Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


 Тіл дамытудың негізгі міндеттері



жүктеу 1,48 Mb.
Pdf просмотр
бет7/57
Дата19.11.2018
өлшемі1,48 Mb.
#21482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57

 
15 
4. Тіл дамытудың негізгі міндеттері 
Баланың жан-жақты дамуы ең алдымен оның үлкендермен қатынас тіліне 
дұрыс  түсуіне  байланысты.  Үлкендер–адамзат  баласының  бар  тәжірибесін, 
білімін,  мәдениетін  өз  қолының  ғана  көмегімен  бере  алатын  тұлғалар.  Олай 
болса,  теория  бойынша  «тіл  –  адам  қатынасының  негізгі  құралы»  дегенді 
ұмытпай,  қатынас  құралы  болумен  қатар  тілдің  адам  білімін  жетілдіретін 
хабарлау  қызметі,  бала  жанын  баурап  алатын  сезімдік  қасиеті  үлкендер 
тарапынан  әрдайым  қажет.  Баланы  алдымен  өз  ана  тілінде  тілі  шығуы,  дамуы, 
не  болмаса  екінші  тіл  ретінде  қазақ  тілін  үйренуі  ата-ана  мен 
айналасындағылардың,  қазақ  тілі  мұғалімінің,  тәрбешісінің  маңызды 
міндеттерінің  бірі  болып  саналады.  Тіл  дамыту  жұмыстарындағы,  қазақ  тілін 
үйретудегі  басты  мақсаттар  ортақ.  Екеуінде  де  баланың  қазақ  тілінде 
байланыстырып сөйлей білуін қалыптастыру көзделеді

 
Сонымен,  балалардың    қазақ  тілінде  сөйлеу  тілінің  дамуы  төмендегідей 
нақты міндеттерді орындағанда жүзеге асырылады: 
1. Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту; 
2. Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру, мәнерлі де мәдениетті сөйлеуін 
тәрбиелеу; 
3. Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық 
формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру; 
4. Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамытылуын іске асыру; 
5. Өз ойын монологты түрде байланыстыра жеткізе білуге үйрету; 
6. Көркем сөзге баулу; 
7. Сауаттылыққа үйрету. 
Балалар  бақшасында  қазақ  тілін  ана  тілі  және  екінші  мемлекеттік  тіл 
ретінде  игеріп,  тілдік  қатынасқа  түсудің  маңызды  түрі  –  ауызша  сөйлеу  тіліне 
үйрету. Ал толық түрде жазбаша тілдік қатынасқа түсу, яғни айтылған ойды тез 
түсіну,  тез  жауап  қату  біртіндеп  мектепте  бастауыштық  және  орта  білімдік 
сатыларда, тіпті баланың бүкіл өмірінде дамытылады

Ана  тілінің  табиғи  даму  жүйесін  білу  мұғалімге  әр  баланың  тіл  деңгейін 
білу үшін қажет. Топта түркі негіздес ұлттар тілінің болуы балалардың  «тілдік 
сезімінің»  біркелкілігін  байқатады.  «Тілдік  сезім»    дегеніміз  не  екендігін  білу 
үшін әрбір бала тілінің шығу, даму жүйесін білу керек.  
Баланың  үлкендермен  тілдік  қатынасқа  түсуі  олардың  сезімдік 
қатынасынан  басталады.  Бұл  баланың  үлкендермен  қатынасқа  түсуінің  басы 
болып  табылады.  Бала  тіл  дамытудың  алғашқы  кезеңінде-ақ  үлкендер 
мейіріміне  мейіріммен  жауап  беруге,  алғашқы  дыбыстар  шығаруға  үйренеді. 
Тәрбиеші  немесе  айналасындағы  үлкендердің  алғашқы  эмоциялық  қатынасы, 
баланың  болашақта  осы  тілде  сөйлеу  мәнерінің  қалыптасуына  негіз  болып 
табылады. Бір жастағы баламен қатынаста бұл кезеңде тіл немесе сөз заттардың 
нақты  атауларын  және  бала  мінезінің  қалыптасуына  басшылық  жасайтын 
үлкендердің  әрекеті  кезіндегі  сөздерін  бейнелейді.  Мысалы:  отыр,  тұр  сияқты 
бұйрық сөздермен әрекетке, доп, орындық, стол деген нақты атауларға, допты 
ал,  орындыққа  отыр  дегендей  бұйрық  мәнді  етістік  тіркестермен  тілдік 
қатынастарға бала бірден тартыла бастайды. 


 
16 
Тілдің табиғи түрде  дамуын тәрбиеші мен тіл маманы жақсы білуі тиіс. 
Өмірінің  алғашқы  жылында  эмоция  арқылы  қатынасқа  түсу  баланың  үлкен 
адамға  немесе  бір-біріне  көңілі  толу,  толмау  сияқты  өзара  әрекетте  көрінеді. 
Қазіргі  аралас  отбасыларында  ата-ананың  балаға  ана  тілінде  мейірлене  тіл 
қатуы  баланың    қай  тілде  олармен  тілдік    қатынасқа    түсуінің  алғы  шарты 
болмақ.  Бала  өмірінің  2-ші  жылында  оның  тілі  таным  қабілетінің  артуына,  іс-
әрекетінің  дамуына  байланысты  қалыптасады.  Бір  жасқа  дейін  бала  үлкенге 
ғана  көңіл  аударып  келсе,  енді  жан-жағындағы  заттарға,  қимыл-қозғалысқа, 
өзімен  қарым-қатынасқа  түскен  адамдаға  да  көңіл  аудара  бастайды.  Осы 
кезеңнен  балада  түсінік,  яғни  бір  сөзді  түсіну  пайда  болады.  Үлкеннің  сөзіне 
бала  ым-ишаратпен,  қозғалыс-әрекетпен  жауап  береді.  Өтініш,  бұйрық, 
ескертулерді  дұрыс  түсіне  бастайды.  Осымен  бірге  бала  бұл  кезде  үлкендерді 
өзіне  немесе  бір  затқа  қаратып,  ым-ишаратпен  кейбір  дыбыстармен  сол  затқа 
қатысты  өз  өтінішін  де  қоя  алатын  болады.  Алғашқы  әбден  түсінген  сөздерін 
бала  бірінші  жылының  соңғы  кезеңінде  айта  алмайды.  Апа,  ата,  ав  –  ав,  т.  б. 
осы  сияқты  10  шақты  сөз  білетін  болады.  Екі  жастың  орта  шенінде  бала 
жетілісінде  біршама  «не  көрсе,  соған  талпынып,  жалтыр-жылтыр  еткен  болса, 
соған  қызығып,  аузына  салып,  дәмін  татып  қарап,  тамағына,  бетіне  басып 
қарап,  сырнай  -керней  болса  даусына  ұмтылып,  онан  ержетіңкірегенде  мал 
шуласа  да,  біреу  күлсе  де,  біреу  жыласа  да  тұра  жүгіріп,  «ол  немене?»,  «бұл 
немене?»  деп,  «ол  неге  үйтеді?»,  “ол  неге  бүйтеді?»–  деп,  көзі  көрген,  құлағы 
естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем 
екен,  көрсем  екен,  үйренсем  екен»  деп  қарасөзінде  Абай  Құнанбаев  дәл 
сипаттағандай  [24],  ана  тіліне  баулып  өсіруде  бастапқы  кезеңнің  маңызы  өте 
зор. 
Бүгінгі  балабақшада  тілді  үйрететін  орта  –  баланың  айналасындағы 
адамдардың  сөйлеу  тілі.  Қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  білсін  деген 
баланың  айналасында  мемлекеттік  тілдегі  тілдесім  басым  түсіп  жатуы  керек. 
Бала негізінен тілді ананың құрсағында жатып-ақ естуінің мәні зор. Бұл орайда, 
республикалық 
телехабарлардың, 
радиохабарлардың 
бағдарламалық  
материалдардың  мемлекеттік  тілде  күнделікті  берілуі  қамтамасыз  етілуі  тиіс. 
Әрине,  мұндай  қажеттілік  мақсатты  ұйымдастырылған  жағдайға  біздің 
қоғамдық  салтымызда  бірден  тез  жету  мүмкін  емес.  Сондықтан  да  қазақ  тілін  
орыс  тілді  балабақшалардың  екінші  кішкентайлар  тобынан  бастап  арнайы  
оқытудың  типтік  бағдарламалары  мен  авторлық  нұсқалары  әр  деңгейде  
ұйымдастырылуда.  Орыс  балабақшаларына  баратын    балаларға  жоғары 
топтарда  қазақ  тілін  көркем  шығармалардың  ең  кіші  жанры  өлең-
тақпақшалармен тығыз байланыста нығыздай отырып бекіткен жөн. Бұл орайда 
К.Чуковскийдің  айтқанындай,  бала  тілінің  поэзия    тіліне  еліктей 
дамытылатыны  ескерілді.  Ана  тілінің  негізін  қабылдату,  не  басқа  ұлт 
балаларына мемлекеттік тілдің бастапқы тұлғаларын меңгерту ісінде қазақ тілі 
оқытушысы мен балабақша тәрбиешісіне баланың байланыстарып сөйлеу тілін 
қалыптастыру  әдістемесін  жақсы  білу  қажет.  Әр  жас  кезеңдеріне  қарата 
берілетін сөздік қордың, сөз ішіндегі, тіркес аралығындағы дыбыстардың дұрыс 
айтылуын  біліп  қана  қоймай,  оларды  өзара  байланыста  алып,  грамматикалық 


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау