Педиатриялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары - Педиатриялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары
Педиатриялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары "Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 21679 болып тіркелген) белгіленеді. Баланың даму кабинетін жабдықтандыру - Баланың даму кабинетін жабдықтандыру
- Баланы дамыту кабинеті мынандай бұйымдармен жабдықталады: 1) балалар, ересектер таразысы, екі жасқа дейінгі және екі жастан асқан бой өлшегіш, сантиметрлік жолақ;
- 2) жаңа туған нәресте үшін жылу режимін сақтау, шомылу, тамақтандыру дағдыларына үйрету, релактация жүргізу, қауіпсіз орта құру және жарақат немесе жазатайым оқиға кезінде үй жағдайында алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық сабақтар өткізуге арналған жиынтық;
- 3) жылу тізбегін көрсетуге, баланы дұрыс орналастыруға және кеудеге қоюға, шұғыл көмек көрсетуге арналған қуыршақ;
- 4) балаға қосымша тамақ дайындауға оқыту жөніндегі ресурстық орталық (қауіпсіздік техникасын сақтау үшін жағдайлар болған кезде);
- 5) отоакустикалық эмиссияны және қысқа латенттелген есту потенциалдарын тіркеуге арналған аспап;
- 6) оқу материалдары мен көрнекі құралдардың ең аз жиынтығы (орыс және қазақ тілдерінде): бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау схемаларының буклеті, ана жаднамасы, дені сау баланы патронаждау жөніндегі ақпараттық карталардың буклеті, "Ерте жастағы балалардың физикалық және психоәлеуметтік дамуы" оқу-әдістемелік құралы, баланың өсуі мен дамуының жеке картасы, "Отбасында ерте жастағы балаларды күту" күнтізбесі, "Дені сау балаға арналған жазба нысандары", "Жүкті әйел мен бала емізетін ананың тамақтануын 24 сағаттық жаңғыртуды жазу нысаны" , емшек сүтімен қоректендіру, ана сүтін қолмен білдіру техникасы бойынша жадынама. Оқу плакаттары: баланы кеудеге салу техникасы және баланы кеудеге орналастыру, тамақтану пирамидасы, әкелерді тарту, қауіпсіз орта және жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалардың дамуын бақылау және скрининг, ойындар, балалармен оқу және қарым-қатынас. Емшек сүтін қолмен сауу әдістері мен техникасы бойынша аналарға арналған жадынама;
- 7) ономатопеяға арналған жануарлар мен құстардың ойыншықтар жиынтығы (сиыр, қаз, мысық, ит, тауық, үйрек);
- 8) музыкалық аспаптар жиынтығы (ксилофондар, барабандар, сырнайлар);
- 9) дыбыстық ойыншықтар (әр түрлі жиіліктегі дыбыстар шығаратын сыбызғылар, сылдырмақтар);
- 10) баулар, моншақтар (ірі, пластмасса және ағаш);
- 11) қолға ("биялай") және саусаққа (саусақтық ойыншықтар) киілетін ойыншықтар;
- 12) қақпағы жоқ және қақпағы бар қораптар немесе жәшіктер жиынтығы (ағаш немесе пластик);
- 13) әртүрлі мөлшердегі түрлі-түсті текшелер жиынтығы (ағаш немесе пластик);
- 14) тактильді жәшік (ағаш);
- 15) "құлыптар" тактильдік-дамытушы панелі;
- 16) есіктері мен құлыптары бар үй;
- 17) қуыршақтар жиынтығы;
- 18) қуыршақ жиһазы, ыдыс-аяқ жиынтығы;
- 19) азық-түлік жиынтығы (жемістер, көкөністер);
- 20) әртүрлі пішіндегі сақиналары бар пирамидалар;
- 21) пирамида (стақандар);
- 22) матрешка (ағаш);
- 23) пазлдар (тақталар, монтессори жақтаулары);
- 24) Коос текшелері, Сеген тақталары;
- 25) ойыншықтарды сақтауға арналған пластмасса ыдыстар;
- 26) бейнематериалды көрсетуге арналған компьютер және басқа құрылғы;
- 27) сабақ өткізуге арналған орын, үстел, орындықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |