1) отбасыларға табысына қарамастан республикалық бюджеттен төленетін 31,41 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) (бірінші, екінші және үшінші бала туғанда) бастап 52,35 АЕК-ке дейінгі (төртінші және одан кейінгі балалар туғанда) мөлшерде бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;
2) бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы. Ол жұмыс істемейтін аналарға табысына қарамастан республикалық бюджеттен сараланған мөлшерде 5,76 АЕК-тен 8,90 АЕК-ке дейін (туған және отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың санын есепке алғанда) төленеді. Жұмыс істейтін аналар 2008 жылдан бастап «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-тан (бұдан әрі – МӘСҚ) бала туған күнге дейін соңғы 24 айдағы сақтандырылған табысының 40 % мөлшерінде әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ жүктілікке, босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда берілетін әлеуметтік төлемдер алады;
3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға ең төмен жалақының 1,05 мөлшерінде берілетін жәрдемақы.
Бұдан басқа, Қазақстанда көп балалы аналардың беделін арттыру мақсатында мемлекеттік наградалармен марапатталған көп балалы аналарға және кәмелет жасына толмаған төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі балалардың санын ұлғайтуға ғана емес, сонымен бірге төрт және одан да көп баласы бар отбасылардың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2006 жылдан бастап 2016 жыл аралығында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын кәмелет жасқа толмаған 4 және одан да көп баласы бар отбасылардың саны 40,2 %-ға көбейді, 2017 жылғы 1 қаңтарға 248 380 отбасын құрады.
Әлеуметтік қамсыздандыру
Қазақстанда нарықтық экономиканың принциптеріне сәйкес келетін базалық, міндетті және ерікті деңгейлерде әлеуметтік қамсыздандыру үшін жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді.
Үнемі жаңарып отыратын ең төменгі әлеуметтік стандарттар әлеуметтік қамсыздандырудың негізі болып табылады. 2014 жылмен салыстырғанда:
1) ең төменгі күнкөріс деңгейі 20 %-ға көбейді (19 051 теңгеден 2016 жылы 22 859 теңгеге дейін; 2015 жылы – 21 364 теңге). 2016 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің белгіленген мөлшері 24 459 теңгені құрады;
2) базалық зейнетақы төлемдерін ескере отырып зейнетақының ең төменгі мөлшері – 1,2 еседен артық көбейді (30 765 теңгеден 2016 жылы 37 789 теңгеге дейін, 2015 жылы – 34 874 теңге, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап 32 186 теңге).
Ынтымақты зейнетақы жүйесі бойынша
Мемлекет басшысының тапсырмаларына, «Нұр Отан» партиясының Халық тұғырнамасы әлеуметтiк бағдарламасының негiзгi ережелерiне және Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасына сәйкес зейнетақы төлемдерi 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 14 %-ға дейін жеткізілді, 2015 – 2016 жылы – 9 %-ға арттырылды.
Базалық зейнетақы (11 965 теңге) төлемін есепке алғанда, 2016 жылы ең жоғары мөлшері – 77 186 теңге болды (2015 жылы – 72 129 теңге, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап – 67 399 теңге), орташа мөлшері – 55 117 теңгені құрады (2015 жылы – 50 561 теңге, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап – 46 507 теңге).
Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жүйелі арттыру қарт азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға және ТМД елдері арасында зейнетақымен қамсыздандырудың ең жоғары деңгейлерінің бірін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдері есебінен табысты алмастырудың жиынтық коэффициенті 2016 жылы 43,7 %-ға жетті, бұл ХЕҰ-ның ең төмен нормаларынан жоғары (40 %-дан кем емес), 2015 жылы – 42,0 %, 2014 жылы – 42,8 %.
Алмастыру коэффициенті еларалық тұрғыдан алғанда былайша сипатталады: экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдері бойынша орта есеппен – 56-57 %, ЕО елдерінде – 50 %-ға жуық, ЭЫДҰ-ға кіретін қалыптасқан нарықты таңдау бойынша орта есеппен – 52 %, Ресей Федерациясында – 34,3 %.
Зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстың нәтижесінде 2013 жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды, 2014 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдер бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде олар үшін олардың зейнетақы жинақтарын ұлғайтуға, зейнетақымен қамсыздандырудың барабар деңгейіне жеткізуге мүмкіндік беретін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау; еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің пайдасына жұмыс берушілердің қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды (Мемлекет басшысының 2014 жылғы 18 маусымдағы Жарлығы).
Талдау жасалған кезеңде қызметкерлердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне (бұдан әрі – ЖЗЖ) қатысуының кеңейгені байқалады, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының мөлшері 6,6 трлн. теңгеден асты. Бұл ретте салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 9,8 млн. құрайды (2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 9,7 млн. шотта 4,5 трлн. теңге, 2016 жылғы 1 қаңтардағы – 9,9 млн. шотта 5,8 трлн. теңге).
Жұмыс істейтін халықты ЖЗЖ-мен қамту 2016 жылы 70,7 %-ды құрады (2015 жылы – 70,4 %, 2014 жылы – 70,7 %).
Алдағы уақытта зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады. Зейнетақы жүйесін жаңғырту зейнетақы төлемдерінің барабарлығы мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкер арасында жауапкершілікті бөлу есебінен зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлі моделін сақтауға бағытталады. Жалпы алғанда Тұжырымдаманы іске асыру 2030 жылға дейін жиынтық зейнетақының орташа мөлшерінің орташа айлық жалақыға арақатынасын жоғалтқан табыстың 40 %-ынан кем болмайтын мөлшерде сақтауды қамтамасыз етуге және халықты зейнетақы жүйесімен қамтуды жұмыспен қамтылған халықтың 80 %-ына дейін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша
Әлеуметтік төлемдер 2014 жылы 12 %-ға дейін, 2015 жылы 7 %-ға, 2016 жылы 7 %-ға арттырылды, бұл ретте мүгедектігі бойынша және асраушынан айырылуына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік төлемдер 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қосымша 25 %-ға, 2017 жылы 7 %-ға көбейтілді.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі – МӘЖ) алушылардың саны 2016 жылғы жағдай бойынша 673,5 мың адамды құрады (2014 жылы – 671,9 мың адам, 2015 жылы – 670,0 мың адам), оның ішінде мүгедектігі бойынша – 502,7 мың адам (2014 жылы – 488,5 мың, 2015 жылы – 494,7 мың адам); асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 167,0 мың адам (2014 жылы – 175,5 мың адам, 2015 жылы – 170,2 мың адам); жасына байланысты 3,8 мың адам (2014 жылы – 7,9 мың адам, 2015 жылы – 5,1 мың адам).
МӘЖ-дің орташа мөлшері 2016 жылы мүгедектігі бойынша – 30 374 теңгені (2014 жылы – 20 962 теңгені, 2015 жылы – 22 710 теңгені); асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 27 506 теңгені (2014 жылы – 18 905 теңгені, 2015 жылы – 20 555 теңгені); жасына байланысты – 11 887 теңге (2014 жылы – 10 382 теңге, 2015 жылы – 11 110 теңге) құрады.
Әлеуметтік сақтандыру бойынша
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілгеннен бері 2005 жылдан бастап 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша МӘСҚ-тан жүзеге асырылған әлеуметтік төлемдердің сомасы 748,2 млрд. теңгені құрады, бұл ретте 2014 жылы – 106,1 млрд. теңге, 2015 жылы – 126,7 млрд. теңге, 2016 жылы – 142,2 млрд. теңге төленді.
Осылайша, формальді сектор қызметкерлері 6 әлеуметтік қатер бойынша – еңбек ету қабiлетiнен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу қатерлері басталған кездегі әлеуметтік қорғаудың қосымша түріне ие болды.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қызметкерлердің қатысуы кеңейе түсуде, 2016 жылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны 5,8 млн. адам болды.
2016 жылы МӘСҚ-тан еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер 7 %-ға арттырылды. 2016 жылғы жағдай бойынша МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша 11 642,2 теңгені (2014 жылы – 9 655 теңге, 2015 жылы – 10 761 теңге); асыраушысынан айырылу бойынша 15 042,1 теңгені (2014 жылы – 12 719 теңге, 2015 жылы – 14 058 теңге) құрады.
2016 жылы 740,0 мың алушыға 142,2 млрд. теңге сомасында (2014 жылы – 616,8 мың алушыға 106,1 млрд. теңге, 2015 жылы – 704,5 мың алушыға 126,7 млрд. теңге сомасында) әлеуметтік төлемдер жүргізілді.
Халықтың осал санаттарын әлеуметтік қолдау. Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға сәйкес келетін атаулы әлеуметтік көмек және қолдау жүйесі жұмыс істейді. Жан басына шаққандағы орташа табысы табыстардың белгіленген шегінен төмен отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесі мынадай түрлерді қамтиды:
- жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен (ең төмен күнкөріс деңгейінен 40 %) отбасыларға жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде төленетін атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК). 2016 жылғы қорытынды бойынша аталған көмектің түрі 28,8 мың азаматқа тағайындалды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 24,7 %-ға (38,2 мың), 2014 жылмен салыстырғанда 48,7 %-ға төмен, бұл ретте тағайындау сомасы 842,3 млн. теңгені құрады. АӘК-тің орташа мөлшері – 2 438,5 теңге;
- табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен (КД-дан 60 %) отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға, әр балаға 1,05 АЕК мөлшерінде төленетін мемлекеттік жәрдемақы 2016 жылы аталған көмек түрімен қамтылғандардың саны 576,1 мың баланы (2015 жылы – 551,2 мың бала, 2014 жылы – 562,6 мың адам), тағайындау сомасы – 11,3 млрд. теңгені құрады;
- коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, тұрғын үйді күту шығыстары осы мақсаттарға арналған шығыстардың шекті рұқсат етілген үлесінен асып кететін отбасыларға ұсынылатын тұрғын үй көмегі тағайындалды. 2016 жылы тағайындау саны 97,1 мың отбасын құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3,4 %-ға (93,9 мың отбасы) артты, 2014 жылмен салыстырғанда 11,7 %-ға төмен. Тағайындау сомасы 2,4 млрд. теңгені, орташа мөлшері – 2 083,1 теңгені құрайды.
Бүгінгі күні жаңа экономикалық нақты ахуалда әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыру және атаулы әлеуметтік көмекті аса мұқтаж азаматтарға көрсету үшін оны күшейту қажеттілігі туындады.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру мақсатында 2015 жылғы 28 қазанда «Қазақстан Рспубликасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оған сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу арқылы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін реформалау көзделген.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз көмекке жіктеледі және табысы күнкөріс деңгейінің 50 %-нан төмен (қазіргі уақытта 40 %) отбасыларға еңбек етуге қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысып, осы мақсатпен әлеуметтік шарт жасау кезінде беріледі.
Шартсыз ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) еңбек етуге қабілетті жастағы табысы аз жалғыз тұратын адамдарға немесе еңбек етуге қабілетті мүшесінің жұмыспен қамту шараларына объективті шектеулері бар отбасыларға беріледі.
Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) еңбек етуге қабілетті жастағы табысы аз жалғыз тұратын адамдарға, сондай-ақ отбасы құрамында кемінде бір еңбек етуге қабілетті адам бар табысы аз отбасыларға берілетін болады.
Жоғарыда аталған Заң нормаларын толықтай дайындау және іске асыруда бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мақсатында 2014 жылдан бастап еліміздің өңірлерінде «Өрлеу» пилоттық жобасы іске асырылуда.
2016 жылы жобаға 7,4 мың отбасы немесе 38,8 мың адам қатысты (2015 жылы – 3,9 мыңға жуық отбасы немесе 20,2 мың адам), жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне 8 704 адам немесе «Өрлеу» жобасының еңбек етуге қабілетті қатысушыларының жалпы санының 90,5 %-ы тартылды (2015 жылы – 4 857 адам немесе 90 %).
Нәтижесінде жобаға қатысушылардың табыстары 2 еседен артық ұлғайтылды, АӘК алушылар құрылымындағы еңбек етуге қабілетті халықтың үлесі 27,2 %-ға дейін (2015 жылы 29,2 %-ға) қысқарды, АӘК және балаларға арналған жәрдемақы алушылардың саны 24,7 %-ға төмендеді.
Қабылданып жатқан іс-шаралар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етті. Елдегі кедейлік деңгейі төмендеуде – табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2014 жылғы 2,8 %-ға қарағанда, 2015 жылы 2,7 %-ды, 2016 жылғы 3-тоқсанда 2,5 %-ды құрады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Өмірлік қиын жағдай кезінде мемлекет арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ) тегін ұсынуды қамтамасыз етеді.
АӘҚ көрсету кезінде қызмет көрсетудің кешенді жұйесі:
- біріншіден, стационар, жартылай стационар, үйде немесе уақытша болу шартында адамға қызмет беру қажеттілігіне;
- екіншіден, оның қажеттілігінен және оның физиологиялық, антропеметрикалық және психологиялық дағдыларына;
- үшіншіден, жеке жоспар бойынша жеке тәсіл арқылы атаулылығына байланысты құрылған.
АӘҚ ұсынудың стандарттарынкезең-кезеңімен енгізу аталған қызметтерді алушылардың категориясын 3-тен 7-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Мәселен, бұрын қызметтерді алушылар тек мүгедектігі бар немесе егде жастағы адамдар болса, бүгінгі таңда олардың қатарына сотталған адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, адам саудасының құрбандары, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, тұрақты мекен-жайы жоқ адамдар кіреді.
Алушылардың басым бөлігін мүгедектігі бар адамдар – 55,4 % (66,7 мың адам) және егде жастағы адамдар – 23,4 % (28,6 мың адам) құрайды. Зорлық-зомбылық құрбандары және бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдар үшін АӘҚ төлемдерін мемлекеттік қаржыландыру тек 2016 жылдан басталды, осыған орай олардың үлесі аз және, тиісінше, 0,7 % және 0,4 –ды құрайды.
2014 жылдан бастап АӘҚ жүйесінде:
- АӘҚ ұсынушы субъекттердің саны 5,6 %-ға немесе 2014 жылғы 783-тен 2016 жылғы 827 ұйымға дейін өсті (2015 жылы – 797 ұйым);
- үкіметтік емес ұйымдардың үлесі 43 %-ға дейін өсті, тиісінше, ҮЕҰ саны 2014 жылғы 74-тен 2016 жылғы 106 ҮЕҰ-ға дейін өсті (2015 жылы – 81 ҮЕҰ);
- қызмет алушылрдың саны 33 %-ға немесе 94,3 мың адамнан 125,6 мың адамға дейін артты (2015 жылы – 97,4 мың адам). Бұл ретте үкіметтік емес секторда алушылардың үлесі 23,5 %-ға немесе 5,1 мың адамнан 6,3 мың адамға дейін артты (2015 жылы – 5,1 мың алушылар);
- қызмет көрсетудің баламалы түрлері даму үстінде, мәселен, 2016 жылғы қортынды бойынша 7,8 мың адамды қамтитын 126 күндізгі болу бөлімдері (КББ) жұмыс істейді (5 285 адамды қамтумен мемлекеттік секторда 53КББ, 2 507 адамды қамтумен мемлекеттік емес секторда 73 КББ; 2015 жылғы қорытынды бойынша – 1,7 мың адамды қамтумен 50 КББ; 2014 жылғы қорытынды бойынша – 1,5 мың адамды қамтумен 47 КББ).
- әлеуметтік қызметкерлердің еңбек ақысы 40 %-ға көбейді, әрбір лауазым үшін қосымша төлемдер енгізілді;
- АӘҚ-ты ақылы негізде ұсыну басталды;
- мемлекеттік қамсыздандырудағы қызметерді алушылардың шығындарын қаржыландыру тетігі, сондай-ақ қызметтерді ақылы негізді ұсыну тетігі енгізілді. Алдыңғы жыл басынан бастап толық мемлекеттік қамсыздандырудағы тұлғалар зейнетақы мен жәрдемақылардың 70 %-ын оларды қамтамасыз етуге шығындарды жабуға бағыттайды. Бұл ретте, зейнетақының қалған бөлігі бекітілген ең төмен мөлшерінен, ал жәрдемақы – ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен болмауы тиіс. Мұндай практика Ресейде іске асырылады, онда қызмет алушы зейнетақы мен жәрдемақысының 70 %-ға дейін, ал Белоруссияда 90 %-ға дейін өзін қамтамасыз етуге бағыттайды.
2014 жылдан 2016 жылға дейін АӘҚ жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен 2,6 млрд. теңге бөлінген, оның 1,8 млрд. теңгесі үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орнатуға бағытталған.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Әлеуметтік қолдау шаралары жүйесінде мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың орны ерекше. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 651,9 мың мүгедек тұрып жатыр немесе халықтың жалпы санының 3,7 %-ы, оның 62,8 %-ы еңбекке қабілетті адамдарды, 12,2 %-ы балаларды құрайды (2014 жылы – 627,2 мың, 2015 жылы – 637,2 мың). Мүгедектігі бар адамдардың өсімі 2014 жыл мен 2016 жыл аралығында 3,8 % немесе, тиісінше, 627,2 мың адамнан 651,9 мың адамды құрады.
Олардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын арттыру үшін 2012 жылдан бастап Мүгедектердің құқықтарын қамсыздандыру және өмір сүру сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын кезең-кезеңімен іске асыру жүргізілуде, 2016 жылдан бастап үшінші кезеңін іске асыру басталды. Жоспар шеңберінде:
- жергілікті деңгейде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 27,8 мың объектіде паспорттау өткізілген, оның ішінде 17,5 мың объекті бейімделуге тиіс, оның ішінде 11,2 мың объекті бейімделген (2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 6,8 мың, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 2,4 мың). Паспортталған объектілердің жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің бөлігі 77,4 %-ды құрайды (2015 жылы – 54,5 %, 2014 жылы – 39,5 %);
- жыл сайын бюджет қаражаты есебінен 122,0 мыңнан астам мүгедек техникалық көмекші (компенсаторлық) оңалту құралдарымен қамтамасыз етілуде, оларға әлеуметтік жәрдемақылар уақтылы төленеді;
- ауылдық мекенде тұратын мүгедектердің сұранысы бойынша «Қазпошта» АҚ арқылы шет жақтағы ауылдық мекендерде тұратын мүгедектерге 2016 жылы шамамен 14 мың оңалту құралдары (протездік-ортопедиялық өнімдерді ескермегенде) үйлеріне жеткізілді;
- 2015 жылдан бастап Техникалық көмекші құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін (2005 жылғы 20 шілдедегі ҚР Үкіметінің № 754 қаулысымен бекітілді) кезең-кезеңімен жаңартылды және кеңейтілді, олардың саны 77 %-ға ұлғайды;
- Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті базасында мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету мақсатында Мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға онлайн қолдау көрсету қызметі қосылды. Іске асырылу мезеңінде, 2015 жылдан бастап, мүгедек балалардың 648ата-анасына психологиялық көмек және кеңес көрсетілді;
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары арқылы мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іске асырылады, оның шеңберінде 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 13,5 мың мүгедек, оның ішінде 8,7 мың адам аумақты дамыту бағдарламасы бойынша жұмысқа орналатырылды (2015 жылы – 13,9 мың мүгедек). 129 мың мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылған.
Жұмыс орындарының 2-ден 4 %-ға дейінгі мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота, ауыр жұмыс орындарында, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын ескермегенде1 белгіленген.
Көру және есту қабілетінен толық айырылған, тірек-қызметтік аппараты бұзылған2 тұлғалар үшін Жұмыс орнының стандарттары бекітілген, бұл арнаулы әлеуметтік жұмыс орындарын субсидиялауды жүйелендіруге мүмкіндік береді, оған 2018 жылы республикалық бюджеттен 206,9 млн. теңге көзделген.
Жұмыс істейтін және білім алатын мүгедектер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Инватакси» қызметін жетілдіруге қолдау көрсетіледі. 2017 жылы 387,1 млн. теңге, оның ішінде РБ-тен 77,4 млн. Теңге, ЖБ-дан 309,7 млн. теңге бөлінген.
Қазақстан 2015 жылғы 20 ақпанда Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Ұлттық мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесіне Конвенция нормаларын имплементацияға бірінші қадам 2015 жылғы желтоқсанда қабылданған Заң болып табылады, ол 24 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 Кодекске түзетулер енгізуді көздейді.
2013 жылы құрылған мүгедектер істері жөніндегі кеңесшілер институты жетілдірілді.
2.2) Негізгі проблемаларды талдау
Халықты әлеуметтік қорғау саласын дамытумен байланысты қызметте белгілі проблемалар сақталуда.
1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың жеткіліксіз деңгейі. 2016 жылғы қорытынды бойынша жұмыс істейтін халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту 70,8 %-ды құрайды (бұл 211,3 мың әскери қызметшілерді есепке алмағанда, олар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖЗЖ қатысушылары болып табылмайды) және талдау кезеңінде бұл үлестің ұлғайғаны байқалғанымен, проблема өзектілігін сақтап отыр (2015 жылы – 70,4 %, 2014 жылы – 70,7 %).
Экономиканың формальды емес секторы әлеуметтік қорғалудан тыс қалған экономикалық белсенді халықтың едәуір бөлігін алады.
Жұмыспен қамтылған халықтың құрылымында өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі жоғары, 2015 жылдың қорытындысы бойынша – 27,0 % немесе 2,3 млн. астам адам (2013 жылы – 30,6 % немесе 2,6 млн. адам, 2014 жылы – 28,2 % немесе 2,4 млн. астам адам). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың негізгі бөлігі ауылдық жерде тұрады және көбіне табысы үлкен емес жеке шаруашылықпен айналысады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған. Мәселен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар құрылымында 2015 жылы 22,0 %-ы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарға жатқызылған (2013 жылы3 – 38,6 %, 2014 жылы – 30,1 %).
2. Ең төменгі күнкөріс деңгейін айқындау әдістемесі жетілдіруді талап етеді. Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша қолданыстағы ең төменгі күнкөріс деңгейін (бұдан әрі – ЕТКД) есептеу әдістемесі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және нормативтік-ститистикалық әдіске негізделген, оған сәйкес ЕТКД азық-түлік себетінің құны азық-түлік өнімін тұтынудың бекітілген нормасы бойынша есептеледі, ал азық-түлік емес тауарлардың бағасы және қызметі ЕТКД шамасының бекітілген үлесі (40 %) түрінде белгіленеді.
Соған қарамастан, бүгінгі күні ең төменгі күнкөріс деңгейі халық табысының үздіксіз өсуіне байланысты табысы аз халықтың нақты тұтыну шығыстарына сәйкес келмейді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2016 жылы ЕТКД шамасы 21 612 теңгені құрады, бұл ретте жалпы шығыстардың 50 %-ынан анық асатын халықтың азық-түлік емес шығыстарының тұрақты өсуі байқалады.
3. Кедейлікті еңсерудің белсенді түрлерінің жеткіліксіз дамуы және әлеуметтік көмек көрсету критерийлерінің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елде, әсіресе ауылда кедейлік сақталуда.
2016 жылғы қорытынды бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрылымын шамамен 27,2 %-ын еңбек етуге қабілетті адамдар құрайды, бұл субъективті (еңбек еткісі келмейтін алушылардың арқа сүйеушілік кейпі), сол сияқты объективті себептермен (бос жұмыс орындарының дефициті, әсіресе ауылдық мекендерде; қойылған біліктілік талаптарына табысы аз адамдардың білім деңгейінің сәйкес келмеуі), сондай-ақ бұл санатқа бағытталған белсенділік шараларының қажетті тиімділігімен шарттасқан.
4. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік кепілдіктерді тәртіпке келтіру, қолданыстағы заңнамадағы коллизиялар мен олқылықтарды жою қажеттілігі
Қазіргі уақытта Қазақстанда әлеуметтік қатынастарды реттейтін ауқымды нормативтік құқықтық база қалыптастырылып, жұмыс істейді.
Алайда, әлеуметтік саладағы заңнаманы инвентаризациялау «әрекет етпейтін» деп аталатын, өзектілігін жоғалтқан жеңілдіктер мен кепілдіктерді анықтады, олар декларативтік сипатқа ие және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы саясатты тиімді іске асыруды қиындатады.
5. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін объектілер желісін дамытудың жеткіліксіздігі.
АӘҚ көрсететін қазіргі ұйымдар негізінен ірі қалалар мен облыс орталықтарында орналасқан. АӘҚ көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың көбейгеніне қарамастан, олар да көбіне қалалық жерлерде жұмыс істейді. Бұл ретте, көбіне медициналық-әлеуметтік ұйымдарда өмірлік қиын жағдайға тап болған баланың немесе отбасы мүшесінің өзінің отбасын бар екенін сезінуі үшін маңызды болатын ата-аналарға пункттер жоқ.
Осылайша, ауылдық жерлердің тұрғындары көп АӘҚ алу үшін өз отбасыларынан алшақтап, туыстық қарым-қатынасты үзіп, көршілерімен және әріптестерімен достық қарым-қатынастарын жоғалтып, қалалық жерлердегі қызмет көрсететін ұйымдарға жүгінуге мәжбүр.
6. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қоғам өміріне толыққанды қатысу мүмкіндіктерінің жеткіліксіз болуы.
Бүгінгі күні мүгедектер үшін жүргізіліп жатқан кедергісіз орта құру жұмысы жеткіліксіз. Объектілерді паспорттаудың басым бөлігі 2013 жылы өткен – 18 754-і. 2014 – 2016 жылдары 9 074 объект паспорттаудан өткізілді, оның 22,6 %-дан астамы бейімдеуді қажет етеді. Алайда осы кезеңде жергілікті атқарушы органдар мүгедектердің қажеттілігіне қарай бар болғаны 10,7 мың әлеуметтік инфрақұрылым объектісін бейімдеген.
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселесі де жандандыруды талап етеді.
2.3) Қатерлерді басқару
Ықтимал қатердің атауы
|
Қатер басталған жағдайда іске асырылатын қатерлерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
Инфляция деңгейінің ерекше кезеңдегі экономиканың ағымдағы ахуалының нашарлауы жағдайларында әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен белгіленген деңгейден артық көтерілуі (халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы)
|
1. Уәкілетті органға теріс салдарды азайтуға бағытталған зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу
|
Сыртқы факторлардың әсерінен туындаған АӘҚ-қа мұқтаж адамдар санының өсуі (экологияның, халық денсаулығының, ерекше кезеңдегі экономиканың ағымдағы ахуалының нашарлауы және т.б.)
|
1. Уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты кеңейтуге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу
2. Өңірлік деңгейде АӘҚ көрсетудің баламалы түрлерін өз бетінше тұру үйлерін/әлеуметтік қызмет көрсету үйлерін ашу арқылы кеңейту.
|
2-стратегиялық бағыт. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу, көші-қон процестерін басқару
2.1) Реттелетін қызмет саласын дамытудың негiзгi өлшемдері
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту үшін жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Елімізде ерекше кезеңдегі экономика жағдайларында өнімді жұмыспен қамтуды ынталандыруға, жұмыссыздық деңгейін ұстап тұруға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың нәтижесіз жұмыспен қамтылған санаттарының санын төмендетуге бағытталған шаралар кешені іске асырылуда.
Көші-қон процестерінің ауқымын, олардың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға әсерін ескере отырып, белгіленген құзыретке сәйкес қызметтің өзекті бағыты көші-қон процестерін ұтымды басқару болып табылады.
Экономиканы әртараптандыру қажетті дағдылары бар еңбек ресурстарын көбейтуді қажет етеді. Олардың ұзақ мерзімді өсімі халық санының өсуімен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдайларда Министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың қызметі азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын жақсартуға бағытталған. Еңбек заңнамасының негіздері және еңбек жанжалдарында келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу дағдылары мен біліктерін дамыту мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің сауаттылықтарын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру жалғасуда.
Соңғы үш жылда қызметтің осы бағытын дамыту мынадай жағдайды көрсетіп отыр.
Еңбек нарығы және жұмыспен қамту.
Қазақстан тәуілсіздік алғаннан бері әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан айтарлықтай дамып, табыс деңгейі орташадан жоғары мемлекеттер қатарына өтті.
Мұндай тұрақты өсу кедейлік деңгейін айтарлықтай төмендетуге, халықтың маңызды бөлігін нәтижелі жұмыс орындарымен қамтуға, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбек өніміділігін арттыруға және жұмыссыздармен, нәтижесіз еңбекпен қамтылған адамдардың, әсіресе ауылдық елді мекендерде, санын азайтуға мүмкіндік берді.
Елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезінде динамикалық тұрғыдан дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі ұдайы арттырылуда. Халық санындағы жұмыс күшінің үлесі 2016 жылғы 4-тоқсан қорытындысы бойынша 70,1 %-ды құрады. 2014 жылы халықтың экономикалық белсенді деңгейі 70,7 % болды. Жұмыспен қамтылған халықтың саны – 8 586,6 мың адамды құрады (2014 жылы – 8 510,1 мың адам, 2015 жылы – 8 623,7 мың адам).
2016 жылғы 4-тоқсан қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған халық санының құрылымында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2 160,8 мың адамды құрады (2014 жылы – 2 400,4 мың адам, 2015 жылы – 2 328,9 мың адам).
Жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 5,0 %-дан 2016 жылғы 4-тоқсан қорытындысы бойынша 4,9 %-ға дейін төмендеді (2015 жылы – 5,0 %).
2014 жылдан бері жұмыссыз халық саны 10,6 мың адамға азайып, 2016 жылғы 4-тоқсанда 441,3 мың адамды құрады (2014 жылы – 451,9 мың адам, 2015 жылы – 451,1 мың адам).
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (бұдан әрі – ЖЖК 2020) бағдарламасының нысаналы тобы болып табылатын жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылмен салыстырғанда 0,1 %-ға төмендеп, 2016 жылғы 4-тоқсанғы қорытындысы бойынша – 4,2 %-ды құрады (2014 жылы – 4,2 %).
Соңғы жылдары еңбек нарығында қалыптасқан тұрақты оң көрсеткіш уақтылы дағдарысқа қарсы шараларды іске асырумен де негізделеді. ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және табысы аз халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бойынша жұмыс жүргізілді.
Елбасының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы тапсырмасына сәйкес Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1029 қаулысымен жаңғыртылды.
Жалпы, 2011 – 2016 жылдары Бағдарламаны іске асыруға 454,8 млрд. теңге бөлінді.
Бағдарламаны іске асыру кезеңінде 800 мың азамат мемлекеттік қолдау шараларын қабылдады. Осы уақыт ішінде 621 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |