Ќазаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Молекуланың геометриялық конфигурациясы



жүктеу 0,89 Mb.
Pdf просмотр
бет11/37
Дата24.10.2022
өлшемі0,89 Mb.
#39816
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
ФХ АТ лекция

Молекуланың геометриялық конфигурациясы 
(МГК) 
Органикалық молекулаларды түзетін атомдар мен иондар химиялық 
байланыстар арқылы әр қилы байланыса алады. Электрондардың есебінен 
пайда болатын химиялық байланыс белгілі бір ұзындықпен және кеңістікте 
бағытталуымен нақты сипатталуы мүмкін. Өзара байланысқан екі көрші 
атомдардың идеалды орталықтарының арасындағы арақашықтық ретінде 
анықталынатын байланыс ұзындығы берілген атомдар жұбы үшін көпшілік 
жағдайда 

аз өзгеретін өлшем. 


12 
Молекула ядроларының кеңістікте орналасуын геометриялық 
конфигурациясы деп айтады. Сол конфигурацияны анықтау үшін тәуелсіз 
параметрлер қажет. Сондай параметрлер ретінде мыналар алынады: 
а) химиялы байланысқан атомдардың ядроаралығы; 
ә) химиялық байланыстар арасындағы бұрыш (валенттік бұрыш); 
б) молекуладағы атом топшаларының айналу бұрышы (ішкі айналу 
бұрышы). 
Мысалы, екі атомды молекуланың геометриялық конфигурациясы тек бір 
параметрмен ғана 

ядроаралықпен 

анықталады. Үш атомды молекуланың 
конфигурациясы үшін керекті тәуелсіз параметрлер: 3 ядроаралық немесе 2 
ядроаралық пен валенттік бұрыш. Ал 4, 5
-
және көп атомды молекулалардың 
үштен артық параметр болуы мүмкін. 
Байланыс ұзындығы
Әртүрлі топтардағы атомдар арасындағы байланыс ұзындығы 
физикалық өлшемдердің мәліметтерінің негізінде есептелуі мүмкін, оның 
ішінде ең бастылары спектрометриялық және рентгенографиялық. Ол тек 
оны түзетін атомдардың сипатымен ғана анықталынып қана қоймай, 
сонымен қатар оның қоршауындағыларға тәуелді, әсіресе, берілген атомдар 
жұбына қосылған орынбасушылардың санына. Байланыс ұзындығы екі ядро 
арасындағы ең қысқа арақашықтық немесе сәйкесінше байланыс түзетін 
электронды бұлттың максималды тығыздығының сызықтық ұзындығы 
ретінде қарастырылуына байланысты әртүрлі болады. 
 
 
 
 
 
Валенттік бұрыш
Тіпті жай тізбекті атомдардың арасындағы байланыс тік сызық 
бойынша орналаспаған. Идеалды бейнеленуде сызықшалардың көмегімен 
зигзаг бейнелі қисық түзеді. Бәріне ортақ бір ғана атоммен байланысқан 
атомдар кеңістікте бір
-
бірінен неғұрлым алшақ тұруға тырысады. Тұрақты 
байланыс ұзындығы кезінде бұл шарт берілген төртвалентті атомға 
байланысқан төрт атом, орталығында төртвалентті атом орналасқан, дұрыс 
тетраэдрдің төбелерінде орналасуын талап етеді. Осы геометриялық 
концепцияға сәйкес кез
-
келген екі байланыстың арасындағы бұрыш дұрыс 
тетраэдрдің орталық бұрышына тең және ол шамамен 109º. Келесі атом 
арасындағы байланыспен тура сонай бұрыш түзе отырып байланысады; жаңа 
байланыстың алдыңғы екі байланыспен өзара копланарлы болуы міндетті 
емес. Атом және оның орынбасушылары басқа атомдармен 
байланыстыратын байланыс төңірегінде айнала алады. Біз бұл жерде бір 
байланыстың басқасына қатысты еркін айналуы жөнінде айтып отырмыз. 
Үлкен ковалентті радиусы, яғни ұзын байланыстары болатын көп валентті 
H
H
O
O
H
H
r
r
11
ee
rr
22
ee
α
α
ee
H
H
O
O
H
H
r
r
11
ee
rr
22
ee
α
α
ee


13 
атомдардың валенттік бұрышы әдетте 109º
-
тан төмен; мысалға, алты валентті 
кобальт атомының валенттік байланыстарының біреуі екіншісіне 
перпендикулярлы, яғни байланыс бұышының ̃~ 90º. Үш немесе екі валентті 
атомдардың (оттегі, азот ) байланыс бұрыштарына жақындайды. Кеңістіктік 
көзқарас бойынша атом бұл жағдайда дұрыс тетраэдрдің орталығында 
болады. Көршілес химиялық байланысқан атомдар тетраэдрдің екі немесе үш 
төбесінде орналасқан, ал қалған төбе немесе төбелер бос электронды 
жұптармен орнықтырылады. 

жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау