Ќазаќстан Республикасы Денсаулыќ саќтау жјне јлеуметтік даму министрініѕ


- медициналық білім беруді және ғылымды жаңғырту



жүктеу 1,27 Mb.
бет3/4
Дата25.11.2017
өлшемі1,27 Mb.
#1773
1   2   3   4

- медициналық білім беруді және ғылымды жаңғырту;


- адами ресурстарын дамыту.

4-басым бағыт «Профилактика және салауатты өмір салтын қалыптастыру»

Еліміздің тұрақты даму саласындағы міндеттерінің бірі болып ұлт денсаулығының әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін механизмдерді енгізуді жетілдіре отырып, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын ұлғайту болып табылады.

Осыған орай, салауатты өмір салтына қатысты қоғамдық пікірді қалыптастыру өзекті болып табылады. Бұл халықаралық тәсілдерге сәйкес идеология халықтың мәдени деңгейіне белгілі бір деңгейде әсер етеді. Оның негізгі құралдарының бірі ретінде жаңа әлемдік технологияларды, дәлелді медицина негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру тәсілдері мен әдістерін пайдалана отырып, адам денсаулығының әлеуетін сақтауды және дамытуды айқындайтын факторларды (физикалық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени) күшейту бойынша кешенді сектораралық өзара іс-қимыл болып қала береді.

Іске асыру жөніндегі шаралар:

- қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту;

- мемлекеттік, қоғамдық және бизнес-құрылымдардың (мемлекет, жұмыс беруші, қызметкер) қызметін үйлестіру арқылы салуатты өмір ынталандыру;

- сырқаттардың профилактикасын жетілдіру және скринингтік бағдармасын одан әрі іске асыру.


2-стратегиялық бағыт. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

5-басым бағыт «Мемлекетпен қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау»

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында азаматтарға зейнетақының ең төмен мөлшеріне, жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

Осыған байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес республикалық бюджеттен зейнетақылар мен жәрдемақылардың әлеуметтік қатер басталған кезде әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдердің дер кезінде және толық төленуі қамтамасыз етіледі. Бұл ретте көрсетілген зейнетақы, жәрдемақы, кепілдік түрлерін тағайындауды және төлеуді жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі қамтамасыз етіледі.

Іске асыру жөніндегі шаралар:

1. Зейнетақы қамсыздандыру бөлігінде Мемлекет басшысының 2014 жылғы 18 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының шеңберінде бірінше кезеңде (2016–2020 жылдары) көзделген:

- 2018 жылдан бастап қолданыстағы жинақтаушы жүйені қызметкердің табысынан 5 %-дық мөлшерде жұмыс берушілердің жарналары есебінен қалыптастырылатын жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышпен толықтыру;

- зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақыны тағайындау тәртібін өзгерту және т.б. көзделіп отыр.

1. Әлеуметтік қамсыздандыру бөлігінде:

- әлеуметтік жәрдемақыларды (ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өсімі ескеріле отырып) жыл сайынғы арттыру;

- 2018 жылы 1 қантардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын айқындау әдістемесін жетілдіру және осыған байланысты республикалық бюджеттен төлемдерді қаржыландыру көлемін өзгерту;
6-басым бағыт «Ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесін іске асыру және жетілдіру»

Елімізде қабылданатын балалы отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар туу деңгейіне оң әсер етуде. Бір жағынан – бұл бала тууға, оның күтіміне, отбасындағы мүгедек баланы 18 жасқа толғанға дейін тәрбиелеуге байланысты республикалық бюджет қаражатынан және жергілікті бюджет қаражатынан табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен (ЕТКД-нің 60 %-ы) аз қамтылған отбасыларға балалар жәрдемақысы түрінде жұмыс істемейтін аналарды қолдау. Екінші жағынан – бұл мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке, босануға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу қатері туындағанда төленетін әлеуметтiк төлемдер.

Іске асыру жөніндегі шаралар:

- орталық деңгейде және жергілікті деңгейде балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен төлемдердің (аз қамтылған отбасылар саны өскен жағдайда ағымдағы нысаналы трансферттер арқылы) төлемдердің толық және уақтылы төленуін қамтамасыз ету;

- ана мен баланы қолдаудың қолданыстағы жүйесін оның атаулылығын күшейту мақсатында жетілдіру.
7-басым бағыт «Әлеуметтік масылдықтың алдын алуға бағытталған азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру»

Әлеуметтік қолдау:

- аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек беру жөніндегі;


  • өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарға арнаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі;

  • мүгедектерді оңалту жөніндегі саясатты іске асыруды қалыптастыруды және үйлестіруді қамтиды.

Іске асыру жөніндегі шаралар:

1. Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек бөлігінде:

- Мемлекет Басшысы берген бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде жаңа тәсілдер «Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңында (2015 жылғы 28 қазандағы) көрініс тапты және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін болады, ол әлеуметтік көмек алушылардың әлеуметтік жауаптылығын арттыруға, олардың жұмыс іздеуіне және өзін өзі қамсыздандыру уәждерін күшейтуге, ел экономикасына және қоғам өміріне қатысу дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді.

2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бөлігінде осы жүйені реформалау жалғасады және ол мыналарды қамтиды:

- жұмыс істеп тұрған интернат-үйлерді егде жастағы адамдарға немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары ретінде қайта құру;

- Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметіне қолжетімділікті кеңейту үшін олардың жанынан күндізгі стационарларды ұйымдастыру ұсынылып отыр;

- үйде қызмет көрсетілетін балаларды әлеуметтендіру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерін қалалық жерлерде – аумақтық күндіз болу орталықтары ретінде қайта құруды, ал ауылдық елді мекендерде – қызмет көрсетуді ҮЕҰ-ға немесе жеке құрылымдарға аутсорсингке беру ұсынылады;

- сондай-ақ 2016 – 2018 жылдары өмірлік қиын жағдайға түскен адамдар – адам саудасының құрбандары үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын әзірлеу көзделуде.

3. Жергілікті атқарушы органдармен бірге мүмкіндіктері шектеулі адамдарды социумға етене араластыруға жәрдемдесу мақсатында олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру жұмысы жалғастырылатын болады.
3-стратегиялық бағыт. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу

8-басым бағыт «Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу»

Мемлекет басшысы айқындаған еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманың басты бағдарларының бірі еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Бұл үшін, экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын құрумен қатар, жаңа генерацияның еңбек ресурстарын қалыптастыру қажет.

Үздік әлемдік практиканы алып қарар болсақ, кадрлар дайындау жүйесі тиімді жұмыс істеу үшін кемінде екі жағдай қажет – білім беру саласының жұмыс берушілермен тұрақты өзара іс-әрекеті және білім беру процесінің практикалық және сұранысқа ие дағдылар мен құзыреттерді ұсынуға бағдарлануы.

Осы мақсаттарда мамандарды дайындауға арналған бизнес пен инвесторлардың сұранысын қалыптастыратын кәсіби стандарттар жүйесін әзірлеу және енгізу жалғасатын болады.

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес 2020 жылға қарай кәсіби стандарттар 100 % әзірленеді.

Еңбек етуге қабілетті халықты нәтижелі жұмыспен қамту мәселелері бұрынғыша мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Үкіметтің 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру өзінің тиімділігін көрсеткенін атап өтті.

Ерекше кезеңдегі экономика жағдайларында Жұмыспен қамту 2020 жол картасы дағдарысқа қарсы ден қою жөніндегі жедел шараларды, сондай-ақ азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту жөнінде жүйелі шараларды да қамти отырып, ерекше рөлге ие.

Іске асыру жөніндегі шаралар:



  • Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, оның ішінде салалық мемлекеттік органдардың кәсіби стандарттарды әзірлеуін қаржыландыруды қамтамасыз ету, еңбек нормалары мен нормативтерін әзірлеу;

- Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру;

- «Халықты жұмыспен қамту туралы» жаңа Заңды әзірлеу және іске асыру;

- Министрліктің құзыреті бойынша көші-қон процестерін басқаруды жетілдіру.
9- басым бағыт «Еңбек қатынастарын реттеу»

Еңбек қатынастарын реформалаудың негізгі нәтижелері кәсіподақтар туралы жаңа заң қабылдау қызметкерлердің мүдделерін білдіретін жаңа құқықтық модель енгізу; әлеуметтік әріптестікті дамыту және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады. 2016 жылдың басында ұжымдық-шарттық қатынастармен қамтылған кәсіпорындардың үлесі 36,6 %-ды құрады.

Үкімет, бизнес және кәсіподақтар арасында 2015 – 2017 жылдарға арналған Бас келісім Жаңа әлеуметтік әріптестік жаңа идеологиясының негізінде жасалды және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық және өңірлік үшжақты комиссиялардың жұмыс форматы қаралды.

Іске асыру жөніндегі шаралар:

- қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын реттеудің бірыңғай және іс-қимыл механизмдері ретінде әлеуметтік әріптестік институтын дамытуды жалғастыру;

- «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы конкурсты қаржыландыру және өткізуді ұйымдастыру;

- кәсіби қатерлерді басқарудың және қызметкерлердің денсаулығына зиянды қатерлердің алдын алудың жаңа моделін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

- Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ еңбек жанжалдарының алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру.



4-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы

Елдің жалпыұлттық көрсеткіштері

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы және

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама

  • Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтерді ұсыну

  • Аурулардың ең жоғары кең спектрін диагностикалау және емдеу

  • Профилактикалық медицина

  • «Смарт-медицина», қашықтықтан профилактикалау және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу

  • 16 жасқа дейінгі барлық балаларды медициналық қызмет көрсетудің барлық спектрімен қамту

  • Медициналық білім беру жүйесін жақсарту

  • Мемлекетті-жеке меншік әріптестікті дамыту

  • Жеке медицинаның дамуына жағдай жасау

  • Заңнамалық деңгейде медициналық жоғары оқу орындары мен мекемелердің халықаралық аккредитациясын өткізуді бекіту

  • Қазірге дейін ауылдағы медициналық қызмет көрсету сапасы жөнінде көп сын айтылады

  • Медициналық жоғары оқу орындарының практикалық ғылыми-зерттеу жұмысын құрайтын бөлігіне басты мән беру. Адамзаттың жаңа білімдері мен технологиялық жетістіктерін шоғырландыратын жоғары оқу орындары болуы тиіс. Мысал ретінде, ірі және тиімділігі жоғары медициналық орталықтар болып саналатын АҚШ-тағы университеттік госпитальдерді келтіруге болады. Бұл бағытта да мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту керек

  • Күтілетін өмір сүру ұзақтығы елімізде 84 жасқа дейін ұлғаяды

  • Саламатты өмір салтын қалыптастыру және жаппай тарату шеңберінде спортпен айналысуға, оның ішінде жұмыс орындарында айналысуға жағдай жасалады. Жұмыс берушілердің қызметкерлер денсаулығын нығайту жөніндегі бағдарламаларды енгізуі осындай шаралардың бірі болмақ

  • Тәуекел факторларына бірінші кезекте назар аудару ұзақ мерзімді перспективада едәуір пайда әкелуі мүмкін екенін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. Осыған байланысты, алкоголь мен темекіні шектен тыс тұтыну, дене қозғалысы белсенділігінің жеткіліксіздігі және дұрыс тамақтанбау сияқты денсаулыққа жағымсыз әсерін тигізетін факторлар туралы халықтың хабардарлығын болуын арттыру жөнінде шаралар қабылданады

  • Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының санын және өндірістік жарақаттану деңгейін азайту жөнінде шаралар қабылданатын болады

  • Ұзақ мерзімді перспективада аурулардың профилактикасы және оларды ерте анықтау денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарына айналады

  • Денсаулық үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің ынтымақты жауапкершілігі қағидаттарын кезең-кезеңімен енгізу жүзеге асырылатын болады

  • Кең ауқымды Ұлттық скрининг бағдарламасы іске асырылады, ол өмір циклінің балалық шақтан егде жасқа дейінгі бүкіл кезеңдерін қамтиды

  • Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) барлық қалалық және ауылдық елді мекендерді қамтиды. Жалпы дәрігерлік практика негізінде ұйымдастырылған МСАК жүйесі медициналық көрсетілетін қызметтің негізгі көлемін көрсететін болады

  • МСАК деңгейінде жұмыс істейтін жалпы практика дәрігерлерінің үлесі жыл сайын ұлғайтылатын болады

  • Денсаулық сақтау саласында көліктік медицина көмегін, санитариялық авиацияны, телемедицинаны және жылжымалы дәріханалар желісін, апатты медицинаны дамыту үшін барлық қажетті инфрақұрылымдық және материалдық-техникалық жағдайлар жасалатын болады

  • Әрбір азаматтың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты біріктіретін электронды денсаулық сақтау жүйесі енгізілетін болады. 2020 жылға қарай барлық денсаулық сақтау ұйымдары бірыңғай ақпараттық желіге қосылатын болады. Азаматтардың бәрінің электрондық медициналық карталары болады

  • Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етуді әлеуметтік әріптестердің барлығы (мемлекет, жұмыс беруші, қызметкер) ынтымақты түрде жүзеге асырады. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері пысықталады

  • Азаматтардың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуын ұтымды ету мақсатында халық табысының өсу шамасына қарай Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, медициналық көрсетілетін қызметтердің ақысын бірлесіп төлеу тетігін енгізу мәселесі қаралады

  • Экономиканың өсіміне байланысты өмір сүру сапасының стандарттарын кезең-кезеңімен сапалы арттыру

  • Мемлекет қоғамның әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз жағдайы төмен топтарға – зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және т.б. атаулы қолдауға толық жауапкершілік алады

  • Жұмыс берушілер халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын жұмысқа белсене тарту, кезінде оларды жалақымен қамтамасыз ете отырып жағдай жасау маңызды. Ең алдымен, бұл мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты. Әлемнің дамыған елдерінде осылай жасайды. Біз олардың толыққанды еңбек етуіне жағдай туғызуға тиіспіз

  • Мемлекеттік жәрдемақыны шынымен нақты жұмыс істей алмайтындар ғана алуға тиіс. Жұмысқа мүгедектерді қабылдайтын және оларға жағдай жасайтын компаниялар мен корпорацияларды көтермелеу керек.

  •       Біз өз азаматтарымыз үшін экономика мен бюджеттің өсіміне тікелей тәуелді болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді белгілеуіміз керек

  • Еңбек төлеміне және ондағы сәйкессіздіктерді қысқартуға қатысты мүлде жаңа амалдар табу шараларын қабылдау қажет

  • Зейнетақы жүйесін жаңғырту азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің өздерінің ынтымақты жауапкершілігін одан әрі күшейтуге негізделетін болады

  • Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленетін болады

  • Бұған қоса, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың жаңа тәсілдері әзірленетін болады

  • Базалық зейнетақыны кепілдік берілген ең төменгі зейнетақыға трансформациялау мәселесі пысықталып, оны тағайындаудың жаңа критерийлері мен шарттары әзірленеді

  • Орта мерзімді перспективада кедейлік шегі негізделген төлемдер жүйесінің енгізілуін ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін кезең-кезеңімен көтерілетін болады, ол атаулы қолдаудың шартсыз нысанынан «өзара міндеттемелер» қағидаттарына көшуді көздейді

  • Көмек алушының жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына міндетті түрде белсенді қатысуын көздейтін әлеуметтік келісімшарт тетігі енгізілетін болады. Әлеуметтік келісімшарт мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шараларының кешенін, оның ішінде еңбек нарығына қайтару жолдарын қамтитын болады. Алушының әлеуметтік келісімшартты орындау жөніндегі міндеттемелерді бұзуы әлеуметтік көмек беруді тоқтатуға әкеледі

  • Арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі шеңберінде егде адамдар үшін олардың жас шектеулеріне және қайта әлеуметтенуге бейімделуі бойынша қызметтер көрсетілетін болады

  • Ашық нарықта үздік шетелдік мамандарды тарту

  • Бізде жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлаудың еңбек нарығына бейімделген айқын бағдарламалары  болуы керек

  • Бізге көші-қон мәселелерін кешенді түрде шешу бойынша ел өңірлеріндегі еңбек нарығына ықпал ететін шаралар қабылдау қажет

  • Қызметкерлердің мүдделерін ескере отырып кәсіпкерлікті қолдауды қамтитын еңбек қатынастарының н жаңа үлгісін жасау

  • Біз әйелдер үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызуымыз керек

  • Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене тартқан жөн, әсіресе, жергілікті деңгейдегі өңірлерде. Олардың бизнес ашып, оны жүргізуіне де қолайлы жағдай жасаған абзал

  • Елде жыныстық ерекшелігі бойынша кемсітушілікке жол бермеу керек және практикада гендерлік теңдік пен әйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету

  • Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 2,5%-ынан кемінде 1%-дан азға төмендейді

  • Сондай-ақ өндірістік жарақаттану деңгейін азайту жөнінде шаралар қабылданатын болады

  • Орта мерзімді перспективада өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың еңбек қатынастарын, оның ішінде оқыту, микрокретиттер беру және экономикалық қолайлы өңірлерге көшуге жәрдемдесу есебінен нысандандыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады

  • Орта мерзімді перспективада аналарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің, оның ішінде жұмыспен қамтудың икемді нысандарын (үйде жұмыс істеу, толық емес жұмыс күні) дамыту арқылы жәрдемдесудің арнайы тетіктері әзірленеді

  • Еңбек етудің ерекше шарттарына мұқтаж азаматтар санатын жұмысқа орналастыру шеңберінде кәсіптік бағдарлау жөнінде консультациялар беріледі және арнайы жабдықталған әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын болады

  • Орта мерзімді перспективада оқытуды бүкіл өмір бойы қаржыландыруға мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің үшжақты қатысу моделі әрекет ете бастайды. Бүкіл өмір бойы оқу ақысы үшін негізгі жауапкершілік қызметкерге жүктелетін болады

  • Мемлекет және жұмыс берушілер белгілі санаттағы қызметкерлерді окытуды қаржыландыруда қатысады, соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

  • Мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын және мүгедектерге олардың өзін-өзі жетілдіруі үшін мүмкіндік беретін арнайы оқу бағдарламаларын құруға жәрдемдесуге негізделетін болады

  • Еңбекті қорғау жүйесі Халықаралық еңбек ұйымының нормаларына сәйкестендіріліп, ал өндірісте жарақаттану көрсеткіштері дамыған елдердің нормативтеріне сәйкес келетін болады

  • Жұмыспен қамтуды арттыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде еңбек ресурстарының еңбек қызметінің өнімділігі төмен салаларынан табысы әлдеқайда жоғары және перспективалы салаларына көшуі үшін жағдайлар жасалады

  • Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарлама іске асыру шеңберінде қызмет көрсету саласы үшін кадрлар дайындау бойынша жұмыс ұйымдастырылады

  • Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы еңбек ресурстарын жұмыс күші артық өңірлерден еңбек күші жетіспейтін өңірлерге қайта бөлуді қарастырады

  • Ауылдан қалаға ішкі көші-қонның әлеуметтік салдарының алдын алу мақсатында көшіп-қонушыларды шартты жұмысқа тартуға бағытталған шаралар кешені қабылданады

  • Жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету, көшуге субсидиялар беру және кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарында оқыту арқылы халықтың ұтқырлығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыру жалғасын табады

  • Осы бағыт шеңберінде Қазақстанға еңбек нарығында талап етілетін шетелдік білікті қызметкерлерді, сондай-ақ кәсіпкерлер мен инвестораларды тарту, оның ішінде келу, тұру және еңбек қызметін жүзеге асыру шарттарын жеңілдету жолымен тарту үшін жағдай жасалатын болады



Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

2025 жылда 85% дейін және 2020 жылда 82% дейін тиісті медициналық әлеуметтік сақтандыру қамтуды көбейту.

2025 жылда 50% төмен емес және 2020 жылда 40% дейін ТМККК-ге бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінен МСАК шығыстарының деңгейін көбеіту.

Халықтың жалпы өлімі көрсеткіші 2020 жылда 1 мың адамға 7,2 артық емес және 2025 жылда 1 мың адамға 7,0 дейін азайту.

2025 жылда 50 дейін және 2020 жылда 29,5 дейін туберкулезбен сырқаттанушылықты азайту




Жинақтаушы зейнетақы жүйесімен жұмыспен қамтыған халықты 76 пайызға дейін қамтуға

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 6,5 % құрайды





Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары

1-стратегиялық бағыт.

Азаматтардың денсаулығын нығайту



2-стратегиялық бағыт. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

3-стратегиялық бағыт.

Жұмыспен қамту саясатын және еңбек қатынастарын реттеуді қалыптастыру, көші-қон процестерін басқару




Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары

1.1-стратегиялық мақсат

Сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту



1.2-

стратегиялық мақсат

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру



1.3-

стратегиялық мақсат

Денсаулық сақтау саласында кадр әлеуеті мен ғылымды дамыту



2.1-стратегиялық мақсат

Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну



2.2-стратегиялық мақсат

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігіне жәрдемдесу



3.1-стратегиялық мақсат

Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процесстерін басқаруды қамтамасыз ету



3.2-стратегиялық мақсат Азаматтардың еңбек құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету



Бюджеттік бағдарламалар


Бюджеттік_бағдарламалар_–_8'>Бюджеттік бағдарламалар – 8
015 «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл»
052 «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету»
053 «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту»
060 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру»
064 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту»
066 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмек көрсету және оны сүйемелдеу»
067 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету»


Бюджеттік бағдарламалар – 2
019 «Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін құру»

020 «Денсаулық сақтау жүйесін реформалау»


061 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру: қол жетімділікті, сапасы экономикалық тиімділікті және қаржылық қорғауды жақсарту»

Бюджеттік

бағдарламалар – 9
003 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету»
004 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
005 «Денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау»
006 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету»
007 «Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау»
013 «Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
024 «Назарбаев Университеті» ДБҰ-на нысаналы салым»
059 «Аурулар диагностикасының және емдеудің жоғары технологиялық әдістерінің әлеуетін арттыру және енгізу»



Бюджеттік бағдарламалар – 3
027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу»
049 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»



Бюджеттік бағдарламалар – 3
048 «Әлеуметтік жаңғыртудың басымдықтарына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру»
058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту»

Бюджеттік бағдарламалар – 4
039 «Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесуге кредит беру»
044 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру»
056 «Әлеуметтік-еңбек саласы бойынша ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі, жұмыспен қамту саясатын жаңғырту бойынша қызметтер көрсету»
062 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға арналған жұмыс берушілердің шағындарын субсидиялау»

Бюджеттік бағдарламалар – 3
034 «Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
045 «Кәсіби стандарттарды әзірлеу»
057 «Республикалық деңгейде еңбек саласындағы мемлекеттік ұйымдардың күрделі шығыстары және инфрақұрылымын дамыту»


001 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»

055 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сонымен қатар оларға лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»

жүктеу 1,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау