топтағы мүгедектер болып
уақытша еңбекке жарамсыздығы белгілене алатын ауруы бар және
(немесе) жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек-балаға, бірінші немесе
екінші топтағы мүгедекке, күтімге және көмекке мұқтаж қария адамға
күтімді жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға көрсетіледі.
* Шартты ақшалай көмек осы баптың 4-тармағында көрсетілген
адамдар (отбасылардан) басқа жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шарала-
рына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шарала-
рына қатысу шартымен жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз
қамтылған еңбекке қабілетті адамдарға, бұдан басқа, құрамында еңбек-
ке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға көрсе-
тіледі.
Жаңа нысандағы АӘК пайда болуына дейін әлеуметтік көмектің кез-
келген түріне жүгіну процесі үш қадамнан тұратын қайталанатын цикл-
мен шектелетін: арызды беру – заңдылылықты анықтау – ақшалай
көмекті тағайындау және төлеу. Жәрдемақы тағайындалғаннан кейін
өтініш беруші үш айға жоғалатын – келесі арызды беруге дейін, ал
көмекті тағайындаған маман ол туралы «ұмытатын». Әрине, өтініш
берушіге жұмысқа орналасу ұсынылатын, бірақ отбасының басқа
мүшелері бұл процесске қатыспайтын.
Жаңа нысандағы АӘК қолданыстағы бағдарламалардан негізгі
айырмашылығы – бұл отбасының жекеленген қажеттіліктеріне бағыттал-
ған тәсілдің кешенділігі.
Әлеуметтік қорғаудың тәжірибесінде алғаш рет жұмыс өтініш беру-
шімен ғана емес, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің барлығы-
мен жүргізіледі. Оған қоса, бірінші рет жүгіну мезетінен бастап отба-
сымен бір адам жұмыс істейді. Бұл әлеуметтік қорғау органымен көмек
алушы арасында өзара әрекеттесудің жаңа тәжірибесін жаратады.
табылатын және (немесе) екі айдан астам
(МАӘК
туралы Заңының 2-бабының 4-тармағы)
(МАӘК туралы Заңының 2-бабының 5-тармағы)
Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмектің
аз қамтылған отбасыларды қолдаудың қазіргі
уақытта қолданыстағы бағдарламалардан
айырмашылығы
9
Ең төмен күнкөріс деңгейі - құрамына адамның тіршілік әрекетін
қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түліктің, тауарлар мен қызметтердің
минималды жиынтығы кіретін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну
себетінің заттай және бағалық құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен
ақшалай кіріс. Құрамына:
1) азық-түлік себеті (ең төмен күнкөріс деңгейінің 60%).
2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап азық-түлік себеті ең төмен
күнкөріс деңгейінің 55% құрайды .
Ең төмен күнкөріс деңгейінің азық-түлік себетінің құрамына 2175
ккал мөлшеріндегі тәуліктік қуат жұмсалымын қамтамасыз ететін азық-
түлік тауарларының 43 атауы кіреді.
Азық-түлік тауарлар атауларының тізбесі оқу-әдістемелік құрал-
дың 1 Қосымшасында көрсетілген.
2) Азықтық емес тауарлар мен қызметтерге шығындардың бекітілген
үлесі кіреді (ең төмен күнкөріс деңгейінің 40%).
2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап азықтық емес тауарлар мен қыз-
меттерге үлес ең төмен күнкөріс деңгейінің 45% құрайды.
Кедейлік шегі – атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін
өлшемшарт ретінде белгiленетiн, бір адамға шаққандағы ақшалай
кірістің шекті ең төмен шамасы.
Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегінің мөлшерін Қазақ-
стан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай пайыздық мәнде орта
есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің
шамасы негізінде айқындайды.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедей
(әлеуметтік стандарттар мен олардың кепілдіктері туралы ҚР Заңының
17-18 баптары)
(МАӘК туралы Заңының 1-бабының 3-1
тармақшасы)
Ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері
дегеніміз не?
Кедейлік шегі дегеніміз не?
10
лік шегін жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептеп шығара-
ды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында: 1) кедейлік шегі – тоқсан сайын
жергілікті атқарушы органдармен;
2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жыл сайын
республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана
бойынша кедейлік шегінен төмен кірістері бар халық үлесі туралы
мәліметтерді жариялайды.
Әлеуметтік келісімшарт екі тараптың – әлеуметтік көмек алушы мен
әлеуметтік қорғау қызметінің міндеттемелері бар, қаржылай көмек алу
үшін арналған.
Яғни, мемлекет өз тарапынан отбасының қиын өмірлік жағдайынан
шығу үшін кәсіби және әлеуметтік бейімдеу бойынша қаржылық көмек-
пен күшейтілген шаралар қолданатын болады (жаңа нысандағы АӘК), ол
үшін алушыдан жауап әрекеті талап етіледі (жұмыс іздеу, әлеуметтік-
кәсіби бейімдеу).
Келісімшарт бойынша аз қамтылған азаматтар өзіне жұмысқа орнала-
су бойынша міндеттемелер қабылдайды (көбінесе Нәтижелі жұмыспен
қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында),
мемлекет жергілікті деңгейдегі атқарушы орган ретінде (Жұмыспен
қамту орталығы және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімдері) оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын, ал қажетті
жағдайларда – әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсетуге міндеттенеді.
Отбасыға көмектің жеке жоспары – Жұмыспен қамту орталығы
атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін жүгінген адаммен және (немесе)
оның отбасы мүшелерімен бірлесе отырып әзірлеген, жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар
жоспары.
Отбасыға көмектің жеке жоспарына отбасының қиын өмірлік жағдай-
дан шығуы үшін нақты іс-шаралар кешені кіреді.
Отбасыға көмектің жеке жоспары әлеуметтік келісімшарттың ажыра-
мас бөлігі болып табылады.
(МАӘК туралы Заңының 2-бабының 1-1
және 1-2 тармақтары)
Әлеуметтік келісімшарт және отбасыға
көмектің жеке жоспары дегеніміз не?
11
Достарыңызбен бөлісу: |