ПОӘК 042–18-38.88/03 – 2014
|
№ 1 басылым
05.09.2013 ж.
|
Беті беттің
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-38.88/03-2014
|
ПОӘК
«Физиканы оқыту әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
№ 1 басылым
05.09.2013 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Физиканы оқыту әдістемесі»
«5В011000 – Физика» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей
2014
Мазмұны
1
|
Глоссарий
|
3
|
2
|
Дәрістер
|
5
|
3
|
Практикалық сабақтар
|
52
|
4
|
Студенттердің өздік жұмыстары
|
53
|
1 ГЛОССАРИЙ
Физика – материаның қарапайым және жалпы формаларының қозғалысы және олардың өзара өзгеруі жайындағы ғылым, ол дәл ғылымдар қатарына жатады және бізді қоршаған ортадағы процестер мен құбылыстардың сандық заңдылықтарын оқытады.
Физиканы оқыту әдістемесі – физиканы оқытудың дидактикалық принциптерінің қосымшасы болып табылатын педагогикалық ғылым.
Физиканы оқыту пәні – физиканы оқыту процесінде оқушыларды дамыту мен тәрбиелеудегі, физиканы оқытудың теориясы мен практикасы.
Физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері - үш сұрақтың жауабын іздеу: неге оқытамыз, нені оқытамыз және қалай оқытамыз.
Оқыту технологиясы - бұл оқытудың формалары және тәсілдері, әдістері
Оқытуды гуманизациялау - барлық оқу-тәрбиелеу процесінің орталық суьбектісі болып табылатын баланың жеке қасиеттеріне баса көңіл аудару.
Оқытуды гуманитаризациялау – сәйкес оқу сабақтарында (әлемдіккөзқарас, әдіснамалық, тарихи-бионрафиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару.
Оқытуды дифференциациялау – оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру.
Гимназия - V-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін, ой еңбегіне бейімді оқушыларды дамытатын және тәрбиелетін орта жалпы білім беретін оқу орны.
Лицей - VIII-XI немесе X-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін кәсіптік бағытталған жалпы білім беретін мекеме.
Колледж – кәсіптік дайындықты жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік бағыттағы білім беру мекемесі.
Базистік оқу жоспары - орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін құжат.
Экология - орта жағдайы мен тірі организмдердің өзара қатиынасы жайындағы ғылым.
Ойлау – обьективті шындықты бейнелетін адамзат танымының жоғары басқышы.
Әлеуметтік мотивтер – оқушылардың басқа суьбектілермен әртүрлі өзара әсерлермен байланысқан побуждения.
Танымдық мотивтер – оқу іскерлік процесімен және мазмұнымен байланысты побуждения.
Өткен байланыстар – бьасқа пәндердің ертеректе меңгерілген материалдарымен физика курсының байланысты.
Ілеспелі байланыстар – бірмезгілде меңгерілетін әртүрлі оқу пәндерінің ұғымдары, теориялары, заңдары арасындағы байланыс.
Алдағы байланыстар - бұл физика курсының материалдары басқа пәндерді меңгеру үшін база болып табылатын байланыстар.
Сабақ – бұл мұғалім дәл тағайындалған уақыт мезетінде оқушылардың тұрақты танымдық іскерлік топтарын басқаратын оқытудың ұйымдастырылған формасы.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар – бұл оқу материалының әрбір тақырыбын сабақтар бойынша бөлу.
Оқытудың сөздік әдісі – материалды баяндаудың сөздік әдісі (әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, дәріс), сондай-ақ кітаппен жұмыс істеу (оқулықпен, хрестоматиямен, анықтамалық құралдармен, дидактикалық материалдармен және т.б.).
Әңгімелеу – меңгерілетін тақырыпқа жататын іс-жүзіндегі материалды жалғасымдылықпен баяндау.
Түсіндіру – мұғалімнің жаңа ақпартты дәлелдеп, негіздеп, талдап түсіндіруі.
Әңгімелесу - оқытудың «сұрақжауап» әдісі.
Оқу эксперименті – бұл сабақта физикалық құбылыстарды арнайы құралдардың көмегімен шығару.
Демонстрация – бұл мұғалімнің физикалық құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды көрсетуі. Фронтальды тәжірибе – мұғалімнің текелей басшылығынсыз, жазбаша нұсқаулықсыз оқушылардың қандай-да бір практикалық іс-әрекеті (бақылау, өлшеу). Сыныптан тыс тәжірибелер мен бақылаулар - күнделікті ортада, табиғатта, ауылшаруашылық өндірістерінде оқушылардың үйде орындайтын қарапайым тәжірибелері. Физика кабинеті – бұл оқу қондырғыларымен, көрнекі құралдармен, оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған өзара байланысты орындар бөлінген мектептің оқу бөлімшесі. Физикалық есеп – логикалық ойқорыту, физикалық эксперимент және математикалық амалдар процесі қолданлатын физика әдістері негізінде шешілетін кішігірім мәселе. Есептерді шығару технологиясы – есептің шартында берілген және ізделініп отырған шамалар арасындағы байланысты тағайындайтын, есептің жауабына әкелетін амалар мен тәсілдер жиынтығы. Физикалық есептерді шығаруға үйреті технологиясы – оқушыларға есеп шығару дағдысын қалыптастыруға әкелетін тәсілдер жүйесі. Сынақ –сабақ уақытында ұйымдастырылатын оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексерудің жалпы формасы. Оқытудың техникалық құралдары – техникалық қондырғылардың және олардың арнайы дидактикалық материалдарының жиынтығы. Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық каналдар арқылы берілетін оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ). Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бірмезетте көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ. Диафильмдер - өзара байланысты текс пен бейнелердің қатаң жалғасымды кадрлары. Дербес (индивидуальная работа) жұмыс – жекелеген оқушылармен физика және техника бойынша жетекшілік жасау мақсатында, осы мақсатта реферат, баяндама және мазмұндама дйындау. Топтық жұмыс – жаңа білімдер мен рактикалық іскерліктерді меңгеру мақсатында оқушылардың тұрақты шағын тобымен және балалардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталып жүргізілетін жүйелі жұмыс. Оқытудың жаңа технологиялары – ЭЕМ көмегімен ақпараттарды көрсету, тарату. Оқытудың компьютерлік технологиясы – бұл техникалық құрал компьютер болып табылатын оқыту жүйесі. Компьютерлік сауаттылық – бұл оқыту құралы ретінде мұғалім мен оқушыға ЭЕМ қолдануға мүмкіндік беретін білім мен іскерлік.
2 Дәрістер
1МИКРОМОДУЛЬ «ФИЗИКАНЫ НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ»
1-тақырып. Физиканы оқытудың бірінші басқышы. Заттың құрылысы, гидро- және аэростатика элементтері; жұмыс, энергия; жылулық құбылыстар.
Дәріс мақсаты: Бірінші басқышта физиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін көрсету.
Жоспар:
Физиканы оқытудың бірінші басқышы.
Заттың құрылысы туралы мағұлыматтар.
Жұмыс, энергия; жылулық құбылыстар.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Физиканы бірінші сатыдағы оқытудың мақсаты оқушыларды жоғарғы кластардағы физиканы оқытуға дайындық және негізгі физикалық ұғымдармен, шамалармен таныстыру.
Физиканы екінші сатыдағы оқытудың мақсаты оқушылардың білімдерін тереңдету, дамыту және өздерінде бар білімдерін жан-жақты жағдайларға қолдану. Алған білімдерін пәнаралық байланыстарға қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Орта мектепте физиканы оқытудың екінші сатысында мынадай негізгі міндеттер тұр:
физика пәнінен алған алғашқы білімдер жүйесін дамытуы;
Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, арттыру;
Мамандық таңдауда оқушыларға бағыт-бағдар беру;
Физиканы оқытудың екінші сатысында кейбір бір сатыдағы материалдар тереңдетіліп беріледі. Ол материалдарды оқыту барысында бірінші сатыда алынған білімдерін қайталамай, оны тереңдетіп, жан-жақты дамытып берілуі керек.
9-сыныпта 7-сыныпта алған қозғалыс ұғымы дамытылады, мұнда қозғалыс түрлерімен, үдеу ұғымымен таныстырылады, сонымен бірге механикадағы сақталу заңдары, сақталу заңдарын қолдану, тербелістер және толқындар жайындағы білімдер беріледі.
10-сыныпта 8-кластағы жылу құбылыстары жайында алған алғашқы білім мағлұматтары кеңейтіледі. Сонымен бірге химия курсынан алған салыстырмалы молекулалық масса, зат мөлшері, мольдік масса ұғымдары дамытылады. МКТ – негізгі қағидалары дәлелдемелерімен танысады. 8-класта алған жылу мөлшері, термодинамиканың бірінші бастамасы, тұрақты ток заңдары және т.б туралы мағлұматтар тереңінен түсіндіріледі.
Мектап физика курсын жаңартудың жаңа бір бағыты ретінде Қазақстан Республикасы мектептерінде орта білім беруді жетілдіру бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Мектеп физика курсын жетілдірудің бағыты бойынша физика пәні 7-9 сыныптар үшін «Физика және астрономия» болып біріктіріліп өтеді де, 10-11 сыныптарда гуманитарлық, жаратылыстану, физика-математика бағыттарында оқытылу көзделіп отыр. Осыған сәйкес физикалық білім берудің стандарты жасалды.
2.«Физика және астрономия» бағдарламасы бойынша біріктіріліп оқытылатын «Физика және астрономия» курсының өзіндік ерекшелігі - әлемнің біртұтастығы мен материяның бірлігі деген әдіснамалық негізі өзек ретінде алынады. Жарық материяның әмбебап түрі деп қарастыру мақсатында физика курсының бірінші басқышы жарық құбылыстары жайлы ілімнен басталады. Бұл бағдарламаның тағы да бір ерекшелігі-әр кластың барлық таруларында астрономия элементтерін физикамен байланыстыра отырып оқыту көзделген.
Жаңа «Физика және астрономия» курсы бірінші басқышта мынадай 7-басқыштан тұрады.
геометриялық оптика.
Тұрақты ток.
Механика.
Жылу және тармодинамика.
Электродинамика элементтері.
Тербелістер мен толқындар.
Атом ядросы.
Бұл құрылым бойынша «Оптика» мен «Тербеліс – толқындар» және «Электродинамика» элементтері 7 және 9 сыныптарда, ал «Механика, жылу, термодинамика» 8-сыныпта, «Атом және атом ядросы» 9-сыныпта оқытылатын болады.
Заттың агрегаттық күйлерінің арасындағы айырмашылықты молекула-кинетикалық түсініктер көзқарасы тұрғысынан түсіндіру Заттың агрегаттық күйлерінің арасындағы айырмашылықты оқып үйрену кезінде әуелі қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың жалпы қасиеттері тәжірибелер арқылы көрсетіледі. Мұнда алдымен қатты денелермен тәжірибелер жасап, олардың өз пішінін сақтайтын қасиеті туралы қорытынды жасалады. Содан кейін оқушылар қатты денелердің осындай қасиетінің бар екендігін дәлелдейтін және оның техникадағы, тұрмыстағы маңызын көрсететін мысалдар келтіреді. Сұйықтың пішінін өзгертетіндігін әр түрлі пішінді ыдыстарға құйып көрсетуге болады. Мензурка мен өлшеуіш колба арқылы сұйықты бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда пішіні өзгергенмен көлемі тұрақты болып қалатынына баса назар аударылады. Газдар туралы айтқанда, оқушылардың қатты денелер мен сұйықтарға қарағанда газдар жайында едәуір аз білетінін ескере отырып, олардың «Дүниетану» курсынан алған білімдерін қайталап алған жөн. Қайталау материалдарына сүйене отырып, газдардың негізгі қасиеттері: сығылғыштығы, шексіз ұлғая алатындығы көрсетіледі. Газдың сығылғыштығына допты қысу арқылы көз жеткізеді. Ал газдың өзіне берілген көлемге тегіс жайылатынын былай көрсетеді: резеңке шарды ортасынан буып қойып, бір жартысын үрлейді, сонан соң буылған жерін босатып жіберсе, ауа шардың бүкіл көлеміне жайылады.
Достарыңызбен бөлісу: |