Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты


-бөлім. Үрмелі және ұрмалы аспаптар өндірісі



жүктеу 2,22 Mb.
бет5/6
Дата07.12.2017
өлшемі2,22 Mb.
#3325
1   2   3   4   5   6

7-бөлім. Үрмелі және ұрмалы аспаптар өндірісі

36. Үрмелі аспаптарға арналған бөлшектерді жасаушы


Параграф 1. Үрмелі аспаптарға арналған бөлшектерді жасаушы, 2-разряд
311. Жұмыс сипаттамасы:

үрмелі музыкалық аспаптардың қарапайым бөлшектерін жасау. 80°, 90°С дейін қарқынды қыздырылатын арнайы айлабұйымдарда көпшіктер жасау;

дайын жастықшаларды кептіру режимін сақтау;

дайындамалар мен дайын көпшіктердің көлемін штангенциркульмен бақылау;

көпшіктің серпінділігін арнайы аспаппен бақылау;

лайка мен пленканы қалыңдығы бойынша іріктеу;

желімнің әр түрлі түрлерін іріктеу;

үстелге қоятын механикалық нығыздауыш пен арнайы айлабұйымдарды баптау.

312. Білуге тиіс:

үрмелі музыкалық аспаптардың қарапайым бөлшектерін жасау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер, үрмелі музыкалық аспаптарға арналған көпшіктер жасаудың технологиялық процессі;

механикалық нығыздауыштарды пайдаланудың мақсаты мен ережесі, бақылау-өлшеу аспаптары мен арнайы айлабұйымдардың мақсаты мен қолданылу шарттары;

көпшіктердің мақсаты және олардың жасалу сапасына қойылатын талаптар, әр түрлі желімнің құрамы мен қасиеттері, оларды жасау тәсілдері.

313. Жұмыс үлгілері:

1) үрмелі музыкалық аспаптарға арналған көпшіктер – шұға мен фланельді картонға жабыстыру және дайындаманы арнайы үстелге қоятын механикалық немесе қол нығыздауышта шабу.

Параграф 2. Үрмелі аспаптарға арналған бөлшектерді жасаушы, 3-разряд
314. Жұмыс сипаттамасы:

үрмелі музыкалық аспаптардың күрделілігі орташа бөлшектерін жасау;

пионерлік горн басының дайындамасын орталықтау. Қылауларын тазалау;

пионерлік горнның тар бөлігін және саксофон буынын сызғыш бойынша үгіту станогымен оправада күйдіру;

ұзына бойындағы жіктерді тазалау;

үрмелі музыкалық аспаптардың кең қонышының ішкі бөлігін токарлық-қысу станогында немесе қолмен тегістеу терісімен тазалау.

315. Білуге тиіс:

үрмелі музыкалық аспаптардың күрделілігі орташа бөлшектерін жасау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер;

токарлық-қысу станогының құрылыс және баптау тәсілдері;

арнайы бақылау-өлшеу құралдары және оларды пайдалану ережесі;

металл маркасы және олардың негізгі қасиеттері, қолданылатын патрон, оправа және сызғыштардың түрлері мен мақсаты;

шектеулер мен қондыру, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері туралы түсінік.

316. Жұмыс үлгілері:

1) пионерлік горнның тар бөлігі және саксофон буыны – ұштарын кесу;

2) саксофонның, сурдиннің кең қонышы - күйдіру.

Параграф 3. Үрмелі аспаптарға арналған бөлшектерді жасаушы, 4-разряд


317. Жұмыс сипаттамасы:

үрмелі музыкалық аспаптардың күрделі бөлшектерін жасау;

қамыстан бір қабат таяқтарын жасау;

таяқтың қажетті қалыңдығына қол жеткізу үшін қажетті технологиялық әдіппен дайындама мөлшерін анықтау;

қамыстан дайындама өңдеудің технологиялық режимін белгілеу;

үрмелі музыкалық аспаптардың әрбір түріне арналған дайындамаларды кесігі, түсі, тығыздығы, алдыңғы өңдеу сапасы бойынша іріктеу;

таяқты конусқа және кесу радиусы бойынша кесу;

таяқты ерітіндіде жібіту;

таяқ бетіндегі барлық түк-талшықтарды қолмен тегістеу әдісімен алып тастау;

таяқтарды мундштук өлшеміне қиыстырып келтіру;

таяқтың дыбыстық сапасын акустикалық вибратормен тексеру;

таяқтарды тыңдау арқылы дыбыс шығаруын жетілдіру;

мыс үрмелі аспаптарға арнап токарлық-қысу станогында тереңнен тарту әдісімен және қолмен қысу арқылы күрделі бөлшектерді жасау;

қабырғасының біркелкі қалыңдығын қамтамасыз ету және бөлшектің өн бойындағы металды нығыздау;

қажетті резонаторлағыш қасиеттерін қалыптастыру;

бөлшектің ішкі және сыртқы бетіндегі қылауларды тазалау;

бөлшектерді токарлық-қысу станогында қолмен тегістеу;

қабырғаның қалыңдығын, бөлшектердің отырғызу және көлемдік өлшемдерін бақылау-өлшеу аспаптарымен тексеру;

бөлшектердің күйдірілу дәрежесін, олардың акустикалық қасиеттерін акустикалық резонатормен бақылау;

станоктарды, арнайы айлабұйымдарды баптау;

кесу құралын, жаныштағыштарды, оправалар мен конустарды қайрау және толтыру.

318. Білуге тиіс:

үрмелі музыкалық аспаптардың күрделі бөлшектерін жасау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер, бір жапырақты таяқ жасаудың технологиялық процессі;

қамыс пен қамысты музыкалық аспаптардың құрылысы, қамыстың қасиеттері мен сапасы, әр түрлі және әр сортты қамысты шылау және кептіру режимі, токарлық-қысу станогының құрылымдық ерекшеліктері;

баптау және реттеу ережесі, арнайы қысып-кесу және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен пайдалану ережесі, оның геометриясы, металдың негізгі қасиеттері;

материалдарды тегістеу үшін қолданылатын патрондардың түрлері және мақсаты, сызбаларды оқу, шектеулер мен қондыру, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері туралы негізгі мәліметтер;

музыкалық білім және үрмелі музыкалық аспаптарда ойнау негіздері.

319. Жұмыс үлгілері:

1) саксофон мен кларнеттің қалпақшалары – жаншу жұмыстары, терең тарту және күйдіру;

2) үрмелі мыс аспаптардың қаттылық сақиналары – орау;

3) флейт-сопраноның корпусы- дайындамаларды токарлық станокта өңдеу;

4) кең қоныш, сигналдық құралдардың, трубалардың, пионерлік горнның, қалпақшалардың кең қоныштарының бастары – терең тарту, күйдіру, тегістеу;

5) оркестрлік тарелкалар – жаншу жұмыстары, күйдіру, тегістеу;

6) саксофон мен кларнеттің таяқшалары – дайындаманы бұрғылау, фрезерлеу, тегістеу және басқа да станоктар мен арнайы айлабұйымдарда өңдеу.

Параграф 4. Үрмелі аспаптарға арналған бөлшектерді жасаушы, 5-разряд
320. Жұмыс сипаттамасы:

үрмелі музыкалық аспаптардың өте күрделі бөлшектерін жасау;

қамыстан екі қабат таяқтарын жасау;

таяқ жапырақшаларының қажетті қалыңдығына қол жеткізу үшін дайындамаларды өңдеудің технологиялық әдіптерін айқындау;

таяқ жапырақшаларының дайындамаларын станокта және арнайы айлабұйымдарда өңдеу;

таяқ жапырақшаларының қабаты мен бүйірін өңдеу;

екі жапырақшалы таяқты ерітіндіде шылау;

екі жапырақшалы таяқты кесу және тазалау;

жапырақшаларды қолмен тегістеу, бетіндегі аздаған түкті де тазалау;

металл дыбыс өткізгіш арнаны жасау;

металл түтікті таяқтың екі жапырағын құрастыру;

үрмелі ағаш музыкалық аспаптардың бастапқы арнасының көлемі бойынша екі жапырақты таяқты қолмен жетілдіру;

екі жапырақты таяқтың өлшемі мен дыбыстау қасиеттерін микрометр мен акустикалық вибратордың көмегімен бақылау;

аса күрделі конфигурациялы бөлшектерді томпактан, жартылай томпактан және нейзильберден токарлық-жаншу станогында жасау;

қабырғаның қалыңдығы бойынша металды жайып бөле отырып, бөлшектердің барлық диаметрі бойынша терең тарту;

бөлшектерді іштен қырнау және тегістеу;

бөлшектердің дыбыстық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында дыбыс тербелісін периметр бойынша біркелкі бөлу арқылы үрмелі музыкалық аспаптардың әрбір түрі үшін қабырға қалыңдығын белгіленген өлшемге дейін жетілдіру;

бөлшектерді өңдеу барысында жылдамдықтың өзгеруі мен қысқыштардың күшін анықтау;

тарту өлшемінің есептелуі мен бөлшектердің дөңгелену радиусын тексеру;

ерекше тапсырыспен жасалған үрмелі музыкалық аспаптардың кең қонышының, кең қоныш буынының дыбысты жақсы шығару көрсеткіштерін анықтау.

321. Білуге тиіс:

үрмелі музыкалық аспаптардың аса күрделі бөлшектерін жасау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер, үрмелі музыкалық аспаптарды жасаудың технологиялық жүйелілігі мен өңдеу режимі;

екі жапырақты таяқтың, ағаш және мыс үрмелі музыкалық аспаптардың құрылысы;

қысу және терең тарту салдарынан пластикалық деформацияға ұшыраған кезде түсті балқыманың механикалық және акустикалық қасиеттерінің өзгеруі;

термикалық және механикалық өңдеудің өңделетін материалдың қалыңдығының өзгеруіне тигізетін ықпалы;

таяқтың биіктігін, жарықтығын және дыбыстау тембрін тексеру әдістері, таяқты салуға арналған ерітіндінің құрамы;

қысу жұмыстарына қажетті патрондардың құрылысы мен жасау тәсілдері, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының қолданылу ережесі;

шектеулер мен қондыру, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері жүйесі.

322. Жұмыс үлгілері:

1) валторн, труба, саксофон, тромбон, жеке жоғары сапалы үрмелі музыкалық аспаптардың кең қоныштары мен буындары – жаншу жұмыстары, күйдіру және акустикалық деректерін сақтай отырып түзету;

2) гобой мен фагот таяқтары – жасау.

37. Үрмелі аспаптардың күйін келтіруші


Параграф 1. Үрмелі аспаптардың күйін келтіруші, 6-разряд
323. Жұмыс сипаттамасы:

үрмелі музыкалық аспаптардың қатарын, тембрін, шығару жеңілдігі мен дыбысты анық шығаруын баптау және реттеу;

барлық хроматикалық дыбыс қатары бойынша квартоквинт шеңберімен аспаптың акустикалық қасиеттерін тексеру;

бақылау акустиалық аспаптарын тербеліс жиілігі 440 Гц, бірінші октаваның «ля» камертоны (эталоны) бойынша күйін келтіру және реттеу;

аспаптың бөлшектері мен тораптарының қосылысқан жеріндегі өзара әрекеттестігін, дыбыс өткізу арнасының герметикалығын тексеру;

клавиатураның клапанды-рычагты механизмінің, су жіберетін клапандар мен бұрандалардың дұрыс орналасуын, крон қадамының жеңілдігі мен клавиатура жұмысының дәлдігін тексеру;

серіппенің тартылуын грамометрмен тексеру;

үрмелі музыкалық аспаптардың мундштуктері мен таяқтарын қиыстыру және жетілдіру;

арнайы акустикалық аспаптардың көмегімен қатардың, оңай шығарудың және дыбыс орнықтылығының ақаулықтарын анықтау және оларды түзету;

аспаптарды ойнап байқау.

324. Білуге тиіс:

мундштукты (амбушюрлі), дульцті, таяқты үрмелі музыкалық аспаптарды баптау және реттеу тәсілдері;

үрмелі музыкалық аспаптарды жасау технологиясы мен құрылысы, музыкалық білім, музыкалық аспаптарды орташа музыкалық білім деңгейінде ойнау ережесі;

музыка теориясы, музыкалық акустика, музыкалық эстетика, бақылау акустикалық аспаптарының құрылысы мен баптау және реттеу ережесі;

музыкалық есту қабілеті болуға тиіс.

38. Үрмелі аспаптарды құрастырушы

Параграф 1. Үрмелі аспаптарды құрастырушы, 3-разряд
325. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым үрмелі музыкалық аспаптарды бөлшектерін жасай отырып құрастыру;

оркестрлік үрмелі музыкалық аспаптардың жекелеген тораптарын құрастыру;

ашық клавиатураның тораптарын және 3 вентильді үрмелі музыкалық аспаптардың серіппелі барабандары бар клавиатураны құрастыру;

рычагтарды, тартпаны, тұғырларды, тұмсығын, мостының планкасын және басқа да бөлшектерін слесарлық өңдеу;

клавиатураның бөлшектерін кондукторы бойынша бұрғылау станоктарында бұрғылау;

тартпа торабы мен барабандарын айқастырып құрастыру;

клавиатура серіппесінің созылу күшін динамометрмен реттеу;

нейзильбер маркасы мен оның физикалық-механикалық қасиеттеріне байланысты техникалық шарттарда көзделген күшке қол жеткізу үшін спираль серіппенің орамаларының санын анықтау;

бөлшектер мен тораптарды қалайы-қорғасын және күміс дәнекермен дәнекерлеу;

бөлшектер мен тораптарды қырнау және ысқылау;

дайындамаларды материалдың түсі, сорты бойынша іріктеу;

құрастыру ақаулықтарын анықтау, оларды жою;

бұрғылау, арнайы бұранда кескіш станоктарды, нығыздауыштар мен арнайы айлабұйымдарды баптау.

326. Білуге тиіс:

қарапайым үрмелі музыкалық аспаптарды құрастыру әдіс-тәсілдері, ашық клавиатураның тораптарын және 3 вентильді үрмелі музыкалық аспаптардың серіппелі барабандары бар клавиатураның құрылысы, оларды құрастыру сапасына қойылатын талаптар;

дәнекерлеу режимі, дәнекер мен флюс маркасы, құрастыру кезінде флюсті балқыту температурасы, газ және оттегі шілтердің жұмыс қағидаты мен қолданылу шарттары, қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері;

қолданылатын жабдықтарды баптау ережесі;

арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолданылу ережесі;

сызбаларды оқу, геометрия, кесу құралын қайрау және орнату ережесі;

шектеулер мен қондыру, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері туралы түсінік.

327. Жұмыс үлгілері:

1) альт, баритон, валторн, труба, туба, цуг-тромбон-тораптарын құрастыру;

2) тығын - рычагқа қол нығыздауышпен нығыздау;

3) горны пионерлік және кәдесый горндары, мүйіз сырнай, фанфара, аңшы тұрбасы – бөлшектерді жасау және толық құрастыру;

4) серіппе - дайындау және қолмен орау.

Параграф 2. Үрмелі аспаптарды құрастырушы, 4-разряд
328. Жұмыс сипаттамасы:

күрделілігі орташа үрмелі музыкалық аспаптарды бөлшектерін жасай отырып құрастыру;

ашық клавиатураның тораптарын және 4 және 5 вентильді үрмелі музыкалық аспаптардың серіппелі барабандары бар клавиатураны, сондай-ақ реттелетін клавиатураны құрастыру;

клавиатура бөлшектерін қолмен арнайы айлабұйымдардың көмегімен слесарлық өңдеу;

бөлшектер мен тораптардың жанасқан бетін қырнау және ысқылау;

тартпа торабы мен барабанды үстелде қолмен айқастырып құрастыру және тартпа мен үлкен рычагтың осьтерін қол нығыздауышта бекіту, тығынды тартпаға нығыздау;

клавиатура серіппесінің созылу күшін динамометрдің көмегімен реттеу және баптау;

клавиатураның біркелкілігін, жатықтығын және басылуының жеңілдігін үрмелі музыкалық аспаптардың дыбыстау және ойнау қасиеттеріне қойылатын талаптар бойынша қамтамасыз ету;

ағаш үрмелі музыкалық аспаптарды буындары мен арматурасының дайындамасын сызбалар бойынша құрастыру;

көшірмесі бойынша белгілеу және шар тұғырларға арналған саңылауларды бұрғылау-көшіру станогында бұрғылау;

ағаш үрмелі музыкалық аспаптардың буындарын арматурамен монтаждау;

үрмелі музыкалық аспаптардың күрделілігі орташа механизмдерінің клапандық-рычагты бөлшектерін өңдеу;

рычагтарды құрастыру;

бөлшектердің өзара әрекеттесуін реттеу;

үрмелі музыкалық аспаптардың күрделілігі орташа бөлшектері мен тораптарын қалайы-қорғасын және күміс дәнекермен дәнекерлеу;

оркестрлік үрмелі музыкалық аспаптарды аспаптың герметикалығы мен акустикалық өлшемдерін қамтамасыз ете отырып құрастыру;

корпусты ағаш басына және дыбыстық машинкалармен монтаждау;

дыбыстық машинкалардың басылуын реттеу;

құрастыру үшін бөлшектерді материалдың түсі, сорты, үрмелі музыкалық аспаптардың түрлері бойынша жинақтау;

бөлшектер мен тораптардың көлемін арнайы бақылау-өлшеу құралдарымен тексеру;

күрделілігі орташа үрмелі музыкалық аспаптардың қатарын камертон, фисгармония және объективті бақылау аспабы бойынша тексеру;

құрастыру ақаулықтарын анықтау және оларды жою.

329. Білуге тиіс:

күрделілігі орташа үрмелі музыкалық аспаптарды құрастыру әдіс-тәсілдері, күрделілігі орташа үрмелі музыкалық аспаптардың құрылысы;

ағаш үрмелі музыкалық аспаптардың рычагтарының берілу жүйесі және клапандарды реттеу тәсілдері, қатардың бұзылуын және клапанның толықтай жабылмауын туындататын себептер;

балқымалар мен дәнекерді балқыту температурасы, газ және оттегі шілтердің, арнайы айлабұйымдардың құрылымдық ерекшеліктері;

қолданылатын материалдарды өңдеудің әдістері мен режимі, қолданылатын жабдықтар мен арнайы бақылау-өлшеу құралдарының құрылымдық ерекшеліктері;

музыкалық білім мен үрмелі музыкалық аспаптарда негіздері;

шектеулер мен қондыру, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері.

330. Жұмыс үлгілері:

Құрастыру:

1) альт;


2) баритон;

3) кларнет;

4) тенор;

5) цилиндр тұрбалар;

6) «Б» және «С» тұрбалары;

7) саксофон торабы;

8) помпылы трубаның тораптары;

9) флейта – бойлық сопрано.

Параграф 4. Үрмелі аспаптарды құрастырушы, 5-разряд
331. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі үрмелі музыкалық аспаптарды бөлшектерін жасай отырып құрастыру;

бөлшектер мен тораптарды өңдеудің технологиялық режимін анықтау;

бөлшектер мен тораптардың, арнайы айлабұйымдардың акустикалық және құрылымдық ерекшеліктерін анықтау;

ағаш үрмелі музыкалық аспаптардың дыбыстық саңылауларын қолмен және көшірме бойынша белгілеу;

дыбыстық саңылауларды бұрғылау-көшіру станогында бұрғылау, дыбыстық қажетті жоғарылығын қамтамасыз ететін саңылауларды жетілдіру;

ағаш үрмелі музыкалық аспаптардың буындарына арматуралар мен тұғырларды қолмен арнайы айлабұйымда орнату;

шар тұғырларды осьтің астына бұрғылау, бұранда кесу және тұғырды үстелдік-бұрғылау және фрезерлеу станоктарында фрезерлеу;

күрделі ағаш үрмелі музыкалық аспаптардың клапанды-рычагты механизмінің бөлшектерін өңдеу;

клапанды-рычагты механизмді құрастыру және реттеу;

дыбыстық саңылауларды жабатын тегіс және дөңгелек серіппені реттеу шегінде белгіленген техникалық жағдайда орнату;

күрделі үрмелі музыкалық аспаптарды күміс және қалайы-қорғасын дәнекермен жұқалап газбен дәнекерлеу әдісімен құрастыру;

аспаптың герметикалығын толық қамтамасыз ету және оның акустикалық өлшемдерін сақтау;

машинаның герметикалығын арнайы аспаппен тексеру;

дыбыстау машинкаларын монтаждау. бөлшектердің формасы мен металдың маркасын ескере отырып, қатты және жұмсақ дәнекердің рецептурасын жасау;

әртүрлі дәнекермен дәнекерлеудің тиімді технологиялық режимін анықтау;

күрделі үрмелі музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарының өлшемін арнайы бақылау-өлшеу құралдарымен тексеру және үрмелі музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруын камертоны, фисгармониясы, дыбыстау сапасын объективті бақылау аспабымен реттеу;

үрмелі музыкалық аспаптарда ойнап байқау;

жекелеген тораптар мен бөлшектерді баптау кезінде анықталған ақаулықтарды жою, қажетті үндесімділікке дейін жеткізу, тембрлік бояу беру, үрмелі музыкалық аспаптардың барлық диапазоны бойынша дауыс айқындылығы.

332. Білуге тиіс:

күрделі үрмелі музыкалық аспаптарды құрастырудың әдіс-тәсілдері, бөлшектер мен тораптарды өңдеу және оларды құрастырудың тиімді режимін таңдау ережесі;

күрделі ағаш үрмелі музыкалық аспаптардың құрылысы, қолданылатын ағаштың, пластмасса, эбонит, металл мен түсті балқымалардың сапасы мен қасиеттері;

құрастыру дәлдігінің аспаптың дыбыстау сапасына тигізетін әсері, барлық дәнекерлер мен флюстердің түрлері, мақсаты мен рецептурасы;

қышқылдың қасиеттері, олармен жұмыс жүргізу ережесі;

үрмелі музыкалық аспаптардың үнін реттеу ережесі;

музыкалық білім, шектеулер мен қондыру, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері жүйесі.

333. Жұмыс үлгілері:

Құрастыру:

1) 3-вентильді валторндар;

2) жеке гобой;

3) корнет;

4) саксофон;

5) помпылы труба;

6) тубы;


7) цилиндр және пикколо флейта;

8) цуг-тромбон.

Параграф 5. Үрмелі аспаптарды құрастырушы, 6-разряд
334. Жұмыс сипаттамасы:

экспортқа шығару үшін және жеке тапсырыспен жасалатын аса күрделі үрмелі музыкалық аспаптарды бөлшектерін жасай отырып құрастыру;

бөлшектердің және жалпы аспаптың акустикалық және құрылымдық ерекшеліктерін анықтау;

аспап мензурасының акустикалық өлшемдерін есептеу;

мензура есебі бойынша дайындаманың барлық элементтерінің, корпус бөлшектері мен дыбыстық машинкаларының графикалық құрылымы;

бөлшектер мен тораптарды өңдеудің технологиялық режимін анықтау;

ағашты сапасы бойынша іріктеу, оны дайындамаларға бөлу;

лекало жасау және металды осы бойынша пішу;

аса күрделі үрмелі музыкалық аспаптарды бөлшектерін күміс және қалайы-қорғасын дәнекермен дәнекерлеу;

дыбыстау машинкаларының бөлшектерін және жартылай томпактан, томпак пен нейзильберден жасалған үрмелі музыкалық аспаптардың корпусын жүргізілген есептер мен графикалық құрылымдарды жасау;

дыбыстау машинкаларының тораптарын құрастыру және олардың герметикалығын арнайы аспапта тексеру;

аса күрделі үрмелі музыкалық аспаптарды бөлшектерін белгілі бір үндесімдегі үн жоғарылығын қамтамасыз ете отырып жетілдіру. таяқты үрмелі музыкалық аспаптардың буындары мен кең қоныштарын бояу, тегістеу, лакпен және политурамен жылтырату;

арнайы айлабұйымдардың көмегімен шар тұғырларды орнату және оларды фрезерлеу;

аса күрделі ағаш үрмелі музыкалық аспаптардың клапанды-рычагты механизмінің бөлшектерін өңдеу;

клапанды-рычагты механизмнің тораптарын құрастыру және реттеу;

тегіс және дөңгелек серіппені орнату;

бөлшектер мен тораптардың көлемін бақылау-өлшеу құралдарымен тексеру;

аса күрделі үрмелі музыкалық аспаптарды камертоны, фисгармониясы, дыбыстау сапасын объективті бақылау аспабымен реттеу және баптау;

аспаптың дыбыстау сапасын ойнату арқылы анықтау, ақаулықтарды анықтау және оларды түзету.

335. Білуге тиіс:

экспортқа шығару үшін және жеке тапсырыспен жасалатын аса күрделі үрмелі музыкалық аспаптарды құрастырудың әдіс-тәсілдері;

аса күрделі үрмелі музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарын құрастыру, жасаудың жоғары дәлдігіне қол жеткізу тәсілдері;

аса күрделі үрмелі музыкалық аспаптардың құрылысы, үрмелі музыкалық аспаптардың негізгі бөлшектері мен мензурасының акустикалық есептерінің ережесі;

үрмелі музыкалық аспаптардың үн сапасын анықтайтын факторлар, жасалған бөлшектер мен тораптардың герметикалығы мен беріктігін сынау әдістері;

қолданылатын ағаштың сапасы мен қасиеттерінің ауаның әсері мен аспапты пайдалану шарттарына тәуелдігі;

ұстау, май сіңдіру және ағашты кептіру режимі, металл ақаулықтары, қолданылатын материалдардың қасиеттері және оларды өңдеу режимі;

қолданылатын жабдықтың, арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен дәлдігін тексеру ережесі;

үрмелі музыкалық аспаптарды акустикалық тексеру әдістері, тәсілдері мен ережесі;

шектеулер мен қондыру, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері жүйесі.

336. Жұмыс үлгілері:

Акустикалық есеп, бөлшектерді жасау, құрастыру:

1) баритон;

2) бас-кларнет;

3) 4 және 5 вентильді валторн;

4) контрафагот;

5) альт және тенор саксафоны;

6) помпылы трубалар;

7) 4 вентильді трубалар;

8) фагот;

9) квартвентильді цуг-тромбон.

39. Ұрмалы аспаптарды құрастырушы
Параграф 1. Ұрмалы аспаптарды құрастыруш, 2-разряд
337. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым ұрмалы музыкалық аспаптарды бөлшектері мен тораптарын жасай отырып құрастыру;

тарелканың осіне шақтап кондуктор бойынша саңылау және сылдырмақтарды бекітуге арналған ішектерді тарту үшін саңылау бұрғылау;

серіппені арнайы станокта орау;

серіппе никель сымды белгіленген ұзындық бойынша арнайы автоматта кесу;

осьтің бір ұшын зімпара шеңбермен қайрау;

сылдырмақ ұстағышты өрнек салу әдісімен таңбалау;

жартылай сферадан жасалған маракас шарын қиыстыру, жабыстыру;

тұтқа мен қысқышты қолмен жетілдіру;

шардың ішіне қорғасын бытыра толтыру;

жабыстыру режимін сақтау;

этикетка жабыстыру.

338. Білуге тиіс:

қарапайым ұрмалы музыкалық аспаптарды құрастыру әдіс-тәсілдері;

ағаш жынысы және оның негізгі физикалық-механикалық қасиеттері;

қолданылатын желімнің құрамы мен қасиеттері, оларды дайындау тәсілдері;

бөлшектерді желімдеу режимі, арнайы автоматтардың, бұрғылау станоктарының мақсаты мен жұмыс қағидаты, арнайы айлабұйымдарды, бақылау-өлшеу құралдарын, ұсталық қол құралдың мақсаты мен қолданылу шарттары.

339. Жұмыс үлгілері:

1) сыбызғының сылдырмағы - құрастыру;

2) маракас – толық құрастыру;

3) сыбызғы, тамбурин, сыбызғы осьтері – тарелкасымен жасау және құрастыру;

4) сылдырмақ - толық құрастыру.

Параграф 2. Ұрмалы аспаптарды құрастырушы, 3-разряд
340. Жұмыс сипаттамасы:

күрделігі орташа ұрмалы музыкалық аспаптарды бөлшектері мен тораптарын жасай отырып құрастыру;

ұрмалы музыкалық аспаптардың корпусын жасау;

корпусында және барабанның металл арматурасының бөлшектерін арнайы айлабұйымдарда бұрғылау және фрезерлеу;

былғарының, пергамент пен полиэтилентерефталат пленканың сапасын анықтау;

оркестрлік және эстрадалық барабаннан басқа, ұрмалы музыкалық аспаптарға арналған былғарыны, пергаментті және пленканы шаблон бойынша белгілеу және пішу;

пленканы бүріккіш камерада бүріккішпен күңгірттеу;

былғарыны, пергаментті ылғалдылықтың белгіленген пайызына дейін дымқылдау;

ұрмалы музыкалық аспаптардың корпусына жарғақ орнату;

жарғақты керілген күйі кептіру режимін сақтау;

жарғақты корпусқа бекіту;

жарғақтың керілу дәрежесін тексеру;

металл арматураны құрастыру және корпусқа орнату;

бекіту торабын құрастыру;

күрделігі орташа ұрмалы музыкалық аспаптардың үн сапасын тыңдап байқау арқылы, азайып бара жатқан тербеліс қоздырғышы бойынша тексеру және анықталған ақаулықтарды түзету. .

341. Білуге тиіс:

күрделігі орташа ұрмалы музыкалық аспаптарды құрастыру әдістері мен тәсілдері;

қолданылатын материалдардың қасиеттері, оларды өңдеу режимі мен әдістері, ағаш пен металдың әр түрлі түрлерінің резонанстық қасиеттері;

қолданылатын жабдықтың құрылысы, баптау ережесі;

бақылау-өлшеу аспаптары мен арнайы айлабұйымдардың құрылымдық ерекшеліктері мен оларды қолдану ережесі;

құрастыру сапасын тексеру әдістері және ақаулықтарды түзету;

шектеулер мен қондыру, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері.

342. Жұмыс үлгілері:

Бөлшектерін жасай отырып құрастыру:

1) пионерлік барабандар;

2) «Том-бас» барабандары

3) «Том-тенор» барабандары;

4) бонг;


5) сыбызғы;

6) тамбуриндер.

Параграф 3. Ұрмалы аспаптарды құрастырушы, 4-разряд
343. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі ұрмалы музыкалық аспаптарды бөлшектері мен тораптарын жасай отырып құрастыру;

арнайы айлабұйымда металл арматураны және оркестрлік және эстрадалық барабанның корпусына ішекті керуге арналған механизмді монтаждау;

металл арматураның бөлшектерін механикалық өңдеу;

былғарыны, пергаментті, полиэтилентерефталат пленканы акустикалық көрсеткіштері бойынша іріктеу;

оркестрлік және эстрадалық барабандарға арналған жарғақты арнайы айлабұйымдарда белгілеу және пішу;

былғары, пергамент және пленканың барынша көп шығуын қамтамасыз ету;

былғары, пергаментті ерітіндіге салу, ылғалдылық дәрежесін электр ылғал өлшеуіштің көмегімен бақылау;

оркестрлік және эстрадалық барабандардың корпусына жарғақ тарту;

былғарыны керілген күйінде кептіру режимін сақтау;

ішекті үндесімділігі бойынша іріктеу, оны барабанға тарту;

жарғақ пен ішектің керілу күшін динамометрмен бақылау;

оркестрлік және эстрадалық барабандардың жарғағының белгілі бір үндесімділікке және тембрлік бояуға дейін тартылуын реттеу;

былғары мен пергаментті дымқылдатуға қажетті ерітіндіні дайындау;

оркестрлік және эстрадалық барабандарда ойнау, үн сапасын баяулаған тербеліс қоздырғышы бойынша және тыңдап көріп тексеру, анықталған ақаулықтарды түзету.

344. Білуге тиіс:

күрделі ұрмалы музыкалық аспаптарды құрастыру әдістері мен тәсілдері;

былғарыны, пергаментті дымқылдату, металл арматура бөлшегін станокпен өңдеудің технологиялық режимі, үлкен және кіші оркестрлік және эстрадалық барабандардың құрылысы;

былғары мен пергаментті дымқылдатуға арналған ерітіндінің құрамы және оны дайындау тәсілдері;

үстел үстінде бұрғылау, фрезерлеу станоктары мен арнайы айлабұйымдардың құрылымдық ерекшеліктері;

музыкалық білім, шектеулер мен қондыру, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері жүйесі.

8-бөлім. Музыкалық аспаптарды жөндеу және қалпына келтіру

40. Үрмелі аспаптарды қалпына келтіруші


Параграф 1. Үрмелі аспаптарды қалпына келтіруші, 6-разряд
345. Жұмыс сипаттамасы:

үрмелі музыкалық аспаптарды жөндеу және қалпына келтіру;

үрмелі музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, бөлшектердің буындарын босату, қылаудан тазалау, дәнекер жігінің жиегін тазалау, тораптарды никельден босату;

үрмелі музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарын контуры бойынша тарту және толық өңдеу, аспаптың бетін тегістеу;

пек толтырылған жетіспейтін буындарын ию және оларды пеште күйдіру;

үрмелі музыкалық аспаптар жасалған металл құрамы бойынша әр түрлі дәнекер жасау;

материалдың түрі мен дәнекердің сапасына байланысты дәнекерлеудің технологиялық режимін анықтау;

үн машиналарын және мыс және ағаш үрмелі музыкалық аспаптардың мундштугының бөлшектерін жөндеу;

үрмелі музыкалық аспаптарды құрастыру;

мыс үрмелі музыкалық аспаптарды никельдеуге дайындау;

ағашты үрмелі ағаш музыкалық аспаптардың бөлшектерін жасайтын дайындамаларға станокпен кесу, дайындамаларды қолмен немесе станокпен өңдеу және оларды қалпына келтірілетін бөлшектердің өлшемдері бойынша жетілдіру;

белгілі бір үндесімділдікті қалыптастыру үшін үн машиналарының бөлшектеріндегі үн шығаратын саңылауларды бұрғылау;

шар тұғырларды белгілеу, бұранда кесу және фрезерлеу;

үн шығатын саңылаулардың жабылуын қамтамасыз ететін және үнді реттейтін тегіс және дөңгелек серіппені орната отырып, клапанды-рычагты механизмнің бөлшектерін слесарлық өңдеу;

тығындар мен көпшіктерді дайындау;

үрмелі музыкалық аспаптардың барлық бөлшектері мен тораптарын жуу, тазалау және құрастыру;

жөндеуге және қалпына келтіруге әкелінетін үрмелі музыкалық аспаптардың барлық түрлерінің сыртқы түрін өңдеу: лактау, жылтырату, бояу және никельдеу;

тапсырыс берушінің талабы бойынша үрмелі музыкалық аспаптардың күйін келтіру және таяқты реттеу;

ерекше күрделі бөлшектер мен тораптар үшін сулага мен айлабұйым жасау;

жекелеген бөлшектер мен тораптардың геометриялық формасын, өлшемін және өзара байланысын материалдың түрі мен сапасына байланысты анықтау;

тапсырыс берушінің талап ететін үндесімділігі бойынша мензураны есептеу;

жөндеу мен қалпына келтіруді талап ететін барлық бөлшектердің эскизі мен сызбасын жасау;

жаңа бөлшектерді жасау;

кесу құралын қайрау, түзету және термоөңдеу.

346. Білуге тиіс:

отандық және шетелдік үрмелі музыкалық аспаптардың барлық түрінің құрылысы, барлық бөлшектер мен тораптарды бөлшектеу және құрастырудың, сондай-ақ аспапты тұтастай құрастырудың әдістері;

үрмелі музыкалық аспаптардың түріне байланысты дәнекерлеу технологиясының, дәнекер дайындаудың негіздері;

музыкалық білім, үн туралы, оның туындауы, қатары, интервалы туралы түсінік, сондай-ақ нотаны оқу, барлық түрлі үрмелі музыкалық аспаптарды реттеу әдістері және бөлшектер мен тораптар жұмысының дұрыстығы мен өзара әрекеттестігін тексеру тәсілдері;

әрбір үрмелі музыкалық аспаптың жұмыс сапасын анықтай білуге және тыңдау арқылы ақаулықтар мен оларың пайда болу себептерін анықтай білуге тиіс;

ағаш және металл өңдеу технологиясының негіздерін білуге тиіс, үрмелі музыкалық аспаптардың күйін келтіру әдістері және аспапқа белгілі бір үн тембрін дарыту үшін таяқтарды реттеу тәсілдері;

сызбалар мен эскиздерді жасау ережесі, кесу құралын қайрау, түзету және термоөңдеу әдістері.

41. Клавишалы аспаптарды қалпына келтіруші


Параграф 1. Клавишалы аспаптарды қалпына келтіруші, 5-разряд
347. Жұмыс сипаттамасы:

отандық өндірістен шыққан пианино мен рояль механикасының барлық бұзылған бөлшектерін жөндеу және қалпына келтіру;

жаңа бөлшектер мен тораптарды жасау;

механиканы реттеу;

пианино мен рояль механикасының жылжымалы тораптарының құрастырылу сапасы мен реттелуін тексеру;

пианино мен рояльдің клавиатурасын қалпына келтіру, түзету және іске қосу.

348. Білуге тиіс:

отандық өндірістен шыққан барлық модельді пианино мен рояльдің клавишалық механизмінің құрылысы, клавишалы музыкалық аспаптардың механикасы мен клавиатурасының сапасына қойылатын талаптар;

әр түрлі жынысты ағаш пен металды өңдеу технологиясы бойынша негізгі мәліметтер, механика бөлшектерінің өзара әрекеттестігіндегі негізгі ақаулықтардың түрлері және оларды жою тәсілдері;

отандық өндірістен шыққан пианино мен рояль механикасының жұмыс қағидаты;

бөлшектерді сызбалар мен эскиздер бойынша жасау, сызбаларды оқу, механика бөлшектерін өңдеуге арналған бітеменің құрамы;

клавиатураны реттеу және түзету әдістері.

Параграф 2. Клавишалы аспаптарды қалпына келтіруші, 6-разряд
349. Жұмыс сипаттамасы:

отандық және шетелдік өндірістен шыққан әр түрлі үлгідегі пианино мен рояльді қалпына келтіру, баптау және дауыс ырғағын келтіру жұмыстарын шеберханада немесе тапсырыс берушінің тұрғылықты жері бойынша кешенді орындау;

жөндеуге және қалпына келтірілуге түсетін пианино мен рояльді тексеру;

қалпына келтіру мен жөндеудің түрлері мен санатын анықтау және оны өндірілетін жұмыс сапасын бағалау кезінде ақаулы ведомосьтпен салыстырып тексеру;

клавишалы музыкалық аспаптарды бөлшектеу;

қалпына келтірілетін тораптарға және жаңа бөлшектерді жасау үшін айлабұйымдар мен сулагаларға эскиз, сызба жасау;

жөнделетін клавишалы музыкалық аспаптарды сызбалар бойынша станокпен немесе қолмен жасау және оларды арнайы ұсталық және слесарлық құралмен жетілдіру;

тораптарды монтаждау және оларды аспаптың корпусына орнату;

вен механикалы, екі репетициялы, жартылай репетициялы механикалы, қарапайым механикалы және басқа да жүйелі 2, 1 және жоғары сыныпты пианино мен рояльдің клавишалы механизмдерін жөндеу және қалпына келтіру;

клавиатура мен механиканы тапсырыс берушінің талабымен бір жүйеден екінші жүйеге ауыстырған кезде оларды қайта есептеу;

ішек мензурасын есептеу, оларды таңдау, үнтілшелеріне салу, хоры бойынша бөлу және орау;

корпустағы тораптардың өзара әрекеттестігін реттеу, белгілі бір үндесімдегі үн алу үшін олардың жұмыс дәлдігі мен нақтылығын тексеру;

өңдеу материалдарын аспаптың жалпы түсінің колері бойынша жетілдіре отырып, дайындау;

клавишалы жапсырмаларды таңдау және оларды тон клавишаларын қалпына келтіру үшін өңдеу;

клавишалардың көтеріліп, түсу сызығы бойынша клавиатураны түзету;

ораудың және ішектердің бекітілуін вирбельде тексеру;

вирбельбанк, металл рама, резонанстық қалқан және пианино мен рояльдің басқа да тораптарының жай-күйін тексеру;

тербеліс жиілігі 440 Гц, бірінші октаваның «ля» камертоны (эталоны) бойынша бірінші ішектің күйін келтіру, «ля» нотасы хорының барлық ішектерді бірінші ішектің ыңғайына унисонға келтіру;

ішектердің барлық хорларының күйін әрбір нотаның күйінің келтірілу дәлдігін тыңдап, терциялар мен сексталар бойынша тексере отырып, кварт-квинт шеңбері бойынша келтіру;

пианино мен рояльдің дауыс ырғағының сапасын тұтас диапазоны бойынша анықтау;

балғашалардың фильцінің сапасын тексеру және барлық ішектердің дыбыстарының айқындылығын үннің ащылығына жол бермей түзету;

жекелеген ноталардың тембрі бойынша дыбыстау біркелкілігін анықтау мақсатында хроматикалық гаммалы музыкалық аспаптардың күйін келтірген кезде тұтас диапазоны бойынша немесе жекелеген бөліктерінде көп мәрте ойнау;

пианино мен рояльдің барлық тораптарын олардың өзара әрекеттестігі мен дыбыстың пайда болуы бойынша мұқият тексеру;

механиканың дәлдігін балғашаның ішектерді ұру сызығы бойынша, клавишаны басқан кезде балғашаның тез айрылуын, соққының тез берілуін, тұтас механизмнің өзара әрекеттестігін тексеру;

клавишалық және педаль механизмін клавишаларының орналасу дәлдігін, олардың арасындағы шпациді, клавишаны басқан кезде жұмыстың оңайлығы мен оған жауап соққының жылдамдығын тексеру;

аспапты тапсырыс берушіге тапсыру.

350. Білуге тиіс:

күйін келтіру үшін шеберханаға түскен және үйге шақыру бойынша отандық және шетелдік үлгідегі пианино мен рояльдің құрылысы;

әр түрлі үлгідегі пианино мен рояль механикасының бөлшектерінің өзара әрекеттестігінің ерекшеліктері;

клавишалы музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарын жасаудың технологиялық процессі, теориялық механика және физика негіздері;

пианино мен рояльді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарында қолданылатын материалдардың құрамы мен қасиеттері;

бір жүйеден басқа жүйеге ауыстыру кезінде механиканы, клавиатураны, мензураны есептеу тәсілдері;

пианино мен рояльдің бөлшектері мен тораптарының өзара әрекеттестігін тексеру және реттеу әдістері, механика бөлшектерін белгілі бір үндесімдегі және жиіліктегі әрбір ішектің үнін барынша алу жағдайына дәлме-дәл орнату ережесі;

пианино мен рояльдің тұтас диапазоны бойынша күйін келтіру әдістері мен тәртібі;

музыкалық білім, он екі сатылы темпераланған қатардың құрылысы, интервалы мен дыбыс қатары, клавишалы музыкалық аспаптардың ырғағын келтіру ережесі;

үнге әдемілік, ашықтық, қоңырлық және әрбір ішекке белгілі бір үн дарыту әдістері, камертонды тербеліс саны бойынша тексеру әдістері;

бітеу-жылтырату материалдарын дайындау әдістері;

жылтырату және әр түрлі ағаш жыныстарына келтіру тәсілдері;

пианино мен рояль жұмысының сапасын барлық бағыттар бойынша тексеру әдістері.

42. Қияқты және шертпелі аспаптарды қалпына келтіруші


Параграф 1. Қияқты және шертпелі аспаптарды қалпына

келтіруші, 5-разряд


351. Жұмыс сипаттамасы:

қияқты және шертпелі музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарын арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып, жөндеу және қалпына келтіру;

ағаштың акустикалық қасиеттерін ескере отырып, ағашты түсі, текстурасы, ағаш талшықтарының бағыты бойынша таңдау;

айлабұйымдарды пайдалана отырып, қолмен циклдеу, бояу, тегістеу және лактау;

бітеме, лау, политура жасау;

қияқты және шертпелі музыкалық аспаптардың корпустарының бөлшектері мен тораптарын үнтілшелерін ашпай-ақ жөндеу және қалпына келтіру;

тікен механизмдерді, ішектер мен ішек астарын, тұғырларды және оркестрлік аспаптар мен арфадан басқа қияқты және шертпелі музыкалық аспаптардың корпустарындағы басқа да бөлшектерді жөндеу және монтаждау;

кесу құралын қайрау және баптау;

аспаптардың күйін келтіру және ойнау.

352. Білуге тиіс:

қияқты және шертпелі музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарын жөндеу және қалпына келтіру әдіс-тәсілдері, оркестрлік аспаптар мен арфадан басқа қияқты және шертпелі музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарын жасаудың технологиялық процессі;

қияқты және шертпелі музыкалық аспаптардың акустикалық қасиеттері, ағаштың, ақаулықтары, жынысы және физикалық-механикалық қасиеттері;

желімнің құрамы мен жабыстыру режимі, бітеме, лак, политураның рецептурасы мен оларды дайындау тәсілдері;

қияқты және шертпелі музыкалық аспаптардың түсу емес бетіне лак жағу процессі;

тікен механизмдерді, ішектер мен ішек астарын, тұғырларды және қияқты және шертпелі музыкалық аспаптардың корпустарындағы басқа да бөлшектерді үнтілшелерін ашпай жөндеу және монтаждау ережесі;

музыкалық білім негіздері, қияқты және шертпелі музыкалық аспаптардың күйін келтіру ережесі мен тәсілдері;

қияқты және шертпелі музыкалық аспаптардың ойнау және үн сапасын тексеру әдістері.

Параграф 2. Қияқты және шертпелі аспаптарды қалпына

келтіруші, 6-разряд
353. Жұмыс сипаттамасы:

отандық және шетелдік өндірістен шыққан әр түрлі үлгідегі қияқты және шертпелі музыкалық аспаптарды жөндеу, қалпына келтіру, баптау және реттеу жұмыстарын кешенді орындау;

аспапты тексеру және жөндеу мен қалпына келтіруді жүргізуге ақаулы ведомость жасау;

жөндеу кезінде қосымша және дайындық жұмыстарын орындау;

жасауға немесе қалпына келтірілуге тиіс бөлшектердің эскиздері мен сызбасын жасау;

сулага, шаблон, қалыптарды жасау;

аспаптардың мензурасын есептеу;

жөнделетін бөлшектер мен тораптардың дайындамаларын жасауға арналған материалды іріктеу және дайындау;

жекелеген бөлшектер мен тораптарды станоктарда немесе қолмен жасау;

қияқты және шертпелі музыкалық аспаптардың корпустарын үнтілшелерін аша отырып жөндеу және қалпына келтіру;

рейкаларын орнату және үнтілшелерін өсіру;

серіппелерді қайта жабыстыру;

грифтің корпусқа қарағанда иілу бұрышын өзгерту, жаңа саз пластиналарын мензура бойынша орнату,

тұғырларды жасау және қиыстырып келтіру;

ішектерді орнату;

аспаптың үн шығару қасиетін реттей отырып, душкасын орнату;

қияқтарды жөндеу;

қияқты және шертпелі музыкалық аспаптардың сыртқы түрін өңдеу, жылтырату, ағаштан ою және алтын жалатуды түзету;

арфаның негізгі бөлу және педаль механизмдері бөлшектерінің өзара әрекеттесуін реттеу;

педальді бемоль жағдайынан бекар және диез жағдайына ауыстырған кезде күшті тексере отырып, «ля», «соль», «фа», «ми», «ре», «до», «си» әрбір педалінің жұмысын тексеру;

арфаның күйін алдын ала келтіру және ішек үнемі керіліп тұратындай етіп тарту;

арфаның III октавасын «до-бемоль – мажор» тонында тербеліс жиілігі 440 Гц, бірінші октавалы «ля» камертоны (эталоны) бойынша дәлме-дәл күйін келтіру;

барлық октавалардың күйін 3-октава бойынша келтіру;

арфаны «до-мажор» және «до - диез – минор» тонында күйін келтіре отырып, бекарлық және диездік жағдайда реттеу;

реттеу және күйін келтіру кезінде бөтен дыбыстарды анықтау және оларды жою;

арфалардың барлық жүйелері мен механизмдерінің жұмыс біртектілігі мен жеңілдігін тексеру және арфаның дыбысын барлық диапазон бойынша анықтау;

ұсталық және слесарлық кесу құралын қайрау, түзету және термоөңдеу.

354. Білуге тиіс:

барлық түрлі қияқты және шертпелі музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарын жөндеу, қалпына келтіру, күйін келтіру және реттеу әдіс-тәсілдері;

қияқты және шертпелі музыкалық аспаптарды жөндеу және қалпына келтіру кезінде қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар;

бөлшектер мен тораптардың өзара әрекеттестігі қағидаты және олардың аспаптың ойнау сапасына тигізетін әсері;

бөлшектер мен тораптарды монтаждау және демонтаждау жүйелілігі, әр түрлі жынысты металл мен ағашты өңдеу технологиясы, бояу бүріккішпен, тампонмен және кистьпен лактау тәсілдері;

лакпен, желіммен және бояуыштармен жұмыс істеген кезде өңдеу және ұстау режимі;

арфаны әшекейлеу кезіндегі көркем бедерлеу машығы және ағашқа алтын жалату тәсілдері;

ұсталық және слесарлық жұмыстарды орындау тәсілдері, жөндеу және қалпына келтіру кезінде бөлшектер мен тораптардың эскиздері мен сызбаларын жасау ережесі;

барлық түрлі қияқты және шертпелі музыкалық аспаптардың құрылысы, сазды бөлу және өңдеу тәсілдері, серіппелерді жасау және ауыстыру және оларды өңдеу тәсілдері;

дайын қияқты және шертпелі музыкалық аспаптардың күйін келтіру, реттеу әдістері;

үнтілшенің күйін келтіру және қайта құрылымдау, қалыңдығын бақылау, қалыңдығының күрделі схемасын жасау әдістері;

тапсырыс берушінің талабы бойынша аспапты акустикалық реттеу, барлық тондағы арфалардың педалін тексеру әдістері және оларды тиісті үндесімділікке белгілеу;

музыкалық білім, акустика негіздері, үн, ішек үнінің тембрі туралы түсінік және олардың тербелу заңдылығы;

ішектердің мемлекеттік стандарты, ішек салу жұмыстары;

күй келтіретін құралдармен және аспаптармен жұмыс жүргізу ережесі.

43. Ұрмалы аспаптарды қалпына келтіруші
Параграф 1. Ұрмалы аспаптарды қалпына келтіруші, 5-разряд
355. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым және күрделілігі орташа ұрмалы музыкалық аспаптарды: пионерлік және оркестрлік барабандарды, сыбызғыларды, тамбуриндерді, литавраны, гонгілерді, тарелкаларды, үшбұрыштарды, там-таманы, бұлбұлды, кукушканы, маракасты, кастаньеттаны, «Румба» сылдырмағын жөндеу, қалпына келтіру;

жекелеген бөлшектерді жасау және оларды ұрмалы музыкалық аспаптардың корпусына бекіту;

жекелеген бөлшектерді және тұтастай құралды тегістеу және жылтырату;

күйін келтіруге ыңғайлап реттеу.

356. Білуге тиіс:

қарапайым және күрделілігі орташа ұрмалы музыкалық аспаптардың құрылысы оларды өндірудің технологиялық процессі;

ұрмалы музыкалық аспаптарды жасау кезінде қолданылатын материалдар, олардың сапасы мен қасиеттері, бөлшектерді слесарлық және ұсталық өңдеудің технологиясы;

аспаптардың күйіне лайықтап реттеу ережесі, жекелеген бөлшектерді және аспапты тұтастай қолмен тегістеу және жылтырату тәсілдері;

тегістеу және жылтыратудың ұрмалы музыкалық аспаптардың дыбыстық қасиеттеріне тигізетін ықпалы;

металл кескіш станокта жұмыс істеу ережесі.

Параграф 2. Ұрмалы аспаптарды қалпына келтіруші, 6-разряд


357. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі ұрмалы музыкалық аспаптарды жөндеу, қалпына келтіру;

жөндеуге және қалпына келтіруге түскен ксилофондарды, вибрафондарды, түрік тарелкаларын, маримбаларды, челесттерді, глокеншпильдерді, ұлттық ұрмалы музыкалық аспаптарды тексеру;

қалпына келтірілуге тиіс бөлшектердің эскизін алу, қалпына келтірілген өлшемдер бойынша жұмыс сызбаларын жасау, бөлшектерді жасау үшін материалдарды іріктеу;

дайындамаларды станокпен және қолмен өңдеу және жаңа бөлшектерді жасау;

аспаптарды қалпына келтіру кезінде орындалатын тегістеу, жылтырату, бояу, алтын жалату және басқа да өңдеу жұмыстары;

барлық бөлшектер мен тораптарды құрастыру, өзара байланыс элементтері бойынша тексеру және құралдарды реттеуге дайындау;

бөлшектер мен тораптарды өзара байланысын алдын ала реттеу, олардың жұмысын аспаптың корпусында тыңдап көру арқылы тексеру;

бөтен шуларды, қосымша дыбыстарды жою және барлық тораптарды түпкілікті реттеу;

октаваны кварт-квинт шеңбері бойынша алдын ала баптау және аспаптың барлық диапазонын октава бойынша күйін келтіру;

бөлшектердің корпусқа дұрыс орналасуын тексеру және күрделі ұрмалы музыкалық аспаптарды түпкілікті баптау;

кесу құралын қайрау, түзету және термоөңдеу;

жұмыс барысында ағаш өңдеу және металл кесу станоктарын өңделетін бөлшектердің материалы сапасы мен профиліне байланысты баптау және реттеу.

358. Білуге тиіс:

жөндеу мен қалпына келтіруге түсетін барлық ұрмалы музыкалық аспаптар жүйесі мен құрылысы;

жекелеген бөлшектер мен тораптарды, оларға қатысты айлабұйымдарды жасау технологиясы;

барлық түрлі ұрмалы музыкалық аспаптарды бөлшектеу және монтаждау тәсілдері, техникалық сызу негіздері және қалпына келтірілетін бөлшектер мен тораптардың эскизі мен сызбасын жасау ережесі;

музыкалық білім негіздері, кез келген жүйелі және әр түрлі ұрмалы музыкалық аспаптардың күйін және ырғағын келтіру тәсілдері;

үндесімділіктің ұрмалы музыкалық аспаптардың әрбір түрінің құрылымдық ерекшелігіне байланыстылығын реттеу, баптау және тексеру әдістері, кесу құралын қайрау, түзету және термоөңдеу ережесі;

бөлшектер мен дайындамаларды өңдеу барысында қолданылатын ағаш өңдеу және металл кесу станоктарының құрылысы;

өңделетін материалдың сапасы мен бөлшектердің профиліне байланысты оларды реттеу және баптау тәсілдері;

шектеулер, қондыру, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері туралы түсініктер.

44. Тілдік аспаптарды қалпына келтіруші
Параграф 1. Тілдік аспаптарды қалпына келтіруші, 5-разряд
359. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым және күрделілігі орташа тілдік музыкалық аспаптарды жөндеу және қалпына келтіру;

жөндеуге және қалпына келтіруге түскен жартылай аккордеондарды, жаппай өндірістегі екі дауысты баяндарды және барлық жүйелі гармоньдерді тексеру;

жөндеу тобын айқындау және ақаулы ведомосьтпен салыстыру;

қалпына келтірілуге тиіс тораптардың бөлшектерін демонтаждау;

бөлшектер мен тораптарды дәнекерден, шаң-тозаңнан тазарту;

қалпына келтірілуге тиіс тораптар мен бөлшектердің эскизі мен сызбасын жасау немесе тозғандардың орнына жаңасын жасау;

ауыстырылуға немесе қалпына келтірілуге тиіс бөлшектер мен тораптардың дайындамаларын жасау үшін металды, ағашты, пластмассаны, целлулоид пен басқа да материалдарды маркасы, сорты, жынысы, текстурасы және басқа көрсеткіштері бойынша іріктеу;

күрделі емес профильді ескі бөлшектерді қалпына келтіру және жаңаларын жасау үшін сулага мен айлабұйымдар жасау. металдан және ағаштың әр түрлі жынысынан дайындамаларды станокпен немесе қолмен өңдеу және бөлшектер мен тораптарды сызбалар бойынша жасау;

қарапайым және күрделілігі орташа тілдік музыкалық аспаптардың дыбыс шығару бөлігінің жай-күйін анықтау: резонаторларын, үн шығару тілдерін, ойық клапандарының жай-күйін дыбыс тілінің үн нотасы бойынша тексеру;

үн тілдерін жасау;

үн тілдерін орнату және олардың тербеліс жиілігі 440 Гц, бірінші октавалы «ля» камертоны (эталоны) бойынша алдын ала күйін келтіру;

корпусты жөндеу;

оң және сол клавиатуралық механизмдердің бөлшектерін жөндеу және қалпына келтіру;

итергіштерді, ілмектерді, клавиатуралық рычагтарды, кнопкаларды, клавишалар мен басқа да бөлшектерді ауыстыру;

үлбірдің герметикалығын, жиегінің бұрыштарына берік желімделуін, бұрыштардың берік орналасуын және дыбыс шығаруға кедергі келтіретін өзге де ақаулықтарды тексеру;

корпусты өңдеуге дайындау;

қарапайым және күрделілігі орташа тілдік музыкалық аспаптардың барлық тораптары мен бөлшектерін бітеу, тегістеу, алғашқы бояу, бояу, лактау және жылтырату;

қарапайым және күрделілігі орташа тілдік музыкалық аспаптардың тапсырыс берушінің талабы бойынша күйін келтіру және бір қатардан екінші қатарға ауыстыру;

күйінің келтірілу сапасын тыңдау арқылы тексеру, шу мен бөтен дыбыстарды реттеу және жою;

тілдік музыкалық аспаптарды жөндеу және қалпына келтіру сапасын тексеру және тапсырыс берушіге жөндеу және қалпына келтіру.

360. Білуге тиіс:

жартылай аккордеондардың, екі дауысты баяндардың тораптарын және әр түрлі гармоньдердің бөлшектерін жасау технологиялық процессі;

жөндеуге түсетін қарапайым және күрделілігі орташа тілдік музыкалық аспаптардың бөлшектеу және құрастыру тәртібі;

әр түрлі жынысты ағаш пен металды өңдеу технологиясы, эскиздер мен сызбалар жасау;

ағаш өңдеу және металл кесу станоктарының құрылымдық ерекшеліктері, оларды күйін келтіру және реттеу тәсілдері;

қарапайым және күрделілігі орташа тілдік музыкалық аспаптардың күйін келтіру және реттеу әдістері;

музыкалық білім.

Параграф 2. Тілдік аспаптарды қалпына келтіруші, 6-разряд
361. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі тілдік музыкалық аспаптарды жөндеу және қалпына келтіру;

жөндеуге және қалпына келтіруге түскен отандық және шетелдік әр түрлі аккордеондарды, оркестрлік баяндар мен ерекше тапсырыспен жасалған баяндарды тексеру;

жөндеу және қалпына келтіру үшін жарамсыз болған тілдік музыкалық аспаптарды бөлшектеу;

күрделі тілдік музыкалық аспаптарға арналған дайындамаларды станокпен және қолмен өңдеу және бөлшектер мен тораптарды жасау;

күрделі профильді бөлшектерді өңдеуге арналған сулагалар мен айлабұйымдарды сызбалар бойынша жасау;

үлбір сапасының герметикалығын тексеру және барлық ақаулықтарды түзету;

жөндеуге және қалпына келтірілуге тиіс бөлшектердің эскизі мен сызбасын алу;

ойық клапандарын алу және оларды техникалық шартта көзделген биіктігі бойынша орнату;

дауыс тілін таңдау және дауыс планкасына орнату, олардың дауыстау нотасы мен күйге келтірілуін тексеру;

тапсырыс берушінің талабы бойынша дауыс тілдерінің күйін бір қатарға келтіру және қайта келтіру;

оң және сол механиканы монтаждау, оларды корпусқа орнату, үлбірді орнату және тығыз қиыстыру;

күрделі тілдік музыкалық аспаптардың бөлшектері мен тораптарын өңдеу;

тілдік музыкалық аспаптар бөлшектерінің өзара әрекеттестігін реттеу және олардың жұмысында басылу жеңілдігін, дауыс шығарудағы шу мен жеңілдігін тексеру;

аспапта ойнау және оның күйінің дәлме-дәл келтірілуін, дауыс тазалығын, кнопкалар мен клавишаларға басқан кезде жауап қайтару жылдамдығын тексеру;

күрделі тілдік музыкалық аспаптардың күйін құрастырылған күйінде түпкілікті келтіру және тапсырыс берушіге тапсыру;

жөндеу түрін анықтау және жөнделуін ақаулық ведомосінің тізбесі бойынша тексеру;

қалпына келтірілуге және ауыстырылуға тиіс бөлшектерді жасауға арналған материалдарды іріктеу және дайындау;

кесу құралын қайрау, түзету және термоөңдеу, ағаш өңдеу және металл кесу станогын баптау.

362. Білуге тиіс:

барлық түрлі тілдік музыкалық аспаптардың құрылысы;

бөлшектер мен тораптарды жасау технологиясы және оларды құрастыру, әр түрлі жынысты металды, ағашты, пластмассаны, целлулоид мен күрделі тілдік музыкалық аспаптарды жасауда қолданылатын басқа да материалдарды өңдеу технологиясы;

оң және сол клавиатуралық механизмдерді, резонаторларды, дауыс тілдерін және күрделі тілдік музыкалық аспаптардың басқа да тораптарын жөндеу тәсілдері;

тілдік музыкалық аспаптардың күйін кварт-квинт шеңбері бойынша келтіру ережесі;

кесу құралын қайрау, түзету және термоөңдеу ережесі;

тілдік музыкалық аспаптар бөлшектерінің өзара әрекеттестігін реттеу және тапсырыс берушінің талабы бойынша олардың күйін бір қатарға келтіру және қайта келтіру тәсілдері;

ағаш өңдеу және металл кесу станогының құрылысы және оларды өңделетін бөлшектердің материалының түрі мен сапасына байланысты реттеу және баптау ережесі;

материал сапасы мен дайын бұйымдарға қойылатын талаптар.




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау