қазбаларының жай-күйін қауіпсіз жағдайға келтіру жқніндегі жұмыстары жеткіліксіздігі;

- мұнай және газ ұңғымаларында оларды жалпы қорынан саны ұлғайтын тізбекаралық қысымның (ТАҚ) болуы;

- технологиялық жабдықтар тозуының жоғары деңгейі (50-ден - 70%-ға дейін);

- құрылыс құрылымдар элементтері, құрылыстар мен ғимараттар ескірген және өз қабілетін жоғалтады;

- жылу энергиясының тапшылығы.
«Жергілікті қамту» саласында бірнеше проблемалық мәселелер бар:


  • интеграциялық процесстерге байланысты мемлекеттік қолдау шараларлының сандық деңгейінің төмендеуі (Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына және Бірңғай экономикалық Кеңестікке қосылуы);

  • жергілікті кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігінің төмен деңгейі қосылған құны бауында соңғы кезеңдердің жоқтығы;

  • танылатын брэндтың жоқтығы және импортталатын өнімге қатысты төменрек жаңарту мен шығарылатын өнімнің модификация мүмкіндіктері;

  • талап етілген өнімге ұзақ мерзімді тапсырыстарды жасау орнықты тәжірибенің жоқтығы;

  • жергілікті қамту идеологиясын дамытуында бірыңғай стратегиясының жоқтығы;

  • жаһандық қосылған құны баударың құру үшін ұлттық деңгейде өнеркәсіп кооперацияның жоқтығы.

Сонымен қатар энергия үнемдеу саласында бірқатар проблемалар бар:

- жобаларды жүзеге асыру үшін инвестиция мен қаржы құралдарының болмауы;

- энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында білікті мамандардың жоқтығы;

- экономиканың барлық салаларында энергия үнемдеу насихаты мен таратылуының жеткіліксіз деңгейі;

- энергия үнемдеу және энергия тиімділігін ұлғайту мәселелерінде жеткіліксіз хабардарлықтан халықпен электр және жылу энергиясын тиімсіз және рационалды емес пайдалану.


Инвестициялық салада бірқатар проблемалар бар, олардың ішінде:

1) шикізат секторында инвестициялар үлесінің басымдылығы:


2016 жылы кен өндіру өнеркәсібінде инвестициялар үлесі 34,3 % құрады және өңдеу өнеркәсібінде – 18,4 % (негізі мұнай және газ саласында инвестициялар АҚШ және Нидерландыға келеді);

2) инвесторларға қолдау және қызметтер көрсету жүйесінің, сонымен қатар шетелде инвестицияларды тарту саласында халықаралық өкілдіктер желісінің дамымауы;

3) Қытай және Ресеймен салыстырғанда нарық сыйымдылығының аз болуы;

4) мұнай және металл бағаларының әлемдік конъюнктурадан тәуелді болуы.

Осы проблемаларды шешу жолдары:


  • инвестициялық ахуалды ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес жақсарту;

  • қабылданған Қазақстанның инвестициялық стратегиясы;

  • ТҰК тарту бойынша тауашалы жобаларды қалыптастыру;

  • Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттық-презентациялық жұмысты ілгерілету бойынша жұмысты белсендіру;

  • инвесторларға мемлекеттік қолдау шараларын «бір терезе» қағидаты шеңберінде көрсету;

  • инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша инвестициялық омбудсменнің тиімді жұмысы.


Қазақстан Республикасының Индустрияландыру картасы

Жобалар бастамашыларының тиімсіз жоспарлауы, сондай-ақ әлемдік нарық жағдайының нашарлауы салдарларынан Индустрияландыру картасы жобаларының уақтылы іске қосылмауы және жобалық қуатқа қол жеткізбеуі мүмкін.

Индустриялиандыру картасы жобаларының ағымдағы мәртебесі бойынша тұрақты мониторинг жүргізілетін болады.
Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту

Қол жеткізілген белгілі-бір нәтижелерге қарамастан, келесідей проблемаларды жоюға қатысты арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет:



  • АЭА басқарушы компаниясы болып табылмайтын, әртүрлі ұйымдармен жүзеге асырылатын инфрақұрылым объектілері құрылысының уақытылы аяқталмауы және қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

  • АЭА әркелкі институционалдық дамуы;

  • АЭА жұмыс істеуі, сонымен қатар АЭА аумағында жеңілдетілген салық салу бөлігінде, АЭА қызметін реттейтін заңнамада олқылықтар мен коллизиялардың болуы.

Дамыған көлік және инженерлік инфрақұрылымдар болмаса АЭА экономикалық өсу нүктесі ретінде дамуы мүмкін емес. АЭА аумағына әлеуетті инвесторларды тартуда негізгі кедергі инфрақұрылымның болмауы немесе оның жетіспеу болып табылады.

АЭА дамыту бойынша Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, халықаралық деңгейдегі сарапшы – мемлекеттің қатысуымен «JURONG» сингапурлық компаниясы тартылды. Аталған ұйым барлық АЭА қызметіне, қаржыландыру құрылымына, жоспарлауға, сонымен қатар АЭА-дың қолданыстағы заңнамасына талдау жүргізді. Барлық АЭА-да басқару және инвесторлармен жұмыс істеудің халықаралық стандарттарын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні бұл жұмыспен Бірыңғай үйлестіру орталығы айналысады (БҮО).


Ұлттық инновациялық жүйенің дамуына жәрдемдесу

Тікелей шетелдік инвестициялар (бұдан әрі - ТШИ) ағынын артуы және өндірістің тез дамуы, елдің табиғи ресурстарын тиімді қолдануға ықпал еткен озық индустриялық саясат нәтижесінің негізінде Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері күрделі экономикалық өсімге өзгерді. Сонымен бірге:

- инновацияны құраушылардың және инновацияны өнеркәсіпте, университеттерде және мемлекеттік секторда қалай дамыту туралы толық түсініктің болмауы;

- отандық білім жүйесінің қарқынды индустрияландырудың талаптарына және экономиканың жоғары технологиялар секторларын дамыту бойынша міндеттерді орындауға дайынсыздығы;

- инновация жолында әкімшілік кедергілер;

- инновацияға сұранысты қамтамасыз етудің тиімді тетігінің болмауы;

- жеке сектордың инновацияда болмашы қатысуы, сондай-ақ инновациялық шағын компанияларды қаржыландыру үшін венчурлық капитал нарығының дамымағандығы.

Осының барлығы жиынтықта инновацияның экономиканың дамуындағы үлесін елеулі шектейді.


Техникалық реттеу және метрология саласында оң өзгерістермен қатар Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорында (бұдан әрі – НТҚ) НТҚ Бірыңғай қорын қалыптастыру және жүргізу бойынша салалық ведомстволардың төмен қызығушылықтары орын алған.

Жыл сайын қор НТҚ-ның көп санымен толықтырылады, осыған байланысты қолданыстағы ақпараттық жүйелерді жаңарту және одан әрі дамыту арқылы құжаттардың өзін және қордың жұмыс жасауын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелердің ақпараттық қорғалуын қамтамасыз ету қажет.

Сонымен қатар, менеджмент жүйесін енгізуге кәсіпорындар қызығушылығының төмендігі, менеджмент жүйесінің жаңа бағыттары бойынша сарапшы-аудиторлардың жетіспеушілігі және тиімсіз қарау сияқты проблемалар бар.

Экономиканың, сонымен қатар ғылым мен техниканың дамуы өлшем құралдарының қолданылатын паркін үнемі жаңартуды қажет етеді.Бұл ретте жаңарту өлшеу ауқымдарын кеңейту және өлшеу дәлдігін жоғарылату жағына қарай болады. Осыған байланысты, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне тиесілі бірқатар бастапқы эталондар, сондай-ақ жұмыс өлшем құралдары жыл сайын салыстырып тексеруге республикадан тыс шығарылады. Мұндай жағдай отандық өнімдердің әлемдік нарыққа шығуын тежейді, өзінің бастапқы эталондары мен жұмыс өлшем құралдарын салыстырып тексеруге мәжбүр болған басқа елдерге республиканың техникалық және экономикалық тәуелділігін қалыптастырады.

Саудадағы техникалық кедергі/ санитариялық және фитосанитариялық (бұдан әрі – СТК/СФС) жөніндегі ақпараттық орталықтың жұмыс істеуі шеңберінде мынадай проблемалар бар:

1) Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының барлық ДСҰ-ға мүше елдер қабылдаған қағидалар мен техникалық нормаларды зерделеуге мүдделі еместігі;

2) мүдделі мемлекеттік органдардан және кәсіпорындардан хабарламаларда көрсетілген толық мәтінді құжаттарды ұсыну туралы сұраулардың төмен деңгейде екені байқалады.

Кеден одағының бірыңғай нарығын құрудың және оның жұмыс істеуінің іргетасы тауарлардың еркін алмасуы болып табылатынын атап өту қажет. Халықаралық саудада техникалық кедергілердің болуы Кеден одағына қатысушы елдер өнімінің сыртқы нарықтарға шығуы үшін де, отандық тұтынушылардың шетел өнімдеріне қол жеткізуі үшін де кедергі жасайды. Саудада техникалық кедергілерді жою тетіктері сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тануға негізделеді.

Бұдан басқа, техникалық реттеу саласында тәжірибелі мамандардың жетіспеуі, техникалық регламенттерді бейімдеу мен енгізудің тиісті деңгейде жүргізілмеуі, мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастыру кезінде нормативтік құжаттарды әзірлеуге ұсынылатын жинақтардың болмауы (жалпы техникалық талаптар, сынақтар әдістері), техникалық регламенттерді әзірлеу кезіндегі нәтижелерін пайдалану үшін ғылыми негізделген статистикалық деректер мен сынақтардың болмауы сияқты өткір мәселелер тұрғанын атап өту қажет.

Техникалық реттеу және метрология ұлттық жүйесінің халықаралық жүйемен сәйкестік деңгейін арттыру.

Техникалық реттеу және метрология саласының басым бағыты өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушыларды өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу және бәсекеге қабілетті өнім өндіруге жағдай жасау және оны халықаралық және өңірлік нарыққа жылжытуға көмектесу болып табылады.

Салалардағы техникалық реттеу және метрологияны дамытудың негізгі проблемасы ғылым мен өндірістің ықпалды байланысының, нәтижелері салаларға қатысты кәсіпорындарды ғылыми-техникалық қайта жарақтандыру, индустриялизациялау мәселелерін шешу үшін пайдаланылуы мүмкін ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландырудың болмауын болып отыр.


Шаралар:

- Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу бойынша жоспарды іске асыру;

- мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарын іске асыру;

- Кеден одағының техникалық регламенттерімен өзара байланысты ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды талдау және жүйелендіруді жүргізу;

- халықаралық, өңірлік және шетелдің ұлттық стандарттарын, сондай-ақ деректер қорын толықтыру және бейімдеу (аудару);

- нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының қызметін дамыту, кеңейту және оны сүйемелдеу;

- ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Саудағы техникалық кедергі, санитарлық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпараттық орталығы қызметін қамтамасыз ету және техникалық реттеу саласындағы ақпараттық жүйелерді дамыту;

- кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу бойынша өңірлік (салалық) семинарлар өткізу;

- техникалық реттеу және метрология саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және даярлау;

- аккредитеу, соның ішінде КД және БЭК бойынша халықаралық өңірлік ұйымдар жұмысының шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

- техникалық реттеу және метрология саласындағы, соның ішінде техникалық комиттердің (ИСО, МЭК, МГС, ILAC, IAF, СООМЕТ) халықаралық, өңірлік және басқа да ұйымдар жұмысы шеңберіндегі ынтымақтастық;

- өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру үшін метрологиялық зерттеулер мен техникалық реттеу нәтижелерінің негізінде бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық өнімдерді дамыту және өндіру.



Геология саласының негізгі проблемалары:

1) ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізуде геологиялық инфрақұрылымның, заманауи зертханалық базаның, тас материалдарды сақтау қоймасының жоқтығы;

2) геологиялық барлау жұмыстарының бүкіл топтамасын жүргізу үшін сала кәсіпорындарының техника және жабдықтар импортына толық тәуелділігі;

3) нарықтың сыртқы және ішкі конъюнктурасына тәуелділігі;

4) геологиялық барлау саласында ақпараттық технологияларды пайдаланудың жеткіліксіз деңгейі;

5) салада білікті мамандардың, сондай-ақ әйгілі кәсіби ассоциациялардың мүшесі болып табылатын тәуелсіз сарапшылардың жетіспеушілігі;

6) геологиялық қорларға арналған алаңдардың жетіспеушілігі, геологиялық мәліметтердің сақталуын қауіп төндіреді.

Геологиялық сала бірыңғай құқықтық алаңда қызметін іске асыратын, мемлекеттік басқару органдары, өндірістік және әртүрлі меншік түрлерінің ғылыми ұйымдарының жиынтығы ретінде еліміздің минералдық-шикізат базасын толықтыру және жер қойнауын зерттеуін қамтамасыз етуі тиіс. Табылған пайдалы қазбалардың қорларын өсіру және табу, минералдық-шикізат базасын жандандыру геологиялық сала тиімділігінің негізгі критериі болып табылады.

Жер қойнауын геологиялық зерттеудің ғылымды көп қажет етуі геологиялық барлауды ғылыми-технологиямен қамтамасыз етудің негізгі рөлін анықтайды, ғылым мен өндірістің байланысын, ғылыми-техникалық прогресстің жетістігі негізінде технологияны жаңартуды анықтайды. Жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың орналасуы және құрылысының айқындалған заңдылығы туралы геологиялық барлау жұмыстары нәтижесі нақтылығының деңгейі мамандардың кәсібилік деңгейінен және олар болданатын озық ғылыми-техникалық әдістер мен технологиялардан тікелей байланысты.

Геологиялық саланы дамытудағы проблемалардың бірі жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт шеңберінде жұмыс жүргізетін жер қойнауын пайдаланушылармен геологиялық барлауға бөлінетін инвестиция деңгейінің жетіспеушілігі болып табылады.

Секторлар бойынша геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру көлемі біркелкі емес. Мысалы, көмірсутек шикізатын барлауға және іздеуге бөлінетін инвестиция көлемі қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған инвестиция көлемінен 4 есе асып түседі. Бұл ретте, мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру көлеміне жер қойнауын пайдаланушылардың инвестиция көлемі көмірсутек шикізатына 125 есе, ал қатты пайдалы қазбаларға 6 есе көп.

Осы саланың алдында тұрған көптеген міндеттерді ескере отырып, ИДМ мемлекеттік геологиялық қызметін нығайту, Қазақстанның индустриялдық дамуы үшін тұрақты шикізат базасын қамтамасыз ететін, сондай-ақ, геологиялық салаға инвестиция тарту үшін ыңғайлы жағдайды заңнама түрінде қамтамасыз ететін, геологиялық зерттеуді активтендіру үшін ынталандыру үшін жүйелі түрде шаралар қабылданды.


Жер қойнауын пайдаланудың негізгі проблемаларына:

- жер қойнауын пайдалану құқығын алу  ұзақ және  бюрократталған үрдіс;

- минералдық-шикізат кешенімен мемлекеттік басқаруда айқындылығының жоқтығы;

- инвесторлардың түсінуі үшін қиындығы мен жеке өзгерістермен, бытыраңқылықты сипаттайтын, Қазақстан Республикасының заңнамалық базасының жетілмегендігі және еліміздің экономикалық ұйымның осы үлгіге сәйкес келмейтіні жатады.   


1.3) Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін тәуекелдердің аты

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар

1

2

Өнеркәсіп салаларын дамыту және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау

Халықаралық бағыттарда өнімді өткізудің төмендеуі

Металлургиялық өнімдерді ішкі нарыққа өткізу, сауда миссияларын ұйымдастыру мен өткізу

Экономикалық және қаржы дағдарысы

Әлемдік қаржы дағдарысы басталған жағдайда мынадай баламалы іс-шаралар іске асырылады:

-ішкі инвестициялардың өсуін қолдау;



Ішкі нарығындағы импорттық өнімдерге отандық өнімді ауыстыру (ДСҰ кіргеннен кейін )

Тарифтік емес кедергілерді жасау (техникалық реттеу)

Отандық тауарлардың бәсекелестікке қабілеттілігі бойынша ықпаландыру шараларын жасау

Әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан отандық экспортталатын өнімге бағаның түсуі

Химия өніміне баға түскен жағдайда ішкі нарықтың сұранысына жеңілдіктер беру арқылы ынталандыру жөніндегі шараларды қабылдау

Ел ішінде дайын өнімге сұраныстың болмауы

Импортты алмастыру өндірісін құру. Шығарылатын өнімнің қосылған құнын ұлғайту.

Ұлттық компаниялары, жер қойнауын пайдаланушылары және жүйе құраушы кәсіпорындарымен сатып алу көлемдерін азайту.

Жер қойнауын пайдаланушылары және жүйе құраушы кәсіпорындары мен ұлттық компаниялардың сатып алуларында жергілікті қамтуды арттыру бойынша жұмысты күшейту

Экономика салаларының энергия тиімділігін арттыру

Экономикалық және қаржы дағдарысы

Әлемдік қаржы дағдарысы басталған жағдайда энергия тиімділігін арттыру бойынша ықпалдандыру шаралары іске асырылады

Елдің энергетикалық және өнеркәсіптік кәсіпорындарының ескірген энергия тиімділігі жоқ жабдықты қолдану салдарынан шығарылған өнімнің энергиясыйымдылығының жоғары болуы.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділіктің арттыру бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларды істеу және кәсіпорындарда энергия аудитін жүргізу.

Инвестициялық ахуалды жақсарту, оның ішінде экономиканың шикізат емес секторына ТҰК тарту

Тікелей және шетелдік инвестициялардың өсуіне әлемдік дағдарыстың әсері

Инвестициялық заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, соның ішінде ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес; Қазақстанның қолайлы инвестициялық беделін жетілдіру жұмысын жандандыру, Қазақстан Республикасына тікелей шетелдік және отандық инвестицияларды тарту бойынша нақты іс-шаралар жоспарын іске асыру; инвесторларға сервистік қызмет пен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, соның ішінде «Бір терезе» шеңберінде; инвесторлардың құқығын қорғау бойынша инвестициялық омбудсмен қызметін тиімді қамтамасыз ету; шетелде халықаралық өкіл желісін құру және іске қосу.

Тікелей және шетелдік инвестициялардың өсуіне әлемдік дағдарыстың әсері

Инвестициялық ахуалды ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес жақсарту бойынша егжей-тегжейлі жоспарды іске асыру, инвесторларға сервистік қызмет пен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, соның ішінде «Бір терезе» шеңберінде; инвесторлардың құқығын қорғау бойынша инвестициялық омбудсмен қызметін тиімді қамтамасыз ету; шетелде халықаралық өкіл жүйесін құру және іске қосу.

Индустрияландыру картасының жобасын іске асыру мерзімін өзгерту ықтималдығы

Тұрақты негізде Индустрияландыру картасының инвестициялық жобасына үздіксіз мониторинг жүргізіледі, егер күрделі проблема туындаған жағдайда, туындаған проблемаларды шешу бойынша тез арада шаралар қолданылады.

ТЭН және ЖСҚ көрсетілген мерзімде АЭА инфрақұрылымының аяқталмауы ықтималдылығы

АЭА инфрақұрылым құрылысын аяқтауға қаржы бөлу мәселесі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен қарым-қатынас, сондай-ақ сапалы құрылыс объектілеріне бөлінген бюджеттік қаражаттарды уақтылы игеруге мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан тиісті бақылау мен мониторингті қамтамасыз ету.

Дүниежүзілік конъюнктураның өзгеруінің және елде іскерлік белсендіктің төмендеуі салдарынан АЭА қатысушыларының тауарлары мен қызметтеріне (жұмыстарына) сұраныстың төмендігі

Потенциалды инвесторларды тарту үшін маркетингтік іс-шаралар өткізу, оның ішінде қазіргі қатысушылардың потенциалды тауарлары, жұмыстары және қызметтерінің тапсырысы.

Ұлттық инновациялық жүйесінің дамуына жәрдемдесу

Шетелдік инновацияның жоғары бәсекеге қабілеттілігі

«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластердің дамуы : шетелдік инновацияларды тарту

Ұлттық инновациялық жүйесі элементтерінің шамалы байлыныстылығы мен ыдыраңқылығы

- Индустрияландыру міндеттерін шешіуге арналған ғылыми-зерттеу қызметін қайта бағдарлау


Техникалық реттеу және метрология ұлттық жүйесінің халықаралық жүйемен сәйкестік деңгейін арттыру

Халықаралық талаптарға сәйкес ұлттық стандарттарды пайдалануға

отандық кәсіпорындардың, сонымен қатар экспортқа бағытталған кәсіпорындардың төмен қызығушылығы




Кәсіпорындар арасында қабылданып жатқан ұлттық стандарттар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамсыз ету және Қазақстан Республикасының аумағының геологиялық зерттелуін жоғарылату

Пайдалы қазбалар кенорындарының (қорлар) анықталмауы. Әлемдік тәжірибеге сәйкес кенорындар анықталуы немесе анықталмауы да мүмкін, пайдалы қазбалардың кен шоғыры белгілі бір ауданда болмауы мүмкін

  • Геологиялық жұмыстарын жоспарлау және мұқият талдау;

  • геологиялық барлау жұмыстарын жандардыру;

  • минералдық-шикізат базасын және жер қойнауын пайдалануды, жерасты суларын және қауіпті геологиялық процестерді мониторингілеу;

  • геологиялық ақпарат және геоақпараттық жүйелердің деректер банкін қалыптастыру;

  • шикізатты өндіру мен қайта өңдеуде тек қана қазіргі заманғы технологияларды пайдалану шартымен шетелдік инвестицияларды тартуға жағдай жасау, сондай-ақ жаңадан өндірістерді құру; өндіруші кәсіпорындарға тек қана экологиялық зардапсыз өндірістерді енгізу;

  • геологиялық барлауды дамыту арқылы жаңа шикізат базасын құру;

  • геологиялық барлау жұмыстарын бюджет мүмкіндігіне байланысты қаржыландыруды көбейту;

  • ұлттық өндіруші компания арқылы геологиялық барлау қызметтері секторын дамыту мәселесін қарастыру;

  • геологиялық барлау саласына инвестициялар тарту үшін заңнаманы жетілдіру.


жүктеу 1,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау