32
а) эпитет шығармалар шапшаң дауыспен оқылады; образ жасау үшін және
оқушыға әсер ету үшін қолданылатын нәрсенің өзгеше белгілерін көрсетіп және
оған автордың көзқарасын анықтайтын бейнелеу сөздер эпитеттер болады.
Мәнерлілік тұрғысынан балалар ақыны Өтебай Тұрманжановтың «Шұбар
лақ» деген деген өлеңін талдап көрелік.
Шұбар лақ,
Ойынға құмар лақ,
Мойнында тұмар лақ,
Егіз емес, сыңар лақ.
Өзі сыңаржақ!
Құлағы пүліштей,
Тұяғы күмістей,
Көзі-жұлдыздай,
Жүні-құндыздай.
Ақ емес, шұбар лақ,
Ойынға құмар лақ.
Шақырсаң келеді,
Би билеп береді.
Бұл өлең жолдарын ең алдымен өзіне тән дыбыстық құрылымы: ойнақы
әуенде, әр сөзі дәлме-дәл ұйқасқа (құмар-тұмар,-сыңар, сыңар лақ-сыңар жақ,
пүліштей-күмістей, жұлдыздай-құндыздай, келеді-би билеп береді) құрылған.
Өлеңді осы үйлесімділігіне байланысты балалар оңай қабылдайды. Сөз құрау
құралы ретінде негізгі сын есімдерде де, туынды сын есімерде де (-дай, -дей, -
тай-тей) жұрнақтарымен жасалған келтірінді мағыналы сөздердің бейнелілік
тудырып тұрғандығын, автордың айтпақ, болған ойын бала сезіммен, түсіне,
қуана қарайды. Эпитетті көріктеуіштердің антониммен берілуі (егіз емес, сыңар
лақ, ақ емес, шұбар лақ), бейнелі теңеулердің (пүліштей құлақ, күмістей тұяқ,
жұлдыздай көз, құндыздай жүн) өлең мәтінін ерекше түрлендіріп тұр.
Ойнақшыған кішкентай лақты суреттеудің әдемілігі, нанымды шыққандығы
сондай, өлең ырғағымен балалардың өздері де билеп кеткісі келеді.
Балалар мұндай өлеңдерді жаттай отырып, ана тілінің бір ойды түрлі
бейнелі, ауыспалы сөз құралдармен беруге болатын ерекшелігін іштей
ұғынатын болады (мысалы: «шұбар лақ, ойынға құмар лақ» —«ойынға құмар
лақ-мойында тұмар лақ»), лақтың әрекетін, қимыл-қозғалысын шынайы
білдіруге тыңдаушы баланың сол ойға берген бағасы, оның оған деген
қатынасы қосылады, баланың ішкі дүниесі ашыла түседі. Бала «Осы лақ сияқты
зар жақ болуға болмайды!» деген ой түйеді. Міне, өлеңнің мәнерлілік
құралдарының, яғни ондағы дыбыстық үйлесімділік, дәл алынған бейнелеу
құралдары, өлеңдегі ырғақ жасап тұрған қарқын, екпін, кідіріс сияқты қосымша
құралдарының, бала сезіміне тигізетін әсері осылар.
Жазушы адамды, табиғатты, әр түрлі құбылыстарды, оқиғаларды
суреттеу үшін кез келген сөздерді, суреттейтін құбылыстың кескінін біздің көз
алдымызға елестете алатын сезімімізге әсер ететін сөздерді іздейді.
33
Грамматикалық жағынан эпитет болатындар мыналар: сын есім, есімше,
көсемше.
2. Дауыс шапшаңдық қарқынын эпитеттер күшейтеді:
а) теңеумен жасалған шығармалар да күшті қарқынмен айтылады.
Жазушы бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін, ол нәрсенің өзгешелік
белгілерін көрсетпей-ақ оны екінші нәрсемен салыстырып суреттейді. Мұндай
салыстырып суреттеуді теңеу дейді. Теңеулер белгілі жұрнақтар арқылы
жасалады. Олар мыналар:-тай, -тей, -дай, -дей, -дайын, -дейін,-ша, -ше, -мын.
Жоғарыдағы «Шұбар лақ» өлеңінде лақ бейнесінің екінші шумақта осы
теңеулермен ашылуы шығарманың қарқынын, оқылу қарқынын күшейте
түскен.
ә) метафоралы шығармалар күшті дауыспен, ерекше қарқынмен
айтылады. Сыртқы не ішкі ұқсастығына қарап, бір нәрсені екінші нәрсеге балау
метафораға тән қасиет. Қазақ тілі сабақтарында метафоралар кішігірім
мақалдарда, жұмбақтарда, ара-тұра өлеңдерде кездеседі.
Жер бетінде шашы бар,
Жер астында басы бар.
Бұл не?
(сәбіз).
Ащы емес, тәттімін,
Жұмсақ емес
Қаттымын.
(жаңғақ)
Оның екі көршісі бар:
Бірі-пысылдауық,
Бірі-сақылдауық.
(Мұрын мен ауыз)
б) кейіптеу мәнді өлеңдерде жансыз заттарға жан бітіріле шапшаң
дауыспен оқылады. Мысалы: Ы, Ұ. А-дауысты дыбыстарын бекітуде келесі
мәтінді ұтымды қолдануға болады :
– Қыз! Қыз!
– Сен кімнің қызысың?
– Анамның.
– Тұз! Тұз!
– Сен кімнің тұзысың?
– Даламның.
– Ұл!Ұл!
– Сен кімнің ұлысың?
– Атамның.
– Гүл! Гүл!
– Сен кімнің гүлісің?
– Отанның.
М. Әлімбаев. «Кімнің баласысың?» өлеңі.
34
Е. Өтетілеуовтың «Санамақ» өлеңін оқып көрелік:
– Бақшаға//
Жақсы аға/
Көп көп//
Ойыншық/
Келді алып///
– Бір балық,/
Екі есек,/
Үш үйрек,/
Төрт түлкі,/
Бес бүркіт,
Алты арғымақ//,
Жеті жарғанат//,
Сегіз саулық,/
Тоғыз тауық,//
Он торпақ.//
Болма есепке,/
Сен шорқақ!///
Тәрбиешілер жеке басқа тән балалық шақтан санамақтың балаларға әділ
ойын жүргізуге және ең алдымен жүргізушіні таңдауға көмектесетін
фольклорлық немесе әдебиеттік жанр екенін ұмытпай, оның халықтық түрлері
мен авторлық түрлерін алмастыра, ойында, серуенде, сөз жарысы ойынында
жиі қолданса, баланың дауыс қарқыны, мәнері, екпіндете сөйлеу, дыбыстық
нақтылығы жетіле түседі. Халық, не автор осы жанр арқылы балалармен
өлеңнің тек мазмұнымен ғана емес, жыр-өлеңінің неге арналуына қарай оның
дыбыстық әуенімен ойын ойнау арқылы қатынасқа түсетінін білген. Бұл жерде
естілуі жөнінен бірыңғай, ал мән-маңызы жөнінен түрліше сөздерді
пайдалануда да олар озықтық танытады. Міне, осылайша бала ауызша бірлесе,
не жекелей жарыса айтуды жақсы көретін мәтіндерді тәрбиешінің де алдын ала
білуі, сабақты қызық құруы күнделікті табиғи іс-шараға айналдыруы мәнді
болып шығады.
Бала бұған дейін де бірнеше рет мұндай: ұйқас, теңеу, салыстыру сияқты
теориялық ұғымдарды пайдаланған болатын. Осы салада оның білімін
жетілдіруді жалғастыру тәрбиешінің балабақшадағы міндеті, бірақ ендігі жерде
қазақ тілін саналы біліп келе жатқан балаға бәрінен де ненің ұнағанын айтып
беруін жиі сұрап отыру: қай теңеуді ол сәттті деп санайды, қандай салыстыру
оның көңілін аударды және тағы да басқа нысандарды көре сала шаттана, қуана
сөйлейтінін ескеріп отыру әдістемелік жақтан дұрыс болып есептеледі.
Баланың көңілінің поэтикалық, прозалық шығармалардағы жансыз заттар
немесе тірі жәндіктерге тән құрбылыстарға тез аудартылатынына, жекелей
атап, сөйлеп жататынына назар салынады;
ғ) гиперболалы шығармалар да шапшаң дауыспен оқылады. Бір нәрсені
артықша әсерлі ету үшін әдеттегіден тыс, ұлғайтып суреттейді. Әсірелеудегі
мақсат – адамның ой-сезіміне әсер ету, суреттеген нәрсені зорайтып көзге
елестету.
Достарыңызбен бөлісу: |