Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындау
үшін міндетті шарт болып табылады.
Әлеуметтік келісімшарт учаскелік комиссияның қорытындысын,
сонымен қоса, қажет болған жағдайда халықты жұмыспен қамту мәселе-
лері бойынша аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссиялардың
рекомендациясын алғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде жасалады.
Шартты ақшалай көмек алушыларымен әлеуметтік келісімшарт алты
айға жасалады. Отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімдеуін жалғастыру
және (немесе) еңбекке қабілетті отбасы мүшелерімен кәсіби оқуды және
(немесе) жастар тәжірибесін, әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен
қамтуды аяқтамауына байланысты қажет болған жағдайда қосымша
алты айға дейін ұзартылады.
Шартты ақшалай көмекті алушылармен әлеуметтік келісімшарт:
1) аз қамтылған адаммен (отбасымен) әлеуметтік келісімшарттың шарттарын
және жеке жоспар іс-шараларын толық көлемде орындамаған жағдайда;
2) шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған дәйексіз
мәліметтер ұсынған жағдайда бұзылады.
Әлеуметтік келісімшартты бұзу отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне
төленетін шартты ақшалай көмекті тоқтатуға негіз болады.
Әлеуметтік келісімшарт бойыша міндеттерді орындамауы бірінші рет
анықталған жағдайда шартты ақшалай көмек мөлшері орта, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу
орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындарды қоспағанда, олар оқу
орындарын бітіретін уақытқа дейін кәмелетке толғаннан кейін (бірақ жиырма
үш жастан аспайтын) он сегіз жастан асқан отбасы мүшелерінің барлығына бір
ай бойына елу пайызға қысқартылады.
Міндеттемелердің орындалмағаны қайтадан анықталған жағдайда,
кәмелетке толмаған балалардан, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік,
(МАӘК туралы Заңының 2-
бабының 6-тармағы).
Әлеуметтік келісімшарттың бұзылуы
Әлеуметтік келісімшарт жасасу
12
орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында
күндізгі оқу нысанында оқитындардан басқа, олар оқу орындарын бітіретін
уақытқа дейін кәмелетке толғаннан кейін (бірақ жиырма үш жастан аспайтын)
шартты ақшалай көмек төлеу тоқтатылады
Атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу кезеңі төлем түріне байла-
нысты – шартсыз немесе шартты.
Шартсыз ақшалай көмек ағымдағы тоқсанға (3 ай) тағайындалады
және ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарттың әрекет ету
мерзіміне тағайындалады (6 ай).
Шартты ақшалай көмек ай сайын немесе өтініш берушінің арызы
бойынша біржолата үш ай үшін төленеді.
Отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімдеуін жалғастыру және (немесе)
еңбекке қабілетті отбасы мүшелерімен кәсіби оқуды және (немесе)
жастар тәжірибесін, әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтуды
аяқтамауына байланысты қажет болған жағдайда шартты ақшалай
көмек тағайындау кезінде оны қосымша алты айға дейін ұзартуға
мүмкіндік бар.
Жұмыспен қамту орталықтарының штатына ассистенттер мен
консультанттарды енгізу атаулы әлеуметтік көмекті реформалаудағы
маңызды жаңа енгізілім болып табылады.
Ассистенттер мен консультанттар жәрдемақы алатын адамдарға
қолдау көрсетеді, жұмыс іздеуде жәрдемдеседі, әлеуметтік бейімдеу
бойынша қажетті қызметтер кешенін қамтамасыз етеді және жәрдемақы
алатын адамдардың міндеттемелерді орындауын бақылайды.
Кедей отбасындағы жағдайға дара тіл табу, әрбір нақты жағдайда
бейімдеудің нақты бағыттарын әзірлеу жүйені жаңғыртудың нәтижесі
болады.
(МАӘК туралы Заңының 4-
бабының 12-тармағы).
(МАӘК туралы Заңының 4-бабының 10-тармағы)
Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік
көмек қандай кезеңге тағайындалады?
Ассистенттер мен консультанттар деген кімдер?
13
Ассистент – отбасыны жанамалау, консультация, сұхбат өткізуде,
әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауды бақылау-
да әлеуметтік жұмыс бойынша консультантқа және кент, ауыл, ауылдық
округ әкіміне жәрдемдесу бойынша функцияны жүзеге асыратын халық-
ты жұмыспен қамту орталығының қызметкері.
Әлеуметтік жұмыс бойынша консультант – атаулы әлеуметтік
көмек тағайындауда және аз қамтылған адамның (отбасының) кедейлік
шегінің сыртында болуымен байланысты жағдайдан шығуға жәрдемде-
суді жүзеге асыратын халықты жұмыспен қамту орталығының қызмет-
кері.
Учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген
адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру
жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің
шешімімен құрылатын арнайы комиссия
Отбасының материалдық жағдайын растау үшін учаскелік комиссия-
ға өтініш беріледі.
Өтініш берушінің және (немесе) оның отбасы мүшелерінің Орталық-
тың құзыретіне кірмейтін жұмыспен қамту және (немесе) әлеуметтік
бейімдеу шараларына, сондай-ақ әлеуметтік келісімшартты ұзартуға
қажеттілік болған жағдайда аудандық (қалалық) немесе өңірлік
комиссияға өтініш береді.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комис-
сия – аудан, қала, облыстық және республикалық маңызы бар қалалар,
астана аумағында халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асыру мақсатында құрылған халықты жұмыспен қамту
мәселелері жөніндегі комиссия;
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия –
облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) аумағындағы халықты
жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
мақсатында құрылған халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
комиссия;
(МАӘК туралы Заңының
1-бабының 1-тармақшасы)
(МАӘК туралы Заңының 1-бабының 1-1 тармақшасы)
(МАӘКТ туралы Заңның 1-
бабының 7-тармағы)
Комиссиялардың қажеті неде?
14
Достарыңызбен бөлісу: |