Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,48 Mb.
Pdf просмотр
бет11/57
Дата19.11.2018
өлшемі1,48 Mb.
#21482
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57

 
24 
сабақтың  қай  тұсында  көрсету  тиімді  екенін  алдын  ала  ойластырады.  Қазіргі  
тіл  дамыту    жағдайы  суретке  дейін  олардың  сұлбасын  көрсете  отырып,  басқа 
ұлт  баласының  белсенді  сөз  қорын  дамыту  жолын  тауып  отыр.  Мысалы,  бала 
тілін ширату үшін қазақ тіліндегі тақпақтарды жеңіл жолмен тез жаттатуда сол 
шығармадағы  сөздердің,  тіркестердің  мәнін  бейнелейтін  тірек  суреттер  мен 
тірек-сызбаларды  пайдалану  жақсы  нәтиже  беріп  келеді.  3-4  жастағы  балаға 
екінші  тіл  алғаш  рет  үйретілу  кезеңінде  орыс  тілінде  берілетін  мәтін  ішінде 
бірнеше  сөздердің  ғана  жаттатылу  мақсаты  қойылса,  естияр  топта  тек  қана 
атауыш  сөздерден  тұратын  мәтіндер  бойынша  бірнеше  сөздер  мен  тіркестерді 
жаттату ұсынылады. Бастапқыда тақпақтарды балалар сызбалар, тірек суреттер 
арқылы  еріксіз  жаттаса,  кейін  қазақ  тілінде  еріксіз  үйреніп  жаттап  алған 
сөздерінің  мағыналарын  өздігінен  түсінуіне  мазмұнды  мәтіндер  негізінде  жол 
ашылады. Солтүстік аймақтық орталықтарда қазақ отбасындағы ата-аналардың 
өз  ана  тілдерінде  сөйлемеуі  балалардың  ана  тілін  табиғи  түрде    үйренуіне 
қиындықтар  туындатуда.  Қазіргі  осы  жағдайдан  шығу  жолы  баланы  қазақша 
сөйлетуде түрлі ұғымдарды, қимыл-қозғалыстарды: «жоқ», «бар», «биік»– ұшы 
жоғары  қараған  жебе,  «қысқа»  –  ұшы  төмен  қараған  жебе,  «кішкентай»  – 
жолақты  кішкентай  дөңгелек,  «үлкен»  –  жолақты  үлкен  дөңгелек,  «жұмсақ»-
мақта, «қатты» – боялған төртбұрыш, әдемі – көбелек «секіреді»– екі ұшты тік 
жебе,  «менде»  –  адам  силуеті,  «тәтті»  –  кәмпит,  «ұшты»  –  құс  қанаты  суреті, 
«отыр»  –  орындық  белгісі,  «жатыр»  –  ұзын  сызық,  «таза»  –  түйір  қан  белгісі, 
«жейді»  –  жабық  ерін,  «жылы»  –  ашық  күн  белгісі,  «суық»  –  қар  ұшқыны, 
«сурет  салады»  –  қыл  қалам,  «сатып  алды»  –  ақша  белгісі,  «ұйықтайды»  – 
жабылған  кірпік,  «жақсы»  –  қайырымды,  үлгілі  іс  (мысалы,  балық  өсіру), 
«жаман»–  қайырымсыз,  жаман  қылық  (мысалы,  рогаткамен  құс  ату),  «жақсы 
көремін»  –  жүректің  суреті,  «сатып  алды»  –  қатталған  ақша  белгісін  беретін 
балаға суретін салуға да, ұғынуға да оңтайлы болып отыр.  
Ал қазақ тілі ерікті, табиғи жолмен сөйлеу тілі деңгейіне  жеткізіліп келе 
жатқан тілдік ортада мынандай сабақ барысын  қарастырайық. 
Сабақтың тақырыбы: « Ақша қар». 
Мақсаты: қыс суретіне балаларды таңдандыру, төрт жол өлеңнің әуеніне 
еліктіру,  суреттің  көмегімен  жаттатқызу,  қар  домалағын  қалай  жасағандарын 
еске  түсіріп,  қарға  тән    қасиеттерді  «ериді»,  «мамықтай»,  «сай-сайға  қашады» 
деген сөздер мен тіркестерді еске сақтату арқылы бекіту. 
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Серуен кезінде тәрбиеші балаларға 
қыс  қызықтарын  тамашалатады,  қар  ұлпаларын  жинатып,  домалақ  ақша  қар 
жасатады.  Сабақ  басында  дайындалған    сұр  маталарға  үйлер  мен  ағаштар  
жапсырады, олардың үстіне  ақ қағаздарды қиғызып ұлпа қарлар жапсырады. 
Сабақ барысы: Тәрбиеші: Ал, балалар, мен жұмбақ жасырамын, сендер 
шешіңдер» деп  мына мәтінді ұсынады. 
 «Өзі  ұлпа,  өзі  жұмсақ,  қыста  жер  бетін  басады,  ал  жазда  сай-сайға 
қашады. Бұл не?» 
-  Қар,  қар,-деп  жауап  қатады  балалар.  Бұдан  соң  музыка  мұғалімі 
балалармен қосыла әндетеді. 
                                    Аппақ, аппақ, қар аппақ, 


 
25 
                                    Қар жамылған дала аппақ. 
                                    Аппақ біздің қаламыз, 
                                    Аппақ біздің  даламыз. 
                                    Ақ шанаға мініп ап, 
                                    Төмен қарай ағамыз. 
Осы сәтте тәрбиеші қала  мен биік сырғанақ салынған панорама   суретті 
тақтаға  іледі.  Балалардың  әрқайсысына  ақ  қағаздан  қиылған  шаналар 
таратылып беріледі. Балалардың қолына таратылып берілген жабыспалы ақ қар 
орнындағы ақ қағаздарды балалар панораманың кез келген жеріне жапсырады. 
Осы  әрекет  ән  әуенінде  жүріп  жатады.  Міне,  балалардың  ерекше  эстетикалық 
әсер  алатын  тұсы  –  осы  тұс.  Олар  қар  жамылған  үлкен  қала  тұрғызғандарына 
өздері мәз болады. Сәл кейін балалар жоғарыдан төмен шаналарды зымыратып 
ойнайды. Адам силуеттерін таратып беру арқылы  «Шанада кім отыр?»,  «Олар 
қалай  киінген?»,  «Неге  олай  киінген?»  деген  сұрақтар  арқылы  тәрбиеші 
балаларды  «Қазір  қыс  мезгілі»  деген  түсінікке  әкеледі.  «Қар  көп  жауса,  қыс 
жылы  болады»,  «Күн  жылынса,  қар  ериді»,  «Жоғарыдан  төмен  қарай  сай-сай 
болып ағады» деген түсініктерді панорамадан көрсете отырып түсіндіреді.  
Әдістеме  талаптары  бойынша  сурет  әдісі  сабақты  қызықты  ете  түседі. 
Тәрбиеші  балалардың  бейнелеу,  сурет  салу  қабілеттерін  ұштаумен  қатар, 
мұндай  сабақта  көркем  дүниені  сезінумен  қатар  олардың  сөздік  қорлары 
дамиды.  «Ұлпа»  сөзімен  бірге  «қанттай  ақ»,  «мамықтай  жұмсақ»  деген  теңеу 
сөздерді  тез  жаттап  алады.  Балалар  өздігінен  «ақ  қағаздай  ұшады»,  «төмен 
қарай ағады» деген сөз тіркестерін меңгереді.  
Жоғарыдағыдай  балалармен  тәрбиешінің  бірге  ойнауы,  әр  баланың 
сабаққа  деген  қызығушылығын  арттыра  түседі.  Бала  зейінін  бірлесе  ойналған  
ойындар  тұрақтандырады.  Эмоциямен  ойынға  кіріскен  бала  «Ақ  шанамен 
зымырап  барам»,  «Міне,  аударылып  түстім»,  «Ақ  қарға  аунадым»,  «Ақ  қарға  
көміліп қалдым» сияқты сөйлемшелермен ойынды қиындата түседі.  
Сабақтың  соңында  тәрбиеші  балаларға  «Осындай  қызық  ойын  немен 
аяқталуы    мүмкін?»  деген  сұрақ  қойып,  сурет  панорама  әсерімен  мазмұнын 
ойдан  шығартқызып,  әңгімені  әрі  жалғастыртуға  болады.  Оқытудың  сәтті 
болуы әр түрлі тәсілдерді ыңғайлап қолдану болып табылады.  
Әр жыл мезгіліне байланысты суреттер қарастыру – балабақшада жиі 
қолданылатын үрдіс. Екінші сәбилер тобында К. Шаяхметовтың «Алтын күз», 
Ш.  Сариевтің  «Пейзаж»  суреттерін  көрсете  отырып,  балалармен  әңгіме  құру 
ерекше  дарынды  балалардың  шығармашылық  қабілеттерін  ұштай  түседі.  «Бұл 
қай  кезде  болады?»  деп  сұрақ  қойып  отырып,  әңгіме  құратуға  баулу  бейнелі 
сөйлеу қабілеттеріне үйретеді. «Кімде не бар?, «Күзде не киеміз?, т.б. ойындар 
күз  маусымында  киетін  киім  атауларына,  киім  сапасына  (қалың,  жұқа,  жылы, 
жеңіл),  құрамына  (мақтадан,  теріден,  жібектен,  жүннен),  киімнің  бөліктеріне  
(жеңі,  қалтасы,  жағасы,  желке  бауы),  т.б  сөздерді  көре  отырып  қабылдауына 
жағдай тудырады.  
Баланың  сөздік  қоры  көркем  әдеби  туындыларды  мультфильм, 
компьютер, диафильм арқылы таныстыру барысында еркін дамиды.  


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау