Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,48 Mb.
Pdf просмотр
бет9/57
Дата19.11.2018
өлшемі1,48 Mb.
#21482
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57

 
20 
алдымен  сөздердің  тақырып  бойынша  топтастырылуы  жатады.  Мысалы, 
балабақшаның  ересек  балалар  топтарында  (5-6  жастағы  балаларға)  сөздік  – 
минимум мынандай тақырыптарды қамтып, шамамен төмендегідей сөздік қорды 
жинақтайды. 
 
 
№ 
Тақырып аты 
Үйретілетін  
сөздердің  
жалпы саны 
Белсенді  
сөздік қорға 
жататындары 
Мағыналары  
ауыр, белсенді 
қолданылмайтын  
сөздер мен тіркестер 
1. 
Отбасы 
25 
10 
15 
2. 
 
Біздің балабақша 
 
25 
14 
11 
3. 
Ойыншықтарымыз 
25 
14 
11 
4. 
Ыдыс-аяқ, тағамдар 
25 
20 

5. 
Жыл мезгілдері 
20 

15 
6. 
Бау-бақша, 
жемістер 
20 

16 
7. 
Дене мүшелері 
22 
18 

8. 
Киім, аяқ киім 
28 

20 
9. 
Біздің ауыл 
20 

14 
10. 
Жабайы аңдар мен құстар 
23 
          8 
15 
11. 
Астана - бас қала 
22 
12 
10 
12 
Біздің қаламыз 
23 
10 
13 
13 
Қазақстан-отаным 
Сұхбат 
25 
13 
12 
14 
Ертегілер елінде 
Сөйлесейік 
25 
10 
15 
 
         Барлығы: 
328 
152 
176 
 
Ғалымдар  сөздерді  тақырып  жағынан  дұрыс  ұйымдастырып  беру  балаға 
сөздерді  топ  бойынша  тез  еске  сақтауға  үйрететінін,  олардың    бірі-бірімен 
ұқсастығын  байқататынын  және  ситуацияға  қарай  іштей  оларды  жақсы  сезіп, 
еске түсіріп сөйлеу дағдыларына қоса бастайтындығын айтқан [30]. Екіншіден, 
сөздерді грамматикалық белгілеріне қарай топтату өте тиімді. 1-сыныпқа барар  
алдында балаларға «Кім?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді атаңдар, «Не?» 
деген сұраққа қандай сөздермен жауап бересіңдер? «Кімдер?», «Нелер?» деген 
сұрақтарды  қандай  жағдайда  қоямыз?  Осылайша  сын  есімді,  сан  есімді, 
етістікті  біртіндеп  меңгерту  жүргізіледі.  Үшіншіден,  сөздерді  туысқандық 
қатысына  қарай  топтауға  үйрету  балабақша  мен  бастауыш  сыныпта  өте  жиі 
қолданылады. Мысалы, жалпы атауы мен  жекелей  аталымдарды жіктеп атату. 
«Отбасы»-жалпы аталым, ал ата, әже, әке, бала, қарындас, іні, сіңлі. Жеті атаны 
атау,  үш  жұртты  атау,  т.б.  Төртіншіден,  төрт-түлік  малдың,  жан-жануардың 
төлдерінің  атаулары,  қызмет  аталымдары,  т.б.  Сонымен  қатар,  сөздерді  шығу 
тегіне  қарата  топтауға    үйретуге  назар    аударылады.  Мысалы,  дәрі,  дәрігер, 


 
21 
дәріхана;  ас,  аспаз,  асхана,  т.б.  Жоғарыда  берілген  сызба  балаларға  бірінші 
оқыту жылында қазақша сөйлеуге үйрету сабақтарына жоспарланған сөз қорын 
көрсетеді.  Мұғалімнің  міндеті  –  мағыналары  ауыр,  белсенді  қолданылмайтын 
сөздер  мен  тіркестерді  белсенді  сөздік  қорға  айналдыруға  күш  жұмсау.  Ал 
отбасында  қазақша  сөйлейтін  ортада  баланың  сөздік  қоры  айналадағы 
адамдардың  өзіне  қарата  айтқан  сөздерін  түсініп  қабылдай  бастаған  кезеңнен 
қалыптаса  бастайды,  оның  сан  жағынан,  сапа  жағынан  дамуы  баланың 
айналасындағылармен өздігінен тілдік қатынасқа түсіп, сол тілде мәжбүрлеусіз, 
еркін түрде сөйлесе алатын тілдік ортаға байланысты. 
 
2. Балалардың белсенді сөздік қорын дамыту жолдары 
Мектеп  жасына  дейінгі  бала  бастапқы  дамуында  сөздерді  үлкендерден 
практикалық  еліктеу  жолымен  үйренеді.  Үлкендердің  басшылығымен 
айналадағы  заттарды  танып  біледі,  яғни  алғашқы  сөздік  қоры  олардың  сөзін 
қайталаумен,  заттардың  алдымен  аты,  кейін  дәмі,  иісі,  түрі,  формасы,  басты 
қасиеттерін  ажыратуға  үйренумен  болады.  Үлкеннің  сөзіне  қарап  олар  өз 
сөздерін  дұрыстайды.  Естігендерін  жадында  ұстау  арқылы  кейінірек  өздерінің  
жаңа грамматикалық құрылымдарын шығаратын жайлары да болады. Мысалы, 
«қайталау»  деудің  орнына  «қайталақтау»,  «жұмсақ»  деудің  «жұқа»  орнына, 
«жұдырық»  деудің  орнына  «жұмылдырық»  деген  сияқты  сөздер  шығарып 
алатын  да  болады.  Осындай  кереғар  жағдайда  бала  тіліне  мұқият  болып 
сөздерді  бұзбай  сөйлеуге,  әсіресе  әр  сөзді    мағынасына  сай  дәл  жұмсауға 
үйрететін, арнайы сөздік қорды дамыту сабақтары ұйымдастырылады. Балалар 
бақшасында  тіл  үйретудің  әдістері  мен  тәсілдері,  ана  тілін  үйренудің 
заңдылықтары  негізінде  бала  бойындағы  бірқатар  қабілеттердің  дамуы 
үдерісінде [31], ішкі сезім арқылы (саналы түрде емес) жүзеге асырылады:  
1)  өзі  үшін,  сөйлеу  органы  бұлшық  еттерін  адамның  жұмыс  істете  білу 
қабілеті — сөздердің дыбыстарын дұрыс артикульдеу, интонация элементтерін, 
просодемаларды модульдеу және оларды есту; 
2)  дыбыс  түрлері  мен  интонацияны  тілден  тыс  элементтермен,  өз  ана 
тілімен салыстыра алу қабілетінің болуы, оларды қазақша сөйлеу элементтеріне 
тән мағына ретінде түсіне алуы;  
3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни
 
оларды бағалауы;  
4)  араласу,  тану,  сөзді  және  адамның  мінез-кұлқын  тәртіптеу  үдерісінде 
сөздің  мағыналық  үйлесімділік  дәстүрін  және  бағалау  элементін  есте  сақтау 
қабілеті ерекше рөл атқарады. 
Егер  тәрбиеші  баланың  табиғи  сөйлеуі  неғұрлым  қарқынды  болатын 
жағдай  жасаса,  онда  баланьң  тілі  солғұрлым  тезірек  байиды  және  оның 
психикасы  жан-жақты  дамиды.  Ал  тілді  екінші  тіл  ретінде  үйретуде 
лингвистикалык-дидактикалық ұстанымдарға құрылған әдістерді қолдану керек 
болса,  үйретуші  олардың  төмендегідей  жіктелісін  еске  ұстағаны  ләзім: 
Алдымен  тілге  арнайы  оқыту  әдісі  қолданылады.  Оқыту  әдісі  деп  білімді  бір 
адамнан  басқа  адамға  беруді,  үйренуші  мен  үйретушінің  арасында  жүйелі 
түрде,  біртіндеп  орындалатын  іс-әрекетті  айтады.  Оқыту  бірыңғай  теориядан 


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау