СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ МЕН АРАЛ ТЕҢІЗІ
БАССЕЙІНДЕРІ
Арал теңізінің экологиялық апатының себептері,
зардаптары, алдын алу шаралары.
Сырдария өзені Орталық Тянь-Шань тауларынана
басталады. Өзеннің ұзындығы 2212 км. Орта және төменгі
ағысында 1400км республика жерімен өтеді.Өзен алабында
өзен суын толықтырушы 1700 мұздық бар.Өзен деңгейі
көктем
және жаз
айларында
көтеріледі.Сырдария
жағалауында халық тығыз қоныстанған, суармалы
егіншілік кеңінен дамыған. Әсіресе күріш өсіру жақсы
дамыған. Өзен суының 1974 жылдан Арал теңізіне
құйылуы
біршама
азайды.
Себебі
өзен
суын
шаруашылықта тиімді пайдалану үшін өзен бойында
Қызылорда, Қызылқұм, Қазалы суару жүйелері,Шардара
бөгені салынған. Сырдарияға Арыс өзені ғана келіп құяды.
Сырдария Қызылқұм,Арысқұм, және Арал маңы
Қарақұмын
кесіп
өтеді.Арал
теңізінің
солтүстік-
шығысында бірнеше ұсақ көлдер бар.Оларға ұсақ өзендер
мен жылғалар келіп құяды. Антропогендік әрекеттің
нәтижесінде, суды шаруашылық мақсатта шектен тыс
пайдалану, бөгендер мен суару жүйелерін пайдалану
әсерінен
Арал-Сырдария
алабының
өзен-көлдері
ластануда. Өзен жүйесіне құйылатын ауылшаруашылығы
және өндірістік кәсіпорындарының улы қалдықтарымен
19
ластанған сулардың мөлшері өте мол. Сырдария жүйесіне
жыл сайын 12-14 км ластанған сулар құйылады.Табиғат
қорғау мекемелерінің ресми деректері бойынша, салалары
Келес,Арыс және Бадамның ластану индексі 3,2-4,3, яғни
4-5 «ластанған» және «лас» кластарына жатады. Өзен
суының осындай дәрежеде ластануы Шардара бөгені,Арал
теңізі және көптеген көлдер жүйесінің су сапасын өте
төмендетіп отыр. Пестицидтер, ауыр металдар және басқа
да улы заттар өзен су айдындарына кең тарап экологиялық
жағдайына әсер етуде. Сырдария алабында мекендейтін
балықтар мен өсімдіктер денесінде пестицидтер мен
металдардың тұну мөлшері өте жоғары көрсеткіштерге
жетуде. Соңғы жылдары айдындар экожүйесінде ДДТ
метаболидтері мен мырыш, хром элементтерінің жоғарғы
мөлшерде
жинақталуы
байқалады.Арал-Сырдария
алабында соңғы 15-20 жылда улы заттардың әсерінен
балықтардың көбеюі мен тіршілік жүйелеріне зиян
келтірді. Сырдария өзенінің сағасы Арал теңізі Тұран
ойпатында
орналасқан
көл.
Геологиялық
тарихи
тұрғысынан, Каспий теңізінен едәуір жас. Неоген дәуірінің
аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған.
Антропогеннің аяғында алғашқы рет суға толып
Амударияның ескі арнасы арқылы бірнеше рет Каспий
теңізімен жалғасып, үзіліп отырған. Қазіргі Арал теңізінің
жасы 8-10 мың жыл шамасында.
Арал теңізі суының көлемі жағынан Қазақстанда,
бүкіл ТМД елдерінде екінші, ал дүние жүзінде төртінші
(Каспий,
Солтүстік
Америкадағы
Жоғарғы
көл,
Африкадағы Виктория көлінен кейін) орын алатын көл.
Қазақстан
мен
(Қызылорда,
Ақтөбе
обылыстары)
Өзбекстан
елдері
арасында,
Үстірттің
солтүстік-
шығысында орналасқан.
20
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Оқу құралы
Арал теңізі-Қазақстандағы ең ірі су айдыны болған.
Оның апатқа ұшырағанға, яғни 1961 жылға дейінгі
көлемі 1066 шаршы км, ауданы 66 мың шаршы,
ұзындығы 428 км, ені 235 км, тереңдігі 30-60м, теңіз
деңгейінен 53 м биіктікте орналасқан, тұздылығы 10%,
қойнауы кәсіптік бағалы байлықтарға бай болған. Жылына
50-150 мың балық және бұлғын терісі игерілген.Арал өңірі
экономикалық
тұрғыдан
ең
бай
өлке
болған.
Антропогендік іс- әрекеттің нәтижесінде, суды
шаруашылық мақсатында үздіксіз пайдаланудан теңіз
деңгейі 20 м төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты
өзендер –Сырдария 1974 жылдан және Әмудария 1982
жылдан мүлдем сарқылды. Арал теңізінде ірілі –ұсақты
1100 аралдар тобы болатың, кейін олардың бірқатары
түбектерге айналып, құрлыққа қосылып кетті. 1960 ж
бастап Арал өңірін игеру қолға алына бастады. Осы
аймақтағы игерілетін жер көлемі Өзбекстан мен
Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге
өсті. Теңіздегі Барсакелмес аралында ұзақ уақыт КСРО-
ның бактериологиялық қаруын сынау алаңы болған. Арал
теңізінің Қазақстанға қарайтын бөлігінің жағалауы әр
түрлі. Батысы Үстіртке тірелетін жағалауы жарқабақты,
биік (190 м) және аз тілімденген. Теңіздің Қазақстандық
солтүстік
жағалауы
өзен-жылғалардың
құрғақ
аңғарларымен, ішке кіріп жатқан шығанақтармен
тілімделген, Арал маңы Қарақұмы мен Үлкен, Кіші Борсық
құмдарына жалғасады.Қалған бөлігінің жағасы ойпатты,
құмды, жазық, ұсақ аралдар мен шығанақтардан тұрады.
Арал теңізі орналасқан өңірдің климаты шұғыл
континентті, құрғақ, шілде айының орташа температурасы
+24°+26°С, ең жоғарғы температура +45°С. Қаңтар
айының орташа температурасы оңтүстік батыста -6°-8°С,
21
солтүстік және солтүстік-шығыста -11°-12°С, төменгі
температура -38°С. Қыста теңіздің солтүстік, солтүстік-
шығыс бөлігі қатып жатады. Жылдық жауын-шашын
оңтүстік-батыста 100 мм, солтүстік шығыста 125-130 мм.
Арал теңізінің тұздылығы табиғи жағдайда 9-10%
болатын. Соңғы 40 жылда суармалы жерлер ұлғайды,
Шардара, Арнасай, Сарықамыс бөгендері пайда болды.
Соған байланысты теңіздің тұздылығы 35%-ге жетті. Теңіз
суының түсі қара көк, мөлдірлігі 25м. Теңіз суы тұнық.
Арал теңізінде өсімдіктер мен жануарлар түрі Каспий
теңізіне қарағанда әлқайда кедей. Теңізде балықтың 20-дай
түрі бар. Кәсіпшілігі жөнінен неғұрлым құндылары:
бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа ауланады.
Жерсіндірілген балықтардан каспий шоқыры мен балтық
салақасын атауға болады.
Қазақстан мен Өзбекстанның мақта және күріш
егістігіне өзендердің суын қарқынды пайдалану себебінен
Арал теңізінің денгейі едәуір төмендеді. Алып жатқан
ауданы 40 мың км²-ге кеміді. Теңіз Үлкен Арал және Кіші
Арал болып екіге бөлінеді. Теңіз жағалауы 100-150 км –
дей шегінді.Теңіз түбі сор, сортанға айналуда. Тартылған
теңіз жағалауын тұз бен құм жауып жатыр. Арал теңізінің
тартылуына байланысты егістік жерлер мен мал
жайылымдарын құм мен тұз басып пайдаланудан қалды.
Бұл жерлерде 1950-1990 жылдар арасында шаңды
дауылдардың жиілігі 60 есе көбейді. Кеуіп кеткен теңіз
түбінен жылына 200 млн тонна көтерілген улы-тұзды шаң-
тозаң ауаға таралады. Егістік жер мен жайылымдарды
уландырды, біраз жерді сортанға айналдырды. Табиғи
ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына
шектен тыс зардабын тигізіп отыр. Бұл өңірде соңғы
мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану,
22
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Оқу құралы
сары су, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы
ауралар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда
жоғары көрсеткішті беріп отыр. Топырақтың тұздануы өте
жылдам
жүруде.
Арал
теңізінде
балық
өсіру
шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта
қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы
төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың
мөлшері жылына 13-20 млн тонна деп есептеледі. Тіптен,
тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары
аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын тигізуде.
Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл ландшафтарын
күрделі антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы
тұрғындардың
салт-дәстүрлеріне,
экономикалық-
әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Экологиялық
тұрғыдан тіршілік жасау мүмкін болмағандықтан Арал
өңірінің тұрғындары басқа аймақтарға еріксіз қоныс
аударуда.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да
жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда.
"Арал тағдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап
қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы. Арал
теңізінің болашағы әлем халықтарын алаңдатуда. Оның
жер бетінен жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды
ғана емес жер
Достарыңызбен бөлісу: |