Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру (2014 – 2016 жылдар)
|
Іс-шаралар
|
2014
|
2015
|
2016
|
1
|
Іске асырылған жобалар
|
1 979
|
565
|
5 709
|
Жобаларға жұмысқа орналастырылғандар
|
23 793
|
8 601
|
40 573
|
2
|
Кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғандар
|
9 288
|
2 810
|
3 743
|
Микрокредит алғандар
|
9 607
|
4 385
|
10 099
|
Қосымша жұмыс орындарына орналастырылғандар
|
10 656
|
6 134
|
8 821
|
3.1
|
Оқумен қамтылғандар
|
35 740
|
13 952
|
7 240
|
Оқуды аяқтағандар қатарынан жұмысқа орналастырылғандар
|
19 337
|
10 422
|
6 282
|
3.2
|
Қоныс аударғандар, адам
|
3 456
|
1 185
|
1 979
|
Еңбекке қабілетті жастағы адамдар қатарынан жұмысқа орналастырылғандар
|
1 401
|
395
|
431
|
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде (2011 – 2016 жылдар) іске асырылған 10 530 жобада 103,7 мың жұмыс орны ашылып, оларға 56,1 мың қатысушы жұмысқа орналастырылды.
Екінші бағыт шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне 38,0 мың адам оқытылды. 44,8 мың адам микрокредит алды, оның 66,6 %-ға жуығы немесе 29,8 мың адам жеке істерін ашып, кәсіпкер атанды. Ауылда кәсіпкерлікті дамыту жаңа жұмыс орындарын ашумен сүйемелденді. Бұл қосымша шамамен 42,0 мың адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.
Бағдарламаға қатысушыларды оқыту және қоныс аудару шаралары қабылданды.
Үшінші бағыт бойынша кәсіптік ұтқырлықты арттыру үшін тегін оқумен 130,0 мың адам қамтылған, сондай-ақ оларға оқу орнына дейін бару үшін жолақыға және тұруға субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысқан 124,8 мың адамның 88 %-ға жуығы жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындары мен «жастар практикасына» нысаналы топтың 203,0 мыңнан астам өкілі орналастырылды.
Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері (2011 – 2014 жылдар) экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге 19,3 мыңға жуық адам қоныс аударылды, қоныс аударғандар қатарынан еңбек етуге қабілетті адамдардың 77,0 %-ы жаңа тұрғылықты жерлері бойынша жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаның тиімділігінің негізгі көрсеткіші – тұрақты жұмысқа орналастырылған адамдардың үлес салмағы, 2016 жылғы қорытынды бойынша 86 %-ды құрады (2014 жылы – 83,9 %, 2015 жылы – 91,3 %). Соңғы үш жыл ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан нәтижелі жұмыспен қамтылған адамдар үлесінің өсуі байқалуда, егер 2014 жылы ол 70,5 %-ды құраса, 2015 жылы – 78,0%, 2016 жылғы 4-тоқсандағы жағдай бойынша – 84 % болды.
Сонымен қатар, экономиканың өсуі аясында, еңбек нарығындағы елеусіз сыйымдылықпен байланысты құрылымдық проблемалардан басқа, сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамту үлесінің жоғары болуына кәсіптік оқытудағы кемшіліктерге, кәсіпкерлікпен айналысу қолжетімділігіне және еңбек нарығындағы аумақтық теңгерімсіздікке қатысты проблемалар шешімін таппай отыр.
Әлемдік тәжірибеде еңбек нарығындағы проблемаларды шешу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары пайдаланылады, олар еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), ақпараттық сүйемелдеуді қоса алғанда, еңбек нарығы институттарының қызметтерін жетілдіру, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Бұл экономикалық тұрғыдан нәтижелі жұмыспен қамту ықтималдығын арттыруды, еңбек өнімділігі мен жалақының өсуін көздесе, әлеуметтік тұрғыдан жұмыссыздықты қысқартуды, еңбек белсенділігінің өсуін және адами әлеуетті дамытуды көздейді.
Мемлекет басшысы еңбек нарығында қалыптасқан проблемаларды шешу және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкіметке жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша міндет қойды.
Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу, адами капитал сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ету «Қазақстан – 2050» Стратегиясына және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес даму басымдықтары ретінде айқындалған.
Осыған байланысты еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін, жаппай кәсіпкерлікті дамытуды, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген).
Сондықтан Бағдарлама шеңберінде жоспарланған шаралар белгіленген проблемаларды ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибелеріне сәйкес еңбек ресурстарының әлеуетін арттыру және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту жолымен халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы шешуге ықпал ететін болады.
Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту
Біздің еліміздің стратегиялық дамуынының негізгі бағдарларының бірі – жоғары білікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету, экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын құру болып табылады.
Жұмыс берушілер тарапынан даярлық және практикалық дағдылар деңгейіне қойылатын ұдайы өсіп отыратын талаптар мамандардың кәсіптік құзыреттерімен сәйкес келуге тиіс.
Осы алшақтықты еңсеру үшін 2012 жылдан бастап Қазақстанда өндірістің қазiргi заманғы талаптарына сәйкес келетін және мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған жаңа біліктілік жүйесі құрылды және кәсіптік стандарттар әзірленді.
2013 – 2015 жылдары 449, оның ішінде 2013 жылы – 323, 2014 жылы – 88, 2015 жылы – 38 кәсіптік стандарт әзірленді.
Мемлекеттік сектор және жұмыс берушілер бірлестігі арасында кәсіптік стандарттарды әзірлеуге және бекітуге құзіреттілікті шектеу мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне толықтырулар енгізілді. 2016 жылғы қаңтардан бастап кәсіптік стандарттарды әзәрлеу, қайта қарау және алмастыру Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жұмыскерлер бірлестігіне берілді.
Сонымен бірге, мемдекеттік заңды тұлғалармен көрсетілетін қызметтерге кәсіби стандарттарды әзірлеу, бекіту, алмастыру және қайта қарау құзыретті мемлекеттік органдарда бекітілген.
2016 жылы жаңа Ұлттық біліктілік шеңберін қайта қарауға және бекітуге байланысты, мемлекеттік органдар кадрларды даярлау бойынша құрылымдық кеңестермен, жұмыс берушілер бірлестігімен бірлесіп біліктілік салалық шеңберін қайта қарау, мемлекеттік органдар және жұмыс берушілер іске асыратын жұмысқа (қызметке) саланың қызметін талдау бойынша жұмыс жүргізуде.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Халықаралық Қайта жаңғырту және Даму банкімен бірлескен «Еңбек дағдыларын жетілдіру және жұмыс орындарын ынталандыру» жаңа жобасы шеңберінде 2020 жылға дейін шамамен 550 кәсіптік стандартты қайта қарауды және әзірлеуді жоспарлауда.
Халықтың көші-қоны.
Халықаралық көші-қон ұйымының бағалауы бойынша Қазақстан әлемнің көші-қон процестері барынша күшті байқалатын елдерінің қатарына жатады.
Қазіргі уақытта республикада көші-қон жағдайы былайша сипатталады:
1) қарқынды ішкі көші-қон. Қазақстанда соңғы жылдары өңіраралық көші-қон және көші-қон ағындары бағыттарының жоғары көрсеткіші сақталуда. 2014 жылдан бастап 2016 жыл аралығын қоса алғанда, өңіраралық көші-қон процестеріне 1,4 млн. астам адам тартылды. Оның құрамдас бөлігі халықты ауылдық елді мекендерден өмір сүру деңгейі неғұрлым жоғары және инфрақұрылымы дамыған өңірлерге, экологиялық қолайсыз өңірлерден экологиялық ортасы жақсы өңірлерге көшіру болып табылады.
2016 жылы басым түрде еңбекке қабілетті жастағы халықтың ең көп көшуі Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды. Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысы халықтың келу ағынының негізгі өңірлері болып табылады.
2) шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) оңтайлы тарту. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ШЖК тартуға квота белгілеуде. 2014 – 2015 және 2016 жылдарға квота республиканың экономикалық тұрғыдан белсенді халқына 0,7 % мөлшерінде белгіленді, ол 63 мың адамды құрайды. 2016 жылғы қорытынды бойынша 30,1 мың рұқсат қолданыста болды немесе жалдамалы қызметкерлер санының 0,5 %-ы (2014, 2015 жылдардың аяғына 30,7 мың, 32,4 мың рұқсат, тиісінше) құрайды.
Бұл ретте тартылатын ШЖК арасында мамандардың үлесі (шетелдік қызметкерлердің 1-3-санаттары 72,70 %-ды құрады (2014 жылы – 70,0 %, 2015 жылы – 67,7 %, 2016 жылы – 70,4 %).
3) жыл сайын келетін этникалық қазақтардың өсу динамикасы тұрақты. Тәуелсіздік жылдары 284 361 отбасы немесе 1 006 473 этникалық қазақ тарихи отанына оралды (2014 жылы – 3 792 отбасы немесе 8 247 мың адам, 2015 жылы – 1 920 отбасы немесе 4 890 адам, 2016 жылы – 16 417 отбасы немесе 33 754 адам).
Енбек қатынастары
100 нақты қадамды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформаны, «Еңбек қатынастырын ырықтандыру» атты 83-қадамын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жаңа Еңбек кодексі әзірленді (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді).
Еңбек кодексінде тараптар мүдделері теңгерімінің қамтамасыз етілуін ескере отырып, жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастары аясында мемлекеттің араласу шекарасы нақты айқындалған, еңбек қатынастары субъектілерінің рөлі мен жауапкершілігі анықталған.
2014 жылы қабылданған, жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде кәсіптік одақтардың (жұмыскерлердің өкілдерінің) және жұмыскерлердің белсенділігін арттыруға бағытталған «Кәсіптік одақтары туралы» Заңды ескере отырып кәсіподақтардың рөлі арттырылды. Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы қарым-қатынас ұжымдық келіссөздер мен олардың арасында шарттасқан келісімдер әлеуетін күшейтумен өзіндік реттеу принципінде құрылады.
Ең төмен еңбек стандарттары, базалық кепілдіктер және жұмыскерлерге өтемақылар бекітілген.
Еңбек кодексі еңбек қатынастарын икемді реттеу тетігін кеңейтуге, кәсіпорынның дамуына кедергі келтіретін бірқатар шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді, ол кәсіпкерлікті, еңбек нарығын дамытуға және инвестициялар тартуға оң ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін іске асыру үшін 37 нормативтік құқықтық акті қабылданды (4 ҚР ҮҚ және ҚР ДСӘДМ-нің 33 бұйрығы).
Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу жөнінде шаралар қабылдануда.
Аталған шаралар кәсіпорындардағы ахуалдың тұрақсыздануына ықпал ететін еңбек саласының проблемалық мәселелерін анықтау және ескерту арқылы іске асырылады. Бұл мақсатта 2015 жылдан бастап мынадай жұмыстар жүргізілуде:
- Еңбек қатерлері картасын жасау арқылы еңбек саласында әлеуметтік шиеленіске ай сайынғы мониторинг;
- жалақы бойынша берешекке апта сайын мониторинг және оны бақылау;
- жұмыскерлерді босату қаупі бар кәсіпорындардағы ахуалға апта сайынғы мониторинг;
- өңірлердің әкімдері, өндірістік кәсіпорындардың басшылары мен кәсіподақтар арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, босатылған жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру бойынша ынтымақтық туралы меморандумдар жасасу, сондай-ақ меморандумдар шеңберінде алынған міндеттемелердің орындалуына апта сайын мониторинг жүргізу жұмыстары;
- республика кәсіпорындарында ұжымдық шарт жасасу бойынша жұмыс.
Прокуратура органдарының, еңбек жөніндегі уәкілетті органдардың құрамындағы ведомствоаралық жұмыс тобы форматында дәрменсіз борышкерлермен жұмыс, сот актілерін орындау бойынша жалақының дер кезінде төленуіне он күн сайын мониторинг пен бақылау жүргізіліп отырады.
2016 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 852 кәсіпорында 7,1 млрд. теңге сомасына 50 687 жұмыскерге жалақы бойынша ағымдағы берешекті анықтады. Аталған кәсіпорын басшылығына міндетті түрде орындау үшін 1 688 ұйғарым берілді және 262,8 млн. теңге сомасында 1 524 айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде ағымдағы жылы 6,8 млрд. теңге көлемінде еңбекақы берешегі төленіп, 48 мыңнан астам қызметкердің құқығы қорғалды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қабылдаған шаралар нәтижесінде соңғы үш жылда 13 млрд. теңге сомасында жалақы берешегі төленіп, 101 мыңнан астам қызметкердің құқығы қорғалды (2014 жылы – 1,5 млрд. теңге, 2015 жылы – 4,8 млрд. теңге, 2016 жылы – 6,8 млрд. теңге).
Осылайша, жалақы бойынша берешектің (2014 жылғы 1 қаңтарда – 737,9 млн. теңге, 2015 жылғы 1 қаңтарда – 106,3 млн. теңге, 2016 жылғы 1 қаңтарда – 275,7 млн. теңге, 2017 жылғы 1 қаңтарда – 278,4 млн. теңге) өсуіне жол бермеу үшін шаралар қолданылуда.
2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 10,7 мың тексеру жүргізді, тексеру барысында еңбек заңнамасы бойынша 18,4 мыңнан астам бұзушылық анықталды. 2015 жылы 19,5 мыңнан астам заң бұзушылық, 2014 жылы 21,6 мың еңбек заңнамасының бұзушылығы анықталды.
Анықталған бұзушылықтар нәтижелері бойынша заңды тұлғалар мен ұйымдардың лауазымды адамдарына қатысты мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 603,4 млн. теңгеге 4,1 мыңнан астам айыппұл салды (2016 жылғы 1 қаңтарға – 429,6 млн. теңге, 2015 жылғы 1 қаңтарға – 287,4 млн. теңге).
2015 жылғы ақпан айынан бастап Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, еңбек нарығында тұрақты жағдайды сақтауға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында жұмыскерлерді босату қаупі бар кәсіпорындар жағдайына апта сайын мониторинг жүргізеді.
2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыскерлердің жалпы саны 331 мың адамды құрайтын 675 кәсіпорынға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 5 661 жұмыскермен шартты немесе жұмыскерлерді қысқарту себебімен еңбек қатынастары тоқтатылды.
Жергілікті атқарушы органдар қысқартылған жұмыскерлерге қатысты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша тиісті шаралар көрсетуде.
Бұдан басқа, жоғарыда аталған мониторингке сәйкес 8,4 мыңнан астам жұмыскер икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған. Аталған жұмыскерлерге қатысты әкімдіктер жұмыс орнын сақтап қалу бойынша мақсатты шаралар қабылдауда.
Әлеуметтік әріптестік бойынша аудандық (қалалық) үшжақты комиссия отырыстарында икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған жұмыскерлері бар компаниялар басшыларының есептері тұрақты тыңдалады.
2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша үшжақты комиссиясының 86 отырысы болды, онда мүдделі мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестердің қатысуымен республика бойынша 646 кәсіпорынның басшылары тыңдалды.
Өңірлердің әкімдері, өндірістік кәсіпорындар басшылары мен кәсіподақтар арасында ынтымақтастық меморандумдар жасасу, сондай-ақ меморандум шеңберінде алынған міндеттердің орындалуына апта сайын мониторинг жүргізу жұмысы жүргізілуде.
Меморандумдар өндіріс көлемінің көрсеткіштері төмендеген жағдайда персоналды уақытша толық емес жұмыс күніне немесе еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес жұмыстың басқа түрлеріне ауыстыру тетігін көздеу бойынша жұмыс берушілердің міндеттерін қарастырады.
2017 жылғы 1 қаңтарға республика бойынша 2,8 млн. жұмыскердің құқығын қорғайтын 112,9 мың меморандум жасалды, ол еліміздің 81,6 % ірі кәсіпорындары мен 66,7 % орта және шағын өндірістік кәсіпорындарын қамтиды, олар мемлекет бойынша 2,8 млн. жұмыс орнын сақтап қалу көзделген.
Еңбек саласындағы жағдайдың күрделену қатерлерін айқындау мақсатында ден қою шараларын қабылдаумен және ахуалды дамытудың ықтимал сценарийлерін ескерумен, Еңбек қатерлері картасы ай сайын қалыптастырылады және нәтижелеріне талдау жүргізіледі.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 2014 жылдан бастап еңбек жанжалдарының саны 2 есеге төмендеді (2014 жылы – 15, 2015 жылы – 7, 2016 жылы – 8).
Жұмыс берушілер тарапынан еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау шаралары қабылдануда.
Елдің ірі және орта кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша енгізілген халықаралық және ұлттық стандарттардың өскені байқалады. 2016 жылы енгізілген стандарттардың саны – 1 476, 2015 жылы – 1 463, 2014 жылы –1 450 құрайды.
Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру бойынша жаңа тәсілдер еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруды қарастырады, оларды жұмыс беруші шешуге міндетті.
Жұмыскерлер ішінен кәсіподақ ұсынатын және өндірістік кеңес бекітетін техникалық инспекторлар институты енгізіледі. 2016 жылы республика кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша 12 257 өндірістік кеңес құрылды, оның міндетіне еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды іске асыру кіреді.
Еңбек заңнамасын, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша заң бұзушылықты алдын алу мақсатында 2015 жылдан бастап кәсіпорындарға ескерту-профилактикалық сипатта бару түріндегі бақылаудың жаңа түрі енгізілді.
Жұмыс берушілерді ынталандыру бойынша шаралар қабылдануда.
Еңбек кодексіне жұмыс берушілердің қызметін ерікті түрде декларациялау арқылы оларды ынталандыруға бағытталған тетіктер енгізілген. Жұмыс берушілердің қызметін декларациялау қағидалары қабылданды.
Қызметі еңбек заңнамасына сәйкес деп танылған жұмыс берушілерге үш жылдық мерзімге сенім сертификаты беріледі, оларға қатысты тексерулер және бақылаудың басқа түрлері жүргізілмейді. Мұндай ұйымдар жұмыскерлердің еңбек құқықтарын кепілді түрде сақтайтын кәсіпорындар тізіліміне кіреді.
2016 жылы 61 жұмыс беруші сенім сертификатының иегерлері атанды (2014 жылы пилоттық жоба қорытындысы бойынша – 24 кәсіпорын).
Қабылданып жатқан шаралар өндірістік жарақат деңгейінің төмендеуіне септігін тигізді. 2017 жылғы 1 қаңтарға жұмыс істейтін 1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті 0,32-ге дейін төмендеді (2015 жылы – 0,33, 2014 жылы – 0,39).
Адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті жұмыс істейтін 1000 адамға шаққанда төмендеп келеді, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 0,05 құрады (2015 жылы шамамен 0,05-ке, 2014 жылы – 0,07-ке тең болды).
Әлеуметтік әріптестік жүйесі дамуда. Барлық деңгейде үшжақты комиссииялар жұмыс істейді (24 салалық және 16 өңірлік келісім, сондай-ақ қалалар мен аудандар деңгейінде 180-нен астам келісім), 2015 – 2017 жылдарға арналған Бас келісім жасалды.
2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұжымдық шарттар жүйесімен 71,2 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарынан 33,5 %-ы қамтылды (2016 жылғы 1 қаңтарға 66,8 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарынан 36,6 %-ы). Ірі және орта кәсіпорындардың қамтылу көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 0,5 пыйыздық тармаққа көбейіп, 93,3 %-ға жетті (2014 жылы – 92,8 %, 2015 жылы – 93,1 %).
Бизнес қауымдастықтарда әлеуметтік жауапкершілік ұғымы ұлғайып келе жатқанын атап өткен жөн. «Парыз» конкурсын өткізген жылдары (2008 – 2016 жылдары) оған еліміздің барлық өңірлерінен 4 245 кәсіпорын қатысқан (2016 жылы – 501, 2015 жылы – 541, 2014 жылы – 584). 2016 жылғы 6 желтоқсанда тоғызыншы рет өткізілген «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының лауреаттарын марапаттау рәсімі өткізілді.
3.2) Негізгі проблемаларды талдау
Жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын реттеуді қалыптастырумен байланысты қызметте төмендегідей проблемалар сақталып отыр.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы оң нәтижелерге және жұмыссыздық деңгейінің тұрақты төмендеуіне қарамастан, ұлттық еңбек нарығының дамуына жасалған белгілі бір қыр көрсетулер мен қатерлердің бар екенін айғақтайды.
1. Еңбек ресурстарының төмен сапасы
Соңғы уақытта жоғары және аяқталмаған жоғары білімді жұмыс күшінің үлесінің өскені байқалады (2014 жылы – 37,2%, 2015 жылы – 37,4 %, 2016 жылы – 37,6%). Техникалық және кәсіптік білімі бар жұмыс күшінің үлесі орташа деңгейде, 35 %-да (2014 жылы – 34,2 %, 2015 жылы – 33 %, 2016 жылы – 34,9%) қалып отыр.
Ұлттық біліктілік шеңберін қалыптастыру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын атап айтқан жөн. Нормативтік құқықтық актілер қабылданды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне Ұлттық біліктілік шеңбері ұғымын қарастыратын өзгерістер енгізілді, біліктілік стандарттарын әзірлеу және бекіту әдістемесі белгіленді.
Соған қарамастан, жұмыспен қамтылған халық құрылымының сапасында түбегейлі өзгеріс байқалмайды – негізгі, орта, жалпы және бастапқы білімі бар еңбек ресурстары үлесінің төмендеуіне қарамастан (48-ден 27 %-ға дейін), ол жоғары деңгейде сақталып тұр.
Соңғы үш жылда жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11-сынып түлектері қозғалысының динамикасы орташа есеппен 21 мың түлек біліктілік алмай жұмысқа тұратынын көрсетті.
Бұл ретте, еңбек ресурстарының біліктілігі еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі проблемасынан жұмыс берушілер жыл сайын мәлімдейтін 20 мың жұмыс орны бос қалады.
Ұлттық сарапшылар елдегі кәсіпорындарға жүргізген сауалнаманың деректері бойынша кадрларға деген қажеттіліктің шамамен 73 %-ы техникалық және кәсіптік білікті мамандарды және жұмысшы кәсіптерді қажет етеді.
Осыған байланысты жастардың алғашқы жұмысшы кәсібін тегін игеруге қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кәсіптер бойынша ересек тұрғындарды қайта даярлау және олардың дағдыларын арттыру қажет.
2. Нәтижесіз жұмыспен қамту
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны 2014 жылы 2,4 млн. адамнан (28 %) 2016 жылғы 2,2 млн. адамға (25,8 %) дейін қысқарды (2015 жылы – 2,3 млн.), сол уақытта өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны соңғы үш жылда 2,2 (2014 жылы – 708 мың, 2015 жылы – 513 мың, 2016 жылы – 301 мың адам) қысқарды.
Сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі әлі де 25 %-ды немесе 2,2 млн. адамды құрайды. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы 360 мың адам нәтижесіз жұмыспен қамтылған болып табылады (олардың қызметі еш жерде тіркелмеген, не олардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен).
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жоғары үлесі негізінен ауыл шаруашылығы секторына тиесілі және төмен табыс пен өнімділіктен бөлек, кедейлік алдындағы осалдықпен сипатталады, сол арқылы әлеуетті атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын арттырады.
Бұдан басқа, білім мен кәсіптік дағдылардың жеткіліксіздігі барынша өнімді әрі табысты жұмыс орындарына қол жетімділігін шектейді. Сондай-ақ негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар жұмыс істейтіндердің 56 %-ы нәтижесіз жұмыс істейтіндерге жатады.
Бұған қоса, алдағы 5 жылда 1990 жылдардың басындағы демографиялық құлдырауға байланысты жаңа жұмыскерлердің келуі баяулайтын болады (2014 жылдан бастап төмендеуде). 2021 – 2022 жылдарға қарай жаңа жұмыскерлердің жыл сайынғы келуі 19 мың адамға дейін қысқарады.
Осыған байланысты жаңа жұмыс күшінің келуі төмендеген жағдайларда экономикалық өсу үшін толыққанды экономикалық қызметке тартуға мұқтаж өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды резерв ретінде қарастыру керек;
3. Өңірлік диспропорциялар және демографиялық теңгерімсіздік
Ұлттық сарапшылар жүргізген болжамды бағалауларға сәйкес еліміздегі тұрғындардың саны 2050 жылға қарай 24,5 млн. адамды құрайды. Ағымдағы үрдістер сақталғанда 2050 жылға қарай солтүстік өңір тұрғындары 0,9 млн. адамға қысқарып, оңтүстік өңірдегі адам саны 5,3 млн. адамға өседі және оңтүстік өңірде халықтың орналасу тығыздығы солтүстіктен 4 есеге артық болады.
Солтүстік өңірлер тұрғындарының саны () соңғы үш жылда еш өзгерген жоқ (Ақмола, Костанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік облысындар) (2014 жылы – 4 млн. 339 мың адамды, 2015 жылы – 4 млн. 341 мың адамды, 2016 жылы – 4 млн. 352 адамды құрады). Ал оңтүстік өңірлерде халықтың саны (Алматы, Жамбыл, Кызылорда және Оңтүстік облысындар) 123 мың адамға өскен (2014 жылы – 6 млн. 542 мың адам, 2015 жылы – 6 млн. 562, 2016 жылы –
6 млн. 665 мың. адам).
Бұл ретте солтүстік өңірлердің барлық тұрғындарымен салыстырғанда 15 жастан кіші тұрғындардың үлесі 20 %-ға жуық, ал оңтүстік өңірлерде 35 %-дан жоғары. Сол себепті жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтарды ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру бойынша шаралар қабылдаған жөн.
4. Экономикадағы жұмыс орындарын ашудың жеткіліксіздігі.
2010 – 2015 жылдары экономиканың өсуіне негізгі үлесті қызмет көрсету секторы қосты. Соңғы 6 жылдағы жиынтық экономикалық өсудің үштен біріне жуығы сауда есебінен қамтамасыз етілді, тағы 15 %-ын – көлік қызметі, 13 %-ын – ақпарат және байланыс қосты. Тауарлар өндірісі экономика өсімінің тек 17 %-ын ғана қамтамасыз етті, бұл ретте оның үлесі жылдан жылға азаюда.
2010 – 2015 жылдары экономика секторларының жұмыспен қамтудың өсіміне қосқан үлесіне келетін болсақ, жұмыспен қамтудың 28 %-ға өсуін білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару тәрізді мемлекеттің қатысуы басым салалар қамтамасыз етті. Мемлекеттік кәсіпорындар құратын жұмыс орындарын есептегенде мемлекеттің жалдамалы жұмыскерлер қатарының өсуіне қосқан жиынтық үлесі 50 %-дан асады.
Осылайша, кейінгі жылдары жеке меншік секторы жаңа, тұрақты және өнімді жұмыс орындарының аз ғана санын құрайды.
5. Қабылдаушы тараптың мүдделерін және қоныс аударушыларды өңірлерде жайластыру мүмкіндіктерін ескермей, этникалық қазақтарды ел аумағына әркелкі қоныстандыру.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы 996 690 астам оралманды қабылдады, қазіргі уақытта олар ел халқының жалпы санының шамамен 6 %-ын құрайды. Әдетте, республика аумағындағы тұрғылықты жерін оралмандар өздері айқындаған. Тарихи отанына көшіп келген этникалық қазақтардың 60 %-ы еліміздің төрт облысында орналасқан (Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау және Жамбыл облыстары).
Этникалық қазақтардың қоныстануын реттеу мақсатында 2015 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды, ол көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелерін реттейді.
Заңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын айқындау (Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары) және оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу (2016 жылы 463 отбасы) бойынша құзыреті, сондай-ақ әлеуметтік пакет көзделген.
Осы шаралар этникалық қазақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстандыруды ынталандыру үшін қабылданған.
Еңбек қатынастарын дамытуда мынадай проблемалар байқалып отыр.
6. Халықаралық өлшемдер бойынша өндірістік жарақат пен кәсіптік аурулардың жоғары деңгейі сақталуда.
7. Ірі және орта кәсіпкерліктерде ұжымдық шарт жасау толық қамтылмаған.
8. Жалақы бойынша өтеу мерзімі 3 айдан асып кеткен мерзімі өткен берешекті ұзақ уақыт төлемеу.
3.3) Қатерлерді басқару
Ықтимал қатердің атауы
|
Қатер басталған жағдайда іске асырылатын қатерлерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
Экономикалық рецессия салдарынан жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі
|
1. Проблемалық мәселелерге ерекше назар аудара отырып, өңірлерде жұмыспен қамту мәселелерінің апта сайынғы жеке мониторингін қамтамасыз ету.
2. Тиісті Меморандумдарға әрбір өңір бойынша қосымша нақты шаралар енгізу, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыру.
|
Интеграциялық процестердің дамуына және көрші елдер экономикасының нашарлауы салдарына байланысты отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің бәсеке қабілеттілігінің жоғалуы жағдайларында, әсіресе ауылдық жерлерде нәтижесіз жұмыспен қамтылудың өсуі
|
1. Өңірлер бөлінісінде есептер жүргізу және ағымдағы жағдайды талдау.
2. Бағдарлама шеңберінде микрокредит беру үшін өңірлерге қосымша нысаналы трансферттер бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу.
|
Негізгі қорлардың (ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар) қанағаттанарлықсыз күйіне және шағын кәсіпорында еңбекті қорғауды ұйымдастырудың төмен деңгейіне байланысты өндірістік жарақаттанудың өсуі
|
1. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бйынша өндірістік кеңес құру арқылы еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша ішкі бақылауды іске асыру бйынша жаңа әдістер енгізу.
2. Кәсіподақ ұсынатын жұмыскерлер қатарынан техникалық инспекторлар институтын құру.
3. Кәсіпорындарға бару түрінде бақылаудың ескерту-профилактикалық сипатқа ие жаңа түрін енгізу
4. Жұмыс берушілердің қызметін ерікті декларациялау арқылы оларды ынталандыру.
|
Жұмыскерлерді қысқартуға байланысты еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленістің туындауы
|
Ұйымның жұмыскерлерін сақтау бойынша шаралар қабылдау, өзара келісім негізінде толық емес жұмыс күнін енгізу және еңбек ақысы сақталмайтын еңбек демалысын беру
|
Жұмыскерлерге жалақы төлеудің кідіруі
|
Дағдарысқа қарсы штабтар және әлеуметтік кәсіпкерлік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырыстарында жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорын жұмыс берушілерін тыңдау және берешектерді жою графигі мен мерзімін белгілеу
|
Біліктілігі төмен еңбек көшіп-қонушылардың ұлғайюы (бірінші басшыларға және олардың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, мамандарға және білікті жұмысшыларға жатпайтындар) (өсім соңғы 3 жылдағы орташа көрсеткіштердің 50 %-ынан асады)
|
Қатерлердің басталу себептері мен олардың нәтижелеріне байланысты талдау:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне жеке тұлғалардың үй шаруашылығында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына келетін еңбекші көшіп-қонушылардың квотасын қысқарту жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбекші көшіп-қонушылардың рұқсат алуына алым мөлшерлемесін ұлғайту жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне үшінші және төртінші санаттар (мамандар және білікті жұмысшылар), сондай-ақ маусымдық шетелдік қызметкерлер бойынша квотаны қысқарту жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу.
|
3-бөлім. Саланың/құрылымның басым бағыттары
1-стратегиялық бағыт. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету
1-басым бағыт «Мемлекет қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерді орындау»
Елімізді 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарында –әлеуметтік қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесі заманауи стандарттарға және Қазақстандағы өмір сүру деңгейіне сәйкес болады деп көзделген. Базалық әлеуметтік төлемдерді арттыру, зейнетақы төлемдерін жүйелі көбейту, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен және әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту егде жастағы адамдардың, мүгедектердің, асыраушысынан айырылған және басқа да әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж адамдардың лайықты тұрмыс жағдайларын қамтамасыз етеді.
1. Зейнетақымен қамсыздандыру
Елдің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі халықты әлеуметтік қорғау саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғау жүйесі халықаралық стандарттарға, нарық экономикасына және әлеуметтік бағытталған мемлекет өлшемдеріне сәйкес келеді.
Осыған байланысты, әлеуметтік кепілдіктерге және табыстың төмендеу қатерінен қорғауға қолжетімділікті қамтамасыз етуге жағдайлар жасау арқылы азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша шаралар әзірленеді.
Зейнетақы жүйесін жаңғырту азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуы үшін мемлекеттің, жұмыс берушілердің және жұмыскерлердің ортақ жауапкершілігін одан әрі күшейтуге негізделетін болады.
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес зейнеткерлік жасына жеткен кезде зейнетақы төлемдерінің барабарлығын қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар көзделген:
- ынтымақты зейнетақы мөлшерін жыл сайынғы инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілеп индекстеу.
Мәселен, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 9 %-ға, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 11 %-ға арттырылады, жалпы 2016 жылмен салыстырғанда арттыру жыл бойына 20 %-ды құрайды.
- 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы мөлшерін ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгілеу есебінен базалық зейнетақы тағайындау тәртібін өзгерту көзделген.
- азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруда, атап айтқанда, еңбек қатынастарын заңдастыруға және жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға азаматтарды ынталандыруда үшжақты еңбек қатынастарын нығайту мақсатында зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу.
Жұмыс берушілер өз қаражат есебінен жұмыс берушінің 5 % міндетті зейнетақы төлемдерін аударатын болады. Бұл төлемдер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жұмыскерлердің шартты зейнетақы шотына аударылады.
Зейнетақы жүйесінің шартты-жинақтаушы құрамдауышын құру мақсатында шартты-жинақтаушы құрамдауышының қолданылуы бойынша тиісті инфрақұрылым құрылады.
- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, Өмірді сақтандыру бойынша компаниялардан төлем жасауды қайта қарау тетігін қамтитын жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өлшемдерін жетілдіру көзделген.
2. Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында азаматтарға жасына байланысты, сырқаттанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Аталған кепілдіктерді орындау үшін мыналар іске асырылады:
- мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, республикалық бюджеттен төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін жыл сайын арттыру;
- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік даму тұжырымдамасын іске асыру мақсатында азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметкерлерге шығыстардың тіркелген үлесін 40 %-дан 45 %-ға ұлғайту жолымен ең төмен күнкөріс деңгейінің құрылымын өзгерту көзделген, ол базалық зейнетақы төлемдерінің өсуіне ықпал етеді;
- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін мүгедектердің тиісті санаты үшін белгіленген арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне арттыру арқылы арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны оңтайландыру көзделген.
Әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру шеңберінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектер алатын ай сайынғы жәрдемақылардың екі түрі бірігеді. Мәселен, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері қысқартылған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне арттырылады. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемі тек Байқоңыр қаласының зейнеткерлері немесе тұрғыны болып келетін мүгедектерге сақталады.
Мүгедектер алатын төлемдердің жалпы мөлшері төмендемейді, әкімшілендіру тәртібі жеңілдетіледі, мүгедектердің құқықтарына қысым жасалмайды, тиісінше қатерлер байқалмайды.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша түрлерін іске асыру мақсатында әлеуметтік қатер төнген жағдайда әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады (еңбек қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу).
- 2017 жылы еңбек қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері 7 %-ға артады.
Міндетті сақтандыруды одан әрі дамыту шеңберінде міндетті әлеуметтік сақтандыру және жазатайым оқиғалардан жұмыскерлерді сақтандыру жүйелерін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады.
Іске асыру жөніндегі шаралар:
1. Мемлекет басшысының 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының шеңберінде Зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде бірінше кезеңде (2016 – 2020 жылдары):
- зейнетақы жүйесінің қызметкердің табысынан 5 % мөлшерде жұмыс берушілердің жарналары есебінен қалыптастырылатын жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу;
- зейнетақы активтерін инвестицилауға , зейнетақы төлемдерінің қағидаларын
- жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өлшемдерін, оның ішінде зейнетақы төлеу, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері есебінен төлеу тәртібін жетілдіру, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту бойынша компанияларды тарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
- ынтымақты зейнетақы мөлшерін жыл сайын инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілеп, индекстеу көзделген.
2-басым бағыт «Ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесін іске асыру және жетілдіру»
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес бала тууды ынталандыру және көп балалы отбасын қолдау жүйесі материалдық және материалдық емес стимулды құрайтын іс-шаралар кешенін әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.
Елімізде балалы отбасыларды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар бала туу деңгейіне оң әсер етуде. Бір жағынан – бұл жұмыс істемейтін аналарды бала тууға, оның күтіміне, отбасында 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиеленуіне байланысты республикалық бюджет қаражаты есебінен, табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен (ЕТКД – 60 %) табысы аз отбасыларға балаларға берілетін жәрдемақы түрінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен қолдау. Екінші жағынан – бұл мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке, босануға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу қатері туындағанда төленетін әлеуметтiк төлемдер.
Балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады, негізгі бағыттарының бірі ата-анасының табысын қолдау тетігін жетілдіру және бала тууға қолайлы орта құру болып табылады.
Іске асыру жөніндегі шаралар:
- орталық және жергілікті деңгейде балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен төлемдердің (табысы аз отбасылар саны өскен жағдайда ағымдағы нысаналы трансферттер арқылы) толық және уақтылы төленуін қамтамасыз ету;
- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін 20 пайызға арттыру.
3-басым бағыт «Әлеуметтік масылдықтың алдын алуға бағытталған азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру»
Әлеуметтік қолдау:
- табысы аз отбасыларға әлеуметтік көмек беру жөніндегі;
- өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға АӘҚ көрсету жөніндегі;
- мүгедектерді оңалту жөніндегі саясатты қалыптастыруды және іске асыруды үйлестіруді қамтиды.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек және халықтың әлжуаз санаттарын қолдау жүйесін одан әрі дамыту әлеуметтік қатерлерді төмендетуге және кедейлікті белсенді еңсеру мүмкіндігін кеңейтуге бағытталатын болады. Атаулы әлеуметтік көмек азаматтардың нақты мұқтаждығын және «өзара міндеттемелер» жүйесін енгізуді ескере отырып тағайындалады.
Әлеуметтік қызмет көрсету саласының кеңеюіне анағұрлым назар аударылатын болады. Мемлекеттік стандарттарды енгізу және АӘҚ көрсету сапасын арттыру, бәсекелес орта дамыту және азаматтық қоғамның мүмкіндігін кеңінен пайдалану мұқтаж адамдардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін қолайлы жағдай жасау Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғырту тұжырымдамасының негізгі бағыты болып табылады.
2017 жылдан бастап Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары және адам саудасының құрбандары үшін АӘҚ көрсету стандарттарын енгізу арқылы АӘҚ алушылардың санаты кеңейеді.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды АӘҚ жүйсіне енгізу жалғасады.
2017 – 2019 жылдар кезеңінде дағдарыс орталықтарын, шелторларды, әлеуметтік қызмет көрсету үйлерін/аз қамтулы үйлерді құру арқылы АӘҚ көрсетілетін ұйымдардың желісі кеңейді.
Жұмыс істеп тұрған интернат үйлерін өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға: егде жастағы адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына қайта өзгерту жалғасады.
АӘҚ көрсету нарығында қызмет көрсету үшін адам саудасының құрбандарына және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көрсетілетін қызметтерді аутсорсингке беру арқылы үкіметтік емес сектордың рөлі артады.
Әлеуметтік қолайсыздық профилактикасына бағытталған әлеуметтік қызметтер мен әлуметтік көмек ұсынудың интеграцияланған моделін әзірлеу үшін жағдай жасау бойынша жұмыс жалғасады.
«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында:
- Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016 – 2018 жж.) іске асыру;
- мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін паспорттау және бейімдеу, жол белгілерін орнату, жаяу жүргінші өту орнын ұйымдастыру, жаңалық телехабарларын сурдоаудармамен трансляциялауды, Инватакси қызметін дамыту;
- мүгедектігі бар адамдарды қоғамға бейімдеу үшін олардың проблемалары туралы қоғамның хабардарлығын арттыру арқылы мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның халықаралық талаптарына сәйкестендіру бойынша жұмыс жалғасады:
Іске асыру жөніндегі шаралар:
1. Табысы аз отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету бөлігінде:
- Мемлекет басшысы атап өткен бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның 84-қадамын іске асыру шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу бойынша жұмыс жалғасады, ол мұқтаж азаматтарға отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шартымен (қажетіне қарай әлеуметтік бейімдеу шараларына және әлеуметтік-келісімшартқа қол қою) олардың нақты табысын және тұрмыстық жағдайын бағалау негізінде беріледі.
«Өрлеу» жобасын іске асыру барысында әлеуметтік келісімшарт негізінде 2017 жылы 150 мың адамды қамту жоспарлануда. Бұл олардың табысын арттыруға, жұмыспен қамтылуына, жаңа кәсіпті меңгеруіне, біліктілігін арттыруға, өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге (микрокредит алуға), яғни өз әлеуетін тек отбасылық өмірде ғана емес, сондай-ақ қоғамдық өмірде де іске асыруға мүмкіндік береді.
Азаматтардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік кепілдіктері мен әлеуметтік қолдау көрсету шарттарын тәртіпке келтіру мақсатында 2017 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленіп, Парламентке енгізіледі.
2. АӘҚ ұсыну бөлігінде осы жүйені реформалау жалғасады және ол мыналарды қамтиды:
- қолданыстағы интернат үйлерді егде жастағы адамдарға немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына қайта құру;
- Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметіне қолжетімділікті кеңейту үшін олардың жанынан күндіз болу стационарларын ұйымдастыру, ауылдық жерлерде әлеуметтік қызмет көрсету үйлерін/аз қамтулы үйлерді дамыту ұсынылады;
- үйде қызмет көрсетілетін балаларды әлеуметтендіру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерін: қалалық жерлерде – аумақтық күндіз болу орталықтарына қайта құру, ауылдық елді мекендерде – қызмет көрсетуді ҮЕҰ-ға немесе жеке құрылымдарға аутсорсингке беру ұсынылуда;
- өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар – адам саудасының құрбандары үшін АӘҚ көрсету стандартын әзірлеу көзделуде.
3. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоғамға интеграциялауға жәрдемдесу мақсатында олар үшін кедергісіз орта құру бойынша жұмыс жалғасады.
2-стратегиялық бағыт. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу
4-басым бағыт «Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу»
Мемлекет басшысы айқындаған еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасының басты бағдарларының бірі еңбек өнімділігін арттыру болып табылады. Бұл үшін экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын құрумен қатар, жаңа бағытта еңбек ресурстарын қалыптастыру қажет.
Үздік әлемдік практиканы алып қарар болсақ, кадрлар дайындау жүйесі тиімді жұмыс істеу үшін кемінде екі жағдай қажет – білім беру саласының жұмыс берушілермен тұрақты өзара іс-әрекеті және білім беру процесінің практикалық және сұранысқа ие дағдылар мен құзыреттерді ұсынуға бағдарлануы.
Осы мақсаттарда Ұлттық біліктілік жүйесі, оның ішінде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және енгізу жұмыстары жалғасады, олар мамандарды даярлауға бизнес пен инвесторлардың сұрауын қалаптастырады.
Бұрынғыдай, еңбекке жарамды халықты нәтижелі жұмыспен қамту мәселелері мемлекет саясатының басым бағыты болып табылады.
2015 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған халықтың 23 %-ы формальді емес жұмыспен қамтылды. Бұл шамамен 2 млн. адам тиісті халықты әлеуметтік қорғауға мұқтаж екенін көрсетеді.
2016 жылы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) жаңа редакцияда қабылданды. Заңның бірден бір жаңалығы еңбек нарығының көрсеткішін өлшеудің халықаралық әдімтемесіне көшу болып табылады, ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санын нақтылауға және қажетіне қарай оларға өз қызметін заңдастыру үшін көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
2018 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы өз күшіне енеді, оған сәйкес жұмыссыздар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылады. Жоғарыда көрсетілген заң нормалары еңбек қатынастарын заңдастыру процесін тездетуге мүмкіндік береді.
Ерекше еңбек жағдайларына мұқтаж азаматтардың санаттарын жұмысқа орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында мүгедектерді жұмыспен қамту жұмыс берушілердің мүгедектер үшін арнаулы жұмыс орындарын және арнайы оқу бағдарламаларын құруға жәрдемдесуі негізінде болады деп көзделген.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы жұмыс берушілердің мүгедектерді жұмыспен қамту үшін арнаулы жұмыс орындарын құру шығынын субсидиялауды көздейді, бұл ретте мұндай жұмыс орны құрылған кезден бастап күнтізбелік 12 ай мүгедектің жұмыспен қамтылуын сақтау субсидия алу болып табылады.
Мемлекет басшысының Үкіметтің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі отырысында берген тапсырмасына сәйкес Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді, оның негізгі мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Бағдарламаның міндеттерін шешу мынадай үш бағыт бойынша жүргізіледі:
Бірінші. Сұранысқа ие мамандықтар және кәсіпкерлік негіздер бойынша жаппай оқыту және дағдыларды үйрету.
Берілген бағыт шеңберінде мобильдік білім орталықтарын пилоттық режимде бастау жоспарлануда, бұл стационарлық білім мекемелерімен қамтылмаған шет жақтағы ауылдық аудандар мен мекендерде білім беруге мүмкіндік береді.
Екінші. Жаппай кәсіпкерлік үшін жағдайлар жасау – нысаналы топтардың кәсіпкерлік әлеуметін дамыту, әсіресе, ауылдық мекендерде өз ісін ашу және оны жүргізу.
Ауылдық мекендерде кредиттеудің шектеулі қолжетімділігіне байланысты микрокредиттеу және кепілдендіру құралдары кеңінен қолданылады. Жұмыссыз және нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықтың өз ісін ашу мақсатында кәсіпкерліктің негіздері бойынша жаппай оқыту ұйымдастырылады.
Үшінші. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ұтқырлығын қолдау арқылы еңбек нарығын жетілдіру.
Берілген бағыт шеңберінде Жұмысқа орналастыру, азаматтардың белгілі топтарын жұмыспен қамсыздандыру және еңбек ресурстарының мобильділігі бойынша бірыңғай цифрлік аумақ құру жөніндегі міндеттер анықталған.
Ақпараттық база мемлекеттік органдардың әлеуметтік-еңбек саласының жүйесін, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің деректер базасын, жұмыс іздеу және қызметкерлерді таңдау интернет порталын құрайды, сондай-ақ оған жұмыспен қамтуда делдалдық көрсету мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтары ықпалдастарылады.
Сонымен қатар, еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру міндетінің шеңберінде көшіп-қонушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде Үкімет анықтаған өңірлерге ерікті көшуші тұлғаларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліді:
1) көшуге субсидия – біржолғы отбасының әр мүшесіне 35 АЕК мөлшерінде;
2) тұрғын үй жалдауға шығындарды қайтаруға субсидия – қалалық мекенге көшушілерге 1 жыл ағымында ай сайын 20-дан 30 АЕК-ке дейін;
3) тұрғын үй жалдауға шығындарды қайтаруға субсидия – ауылдық мекенге көшушілерге 1 жыл ағымында ай сайын 15-тен 21 АЕК-ке дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |