Қазақстан республикасы «ЕҢбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы



жүктеу 2,5 Mb.
Pdf просмотр
бет44/54
Дата14.11.2018
өлшемі2,5 Mb.
#20243
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54

119 
 
жататын  колледждер  білім  алушыларының  оқу  жетістіктерін  сырттай 
бағалаудың негізгі құралы болып табылады.    

   «Сәйкестікті  бағалау  саласындағы  аккредиттеу  туралы»  Қазақстан 
Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 61-IV Заңы, сәйкестікті растау 
бойынша  органдарды  аккредиттеу  рәсімі  және  қандай  ұйымның  біліктілікті 
сертификаттаумен айналыса алатыны туралы айқындалған (9-бап 1-тармақ);   

   «Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі  туралы» 
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексі 
(176  және  176-1-баптар)  денсаулық  сақтау  саласындағы  мамандарды 
сертификаттау,  біліктілік  санаттарын  беру  және  кері  қайтарып  алу  тәртібі 
айқыналған.  

 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңы  (13-бап 
4-тармақ) – мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттауды жүзеге асыру 
көзделген.  Осы  тармақтың  ережесі  экономика  саласында  жұмыс  істейтін 
кадрларды сертификаттау және аттестаттау мәселесіне қатысты, бұл «Ұлттық 
палатаның  экономика  салаларында  кадрларды  даярлау,  қайта  даярлау, 
олардың  біліктілігін  арттыру,  сертификаттау  және  аттестаттау  мен 
техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді  дамыту  саласындағы  функциялары» 
13-баптың  атауында  анық  көрініп  тұр.  Заңның  осы  ережесі  Қазақстанның 
Ұлттық  кәсіпкерлер  палатасы  аппаратының  өзі  мамандардың  біліктілігін 
тәуелсіз  сертификаттауды  тікелей  жүргізумен  өзі  айналсуы  тиіс  деп 
жазылмаған.  Осы  функцияны  орындау  үшін   Ұлттық  кәсіпкерлер 
палатасында  «Техникалық  реттеу  туралы»  және  «Сәйкестікті  бағалау 
саласындағы  аккредиттеу  туралы»  ҚР  заңдарының  талаптарына  сәйкес 
«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР заңына сай (3-бап 3-тармақ және 
13-бап  11-тармақ)  жеке  заңды  тұлға  құрылуы  қажет.  Себебі  мамандардың 
біліктілігін  сертификаттау  білімді,  білікті  және  практикалық  дағдыларды 
сынау  арқылы  сәйкестікті  растау  жолымен  персоналға  қойылатын 
(персоналдың  құзыреттілігіне)  белгіленген 
біліктілік 
талаптарының 
орындалуының  дәлелі  болып  табылады.  Яғни  мамандардың  біліктілігін 
сертификаттау  сәйкестікті  бағалау  болып  табылады.  Ал  өнімнің, 
процестердің,  көрсетілетін  қызметтердің,  менеджмент  жүйесінің  не 
персоналдың  сәйкестігін  растау  бойынша  жұмысты  жүзеге  асыратын  заңды 
тұлғалар  сәйкестікті  растау  жөніндегі  органдар  ретінде  болады.  Сәйкестікті 
растау  жөніндегі  органдар  ретінде  құрылған  заңды  тұлғалар  «Сәйкестікті 
бағалау  саласындағы  аккредиттеу  туралы»  ҚР  заңының  талаптарына  сәйкес 
аккредиттеу жөніндегі органдарда аккредиттеуден өтуі тиіс.   

 
2015  жылғы  23  қарашадағы  №  414-V  Қазақстан  Республикасының 
Еңбек  кодексі,  онда  кәсіптік  стандарттар  және  біліктілік  жүйесі  туралы 
норма енгізілген (9-тарау 117-бап); 

 
«Сәйкестікті растау. Персоналды сертификаттауды жүзеге асыратын 
органдарға қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ ISO/IES 17024-2014. 


120 
 

 
Қазақстан  Республикасының  «Нотариат  туралы»,  «Адвокаттық 
қызмет  туралы»,  «Сауда  мақсатында  теңізде  жүзу  туралы»,  «Жол  жүрісі 
туралы»  кейбір  заңдарында  қызметтің  тиісті  түрлеріне  лицензиялау, 
біліктілік  емтихандарын  тапсыру,  аттестаттау  түрінде  рұқсат  етуге 
қойылатын  талаптар  туралы  жекелеген  баптар  бар.      Рұқсаттың  осы  түрлері 
бойынша қағидаларды тиісті уәкілетті органдар әзірлеген және бекіткен.  

 
Білікті  мамандарды  жалдау  бөлігінде  Қазақстан  Республикасының 
жекелеген заңдары Қазақстанның еңбек заңнамасы ережелеріне сәйкес еңбек 
шартын жасау тәртібіне сілтеме жасайды. 
 
2.5 Сертификаттаушы орталықтар 
 
Сертификациялау органдарын аккредитациялау 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметімен  анықталған,  ҚР  «Сәйкестікті 
бағалау саласында аккредиттеу жөніндегі» Заңының 5 бабына ҚР Үкіметінің 
2008  жылғы  27  тамыздағы  «Аккредиттеу  бойынша  органды  анықтау 
жөніндегі»  №773  қауылсымен  құрылған,  «Ұлттық  аккредиттеу  орталығы» 
ЖШС  (бұдан  әрі  –  ҰАО),  сәйкестікті  бағалау  саласындағы  акредиттеу 
бойынша Жалғыз ұлттық орталық болып табылады. 
АҰО  өзінің  қызыметін  Қазақстан  Республикасының  2008  жылғы  5 
шілдедегі  «Сәйкестікті  бағалау  саласында  аккредиттеу  жөніндегі»  Заңына 
сәйкес, «Сәйкестікті бағалау. Персоналды сертификаттауды жүзеге асыратын 
органдарға  қойылатын  жалпы  талаптар»  ISO  17024-2014  халықаралық 
стандартына сәйкес жүзеге асырады. 
АҰО  аккредиттеу  субъектілерінің  тізілімін  жүргізеді,  және  оған  тек 
қана  сәйкестікті  расттау  бойынша  орган  ретінде  аккредиттелген,  заңды 
тұлғаларды енгізеді. 
Сонымен  қатар  айта  кету  керек,  қолданыстағы  құқықтық  және 
нормативтік  база  аталған  қызымет  түрінің  сәйкестікті  бағалау  және 
мамандардың  біліктілік  деңгейін  растау  бойынша  қызмет  нарығында 
монополиялануына  жол  бермейді.  Сондықтан  да  кез  келген  ассоциация, 
салалар  бойынша  жұмыс  берушілердің  бірлестігі  немесе  персоналдың 
сапалық  деңгейін  дамытуға  және  ел  экономикасының  салаларын  құзыретті 
мамандармен 
қамтамасыз 
етуге 
арналған 
біліктілікті 
тәуелсіз 
сертификациялау  жүйесінің  жауапкершілігі  мен  мәнін  мойындаған  жеке 
тұлғалар,  біліктілікті  сертификаттау  Орталықтарын,  Акционерлік  Қоғам 
немесе ЖШС-нің ұйымдастырылған құқықтық үлгісінде құра алады.    
 
Біліктілікті 
салалық 
ассоциациялау 
негізінде 
тәуелсіз 
сертификаттаудың пилоттық орталықтары   
2012  жылдан  бастап  ҚР  жұмыс  берушілердің  (тау-кен  өндіру, 
машинақұрау,  мұнайгаз,  туристік,  ауылшаруашылық,  көлік  салаларының) 
базасында   мамандардың  біліктіліктерін  бағалау  және  расттау  Орталықтары 
құрылды.  


жүктеу 2,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау