Ескерту- жасау кемшілікті оңай жөндеуге болатын кезде қолданылады. Ал жиі қолданылса, тәрбиелік мәнін, ықпал күшін жояды. Егер оқушы қойылған талапты біле тұрып, оны екінші рет бұзса, ескертумен қатар сақтандыру әдісі қолданылады.Қорқыту арқылы емес, ережені орындауын талап ету арқылы өтеді.
Сөгу - кіналаудың күшті түрі. Сөгу өтірік, ұрлық, дөрекілік, тәртіп ережелелрін орындаудан бас тартушылық кезінде қолданылады. ( жеке немесе ұжым алдында). Кейде сөгіс әңгімемен жалғасады, онда тәрбиелік әсері күшті болады. Егер оқушы дөрекілігін қайталай берсе, сынып жетекшісінің талабына бағынбаса, еріксіз көндіру, күштеу әдісі қолданылады..Бұл- тәрбие әдісі және жазалаудың түрі. Жазалау ретінде ешуақытта баланы жұмыстан, сабақтан, тамақтан шектеуге болмайды, еңбек процесінің өзінің ұйымдастырушылық, тәрбиелік ықпалының күшті екенін ескеру жөн. Тәрбие практикасында бұл сан түрлі әдістер бірімен бірі байланыстырылып, қиылыстырылып, үйлестіріліп, алмастырылып қолданылады., бұлай қолдану оқушыға әсер етудің ең маңызды шарты.
Қазақтың халықтың тәлім- тәрбие педагогикасында әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сенім көрсету, бұйыру, жаттықтыру, әдеттендіру, өтіну, жаттықтыру, бата- тілек, қарғыс,сөгу, тәжірибеде көрсету, өнегелік тәлім, бәсеке жарыс т.б. сияқты тәрбие әдістері бар және осылардың бәрі ғылыми педагогиканың негізін қалайды.
Тәрбие ісі сан түрлі формада ұйымдастырылуы мүмкін.Тәрбиенің ұйымдастыру формасы дегеніміз- тәрбие процесін ұйымдастыру түрлері.Тәрбие процесін ұйымдастыру формасы кең мағынада және тар мағынада түсініледі.Кең мағынадағы тәрбие жұмысының формасы тәрбие жұмысының тұтас ұйымдастырылуымен сипатталады: оқыту процесінде тәрбиелеу, сыныптан, мектептен тыс жұмыстарда тәрбиелеу, отбасында тәрбиелеу формасы түгел қамтылады. Тәрбие процесінде сынып оқушылары түгел қатысуы, қатыспауы, түгел ұйымдастырылуы, топпен және жеке ұйымдастырылуы ғылыми негізде, педагогикалық әдебиеттерде қалыптасқан және кең тараған. Соңғы жылдары тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа формалары көрініс тапты : әр түрлі клубтар, ғылыми қоғамдар, мәдениет университеті, мектептегі көркем - өнер театры, кино студиялар, алқалы жиындар т.б жарыстар (“Ал, қанеки қыздар ! ”, ”Өнерпаздар жарысы”, ”Алтын сақа”, ”Мамандықты қорғау”, ”Ән жарысы” т.б.)
Тәрбие сияқты күрделі процесте бір формамен шектеліп, қанағаттануға болмайды немесе кез келген өмірдегі жағдайға байланысты тәрбиенің жаңа формасын қолдана беруге де болмайды. Қандай жаңа болса да, дайын бір ғана тәрбие формасы арқылы жас ұрпақты баулудың барлық мәселелерін шешуі мүмкін емес, сондықтан аталған тәрбие формалары үнемі бір- бірімен алмастырылып, кезектесіп ұйымдастырылады.
Еліміздегі көптеген мамандық иелерінің жеке тұлғасының “Сегіз қырлы, бір сырлы” дамуы алдымен сабақ процесінде (Әр түрлі пәндерді оқу үстінде) іске асса, ал сыныптан тыс кездерде тәлім- тәрбиенің өзге формалары қолдану арқылы түрлене түседі.
Тәрбие жұмысының тиімді ұйымдастырылуының шарттары:
1.Тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстар бірімен - бірі тығыз байланысты, кешенді тұрғыда, бірін- бірі толықтыра , бірізді , жүйелі жүргізілуі тиіс.
2.Адамды тәрбиелеу үшін оны жан- жақты түгел зерттеп, психофизио
логиялық дамуын, мінез-құлқын, қажетін, мүмкіндігін біліп, оған жеке- дара келгенде ғана табысқа жетуге болады.
3.Тәрбие шараларын белгілегенде жеке ерекшеліктерін түгел тескеріп, тәрбие әдістерін таңдау қажет.
4.Жеке адамға ықпал ету әдістерін таңдағанда оның бойында қалыптасып қалған тәрбиесін ескерген дұрыс.
Осы аталған тәрбие шарттары мен принциптерін ескеру, тәрбие әдістері мен формаларын дұрыс таңдау сынып жетекшісі жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Сонымен педагогикалық колледждерде жүргізілетін жұмыстың негізгі формалары төмендегіше болады:
--- Оқу жұмысы- оқу бағдарламасын орындау үстінде іске асырылады.
-- Идеялық- құқықтық тәрбие- бүгінгі таңдағы ішкі, сыртқы экономикалық әлеуметтік мәселелер, қоғамдық құрылыстың онан әрі дамуы туралы, қазіргі кездегі халықаралық қозғалыстар туралы, шетелдердегі жағдайлар туралы оқушылардың терең оқып, үйренуін қамтамасыз ету.
--- Көпшілік жұмыстары, лекторилер, конференциялар, халық университеттері, мәдени және ғылыми қызметкерлермен, жазушылармен, өнер қайраткерлерімен кездесу, сұрақ- жауап кештері, диспуттар, тақырыптық кинофильмдер,спектакльдер көру, талдау, жинау.
--- Үгіт, насихат жұмыстары
-- Клубтық үйірме жұмыстары(көркемөнерпаздар, үйірмелері,спорт секциялары, спорт клубтары, педагогика, психология, әдеби- драмалыққ үйірме жұмыстары.)
--- Жеке жұмыстар
Тәрбие жұмысының негізгі өзегі, әрине сапалы білім, дағдыны меңгерту, болашақ мамандығына сүйіспеншілігін қалыптастыру, ғылымға құштарлығыны арттыру. Өйткені оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың көзі- осылар. Орта арнаулы оқу орындарындағы тәрбие жұмыстарының аталған формалары мен әдістерін жүзеге асыратын басты тұлға- музыка пәні мұғалімі .
Музыка пәні мұғалімі тәрбие жұмысының әсерлі әдістерін қолдана отырып, ықпал еткенде әрбірі оқушының саналылығын көтеру, жауапкершілігін арттыру проблемасын негізгі мәселе етіп қоюы керек.
Музыка пәні мұғалімі 1- сыныптан бастап оқушыларға үздіксіз басшылық жасап, лайықты талап қойып, оның орындалуын бақылап, өзара көмек ұйымдастырады. Ол мезгіл- мезгіл оқу үлгерімінің қорытындысын шығарып, оны топта қарап, алдағы күннің міндеттерін белгілейді.
Музыка пәні мұғалімі тәрбие жұмысының әсерлі әдістерін қолдана отырып, ықпал еткенде әрбір оқушының саналылығын көтеру, жауапкершілігін арттыру проблемасын негізгі мәселе етіп қоюы керек. Мамандығына бағыттау, қызықтыру жүйелі түрде іске асырылып отырса, оның тиімділігі айқын. Тәрбие жұмысында музыка пәні мұғалімі үйірме, саяси хабар, кездесу, экскурсия, диспут, психологиялық апталықтар өткізудің мәні зор. Бұл жұмыстарда қосымша әдебиеттермен, зерттеу жұмысының элементтерімен танысады, практикалық іскерлігі мен дағдысын тереңдете түседі.
