Қазақстан республикасы білім жəНЕ


Ауылшаруашылық  қалдықтарымен  ластанған



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет7/64
Дата06.01.2022
өлшемі7,08 Mb.
#36786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64
ҚАЗАҚСТАН-РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ПРОБЛЕМАЛАРЫ-2

Ауылшаруашылық  қалдықтарымен  ластанған  
аймақтар
.  Бұл  аймаққа  тұрақты  сумен  қамтамасыз  етуді 
қажет  ететін,  ауылшарушылық  бағытымен  сипатталатын 
оңтүстік  аймақтар  жатады.  Оңтүстік  аудандардағы  негізгі 
экологиялық  мәселелер  су  ресурстарының  жетіспеуі,  су 
көздерінің  шайынды  сулармен    ластануы,  жайылымның 
деградациясы,  табиғи  және  мәдени  ескерткіштердің 
бұзылуы.  Бұл  аймақтарға    Алматы,  Жамбыл,  Оңтүстік 
Қазақстан  және  Қызылорда  облыстары  жатады.  Халық 
саны  шамамен  5  млн,  негізгі  маманданған  саласы 
ауылшаруашылығы. 
Еліміздің 
оңтүстіктігінде 
ауылшаруашылығына пайдалану үшін Арал және Алакөл-
Балқаш  бассейіндері  өзендерінің  суын  пайдаланады. 
Аймақтың  біраз  бөлігі  ауа  –  райы  күрт  континентальды 
шөл аймағында орналасқан.  
Ауылшаруашылығының  ұлттық  өнімділігіндегі  үлесі 
12  пайыз.  1990  жылы  мал  шаруашылығындағы, 
ауылшаруашылығындағы  өнімнің  61  пайызын  құраса,  ал 
1996  жылы  бұл  көрсеткіш  38 пайызға  дейін  кеміп  кеткен. 
Суармалы жерлер 17 млн га жерді алып жатыр. Бірақ оның 
көлемі тұздану мен өнімділігін жоғалту нәтижесінде үнемі 
кеміп келеді. 
Аймақтың  экологиялық  мәселелері  негізгі  су 
ресурстарын 
тиімсіз 
пайдаланумен, 
ластануымен 
байланысты. 1980-1996 жылдар аралығында 10 млн га-дан 
астам  жайылымдық  жерлер  өнімділігін  жоғалтып,  17  млн 
га егістік жерлер өндірістен шығарылды. 
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе – Арал 
теңізі.Қазіргі  кезде  Арал  теңізі  екі  су  айдынына  Үлкен 
және Кіші теңізге бөлінген.арал теңізіндегі суы тартылған 
бөліктің ауданы 30 мың км куб. Арал теңізінің кеуіп қалған 
түбінен  сарапшылардың  мәліметтері  бойынша  200  млн 


 
 
13 
тоннадан астам тұзды шаң-тозаң  көтерілуде. Ауыз судың 
сапасының нашарлығы балалар арасындағы жұқпалы тері, 
ішек-құрт 
ауруларының 
жоғары 
болуына 
әкеліп 
соқтыруда.Теңіз суының  азаюынана оның жағалауындағы 
800га  тоғай,  жануарлар  дүниесі  жойылып,  теңіз  айналасы 
тіршілігі  жоқ  құмды,  сортаң    жарамсыз    жерлерге  
айналды. 
Су  ресурстарын  тиімсіз  пайдалану,  Қытайға  судың 
көптеп  берілуіне  байланысты    Балқаш  көліне  де  Арал 
тағдыры  тууы  мүмкін.1970  жылы  Балқашқа  құятын  Іле 
өзенінде  Қапшағай  бөгені  мен  су  электр  стансасының 
(СЭС)  салынуы  Іле-Балқаш  су  шаруашылығы  кешенінде 
бетбұрыс кезең болды.Ақдала алқабын суландырып, күріш 
егу  жобасы жүзеге  аспай  қалды.  Соның  нәтижесінде  онда 
тіршілік 
ететін 
жануарлар 
дүниесі 
және 
ауылшаруашылығына көп зиян келді.Іле өзенінің атырауы 
кеуіп,  оның  кері  әсері  Балқаш  көліне  тиді.  Қазір  су 
ресурстарына деген қажеттілік 50 пайызға ғана орындалып 
отыр.  Аймақтың  әлеуметтік  және  экономикалық  дамуы 
экологиялық  мәселелермен  тығыз  байланысты.  Халықтың 
ауруға  шалдығу  деңгейі  соңғы  жылдары  2-3  есе  артқан. 
Халықтың өсуі мыңға шаққанда 15.3 – ке кеміген. Балалар 
өлімінің  деңгейі  мыңға  шаққанда  30.4  құрайды.  Негізгі 
себеп – суға байланысты аурулар. Экологиялық  жағдайлар 
аймақтың  әлеуметтік-  экономикалық  дамуына  кедергі 
келтіреді. 
Қазақстандағы 
антропогендік 
іс-әрекеттердің  
қоршаған  ортаға  тигізетін  әсерінің  сараптамасы  және 
қорытындысы  бойынша  еліміздегі    ең  алдымен  шешуді 
талап  ететін  маңызды  экологиялық  мәселелерге  мыналар 
жатады: 
 


 
14
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
  
Оқу құралы
 
1.Шөлдену процесінің ұлғаюы; 
2.Су ресурстарының тапшылығы; 
3.Жайылымдар мен егістік алқаптардың  азаюы; 
4.Өнеркәсіптік 
аймақтардағы 
атмосфералық 
ауасының ластануы; 
5.Мұнай  өндіретін  аймақтардағы  қоршаған  ортаның 
ластануы; 
6.Қоршаған  ортаның  өндірістік  және  тұрмыстық 
қалдықтармен ластануы; 
7.Орман және ерекше қорғауға алынған аймақтардың 
жетіспеуі; 
8.Су  қорларының  шайынды  сулармен  ластануы,  
трансшекаралық өзендер проблемалары; 
9.Радиациялық ластану;  
10.Кен  өндіретін  аймақтардағы  қоршаған    ортаның 
ластануы;  

жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау