Глоссарий
IP (Internet Protocol- Internet хаттама) – TCP/IP хаттама стегі ақпарат маршруты мен адресті ақпаратты қамсыздандырады
FTP (File Transfer Protocol) - файлдарды жіберу хаттамасы
Telnet - жойылған терминалмен жұмыс
SMTP (Sumple Mail Transfer Protocol) - пошталық айырбастаудың қарапайым хаттамасы
CMIP (Common Managment Information Protocol) - ақпаратты басқарудың жалпы жалпы хаттамасы
SLIP (SerialLineIP) - тізбектелген желі үшін IP мәліметтерді символдық түрде жіберу хаттамасы
SNMP (Simple Network Management Protocol) - желілік басқарудың қарапайым хаттамасы
FTAM (File Transfer Acces and Managment) - жіберудің, рұқсаттың және файлмен басқарудың хаттамасы
Тақырып №6. OSI модельдері
Дәрістің мақсаты: OSI модельдері ұғымымен таныс болу және деңгейлерін қарастыру
Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:
Интернеттегі бағдарламалау тілдерінің топтары
Интернеттегі бағдарламалау тілдеріне сипаттама беру
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).
OSI стандарты бойынша халықаралық ұйымдар желіде берілген бірегей көріністер үшін бірдей емес құралдар мен бағдарламаны қамсыздандырудың OSI жүйесінің ашық байланыс моделін өңдеп шығарды. Бұл модель түрлі желілік ортадағы байланыс сеансының ұйымдасуында мәліметтерді беру процедурасы мен ережесін сипаттайды. Модельдің негізгі элементтері болып деңгей, қолданбалы үрдістер және физикалық байланыс құралдары табылады. 2.1 суретінде базалық модельінің құрылымы көрсетілген. OSI моделінің әрбір деңгейі желі арқылы мәліметтер беру процесінде нақты есептер орындайды. Желілік протоколдарды жасауына негізгі модель болып табылады.
Сурет 9 OSI модельдерінің деңгейлері
OSI моделі соңғы қолданушылар қолданбасына жетпей, құралдардың жүйелік қарым-қатынасын ғана сипаттайды. Желілік құралдарға қарай отырып, қолданбалар қарым-қатынастың өзінің меншік хаттамаларын жасайды. Егер қолданба OSI моделінің жоғарғы деңгейлерінің кейбір функцияларын алатын болса онда мәліметтермен алмасу үшін OSI моделінің төменгі деңгейінде қалған функцияларды орындайтын желілік құралдарға тікелей қарайды.
OSI модел деңгейлерінің байланыс қарым-қатынасы
OSI моделін 9 суреттегідей екі модельге бөлуге болады:
Программалар мен кез келген машиналардағы процесстер қарым қатынасын қамсыздандыру хаттама базасындағы горизонталь модель
Қызмет негізіндегі вертикальды үлгіні бір машинадағы көршілес деңгейлерді қамсыздандыру.
Сурет 10 OSI моделіндегі эталонды базасындағы компьютер арасындағы қарым қатынас
Жіберуші компьютердің әр қайсысы алушы компьютердің деңгейі сияқты деңгейде жұмыс істейді. Бұл байланыстар логикалық немесе шынайы байланыс деп аталады.
Жіберуші компьютердегі ақпарат әрбір деңгейден өтуі қажет. ол физикалық ортадан отіп алушы компьютерде алғашқы деңгейіне дейін барады.
Көлденең модельде екі программаға да ақпаратты алмасуына ортақ хаттама керек. Тік модельде ақпаратты көршілес деңгейлерде амасу қолданбалы интерфейсті API программасы арқылы жүзеге асады.
Желіге берілмес бұрын ақпарат пакеттерге бөлінеді. Пакет – желі станциялары арасында берілетін ақпараттар бірлегі. Мәліметті жіберген кезде ол барлық деңгейден өтеді.
Алушы компьютерде пакет кері тәртіп бойынша екі деңгейден өтеді. Пакет Қолданба деңгейіне жеткенде барлық деңгейлік ақпарат пакеттен жойылады, ақпарат алғашқы түріне келеді. әрбір деңгей өз функциясын орындайды.
OSI моделінің әрбір деңгейі өз функциясын орындайды. Мысалы: бірінші деңгей ASCIIден EBCDICге ауысуына жауап береді және де осыған қажетті программалардан тұрады.
Әр түрлі өндіруші бір желідегі системаының ашық қарым қатынасына арналған сервисті қамсыздандырады. Сондықтан ол соларға координалданған қимылдар жасайды:
Қолданбалы процестер қарым қатынасы;
Ақпаратты көрсету формалары;
Ақпаратты сақтау бірегейлігі;
Желілік ресустарды басқарады;
Ақпаратты қорғау мен ақпарат қауіпсіздігі;
Техникалық құралдар және программа диагностикасы.
Қолданбалы деңгей (Application layer)
Қолданбалы деңгей қолданбалы үрдіске өзара әрекеттесу аймағына қолайлы амалды қамтамасыз етеді және жоғарғы деңгей болып табылады, негізінде қолданбалы деңгей - әртүрлі хаттамалар жиынтығы, оның көмегімен желіні қолданушылар бөлшектелетіе ресуртарға рұқсат алады, ол мынадай файлдар, принтерлер және гипермәтіндәк Web – парақтар, сонымен қатар өздері бірге жұмысын ұйымдастырады, мысалы: электрондық почта [30] хаттаманың көмегімен қолданбалы сервистің негізгі элементтері тұрақты қолданбалы бағдарламаларға сервисті қамтамасыздандырады, ол мынадай бағдарламалар файлдарға сілтеме және терминалдық эмуляциялары. Егер мысалы бағдарламаға файлдарды қайта жіберу керек болса, онда міндетті түрде жіберу хаттамасы және FTAM (File Transfer, Acces and Managment) файлдармен басқару қолданылады. OSI моделінде, мысалы (компьютерде мәліметтер қорын жаңарту) қолданбалы бағдарлама қолданбалы деңгейге диаграммаа түрінде нақты мәліметтерді жібереді. Бұл деңгейдің негізгі бір есептерінің бірі – қолданбалы бағдарламаға сұранысты қалай орындау керек, басқа сөзбен айтқанда, берілген сұроаныс қандай түрді анықтау керек.
Қолданбалы деңгей келесі функцияларды атқарады:
Қолданбалы үрдістің формасы мен әдістерінің өзара әрекеттесуін суреттеу
Әр түрлі жұмыстарды орындау
Файлдарды жіберу;
Есептерді басқару;
Жүйені басқару;
Қолданушының паролі, адресі, электрондық қолтаңбасы арқылы идентификация.
Функционалданған абоненттерді анықтау және жаңа қолданбалы үрдістерге жету мүмкіндігі.
Бар ресурстың жеткіліктігін анықтау.
Басқа қолданбалы үрдістермен біріктіруге арналған сұраныс ұйымдары.
Ақпаратты суреттеуде қажетті әдістерге арналған сайланатын деңгейдерге арыздарды жіберу.
Жоспарланған диалог үрдістерірің процедураларын таңдау.
Қолданбалы үрдістермен ауысатын және қолданбалы үрдістің өзара әрекеттесу синхронизациясы арқылы мәліметтерді басқару.
Қызмет ету сапасын анықтау.
Қателерді жөндеу келісімі және мәліметтерді анықтаунақтылығы.
Синтаксиске жапсырылған шектеу келісімі.
Көрсетілген функциялар сервис түрін анықтайды, сонымен қатар қолданбалы деңгей қолданбалы үрдістерге физикалық еркін, каналдық, желілік, транспорттық,сеанстық және өкілеттік деңгейге сервисті жібереді.
Жоғарғы үш деңгейдің кеңейтілген хаттамаларына келесілер жатады:
FTP (File Transfer Protocol) файлдарды жіберу хаттамасы
TFTP (Trivial File Transfer Protocol) қарапайым хаттама
X.400 электрондық пошта
Telnet жойылған терминалмен жұмыс
SMTP (Sumple Mail Transfer Protocol) пошталық айырбастаудың қарапайым хаттамасы
CMIP (Common Managment Information Protocol) ақпаратты басқарудың жалпы жалпы хаттамасы
SLIP (SerialLineIP) тізбектелген желі үшін IP мәліметтерді символдық түрде жіберу хаттамасы
SNMP (Simple Network Management Protocol) желілік басқарудың қарапайым хаттамасы
FTAM (File Transfer Acces and Managment) жіберудің, рұқсаттың және файлмен басқарудың хаттамасы.
Мәліметтердің қөрсетілу деңгейі (Presentation layer)
Мәліметтердің қөрсетілу деңгейі немесе өкілеттілік деңгей мәліметтердің қажетті формада қолданбалы үрдістің өзара жіберілетін ақпараттың басқа желідегі қолданбалы деңгейге анықтығын қамтамасыз етеді. Жалпы мәліметтерді көрсету негізіне мәліметтердің барлық модельдерінің деңгейіне ASN.1 желісі салынған. Бұл желі файлдың құрылымын суреттеуге, сонымен қатар мәліметтерді шифрлеу мәселесін шешуге қызмет етеді. Мұндай хаттама мысалына Secure Socket Layer (SSL) хаттамасы жатады, TCP/IP стегініңғ қолданбалы деңгей хаттамасына хабарламаның құпиялы алмастыруын қамтамасыз етеді. Бұл деғгей қолданбалы деңгей мәліметтерінің (кодтау, компрессия және т.б.) транспорттық деңгей ақпарат ағымына өзгерісін қамтамасыз етеді.
Өкілеттілік деңгей келесі негізгі функцияларды орындайды:
Қолданбалы үрдістің өзара әрекеттесу сеанстарын орнатуға арналған сеанстарын орнатуға арналған сұраныстар генерацисы
Қолданбалы үрдістің арасындағы мәліметтердің көрсетілу үйлесімі
Мәліметтердің көрсетілім формасының реализациясы
Графикалық материалдың көрсетілімі (сызба, сурет, нобай)
Мәліметтердің жасырынылуы (құпиялылығы)
Сеанстарды тоқтатуға сұраныстарды жіберу
Сеанстық днңгей
(Session Layer)
Сеанстық днңгей – қолданушы арасындағы немесе қолданушы деңгейдің сеансын жүргізу процедурасын анықтайтын деңгей. Сеанстық днңгей
Диалогтық басқаруды қазіргі уақытта қай жақ белсенді екенін фиксирлеуін қамтамасыз етеді. Соңғылары ұзақ жіберілімдерге бақылау нүктелерін қоюға мүмкіндік береді, қабылдамаған жағдайда артқа барлығын басынан бастамас үшін соңғы бақылау нүктесіне қайтуға болады.
Практикада сеанстық деңнейді аздаған қосымшалар қолданады және ол сирек іске асады. Сеанстық деңгей қолданбалы үрдістің арасындағы ақпаратты жіберуін басқарады, әдістерді үйлестіреді.
Транспорттық деңгей
Транспорттық деңгей коммуникативті желі арқылы пакеттерді жіберуге арналған. Транспорттық деңгейде пакеттер блоктарға бөлінеді.
Транспорттық деңгей функциясына:
Желі арқылы жіберуді басқару және мәліметтер блоктардың бүтіндігін қамтамасыз ету.
Қателерді табу, жөнделмеген қателер туралы хабарлама
Мәліметтер блоктарының бөлінуі
Жіберілімдерді тұрақтау
Транспорттық деңгей кеңейтілген хаттамалары:
TCP (Transmission Control Protocol) TCP/IP стегінің жіберу хаттамсын басқару
UDP (User Datagram Protocol) стегінің диаграммасын қолданбалық хаттамасы
NCP (Netware Core Protocol) желінің базалық хаттамасы
SPN (Sequendced Packet exchange) Novell стек пакеттерінің тізбектелген ауысымы
TP4 (Transmission Protocol) 4 кластың жіберу хаттамасы
Желілік деңгей (Network Layer)
Желілік деңгей коммуникативті желі арқылы абоненттік және административтік желіні қосатын каналда(арықты) орнатуын қамтаимасыз етеді.
Желілік деңгей келесі функцияларды атқарады:
Желілік қосуды және оның порттарының идентификациясын құру
желі арқылы жіберілген кездегі коммуникативті туындайтын қателерді жөндеу және табу
Пакеттерді тізбектеу ұйымдары
Пакеттердің бірігуі
Каналдық деңгей (Data Link)
Каналдық деңгейдегі ақпараттың бірлігі кадрлар (Frame) болып табылады.
Кадрлар – логикалық ұйымдасқан құрылым. Каналдық деңгейдің есебі желілік деңгейдің кадрларын физикалық деңгейге жіберу.
Каналдық деңгей келесі функцияларды орындайды:
Каналдық қосылудың ұйымдарының және оның порттарының идентификациясы
Ұйымдастыру мен кадрларды жіберу
Қателерді табу және жөндеу
Физикалық деңгей (Physical layer)
Физикалық біріктіру шаралары физикалық ортаның жиынтығы, аппараттық және бағдарламалық жиынтықтар, желі аралық сигналдың жіберуін қаматамасыз етеді. Физикалық орта бұл материалдық субстанция, сигналдарды жіберу арқылы іске асады. Физикалық деңгей келесідей функцияларды орныдайды:
Физикалық біріктірулерді орнату және айыру
Тізбектелген кодта сигналдарды жіберу және қабылдау
Қажет кезде каналды таңдау
Каналдардың илентификациясы
Желіге тәуелді хаттамалар
OSI моделінің барлық деңгейінің функциялары екі топтың біреуіне жатады. Нақты техникалық желінің өткізуі функциясына немесе қосымша мен бағытталған жұмыс функциясына.
Өзін-өзі тексеру тапсырмалары:
OSI модельдері деңгейлерін атаңыз
Деңгейлер арасындағы қарым-қатынасты көрсетіңіз
Әдебиеттер тізімі: 1,2,3,5,6,10,13
Достарыңызбен бөлісу: |