Музыка пәні мұғалімі апта сайын топтағы оқушылардың түрлі педагогикалық шаралар өткізеді. Педагогикалық журналдарды талқылап, ата-аналармен әңгімелер жүргізеді. Саяси хабар- тәрбие жұмысының ең көп тараған формасы. Оның екі түрі бар: шолу және тақырыптық мәдени- саяси хабар. Шолу хабары еліміздегі мәнді оқиғаларды, шет ел жаңалақтары, еліміздегі елеулі жұмыстарын қамтиды. Тақырыптық саси хабар күнтізбедегі атаулы күндерге, меркелерге, оқиғаларға арналады. Дайындық кездерінде мерзімді басылымдарды пайдаланған жөн. Дүниедегі еліміздегі болып жатқан жағдайлармен таныс болып, оны түсінуге, бағлауға мүмкіндік береді. Тақырыпты айқындау, материалдарды дұрыс жинау, түсінікті, сенімді етіп айтып беру оқушылардың санасына із қалдырып, отаншылдық, достық сезімін тәрбиелейді.
1.2. Сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмысының түрлері
Мектеп оқушыларды әнді өз ырғағымен ән сала білуге, ән балаларды қуанышқа бөлейтіндей, оны жанындай жақсы көруге үйретеді.
Хормен ән салу музыка тыңдау және музыка сауаты. Бұл әрбір музыка сабағының өзегі, программаның басқа екі бөлімі бойынша жүргізген жұмысында мұғалім осыған сүйенеді. Ән сияқты музыкалық қабілеттерін дамытудың ең пәрменді түрі. Вокальды хор дағдыларды қалыптастыру әрбір сабақ сайын жүзеге асырылып отырады. Ән салу жөніндегі берілетін нұсқаудан бастап әннің ұнамды шығуына дейінгі барлық объект назарда болуға тиісті. Хормен ән салу музыкалық тәрбиенің ең оңай қол жетерлік түрі болып табылады. Бірінші сынып оқушылары өздерін қуанышқа бөлеп, машықтандыратын қарапайым әнді салуға болады.
Музыкалық тәрбие тек бір жүйемен үзбей үйрету негізінде ғана ойдағыдай және жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Ән салу үшін, балалар оны мұғалімнің орындауында ынта- ықыласпен тыңдап алуға тиіс, музыка сазын дәл меңгеріп, ойда сақтауға, әннің мазмұны мен көңіл- күйін жақсы ұғынып алып, оны өзінің орындауында басқаға жеткізе білуге тиіс. Дұрыс қойылған хор әні мектеп оқушыларынан музыкаға белсенді қатынасуды, еріктілікті, есте сақтай білуді, аңғарымдылықты талап етеді.
Музыка мен ән сабақтарының мазмұнына өзінің қарапайымдылығымен, жинақылығымен, сүйкімді тартымдылығымен және үлкен мәнерлілігімен ерекшеленетін халық әндері енгізіледі. Бұл әндер мектеп оқушыларына өз халқының музыкалық тілін түсініп, көркемдік талғамын дұрыс қалыптастыру үшін тамаша материал болуы мүмкін.
Балалардың басқа халықтар музыкасымен және әндерімен танысуының сондай-ақ үлкен тәрбиелік мүмкіндігі бар. Музыка пәні мұғалімі тарапынан дұрыс басшылық болса балалар басқа халықтар музыкасынан көркемдік ерекшеліктерін түсінеді де бағалайды. Басқа халықтардың көркемдік даналығын түсіну- балаларды көпұлттылық рухта тәрбиелеудің тамаша мектебі.
Ән салуды дұрыс жолға қойған кезде ол оқушы коллективін ұйымдастырудың маңызды құралы болып алуы мүкін.
Әнді тамаша орындау- орындаушы коллективтің үлкен еңбегінің нәтижесі. Ән салып үйрену жалпы үйлесімділік пен келісімділікті, жалпы эмоциялық көтеріңкілік, көңіл- күйді талап етеді. Міне, осының барлығы балаларды дәл түсіп топтастырады. Жақсылап орындау балаларға үлкен қанағаттанарлық әкеледі. Осы қанағаттандықты бірге көріп, бастан кешіру коллективті топтастырудың ең жақсы құралы болып табылады.
Мектепке келісімен баланың ойнау әрекеті үзіліп қалмайды, бірақ басқаша сипат қабылдап, белгілі бағыт алады. Балаларды эстетикалық тәрбиелеуде драматизациялар, инсценировкалар кеңінен пайдаланылады.
Әрбір оқушының ойнайтын рольдердің ауқымы мен мәні шамамен бірдей болғанда , балалар көптеп қатынасқан ойын аса қызықты болады. Өлеңдері оқу, драматизациялау, ән салу, музыка өз ара үйлесіп келіп отырылса, ертегілерді инсценировкалау және әдеби- музыкалық композиция жасау мұндай мүмкіншіліктерді бере алады.
Мұндай инсценировка мысалын В.А.Сухомлинскийй өзінің “Мектеп оқушыларының рухани дүниесі” деген кітабында келтіреді : ертегі оқығанда,ертегінің идеясын барынша айқын беретін оқиға туралы сөз болып отырған сәтте, балалардың көз алдына олардың қаһармандары тиісті костюмдерімен шығып ойнағандай болады. Бұл әдістің,- дейді автор,- балаларға әсер еткені соншалық , тіпті олар ертегіде немесе әңгімеде сөз болып отырған оқиғалар барысына өздері ықпал етуге тырысты”.
Балалар қоятын ойында жалпы ынтымақтылыққа жету мақсатын да педагогтың алдын ала елеулі жұмыстар жүргізуі қажет. Оған инценировкада барлық оқушылардың ұйымшылдығына, жинақтылығына, алаңсыздығына қол жеткізу керек. Балаларды жиі де ұзаққа созылған репетициялармен ығыр етпеген жөн. Қатысушы оқушылардың барлығы бірдей шығарманың мазмұнын, қатысатын адамдардың мінез- құлқын, қандай эпизод болсын әрекет бағытын түсініп, сезінгендерінің зор маңызы бар.
Жұмыс бастамас бұрын музыка пәні мұғалімі әрбір педагогтық әдістердің мәнділігін ойластырып алады. Балаларды әрбір ойынға ұқыпты әзірлеу керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда балаларды қандай ойыны болсын табысты болмақ деп жорамалдайтын кейбір мұғалімдердің көзқарасы зиянды болып табылады. Драматизация мен инсценировка оқушылардың ақыл- ой өрісінің дамуына үлкен әсер етеді : олардың сөйлеу қабілетін дамытады, оқушылар сабақтарда жақсы оқитын бола бастайды, қызықты әңгімелер айтатын болады.
Сыныптан тыс жұмыс түрлерінің бірі би билеумен шұғылдану болып табылады. Төменгі сынып оқушылар билеуге аса құштар. Би билеуде олар өздерінің қозғалыстағы, әсерлері мен іс- қимылындағы өзгерістерінің табиғи қажетін қанағаттандырады. Бұл ұмтылыстарын балалардың әдемі қозғалыстарымен таныстыруға, оларды музыканы тыңдатуға үйрету үшін пайдалану қажет.
Би билеуге үйрету үстінде балаларды жалпы ұйымшыл, тәртіпті болу, бірі- бірімен достықпен, әдепті түрде сөйлесе білу, педагогтың нұсқауын ынта- ықыласпен тыңдай білуге талап етіледі. Осының барлығы тәртіптілікке, мінез- құлық эстетикасын тәрбиелеуге әсер етеді.
Бастауыш мектеп балаларынң хоеографиялық оқуына, халықтық, көпшілік және бал билерін , оңай ырғақты жаттықтыруларды, ойындарды үйрену енеді. Биге үйретуді халық билерінен бастаған жөн, өйткені олар қозғалыс пен образға бай, оларда ұлттық сипатты белгілер орын алған. Би билеу ойындарын көрсету үлкен даму ықпалын тек орындаушыларға ғана емес, сонымен бірге сахнада өтіп жатқан оқиғалардың барлығына терең толғаныспен сезініп отырған көрермендерге қалдырады.
Осылармен бірге үйірме жетекшісі бұл оқудың балалар үшін қуаныштың қайнар көзі болуына қамқорлық жасайды. Бұл музыканың сүйемелдеуімен , костюмдердің түр-сипаттарымен, оқуды өткізу барысында жасалған барлық жағдайлармен қамтамасыз етіледі.
Мынындай да жағдайды ескеруге тура келеді, би үйірмесіне жазылған балалар барынша көбірек қуаныш, рахатқа бөленіп, қызыққа бату үшін келеді. Оқушыларға мынаны түсіндіру қажет, би- нағыз өнер шығармасы, сондықтан оны жасау үшін еңбек пен ұйымшылдық керек.
Оқудың маңызды бөлігі оқушылар үшін қол жетерлік көпшілік бал билерін үйрену болып табылады. Оларды мектептің барлық оқушылары орындайды, сонымен бірге үлкен тәрбиелік мәні бар. Оқуға билеу қозғалыстарын дұрыс да, сауатты орындауды қамтамасыз ететін билеуге әзірлік элементтерін енгізген жөн.
Театр үйірмесі.
Театр- сөз бен әрекет өнерін бейнелеу өнерімен, музыкамен және т.б. біріктіретін синтетикалық өнер. Үйірмеге мүше мектеп оқушыларын театрдың ерекшелігінен туындайтын алуан түрлі қызмтеке тарту олардың қабілеттерінің әр тарапты дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.
Театр үйірмесіндегі сабақтар қатысушылардан орындалатын туындыны ( пьесаны, инсценировканы, композицияны) ой жіберіп талдауды, пьесаны идеялық- көркемдік түпкі ойына үңілуді талап етеді. Бұл сабақтар үйірме мүшелерінің бойында олар ұғына алатын өмірлік құбылыстар, аумағын, адамдар арасныдағы қарым- қатынастарды, тартыстарды, қылықтарды дұрыс идеялық- эстетикалық тұрғыдан бағалауды қалыптастыруға көмектесуі қажет.
Театр- колективтік өнер. Спектакль - коллективтің творчестволық күш- жігерінің жемісі. Театр сабақтары мектеп оқушыларынң колективизм, нағыз достық пен жолдастықтың әсемдігін сезіну және бағалау қабілеті , өзіне және басқаларға талап қойғыштық сияқты бағалы сапаларға тәрбиелей алады және тәрбиелеуге тиіс.
Өздігінен әрекет ететін театр коллективіндегі барша ұйымдастыру жұмысы мектеп оқушыларына өнермен шұғылдану дегеніміз тек жан сүйінер нәрсе ғана емес, сонымен бірге еңбекте екенін, еңбек болғанда табандылықты, өздерінің білімдерін үнемі кеңейтіп, шеберліктерін жетілдіре беруді талап ететін творчестволық еңбек екенін аңғаруға көмектесу тиіс. Осымен қабат үйірме мүшелерін алған білімдерін творчестволықпен кәдеге асыруға тырысуға, қоғамдық белсенділікке тәрбиелеу керек.
Пьесаны саханада көрсету жөніндегі жұмыс театр коллектив сабақтарының басты мазмұныны құрайды. Ол реалистік театр өнері принциптерінің негізіне құрылады, бұл - жетекшінің алдында тұрған көркем- тәрбиелік міндеттерінің бүкіл комплексін шешудің қажетті шарты.
Осы өнердің негізі ретіндегі сахналық әрекетпен практика жүзінде танысудың жалпы тәрбиелік маңызы бар : ол оқушылардың творчестволық мүмкіндіктерін дамытуға, оларды байқағыштыққа, зейінге, ерік сапаларына, қиялдай білуге, творчестволық инициативаға, көркемдік ойдан шығаруға, сөйлеу мәдениетіне эмоциялық сергек сезімталдыққа және басқаларға тәрбиелеуге жәрдемдеседі.
Жетекші мектеп оқушыларына сахналық жағдайларда әрекет жасауға, өздерінің шамалары келетін рольдер мен бүкіл пьесаның мазмұнын әрекет арқылы және бірімен- бірін өзара әрекеті арқылы ашуға көмектесіп, оқушылардың көркемдік ойдан шығаруға әуес, қиялдың көмегімен өзін ойдан шығарылған қаһармандардың жағдайына қойғыш, осы қаһармандардың өміріне белсенді түрде кірісіп кететін табиғи қасиеттері мен қабілетін дамытып отырады.
Шын мәніндегі сахналық әрекет үнемі өмірге жүгініп отыруды, сахнада болатын құбылысты өмірдегі дәл сондай құбылыстармен салғастыруды және бағалауды талап етеді. Шәкірттердің сондай салғастыруларға деген ынта-ықыласын дамытудың, олардың сахнадағы мінез- құлық шыншылдығының , боямасызыдығының критерийі өмір болып табылатынын саналы түсінуге көмектесудің маңызы зор.
Сөзбен әрекет жасау шеберлігіне айрықша назар аударған жөн, өйткені пьеса кейіпкерлерінің ойлары, сезімдері, қарым- қатынастары, талап- талпыныстары, ең алдымен сөз арқылы ашылады. Сахнада да, өмірдегі сияқты, сөз қарым- қатынас пен әсер ету құралы болып табылады. “Сөйлеу - әрекет ету деген сөз” ( К.С.Станиславский)
Мектеп оқушыларынң бойында көркем сөздің образдық табиғатына мән берушілік пен эмоциялық сергек сезімталдықтың дамуына мән берушілік пен эмоциялық сергек сезімталдықтың дамуына барынша дем беріп отыру, олардың текстің негізінде нақты көріністерді (көру елесі) жаңғыртып қайта жасауына көмектесіп, қиялын ояту керек. “Табиғат былай : бізбасқа адамдармен сөзбен қарым- қатынас жасаған кезде әуелі сөз болып отырған нәрсені көңіл көреміз де, көрініп тұрған нәрсені жайлы содан кейін барып ғана айтамыз “( К.С.Станиславский)
Театр туралы айтқанда жетекші үйірме мүшелерін олар түсіне алатын формада реалистік театр өнерінің ерекшеліктерімен, оның түрлерімен және жанрларымен, шетелдік және Отандық театр сахнасының бірқатар қайраткерлерінің творчествосымен таныстырады; театрдың қоғамдық- тәрбиелік ролін ашып көрсетеді.
Сахналық әрекетпен практика жүзінде танысуды ойын- жаттығулардан, импровизациядан, этюдтерден бастаған жөн болады. Спектакльді әзірлеу сияқты, этюдтік жұмыс процесі де шәкірттің рухани пішінінің қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан оқушыларға ұсынылатын байқағыштықты, эмоциялық еске сақтауды, қиялды және басқаларды дамытуға арналған жаттығулар мен этюдтердің тақырыбын таңдауға өте мән беріп қарау керек. Үйірме мүшелерінің өмір тәжірибесіне жанасымды, оларды эмоциялық қолдау табатын, творчестволық белсенділік, фантазияның жұмысын талап ететін тақырыптар мен сюжеттерді таңдап алу ұсынылады.
Алғашқы жыл жұмыс істеп отырған үйірмеде басты назар коллективті құруға, үйірме мүшелерінің жалпы көркемдік ой өрісін кеңейтуге және оларды сахналық сауат ашу элементтерімен практика жүзінде таныстыруға (ойын- импровизациялар, шағын пьеса,сценка,пьесаның үзіндісі, композиция дайындау жұмысындағы этюдтер процесіне ) аударылады.
Қуыршақ театры.
Қуыршақ театры үйірмесі –көркем тәрбие беру саласында балалармен сыныптан тыс ( мектептен тыс) жұмыс істеу формаларының бірі. Бұл жұмыстың негізіне- оқушылар жақсы көретін театрлық тамашалаудың бір түрі- қуыршақ театры болады.
Қуыршақпен жұмыс істей отырып, орындаушы образдың мазмұнын, сахналық ситуацияны, қуыршақтың бейнелеу мүмкіндіктерін түсінерліктей музыкадан хабардар болуы тиіс. Қуыршақтарды, декорациялар мен монтировкаларды даярлау процесінде оқушылар түрлі аспаптармен және материалдармен қалай айналысуға болатыны мен жан- жақты шеберлікке ие болады, олардың бойында тапқырлық пен конструктивтік қабілеттер, эстетикалық талғам мен бейнелеу өнері саласындағы қабілеттер- түсті, форманы сезіне білу, көркем образды, бейнені түсіну дами түседі.
Үйірменің бүкіл жұмысы эстетикалық тәрбие міндеттеріне бағытталған. Осыған сүйене отырып, үйірменің жетекшісі репертуарды іріктеп алады, үйірме мүшелерінің арасындағы өзара қарым- қатынасты бағдарлап отырады, өз міндеттерін орындау, үйірме мүлкіне ұқыппен қарау жауапкершілігін үйретеді.
Қуыршақ театры үйірмесін ұйымдастыру формасы жұмыстың ыңғайына қарай сан алуан болады. Ең бір қарапайым форма- спектакльді ұйымдастырып, оны өз жолдастарына көрсетуді көздеген оқушылар тобының бірлестігі. Бұл топ қуыршақ басын жапсырып, қуыршақтарды жасайды, жасауларды безендіреді- қоршау мен декорацияны әзірлейді, рольді жаттап үйретеді, спектакльді ойнайды. Жұмысты осылай ұйымдастыру үйірменің кейбір мүшелеріне бейнелеу ісіне не конструкторлық қызметке, не қуыршақпен ойнауға қабілеттіліктері байқалғанмен, еңбекте және творчестволық процестерде, суретшілер мен ойнаушыларға бөлу ісін қарастырады.
Үйірмені ұйымдастырудың басқа да формасы болуы мүкін, мұнда спектакльді қою процесі көркемдеу жұмысы мен орындаушылық қызметке бөлінеді. Мұндай жағдайда үйірме бөлек құрамы бар жұмыс істейтін екі топтан тұрады : а).көркемдік безендіру тобы ; б).театрлық орындаушылар тобы. Осындай ұйымдастыруды үйірме күрделі де, ірі постановкаларды жүзеге асыруда, қуыршақтар мен декорацияны жасау жұмысында , сондай-ақ тікелей актерлік ойынға көп уақыт қажет болғанда ғана мақсатқа сәйкес болады, осының салдарынан бір ғана коллектив жұмыстың жалпы көлемін қамти алмайды.
Қуыршақ театры әр түрлі компоненттерден құралады, ал ұйымдық формада бір орында мәңгі тұрақтап қалуға болмайды. Бірнеше жыл бойына жұмыс істеп жүрген үйірменің құрамы тұрақты болса да , оның жұмысының даму жолдары да қарапайым эксперименттерді жетілдіру , өнерді іздестіру жолымен анағұрлым күрделі іске бағыттай түседі Қуыршақ театры үйірмесінің жұмыс процесінде түрлі бригадалар, топтар пайда болуы мүмкін ( мысалы, монтировшылар, жарық түсірушілер, музыканттар ). Сонымен үйірме дербес қуыршақ театры сияқты театр организмнің барлық құрамды бөліктерін жинақты мөлшерде ойнайтын болады.
Спектакльмен жұмыста пьесаны таңдап алу негізгі кезең болып саналады, бұл белгілі үйірме жұмысының бағыты мен мазмұныны едәуір уақытқа анықтап береді. Пьесаны таңдап алу, ең алдымен , оның мамұны, идеялық және көркемдік құндылығы жағынан анықталуы керек. Пьесаның қай жастағылар екенін анықтаған жөн. Міндетті түрде көрермендерге түсінікті де қызықты болуыт иіс. Оқушылардың ой- өрісін кеңейте түсу керек, олардың ұғымдарындағы бұрын бар елеспен пьесаны таңдап алуды шектемеу қажет.
Қуыршақтардың образдары типтелінген, жинақталған немесе жұрттың пікірнше маска киіп алғандай. Кейіпкерлердің нағыз сыртқы түрі мен мінез - құлқындағы елеулі және типті жағдайларды ғана бейнелейді. Сондықтан да қуыршақ театры пьесаларына арналған образдар жинақталған әрі жоғары дәрежеде шоғырлануы тиіс. Кейіпкерлердің сөзі пәрменді де өзіне тән характерлері болуықажет.
Рольдерді бөлу тек режиссерлік іс емес, сондай-ақ педагогикалық та іс. Үйірмеде жұмысты біркелкі бөлу қажет, жетекші рольдерге үнемі сол бір орындаушыларды ұсына беруден аулақ болған жөн. Бұдан басқа да оқушыларда бар белгілі бір ерекшелікті жеке алып қарамай, олардың орындайтын рольдерінің диапазондарын кеңейту жағын қарастырған дұрыс.
Үйірменің жұмысында қуыршақтың қандай түрі көбірек қолданылатынын туралы мәселе ( биялайлық немесе аса таяқтық) принципті де педагогикалық та маңызға ие емес. Қуыршақтардың қандай да болсын түрін таңдап алу, бүтіндей алғанда, спектакльдің мән жайынан туады да, қою жағдайындағы пайымдаулармен анықталады. Қуыршақ жүргізу дағдыларын игерудің қиындығы жағынан басқару таяқтарына бекітіліп қойылған төртаяқты қуыршақ- жануарларды ерекше топ етіп бөлге болады.
Қуыршақ- кейіпкердің мінез- құлқының бүкіл образы сахнаның ішкі мазмұнының көрінуі тиіс. Қуыршақ қимылдарының мәнерлілігі сахна шындығын көрсетуде қаншама қызықты да дұрыс текстер табылғандығына байланысты болады, осының арқасында оның қимылдары неғұрлым айқынырақ бола түседі.
Қуыршақ театрындағы сахналық қимыл- спектакльдегі кейіпкер- қуыршақтың әрекетін көрсету болып табылады. Бұл көрсету , біріншіден, кейіпкер қимылдарының логикасын , әрі екіншіден қуыршақтың бейнелеу құралдарын түсінумен анықталады. Қуыршақ театрындағы сахна қимылының ортақ заңдары кейіпкер мінез- құлқының және әрекет өрістеуінің негізі болып табылады. Қуыршақта қимыл процесінің өзі ерекше жолмен өтеді.
Қуыршақ театрындағы спектакльдің безендірілуі қоршаудан, декорациядан немесе ( немес декоративтік бөлшектерден ) қуыршақтардан және қимылдың барысында қажет болатын әр түрлі заттардан тұрады.
Көркемдеу тобында жұмыс істей жүріп, балалар қатар нақтылы шеберліктер мен дағдыларды игеруге тиіс.
Жеткшінің бірінші міндеті- олардың бойында жұмыстағы негізгі элемантарлық дағдылар мен өз бетімен жұмыс істеуге баулу ( дербес деп, әрине бақылаусыздық еске алынып отырған жоқ).
Педагогикалық екінші міндет- балалардың бейнелеу мен конструктивтік қабілеттерін дамыту. Олар монтировка жөнінде, декорацияны жасау жөнінде көркемдеудің қандай да болсын, қиын емес міндеттерін дербес шешіп отыруларын бақылаған жөн. Өздерінің шешімдерін олар сызба мен суреттер түрінде білуі тиіс.
Педагогикалық үшінші міндет- оқушыларды тапсырма орындағанда сапасын түсінуге үйрету. Олар өздері жасаған заттардың спектакльге пайдаланып, көрерменге көрсетілетіні туралы білуі тиіс.
Жұмыстың табысты болуының ең қажетті шарттарының бірі- оқушылардың ой- өрісінің дамуы- оларға тұтас тапсырмалар жүктеу ( мысалы, қуыршақты түгелдей жасап шығару ), әсіресе жаңадан бастаған оқушыларға қалыпты жұмысты үнемі кездейсоқ тапсырмалармен алмастырудан қашу қажет, оқушыларды бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауыстыра беруге болмайды. Бастапқы кезді жұмыстағы негізгі дағдыларды дамытуға арнаған жөн. Балалар осыларды игергенде ғана, спектакльмен практикалық жұмыс істеуге жұмылдыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |