Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
_______ жылғы «___» _________
№____бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы және пайымы
Мемлекеттік органның миссиясы: Еңбек құқықтарын қорғау, нәтижелі жұмыспен қамтуға және халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу.
Мемлекеттік органның пайымы: Өмiр сүру деңгейi мен сапасын нәтижелі жұмыспен қамтудың қолжетiмдiгiн кеңейту, әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн арттыру, халықты әлеуметтiк қолдау жүйесiн дамыту және оңтайландыру негiзiнде арттыру.
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және қатерлерді басқару
1. Стратегиялық бағыт 1. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету
1) Реттелетін қызмет саласының негізгі даму өлшемдері.
Министрлік 2050 стратегиясының негізгі мақсаты – Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруіне қолжеткізу бойынша өз қызметінде қазақстандықтардың әл-ауқатын нығайту принципіне сүйенеді.
Осы мақсаттарда әлеуметтік дамудың қазақстандық моделі – масылдықты болдырмайтын атаулылықты және тиімділікті дамыту принциптерінің біріне негізделген азаматтардың мұқтаж санаттарын әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құру жалғасатын болады.
Мемлекет адам туғаннан бастап оның өмірінің барлық кезеңдерін сүйемелдей отырып, халықтың әлеуметтік қорғалуына кепілдік береді. Осылайша, Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының мынадай принципі іске асырылады – азаматтарға өмірінің әрбір кезеңінде әлеуметтік қызмет көрсетудің – адамның өзін өзі дамытуы үшін бастапқы тең мүмкіндіктерге негіз болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттардың ең төменгі қажетті деңгейіне кепілдік берілетін болады.
Ана мен баланы қолдау жүйесі арқылы бала туу көрсеткішін арттыру және балалы отбасылардың жағдайын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар үшін ықтимал әлеуметтік қатерлер басталған кезде және егде жастағы адамдарға лайықты өмір сүру жағдайларын жасау үшін көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жұмыс істейді және жетілдірілуде.
Бұдан басқа, азаматтардың материалдық жағдайы белгіленген шектен (ең төменгі күнкөріс деңгейі, кедейлік шегі) төмен деңгейде нашарлаған, өмірлік қиын жағдай туындаған кездерде әлеуметтік қолдау және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шаралары қолданылады.
Кейінгі үш жыл қызметтің осы бағытын дамытудың мынадай ахуалын көрсетіп отыр.
Ана мен баланы әлеуметтік қолдауды дамыту
Министрлік демографиялық процестерді басқару жүйесіндегі звенолардың бірі болып табылатындықтан, бала туу көрсеткішін арттыру, балалы отбасылардың жай-күйін жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесуге арналған.
Халық саны өсімінің оң динамикасын атап өткен жөн: 2014 жылдың басындағы осындай көрсеткіш – 17,2 млн. адамды құраса, 2015 жылдың басында – 17,4 млн. адамды, 2016 жылғы 1 қаңтарда ол 17,7 млн. адамды құрады.
Бала туу динамикасы
(1000 адамға шаққанда жалпы бала туу коэффициенті)
Халық санының өсуі, негізінен, бала туу санының өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Соңғы үш жылда туған балалардың орташа жылдық саны 390 мыңнан асты (2013 жылы – 387,2 мың, 2014 жылы – 399,9 мың, 2015 жылы – 397,6 мың); бала туу коэффициенті 2013 − 2015 жылдары 1 мың халыққа шаққанда орта есеппен 22,8-ді құрады.
Демографиялық ахуалды жақсартуға балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесінің дамуы айтарлықтай ықпал етті. Республикада халықаралық практикада (оның ішінде Ресей Федерациясында, Беларусь және Украина Республикаларында) кеңінен қолданылатын мынадай төлемдер беріледі:
Достарыңызбен бөлісу: |