ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЕЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Информатика» кафедрасы
Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
5В011100-Информатика мамандығы (4-курс) үшін
Шымкент, 2015 ж.
5В011100-«Информатика» мамандығының студенттері үшін іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік нұсқау. – Шымкент: ОҚМПИ, 2015 - 20 б.
Авторлар: п.ғ.к., аға оқытушы Адылбекова Эльвира Тулепбергеновна
Іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу туралы әдістемелік нұсқау ҚРМЖББС 5.03.005-2009 ж., СТ ОҚМПИ 7.08-2010 негізінде жасалған.
Әдістемелік нұсқауда іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен өткізілуі, жеке тапсырмалар мен есеп беру тәртібі көрсетілген.
«Информатика» кафедрасының мәжілісінде (№1 хаттама, «27» тамыз 2015 ж.) және «Физика-математика» факультетінің кеңес мәжілісінде (№1 хаттама, «27» тамыз 2015 ж.) талқыланып, мақұлданған.
Кіріспе
Кәсiптiк бiлiм беру кадрларды даярлау және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң базалық деңгейi болады әрi бiлiктi кадрларды және қоғамдық пайдалы кәсiптiк қызметтің барлық негiзгi түрлерi бойынша қызмет көрсету еңбегінiң мамандарын даярлауға бағытталады. Осыған байланысты ЖОО-да 5В011100-информатика мамандығы бойынша оқитын студенттерге педагогикалық іс-тәжірибеден өту олардың оқу жоспарына енгізілген. Кадрларды кәсіптік тұрғыдан даярлау жүйесінде педагогикалық іс-тәжірибе маңызды рөл атқарады.
Іс-тәжірибенің негізгі мазмұнын студенттің практикалық оқу-тәрбие іс-әрекеттері құрайды. Іс-тәжірибе кезінде мұғалімдерге, мектептің ұжымына университет тарапынан шығармашылық сипатындағы көмек көрсетіледі. Бұл іс-тәжірибе ең алдымен оқу мақсаттары мен кәсіби даярлықтың міндеттерін көздейді. Іс-тәжірибе әр курста студент-практиканттарға әртүрлі міндеттер қояды, құрылым мен мазмұн жағынан да әр курста әртүрлі болады.
Бұл іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізуге байланысты әдістемелік нұсқаулар 5В011100-информатика мамандығында оқитын студенттерге арналған және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының талаптарына сай әзірленген.
Іс-тәжірибені жүргізу орны
Іс-тәжірибе студенттің болашақ мамандығы қажет ететін, қазіргі заманға сай техникалық базамен жабдықталған жалпы орта мектептерде, лицейлерде немесе мектеп-гимназияларда өтіледі. Ол мекемелермен алдын-ала іс-тәжірибе басталар уақыттан бұрын институт және мектеп тарапынан 2 жақты келісім-шарт түзіледі.
Іс-тәжірибе өтілетін жерде студентке жұмыс бағдарламасына сәйкес тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін жеке орын бөлінеді.
Іс-тәжірибе барысында студент мектептің барлық талаптары мен ережелеріне бағынып, техника қауіпсіздігі ережесін орындауы қажет.
Іс-тәжірибе мерзімі оқу жоспарына және жылдық оқу кестесіне сәйкес өтіледі.
1 іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері
Іс-тәжірибенің мақсаты:
Студенттің жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, алған білімдерін іс-жүзінде, оқушылардың оқу-тәрбие жұмыстарын бақылауда және талдауда біліктіліктермен, іскерліктермен қаруландыру; студенттерді психология және педагогика ілімдеріне сүйене отырып - жас және жеке тұлға ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге үйрету: оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіретін әр түрлі оқыту әдістерін пайдалана отырып математика сабақтарын өткізуге студенттерді дайындау.
Педагогикалық іс-тәжірибе мамандыққа баулитын пәндерді оқыту кезінде алынған білімдерді бекіту мақсатында жүргізіледі. Іс-тәжірибенің негізгі мақсаты – студенттің болашақ мамандығы бойынша өз бетінше жұмыс істеу тәжірибесін қалыптастыру, информатика бойынша білімдері мен біліктіліктерін шыңдау, оқушылармен, педагогикалық ұжыммен жұмыс жасауға үйрену, техникалық құралдарды информатиканы оқытуға қолдануға үйрену.
Іс-тәжірибенің міндеттері:
- мекеменің басқару және ұйымдастыру қызметімен және информатика пәнінің мұғалімінің әдістемелік тәжірибесімен, сынып жетекшісінің жұмыстарымен таныстыру;
- болашақ информатик мұғалімдерді қызметке даярлау;
- жалпы ақпараттық мәдениетті қалыптасыру;
- студенттердің сынып жетекшілігі қызметін атқара білуге, оқушылар ұжымымен, сонымен қатар оқушылармен жеке тәрбиелік жұмыстарын жүргізуге үйрету;
- студенттерді оқушылар денсаулығына зейінділікпен қарауға үйрету;
- студенттердің педагогикалық мамандыққа сүйіспеншілікпен қарауға, педагогикалық пәндерді меңгеруге ұмтылдыру және өздерінің педагогикалық қабілеттерін білім беру міндеттерін шығармашылықпен шеше білуге дайындау.
2 Іс-тәжірибенің мазмұны
Студент орындайтын іс- әрекеттер:
мекеменің басқару және ұйымдастыру қызметімен және информатика пәнінің мұғалімінің әдістемелік тәжірибесімен, сынып жетекшісінің жұмыстарымен танысу;
мектептің техникалық, программалық және мамандық бойынша методологиялық жабдықталуымен танысу;
мектептің басқа да пән мұғалімдерінің білім беру қызметімен, тәжірибесімен танысу;
институтта кафедра тарапынан берілген жеке тапсырмаларды орындау;
ішкі ережелерді, мекеме дайындаған жұмыс орнының техника қауіпсіздігі ережелерін меңгеру;
іс-тәжірибенің барысында информатика мұғалімінің сабағына және практиканттардың сабақтарына қатысып, талдау жасау;
іс-тәжірибенің соңында жетекшіге жазбаша түрде есеп дайындау және қорғау;
Студенттерді іс-тәжірибені өту мекемесінің ерекшеліктерімен таныстыру үшін іс-тәжірибе жетекшісі мекемеге саяхат ұйымдастырады.
Іс-тәжірибе кезіндегі жеке студентке берілетін тапсырманы кафедра іс-тәжірибе бағдарламасына сай береді.
Тапсырма тақырыбын таңдау барысында студенттің алдына нақты ғылыми зерттеулер жүргізудің бір бөлігімен сәйкестендірілген есептер қойылады. Тапсырманы орындау барысында студент берілген тақырыпқа сай әдебиеттер таңдауы керек.
Практикант мектептегі жұмыстарды орындау барысында іс-тәжірибе жоспарына сәйкес тәжірибе жинақтау керек. Іс-тәжірибе барысында студент күнделік жүргізу керек, оған берілген тапсырмалар бойынша негізгі мәліметтер жазылады және де іс-тәжірибе есебін дайындауға арналған материалдар ендіріледі.
Іс-тәжірибе соңында студент жазбаша түрде есеп дайындайды. Есепке берілген тапсырмалар бойынша орындалған жұмыстың нәтижесі жазылады, әдістемелік материалдар жинақталып, енгізіледі.
Дайындалған есеп кафедрада іс-тәжірибе есебін қабылдауға құрылған комиссия мүшелерінің алдында қорғалып, жетекшіге өткізіледі.
Іс-тәжірибе жетекшісінің орындайтын іс-әрекеттері:
Еліміздің мектептеріне жоғары деңгейдегі маман, мемлекет сұранысын қанағаттандыратын, тәуелсіз Қазақстанның азаматын тәрбиелейтін мұғалім ғана емес, мемлекеттегі болып жатқан экономикалық өзгерістерге сәйкес, жаңаша ойлайтын, инновациялық даярлығы қалыптасқан маман қажет.
Мұғалімнің инновациялық даярлығы педагог тұлғасының мотивациялық, когнитивтік, процессуалдық компоненттерді қамтиды. Мұғалімнің инновациялық даярлығы кез келген педагогикалық іс-әрекетті жаңашылдық тұрғысынан нәтижелі шешуді көздейді. Информатик мұғалімнің инновациялық даярлығының ажырамас бөлігі техниканың дамуы, компьютердің және оның программалық жабдығының дамуына сай информатиканы оқытуда қолданылатын сабақтың техникалық сүйемелдеуін жүзеге асыра алатын, үздіксіз оқу-үйрену ізденісін жасайтындай даярлықтың да болуын талап етеді. Сондықтан педагогикалық іс-тәжірибе жетекшісі келесі міндеттерді атқарады:
- техникалық және технологиялық даярлықты қалыптастыру үшін педагогикалық іс-тәжірибелік жұмыстарында информатика ғылымында бұған дейін белгілі әдіснамалық тұжырымдарды басшылыққа алу;
- студенттің техникалық даярлығын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарда әдіскер басшылыққа алады:
техника қауіпсіздік ережелерін білуі;
инновациялық технологиялар жайлы білімінің болуы;
өз іс-әрекетіне талдау, сараптама жасай алуы;
өз білімін өзі жетілдіруге талпынысы.
- студенттердің педагогикалық іс-тәжірибе міндеттері мен болашақ маман міндеттерінің бағдарламаға сай келуін тексеру;
педагогикалық іс-тәжірибенің оқу жоспарына сай болуын тексеру;
педагогикалық іс-тәжірибе өткізетін мектептерді уақытылы алдын-ала
анықтап, олармен келісім-шарт түзу, байланыста болу;
мектеп ұжымымен алғаш кездесуді және іс-тәжірибе соңынан қорытынды жиналысты ұйымдастырып, мектеп қызметкерлерімен, әсіресе информатика пәні мұғалімдері мен сынып жетекшілерімен, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен (завучпен) педагогикалық іс-тәжірибе қорытындысы жөнінде әңгімеге өткізу;
студенттердің іс-тәжірибесінің басталуына сай институт қабырғасында ұйымдастыру конференциясын және іс-тәжірибе соңында қорытынды конференциясын ұйымдастыру;
педагогикалық іс-тәжірибеден өтетін орынға бөлінгендігі туралы деканатқа мәлімдеме дайындау;
студент-практиканттың шығармашылық жұмыс жасауына бағыт беру;
студенттерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, басшылық жасау,
семинарлар мен кеңестер өткізу;
- іс-тәжірибе жетекшісі мектеп әкімшілігі мен мекемеден бөлінген жетекшісінің іс-тәжірибе барысында өз міндеттерін жауапты орындауын қадағалау;
студенттердің өткізген ашық сабақтарына, тәрбие сабақтарына қатысу, талдау жасау;
топ студенттерінің тапсырған құжаттарын уақытылы тексеру;
іс-тәжірибе жұмысының аяқталуына байланысты есеп дайындау;
студенттердің педагогикалық іс-тәжірибе жұмысы бойынша құжаттарын тексеріп, қорытынды бағаларын қою;
сынақ кітапшасына студенттердің тиісті бағаларын қою.
Студенттердің іс-тәжірибесінің мазмұны: информатика пәнінің мазмұнын терең түсіну, информатиканы оқыту әдістемесін білу, әр түрлі типтегі мектептердің (жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей, колледж, жекеменшік мектептер т.б.) оқу-тәрбие жұмысымен, ерекшеліктерімен танысу.
Студент оқу процесінде игерген теориялық білімдері мен информатиканы оқыту методологиясын, информатиканы оқытудың әдістемесі туралы қалыптастырған білімдерін жетілдіреді.
Студент іс-тәжірибе өтетін мектеп және сыныптағы тұтас педагогикалық үрдіс жағдайына болжам жасай білуі кажет.
Бекітілген сыныптың оқушыларының жеке тұлғасын және жалпы балалар ұжымын зерттеу. Жалпы сыныптың немесе бір оқушының психологологиялық-педагогикалық мінездемесін құрастыру.
Мектептің оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарын (күнтізбелік-тақырыптық, күнделікті сабақ жоспары, тәрбие жоспары), мемлекеттік стандартқа сәйкес пәндердің оқу бағдарламаларын зерделеу.
Педагогиалық іс-тәжірибе кезеңіне жеке жұмыс жоспарларының топтамасын (күнтізбелік-такырыптык, күнделікті сабақ жоспары, тәрбие жоспары) кұрастыру.
Өткізілетін сабақтардың (ағымдағы және ашық-сынақ сабақтар), пән бойынша сыныптан тыс сабақтардың және сынып жетекшісінің жоспары бойынша тәрбие сағаттарының конспектілерін кұрастыру.
Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі іс-шараларда іске асыру.
Жұмыс жоспарына сәйкес пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстарын жүргізу.
Оқушылардың оқу және сыныптан тыс іс-әрекетін өткізу және ұйымдастыруда жана технологияны (ұжымдық танымдық іс-әрекет, компьютерлендіру, ақыл-ойы және іскерлік ойындар, әлеуметтік-әкономикалық дебаттар, брифингтер, білім аукциондары және т.б.) қолдану қажет.
Оқу тәрбие үрдісін арттыруға арналған дидактикалық материалдарды (көрнекі құралдар, сараланып алынған топтарға және жеке шығармашылық жұмыстарына арналған тапсырмалар, зерттелетін материалды модельдеу, проблемалық жағдайлар, дидактикалық кешен және т.б.) даярлау.
Жалпы мектептегі ғылыми-әдістемелік және басқа оқу-тәрбиелік жұмыстарға (мектеп ұжымы жұмыс жасайтын ғылыми бағыт, жалпы мектептік іс-шаралар, дипломалды кеңес, әдістемелік кеңес, пән бойынша әдістемелік бірлестіктер және т.б.) қатысу.
Жеке ғылыми ізденіс тақырыбында (тақырыпка сәйкес материалдарды жинақтау және жүйелеу, курс және дипломдық жұмыстарға қажетті тәжірибелік дипломалды материалдарды әзірлеу) жұмыс.
Өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын зерделеу, әр жастағы оқушылар топтарымен жұмыс жасауға кәсіби дайындығын шыңдау (сабақты, сыныптан тыс сабақтарды зерделеу, ғылыми ізденіс жұмыстары нәтижесі, дипломалды іс-тәжірибенің жалпы қорытындысы).
Іс-тәжірибе есебі бойынша кұжаттарды қорытынды конференцияға әзірлеу
3 іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу
3.1 Жалпы ережелер
Іс-тәжірибе басталуына орай, факультетте студенттер мен олардың жетекшілерінің қатысуымен тағайындау конференциясы өтеді. Студент іс-тәжірибеден өту үшін кафедрадан күнделік, бағдарлама алуы керек.
Оқу-таныстыру, психолого-педагогикалық, педагогикалық, өндірістік және диплом алды іс тәжірибелер әр түрлі типтегі мектептерде (жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей, жекеменшік мектептер т.б.) өтеді. Диплом алды іс-тәжірибе кафедрада да, оқу-ғылыми-өндірістік кешендердің базасында да өте береді.
3.5 ӨНДІРІСТІК іс-тәжірибені ұйымдастыру
және өткізу
Өндірістік іс-тәжірибе 4-курстың оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылады.
Өндірістік іс-тәжірибе басталуына орай, факультетте студенттер мен олардың жетекшілерінің қатысуымен конференция өтеді. Студент өндірістік іс-тәжірибеден өту үшін кафедрадан күнделік, бағдарлама алуы керек.
Өндірістік іс-тәжірибе әртүрлі типтегі мектептерде (жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей, жекеменшік мектептер т.б.) өтеді.
Практиканттың даярлығының әдіснамалық компоненті:
төменгі деңгей: практиканттың инновациялық педагогикалық технология және философиялық, информатикалық, ақпараттық, математикалық және әдіснамалық білімдері бар, ақпараттар жинақтай алады (1-5 балл);
орта деңгей; дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру үшін философиялық, информатикалық, ақпараттық, математикалық, әдіснамалық білімдері мен біліктіліктері бар, практиканттың логикалық байланыс заңдылықтары мен принциптерді еркін меңгерген, керекті ақпараттарды тиімді қолдана алады (6-9 балл);
жоғары деңгей; практиканттың инновациялық ұғымдарды, жаңа технологияларды еркін қабылдайды, кемшіліктерді еркін көре алады, қандай да бір тұжырымға сын айта алуы, оны негіздей алуы, таңдай алады, шығармашылық ізденістер жүргізе алады (10-12 балл).
Практиканттың даярлығын пәндік-теориялық, әдістемелік компоненттері:
төменгі деңгей: пәндер бойынша теориялық білім қорын меңгеруі, математика пәні бойынша ұғымдарды игеруі, теоремаларды білуі (19-21 балл);
орта деңгей; информатика пәні бойынша ғылыми таным әдістерін меңгеруі, ғылымға енгізілген жаңалықтарды өз пәні дәрежесінде, өз іс-тәжірибесінде пайдалана алу мүмкіндіктерін қарастыруы, информатика пәні бойынша ұғымдарды игеруі, бағдарламаларды білуі және қолдана алуы (22-25 балл);
жоғары деңгей; қазіргі кезеңдегі ғылым мен практика жетістіктерін информатика пәні дәрежесінде пайдалана алуы, информатика пәні бойынша ұғымдарды жетік меңгеруі, бағдарламаларды және олардың қолданылуларын білуі және есептер шығаруда қолдана алуы (26-28 балл);
Практиканттардың меңгеруге тиісті әрекеттері
Информатика мұғалімінің педагогикалық іс-әрекеттерінің негізгі түрлері
І. Психологиялық – педагогикалық әдебиеттеріне, оқу бағдарламаларына, оқулықтар, оқу-әдістемелік және оқу құрал жабдықтарына талдау жасай білу:
1. Мектеп оқулықтары мен бағдарламалар құрастыруға арналған есептер жинағына логика-математикалық талдау;
2. Мектеп оқулықтарының оқу материалдарына логика-дидактикалық талдау;
3. Информатикалылық, информатиканы оқыту әдістемесі, педагогика, психология, информатика тарихы, басқа оқу пәндерін оқыту әдістемесі әдебиеттеріне т.б. әдістемелік талдау;
4. Оқу құрал жабдықтарына (көрнекі және техникалық құралдар. ЭЕМ оқыту мүмкіндіктеріне т.б.) талдау.
ІІ. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келетін оқу материалын таңдай алу:
Оқу материалының тақырыптық және күнтізбелік жоспарын жасау;
Жан жақты, толық сабақ жоспарын тізу.
Арнайы пәндік әдістемелік біліктілік
1.Информатикада қолданылатын ұғымдарды анықтаудың, тұжырымдамалардың (аксиома, теорема), ережелер, алгоритмдер, мәтінді математикалық есептерді логика-математикалық талдау біліктілігі.
2.Оқулықтағы оқу материалының әрбір бөліміне, тақырыбына, пәндерін логика-дидактикалық талдау жүргізе білу.
3.Математикалық есептерге программа құру мен оларды талдай білу, дәлелдеу жолын іздестіру біліктілігі.
4. Информатикада қолданылатын ұғымдарды оқуға, теоремаларды дәлелдеуге, ережелерді қалыптастыруға, немесе алгоритмдерді құруға қажетті есептерді талдай білу.
5.Қарапайым оқу құрал жабдықтарын жасай білу.
6.Анықтамалармен, таблицалармен және басқа материалдармен жұмыс істей алу және ондай жұмысқа оқушыларды үйрету.
7.Нақтылы бір мәселені (теория, есеп, оқулықтың бір пункті) оқиға қажетті әдебиеттермен жұмыс істей білу.
8.Қандай да бір білімдерді (ұғым, теорема, ереже т.б.) игеруін жаппай тексеруге арналған сұрақтар жүйесін құра білу.
9.Информатикалық немесе жалпы оқу біліктілігін тексеруге бағытталған өз бетінше жұмыс тапсырмаларын құру.
10.Оқушылардың нақтылы білім, біліктілік және дағдысын тексеру үшін бақылау жұмысының тапсырмаларын құра алу.
11.Жазбаша бақылау жұмысын тексеру, оны бағалау және талдау жасау.
12.Есептің шығарылу алгоритмін, программаларының құрылуын, ережелердің қорытылуын т.б. тақтада дұрыс өрнектей алу.
Әдістемелік біліктіліктердің екінші тобы
1. Нақтылы оқу материалының мақсатын анықтай алу:
а) Анықтаманы үйрету
ә) Ұғымды қалыптастыру
б) Теорияны меңгеріп, дәлелдеу т.б.
2.Қойылған мақсатқа сай оқу, материалына логикалық-дидактикалық талдау жасау:
а) өзекті материалдарды ажырата білу;
ә) тақырыптың басым идеясын ажырату
б) ұолдарыналатын программаларды типтерге бөлу т.б.
3.Оқу материалын білуге оқушылардың ынталандыра алу.
а) тақырыпты
ә) пункті
б) алгоритмдік есепті
в) теорияны
4.Оқу міндетін дәл қою және оған сәйкес оқу әрекеті мен операцияларын таңдап алу:
5.Информатика сабағында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және оқып үйрену үрдісін басқару біліктілігі.
а) оқу материалын қою тәсілдерін білу;
ә) оқушылардың оқып үйрену жұмысы ұйымдастыру және басқаруға бағытталған сұрақтар қою.
б) сұрақтарды әр түрлі нұсқада қоя алу.
в) оқушының берген жауабына реакция жасау т.б.
6.Тақырыптық күнтізбелік жоспарын жасау, оның негізінде логикалық-дидактикалық талдау жүргізу.
7.Сабаққа қажетті материалын іріктеу және оған сәйкес толық сабақ жоспарын түзе алу.
8.Сабақтың мақсаты мен оқу материалының мазмұнына орай сабаққа талдау жасай білу.
9.Оқушының жауабын талдау және оны бағалай білу.
10.Дидактикалық, психологиялық және педагогикалық, оқулықтар мен оқу құралдарына, әдістемелік еңбектерге пікір жаза алу.
11.Баяндама жасауға нақтылы тақырыпты оқып үйренуге қажетті материалдарды жинақтау және оның картотоекасын жасай алу.
Әдістемелік біліктіліктердің үшінші тобы
1.Мектеп оқулықтарына және оқулықтың идеялары мен бағыттарына логикалық-дидактикалық талдау жасай алу.
2.Ретімен тақырыптың, курстың, пәннің мақсатын анықтай алу оны жүзеге асырудың жүйесін білу.
3.Оқытудың мақсаты мен оны жүзеге асыру шарттарын байланысты оқыту әдістерінің әртүрлі нұсқаларын құра білу.
Оқу материалын логикалық-дидактикалық талдау
Оқу материалына логикалық-дидактикалық талдау төмендегідей сұрақтарға жауап беруді талап етеді.
1.Қандай жаңа информатикалық деректер енгізіледі?
2.Ұғымдарға анықтама беріле ме?
3.Бұл анықтаманы ұғымдарды анықтаудың қандай құрылымдық түріне жатқызуға болады?
4.Енгізіліп отырған анықтаманың құрылымы бұрын кездескен анықтамалар құрылымдай ма, немесе басқаша ма?
5.Анықтаманың құрылымын айқындау мен оны қолдана білу үшін қандай танымдық және оқу іс-әрекеттерін орындауға болады?
6.Қандай ұйғарымды дәлелдеусіз беріледі?
Сабақта оқушылармен жүргізілетін басқа да оқыту түрлерінің (факультатив, сыныптан тыс жұмыстар) пәндік мазмұнын құра алу
1.Мұғалімнің және жолдастарының жауабын тыңдау.
2.Оқулықтар мен ғылыми-көпшілік әдебиеттерді оқуға үйрету.
3.Әр түрлі математикалық есептерге программа құра білуге үйрету.
4.Сабақта және үйде әр түрлі оқу материалдарымен өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
5.Рефераттар, баяндамалар дайындауға баулу.
6.Стандарт емес есептер шығара білуге үйрету.
Өзінің жұмысын жоспарлау және оқушыларды жоспарлы түрде жұмыс істеуге үйрету
1.Сәйкес оқу материалдар мен оқу құрал жабдықтар арқылы жанама түрде басқару.
2.Оқу-танымдық іс-әрекеттер, бақылау және өзін-өзі бақылау арқылы тікелей басару;
Оқушылардың әртүрлі іс-әрекетін ұйымдастыра алу, олардың орындауға көмектесу және белгілі бір дәрежеде басқара білу
1.Жаппай немесе жекелеп ауызша сұрау;
2.Тақтада немесе орнында отырып оқу материалының белгілі бір кезеңдерін түсіндіруге арналған жазбаша жауап жазу;
3.Пунктің (параграфтың) мазмұнын оқу;
4.Барлық түсініксіз сөздерді, өрнектерді білу (сөздікпен, мұғаліммен, ата-аналардан жолдастарынан);
5.Оқу барысында өзіңе сұрақтар қою және жауап беру (Бұл жерде не туралы айтылады? Маған бұл туралы не белгілі? Бұл жерде дәл осы туралы айтылады? Бұны қалай түсіндіруге болады? Менің білетініммен бұның қандай қатысы бар? Бұдан не шығуы керек? Бұл үшін істеледі? Бұны неге қолдануға болады? Қашан және қалай қолдануға болады?);
6.Негізгі ұғымдарды бөліп алу (бөліп жазып алу, астын сызу);
7.Негізгі теоремалар мен ережелерді бөліп алу;
8.Ұғымның анқытамасын ұғып білу;
9.Теоремаларды (ережелерді) оқып үйрену;
10.Текстегі мысалдарды талдау және өз мысалдарын құру;
11. Дәптерге теоремаларды өз бетінше құру;
12.Схемалар, суреттер, кеспелер, кескіндер құру;
13.Есте сақтау тәсілдерін пайдалана отырып материалды есіне сақтау (жоспар, кескін, схемасы, мнемомикалық тәсілдер).
14.Текстегі нақты сұрақтарға жауап беру;
15.Осындай сұрақтарды ойлап табу және өзіңе қою?
Практика кезінде ИНФОРматика сабағын өткізуге қойылатын талаптар мен ұсыныстар
Информатика сабағына дайындалуға әдістемелік ұсыныстар
1.Сабақтың тақырыбын дұрыс атап өту.
2.Сабақтың мақсатын анықтау: жалпы білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары.
3.Сабақтың құрылымын анықтау, оның әрбір кезеңдеріне қойылатын талаптарды айқындау.
4.Сабақтың мақсатына және оның әрбір кезеңдеріне қойылатын талаптарға байланысты оқу материалын іріктеп алу.
5.Оқушылардың іс-әрекетін басқару үшін мұғалімнің қолданылатын әдістерін анықтау.
6.Оқушылар жұмысына қолданылатын әдістерді анықтау.
7.Оқыту құралдарын таңдау /оқулықтарды, дидактикалық материалдарды, көрнекі құралдары, оқытудың техникалық құралдарын/.
8.Сабақта қарастырылған материалды бекіту формаларын ойластырып, оған материалдарын дайындай.
9.Үй тапсырмасын беру, сабақтың қорытындылаудың түрін ойластыру.
Дидактикалық мақсатына байланысты сабақтың типтері
1. Жаңа материалды түсіндіру сабағы. Бұл сабақтың негізгі мақсаты: жаңа ұғымды енгізу, олардың қасиеттерін ашу, немесе олардың құру ережелерін негіздеу т.с.с.
2.Білімді бекіту және практикаға қолдана білу сабағы. Негізгі мақсаты: үйренген білімді қалыптастыру және жүйелеу.
3.Аралас сабақ. Негізгі мақсаты: жаңа ұғымдарды беріп оны бекіту.
4.Алған білімді бір жүйеге келтіретін жалпылау сабағы. Негізгі мақсаты: өтілген, үйренген ұғымдарды, материалдарды жалпылау және жүйелеу.
5.Білім, білік және дағдыны бақылау сабағы. Негізгі мақсаты: оқу материалын оқушылардың ұғыну дәрежесін анықтау.
ОҚУШЫЛАР БІЛІМІН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Информатика пәні бойынша оқушылардың білімін
тексерудің төмендегідей түрлері бар
2. Оқушылардың білімін бағалаудың төмендегідей әдістері бар, олар: жазбаша, ауызша және практикалық/оларға әртүрлі лабораториялық және практикалық жұмыстар/, тест.
3. Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау нормаларымен, білу қажет.
4. Оқушылардың жазбаша бақылау жұмыстарын бағалау нормаларымен танысып және оларға сандық және сапалық талдау жасау таблицаларын білу қажет.
Кесте 1 - Сандық талдау жасау кестесі
Сынып
|
Сыныптағы оқушылар саны
|
Жұмысты орындаған оқушылар саны
|
Бағалар
|
Нөмірлер бойынша дұрыс орындалған тапсырмалар
|
5
|
4
|
3
|
2
|
1
|
2
|
...
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кесте 2 -Бақылау жұмысына сапалық талдау жасауға арналған
Оқушының фамилиясы
|
№1 тапсырма
|
Қателердің түрлері
|
Есептеуден жіберілген қате
|
Есептерді шығару принципінен жіберілген қателер
|
Тағы басқа қателер
|
Бүркітбаев Қ.
|
|
- /қате/
+ /дұрыс/
|
|
Бақылау жұмысын тексеруде мұғалімге қойылатын талаптар
1. Оқушы дәптеріне жазулар қызыл түсті сиямен анық және нақты түрде жазылуы қажет.
2. Оқушылардың дәптеріне жіберілген қателері түзетіліп жазылады.
3. Тексерілген жұмыстың соңына жіберілген қате бойынша қандай материалды қайталау қажет екендігін көрсету керек.
4. Оқушылар дәптеріне өзіңнің жұмыс туралы ойыңды: «өте жақсы орындалған», «суреті өте әдемі салынған», «таза жаз» деген сөздер арқылы білдірген жөн.
5. Грамматикалық қателерді, оқушының бағасын кемітпей түзеген дұрыс.
Оқушылардың білімі мен икемділігін бағалау жөнінде нұсқау
Осы нұсқауға сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін есепке ала отырып олардың білімі мен икемділігін бағалайды.
1. Тексерілуге тиісті материалдың мазмұны мен көлемі программамен анықталады. Материалдың қалай меңгерілгенін тексергенде оқушылардың теорияны меңгеруінің толықтығы, тиянықтылығы және оны таныс еместе жағдайларда іс жүзінде қолдана алатындығын аынқтау керек.
2. Оқушылардың информатика бойынша икемдігі мен машығын тексерудің негізгі формалары жазбаша бақылау жұмысы мен ауызша сұрақ-жауап болып есептеледі.
Жазбаша және ауызша жауаптарды бағалағанда мұғалім ең алдымен оқушылардың көрсеткен білімі мен икемдігін есепке алады. Бағалау оқушылардың жіберген қателәктерінің санына да байланысты.
3. Қателіктердің ішіне кемшіліктер енеді. Егер қателік оқушының программада көрсетілген негізгі білім икемділікті жете меңгере алмағандығынан болса, онда ол қате болып саналады.
Негізгі білім мен икемдікті жетерліктей толық немесе жетерліктей тиянақты меңгере алмағандықты көрсететін немесе программада негізгі деп есептелінбейтін білімнің жоқтығын білдіретін қателіктер кемшіліктерге жатады.
Мыналар да кемшіліктер деп есептеледі: оқушыға берілген тапсырманың мағынасын немесе оны шығару тәсілін бұзбайтын қателіктер, ұқыпсыз жазылған жазу, қалай болса орындалған сызба.
Қателер мен кемшіліктердің арасындағы шекара кейбір жағдайда шатты болады. Оқушылардың жіберген қателігін мұғалім кейбір жағдайларда қате ретінде, ал келесі бір жағдайда кемшілік ретінде қарай алады.
4. Оқушыларға ауызша және жазбаша сұрақ үшін берілетін тапсырма теориялық сұрақтар мен есептерден құралады.
Егер теориялық сұраққа берілген жауап мазмұны жағынан сұраққа толық сәйкес болып, барлық қажетті фактілер мен негізгі қорытындыларды қамтитын болса, ал оның баяндалуы мен математикалық жағынан сауатты және реттілігі мен ұқыптылығы жөнінен ерекшеленетін болса, онда ол мінсіз жауап деп есептеледі.
Егер есептің шығару жолы дұрыс таңдап алынып, қажетті түсініктер беріліп отырса, керекті есептеулер мен түрлендірулер дұрыс орындалып, жауабы дұрыс шықса, шешу реті және ұқыпты жазылған болса, онда есептің шешуін мінсіз деп есептейді.
5. Ауызша және жазбаша оқушылардың жауабына қойылатын баға бес балдық жүйе бойынша жүргізіледі, яғни жауап: үшін мына бағалардың бірі қойылады:
1/қанағаттанғысыз/, 2/қанағаттанарлық/, 3/жақсы/, 4/өте жақсы/.
6. Оқушының математикалық дамуының жоғарлығын білдіретіндей, өзіндік ерекшелігі бар жауапқа немесе аса тапқырлықпен шығарылған есепке; тапсырманы орындап болған соң оқушыларға берілген анағұрлым қиын есепті шығарғаны үшін, күрделі сұраққа жауап бергені үшін де мұғалім бағаны жоғарлатуына болады.
Оқушының жазбаша бақылау жұмыстарын бағалау
«5» бағасы:
жұмысты толық орындаған:
логикалық пайымдауларында және шығару негізделгенде олқылықтар мен қателер жоқ;
шығару жолында алгоритмдік-математикалық қате жібермеген немесе түсінбегендіктен емес, жаңылыс жазылған бірер кемшілік болуы мүмкін.
«4» бағасы:
жұмыс толық орындалған, бірақ шығару жолын негіздеу жеткіліксіз /егер пайымдауларын негіздеуі тексертудің арнайы объектісі болып табылмаса/;
бір қате немесе есептеулерінде, суреттеулерінде, суреттерінде, сызбаларында немесе графиктерінде бір-екі кемшілік болса.
«3» бағасы:
есептеулерінде, сызбаларында немесе графиктерінде бірден артық қате немесе екі-үштен көп кемшілік жіберген, бірақ тексеріліп отырған тақырып бойынша міндетті икемдікті меңгерген оқушыға қойылады.
«2» бағасы:
берілген тақырып бойынша міндетті икемдікті меңгермегендігін көрсететін елеулі қателер жіберген оқушыға қойылады.
Оқушының ауызша жауаптарын бағалау
Оқушының жауабына мынадай жағдайларда «5» бағасы қойылады, егер ол: программада және оқулықта қамтылған көлемдегі материалдық мазмұнын толық аша алса;
Программа құру барысында материалды математикалық терминология мен символиканы пайдаланып, белгілі бір логикалық ретпен, сауатты тілмен баяндап берсе;
Жауаппен қоса жүргізілетін сызбаны, суретті, графикті дұрыс орындаған болса;
Теориялық қағидаларды нақтылы мысалдармен иллюстрациялай алатынын, оларды практикалық тапсырмаларды орындаған кезде жаңа жағдайда да қолдана алатынын көрсете алса;
Мұғалімнің жетекші сұрақтарынсыз жауап берсе.
сұрақтарға жауап бергенде немесе есептеулерінде мұғалімнің ескертуімен оқушы оңай тұзететін бір-екі ағаттық болуы мүмкін.
Оқушының жауабына мынадай жағдайларда «4» бағасы қойылады, егер ол:
«5» бағасы қойылатын талаптарды негізінен қанағаттандырса, бірақ мынадай кемліктердің бірі кездесетін болса;
баяндалған кезде жауаптың математикалық мазмұнына нұсқан келтірмейтіндей шамалы олқылықтар жіберген болса;
жауаптың негізгі мазмұнын баяндағанда, мұғалімнің ескертуімен түзілген бір-екі кемшілік жіберген болса;
сұрақтарға жауап бергенде немесе есептеулерде, мұғалімнің ескертуімен оңай түзететін қате, бір-екі кемшілік жіберген болса.
«3» бағасы мынадай жағдайда қойылады:
материалдың мазмұны ретсіз немесе шала – шарпы айтылса, бірақ сұрақты жалпы түсінетінін көрсетіп және программалық материалды / «Оқушылардың информатикалық дайындығына қойылатын талаптарда» анықталған/ алдағы уақытта меңгеріп алуға жеткілікті икемділік көрсете алса;
ұғымдарға анықтама бергенде, терминологияны пайдалана, сызбада, есепте, мұғалімнің бірінші жетекші сұрақтарынан кейін түзетілетін қателер немесе қиналатыны байқалса;
теориялық материалды білуінде негізгі іскерліктер мен машықтар, жеткіліксіз қалыптасқаны байқалса.
«2» бағасы мынадай жағдайларда қойылатын:
оқу материалының негізгі мазмұнын айтып бере алмаса;
оқушының оқу материалының көп немесе маңызды жерін білмейтіні, немесе түсінбегені анықталса;
ұғымдарды анықтама бергенде, терминологияны қолданғанда, суреттерде, сызбалар мен графиктерде, есептеуде, мұғалім көмектесіп жетелесе де түзете алмаған қателер жіберсе.
Информатикадан жазылған бақылау жұмысының қортындысын
талдау сызбасы
Сыныптағы оқушылар саны....
Бақылау жұмысын жазуға қатысқандар саны....
Бақылау жұмысын өткізгендер саны....
«5», «4», «3», «2», - деген бағалардың саны....
Өте жақсы орындалған жұмыстар саны...
Есептің 2 түрлі шешімін, ерекше шешімдерін көрсеткен оқушылар саны...
Тапсырманы толық орындамағандар, бірақ алдыңғы бақылауға қарағанда жақсы жазғандар...
Жіберілген қателерге талдау беру.
Тапсырманы орындау дәрежесі
|
Нұсқа нөмірі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.Тапсырманы толық орындағандар
|
|
|
|
|
|
2.Тапсырманы жартылай орындағандар /қателері бар/
|
|
|
|
|
|
3.Тапсырманы орындамағандар
|
|
|
|
|
|
Студент практиканттың практикадан кейінгі өткізетін есептік құжаттары:
Педагогикалық іс-тәжірибе күнделігі
Практика кезінде өткен информатика сабақтарының сабақ жоспарлары.
Информатиканың және сынып жұмысының тақырыптық-күнтізбелік жоспар көшірмелері.
Тәрбие сағаттарының сабақ жоспарлары
Информатикадан сыныптан тыс жұмыс жоспары.
Басқа практиканттың сабағына қатысу нәтижесі ретінде сабаққа талдау.
Мектепке қатысты материалдар.
Практиканттың есебі.
4 Іс-тәжірибе күнделігін толтыру ережелері
Күнделік—студенттің іс-тәжірибе бағдарламасының орындалуы жөнінде есеп беретін негізгі құжаттарының бірі.
Күнделікті толтыру ережелері:
студент іс-тәжірибе барысында бағдарламаға сәйкес күнделікті анық етіп жазып отырады;
Практикант күнделікті толтырып болған соң күнде жектекшіге тексертіп отыруы керек.
Студент іс-тәжірибе соңында мінездеме жазу үшін жетекшіге өткізуі керек.
Түгел толтырылған күнделік студенттің есебіне қосылады. Студенттің есебі күнделіксіз жарамсыз деп табылады.
Дайын болған есепке іс-тәжірибе жетекшісі пікір жазып, («қанағат-сыз», «қанағаттанарлақ», «жақсы», «өте жақсы») бағалайды.
5 Іс-тәжірибе бойынша есеп беру тәртібі
Педагогикалық практика барысында студенттердің іс-әрекетін есепке алуды топ басшысы (староста), топ жетекшісі, әдіскер және тағы басқа жоғары оқу орны немесе мектеп қызметкері жүргізеді. Әр мектепте оқу-тәрбие жұмыстарын есепке алу үшін журнал арналады, онда мектептің оқу, жұмыс тәртібі студент–практиканттардың сабаққа қатысуы,оқу және тәрбие жұмыстарының бағалары, жоғарғы оқу орнықызметкерлерінің (әдіскерлердің) педагогикалық практиканы тексеруі және олардың өткізіліп жатқан педагогикалық практика барысы жөніндегі пікірлер мен ұсыныс ескертпелері жазылады.
Есеп—студенттің іс-тәжірибедегі жұмысын бейнелейтін негізгі құжат болып табылады. Студент есепті іс-тәжірибе барысында дайындау керек. Әрбір студент жеке есеп дайындайды.
Есеп іс-тәжірибе бағдарламасының орындалғанын көрсете отырып жазылады.
Есеп А4 форматта, MS Word редакторында, Times New Roman 14 шрифтінде, бір интервалмен жазылуы керек. Сол жағынан 30 мм, оң жағынан 10 мм, төменгі және жоғарғы жағынан 20 мм кем болмауы керек.
Текстегі абзац 7,5 мм отступпен басталуы немесе текстің бесінші таңбасынан кейін жазылуы керек.
Есеп сыртқы беттен (титульный лист), мазмұнынан, кіріспеден, бөлімдерден , қорытындыдан және лардан тұрады.
Сыртқы беті. Сыртқы бетте ( А қара) іс-тәжірибе атауы, өткізу орны, студенттің аты-жөні, жетекшінің аты-жөні жазылады.
Кіріспе.
Іс-тәжірибе мазмұны:
Іс-тәжірибе мақсаты мен өткізу уақыты.
Іс-тәжірибе барысында жасалынған жұмыстардың тізбесі.
Студенттің ғылыми зерттеу жұмыстары.
Студент жетекші берген жеке тапсырмаларды орындайды.
Қорытынды:
Сіз қандай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге қатыстыңыз?
Педагогикалық практика жоспарының орындалуы: жоспардан ауытқулар болды ма, болса себебеін көрсетіңіз. Жоспардан тыс орындалған іс-шаралар.
Сыныптың педагогикалық үрдісі қалай зерттелінді?
Өткізілген сабақтар саны. Олардың қайсысын өткізуде қиындықтар туындады, себебі неде. Жоғары дәрежеде өткізілген сабақтар (артықшылығы).
Сабақтың қалай дәстүрлі емес әдістері мен формалары қолданылды?
Сабақтарда оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың жеке, топтық және ұжымдық формалары қолданды ма?
Педпрактика барысында қандай тәрбие міндеттері шешілді? Балалар ұжымында қандай тәрбие жұмыстарының формаларын қолдану тиімдірек болды? Орта деңгейде өткізілген тәрбие жұмыстары (себептері). неде?
Мұғалімнің топтағы әксперимент, ғылыми ізденіс жұмыстарына қатыстыңыз ба? Егер қатысқан болсаңыз нәтижесі қандай? Сіз өзіңіз қандай бағыттағы зерттеу жұмысын жүргіздіңіз?
Практика бойынша жалпы қорытынды. Сіздің болашақ мамандығыңызды меңгерудегі оның маңызы. Практиканы жақсарту жөнінде өз ойларыңыз бен ұсыныстарыңыз.
лар (тек психолого-педагогикалық, педагогикалық іс-тәжірибе үшін):
Студенттің қатысқан сабақтарына өзіндік қысқаша талдаулары.
Күнтізбелік –тақырыптық жоспар.
Сынып жетекшісінің оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жоспары.
Өткізілген сыныптан тыс іс-шаралардың жазба бөлігі (ашық-тәрбие сағатының разработкасы).
Психология пәні бойынша тапсырмалар
Педагогикалық практика нәтижесі бойынша мектепте өткізілген педагогикалық кеңестің хаттамасынан көшірме.
Ашық немесе сынақ сабақтарының дидактикалық материалдары (көрнекіліктері)
Достарыңызбен бөлісу: |