Қазақстан республикасы білім жəНЕ


ІЛЕ-БАЛҚАШ  БАССЕЙІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет12/64
Дата06.01.2022
өлшемі7,08 Mb.
#36786
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64
ҚАЗАҚСТАН-РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ПРОБЛЕМАЛАРЫ-2

 
ІЛЕ-БАЛҚАШ  БАССЕЙІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ. 
Балқаш көлі экожүйесінің нашарлау себептері, алдын 
алу жолдары.Іле өзенінің экологиялық жағдайы, 
себептері, алдын алу жолдары. 
 
Іле-Балқаш  алабының  ең  үлкен  өзені  –Іле  өзені. 
Шығыс  Тянь-Шань  тауларынана  басталатын  Текес  және 
Күнгес өзендерінің  бірігуінен пайда болады.Текес өзенінің 
құяр  сағасында  өзеннің  жалпы  ұзындығы  1439км, 
Қазақстан 
жеріндегі 
ұзындығы 
815км.Республика 
жеріндегі  ірі  салалары:  Түрген,  Талғар,  Қаскелең,  Күрті, 
Шілік,  Шарын,  Өсек.Іле  өзені  еліміздегі  Ертіс,  Жайықтан 
кейінгі  үшінші  өзен.  Жылдық орташа су шығыны 472 куб 
м/сек.  Негізінене  қар  және  мұз  суымен  қоректенеді.Іле 
алабындағы  тау  өзендерінде  тасты-лайлы  сел  тасқындары 
жиі  болып  тұрады.Іле  өзені    Қытай  шекарасына  дейінгі 
бөлігінде кеме қатынасына қолайлы. Іле салаларының суы 
егін  суаруға  пайдаланады.Өзенге  Қапшағай  СЭС-і 
салынып,Қапшағай 
бөгені 
пайда 
болды. 
Осыған  
байланысты  Іле  өзенінің  Балқаш  көліне  кұятын  сағасы 
біршама тартылды. 
Балқаш  көлі-Қазақстандағы  ең  ірі  экожүйелерінің 
бірі.  Көл  Балқаш-Алакөл  ойысында  орналасқан,ауданы-
18200  км
2
,ұзындығы-614  км,ені-9-74  км,  жағасының 


 
30
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
  
Оқу құралы
 
ұзындығы  2383км,  терең  жері-26  м.  Жетісу  өзендерінің 
ішінде 
Іле,Қаратал,Ақсу,Аягөз,Бақанас 
және 
Лепсі 
өзендері Балқашқа құяды.Балқаш көлі Батыс және Шығыс 
болып  екіге  бөлінеді.Батыстың  тереңдігі  6-12  м, 
шығысында  15м.  Балқаштың  шығысында  көптеген 
түбектер  мен  шығанақтар,  мүйістер  бар.  Ірі  аралдары 
Басарал,Тасарал.Көл суының 67 пайызын Іле өзені  береді, 
ал  қалған  өзендер  үлесіне  20,  жауын-шашынға  11,  жер 
асты  судың  үлесіне  2  пайызы  келеді.Сондықтан  көлдің 
батыс  бөлігінің  суы  тұщы,  ал  шығыс  бөлігінің  суы  ащы 
болады.  Көл  суының  деңгейі  оған  құятын  өзендердің 
ағысының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. 
Балқаш  көлі  шөлейт  және  шөл  табиғат  зоналарында 
орналасқандықтан,оның  климаты  шұғыл  континентті 
болып 
келеді.Осыған 
байланысты 
көл 
суының 
температурасы жазда жоғары, қыста төмен болады. Шілде 
айының  орташа  температурасы  +24°С,  қаңтарда  -
8°С.Жауын-шашынның  мөлшері    120мм.  Су  айдынының  
булануы  өте  жоғары.Осыған  байланысты    судың    деңгейі 
тез өзгеріп отырады.Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып 
келген  су  айдынының  қалыпты  жағдайы  өзгере  бастады. 
Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі 
Қаратал,  Лепсі,  Ақсу,  Іле  өзендері  мол  суының  Балқаш 
көліне 
жетпей 
суармалы 
егіншілік 
алқаптарға 
пайдалануынан.Сонымен  бірге    алғашқы  кездерде  Аягөз, 
Биен,Сарқант, және Басқан өзендері Балқашқа құйып,оның 
табиғи  су  деңгейін  сақтап  отырған.Ал  қазір  бұл  өзендер 
Балқашқа  құймайды.  Балқаш  экожүйесінің  одан  әрі 
нашарлауына  Іле  өзені  бойына  салынған  Қапшағай 
суқоймасы 
да 
әсер 
етті.1970 
жылы 
Қапшағай 
суқоймасындағы  Іле  өзенінің  суын  бөгейтін  Қапшағай 
бөгеті  салынды.Осыған  қосымша  Іле  өзенін  қоректендіріп 


 
 
31 
отырған  Шелек  өзені    Бартоғай    бөгетімен  бөгеліп,онда 
көлемі  300  мың  м
3
жинақталды.Осылайша  Үлкен  Алматы 
каналы салынды.Каналдың  салынуына байланысты Шелек 
өзені Ілеге құюын тоқтатты. 
  Іле-  Балқаш  алабының  ауыл  шаруашылығында 
барынша  пайдалануымен  1965-1990  жылдар  аралығында 
Балқашқа құятын судың көлемі 25%-ға азайды.Іленің орта 
ағысы  мен  төменгі  сағасында  Шарын  күріш,  Шеңгелді 
көкөніс,Ақдала  күріш  алқаптары  пайда  болды.Осының 
бәрі  Іле-Балқаш  су  алабының  табиғи  жүйесінде  
қалыптасқан  тепе  -теңдік  заңын  бұзды.  Балқаш 
экожүйесінің 
бұзылуының 
зардаптары 
Іле-Балқаш 
экожүйесіндегі  өзгерістер  өте  сирек  кездесетін  Іле 
тоғайын,  өзен  жағасындағы  шұрайлы  жайылымдар  мен 
оның  сағасындағы  қамыс-қоғаның  жойылуына  себепші 
болды.Көлдің 
жағалаулары 
кеуіп,тұзды 
шаң 
жиі 
көтерілді.Ауа райы өзгеріп,қуаңшылық пен аңызақ желдер 
жүреді.  Балқаш  көлі  соңғы  жылдары  2  метрге  жуық 
төмендеп  отыр.Сонымен  көл  жағалаулары  батпақтанып, 
сорланып,  тақырлар  шөлдерге  айналуда.  Іле-Балқаш 
экожүйесінің  фаунасы  мен  флорасы  зардап  шегуде.Балық 
аулау соңғы жылдары 5 есеге төмендесе, уылдырық шашу 
тіпті  азайды.Сонымен  қатар    балықтардың Іле  бойындағы 
егіс,көкөніс  алқаптарына  пайдаланылған    пестицидтер, 
гербицидтер 
және 
минералды 
тыңайтқыштар 
қалдықтарымен  улануы  жиі  байқалуда.Іле-Балқаш  алабы 
ит тұмсығы батпайтын тоғайлар,кішігірім көлдер, аралдар, 
аңдар  мен  құстар  мекені  болатын.Әсіресе  1960  жылдары 
жылына  1,5  млн-ға  жуық  бұлғын  терісі  дайындалатын 
болса,қазір  бұл  шаруашылық жойылған.Іле  бойында  және 
көл  жағасындағы  тіршілік  ететін  құстардың  түрлері  де 
азайып  кеткен.

Қызыл  кітапқа 

енген  аққу  ,бірқазан, 


 
32
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
  
Оқу құралы
 
көкқұтан,  т.б  құстар  қазір  өте  сирек  кездеседі.Іле-Балқаш 
алабы  Қазақстандағы  тарихи-табиғи  ескерткіштерге  бай 
өлке.  Бұл  өңірде  Шарын  тау  өзені    мен  оның  бойындағы 
Шарын  тауларындағы  тастағы  таңбалар  мен  тас  мүсіндер 
және  қорғандар  жүйесі,  «Әнші  құм»  атты  табиғат 
туындысы,  Алтынемел  ұлттық  саябағы,Кербұлақ  сияқты 
қорыққорлар  бар.Жетісу  деп  аталатын  бұл  аймақта  3  млн 
астам 
халық 
тұрады. 
Ең 
ірі 
қалалары-Алматы, 
Талдықорған,Жаркент.  Бұл  өңірдегі  экологиялық  ірі 
мәселелер  қатарына  Балқаш  көлі  бойындағы  Балқашмыс 
комбинаты,  Приозер,  Ақсүйек  кен  рудаларын  байыту
 
кешендері,Сарыағаш    полигоны  және  Текелі  қорғасын-
мырыш  комбинаттары  осы  аймақта  тұратын  тұрғындарға 
өз  зардабын  тигізіп  отыр.1999  жылы 

Балқаш  көлін 
құтқару,оның бүгінгісі мен болашағы 

атты халықаралық 
деңгейде  экологиялық  форум  өтті.Оны  Балқаш  көлін 
құтқару мәселелері қаралып,нақты шешімдер қабылданды. 
Оның негізгілері: 
1.Іле өзендері  бойындағы өндіріс орындарында суды 
тиімді пайдалануды реттеу; 
2.Қапшағай  суқоймасынан  Балқашқа  жіберілетін 
судың үлесін тұрақтандыру; 
3.Ақдала  және  Шарын  массивтеріндегі  күріш 
алқаптарын азайту; 
4.Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру; 
5.Суармалы жерлердің көлемін шектеу; 
Балқаш  көлін  құтқару  бүгінгі  күннің  талабы.Арал 
мен 
Балқаш 
сияқты 
су 
экожүйелерінен 
айрылу 
Қазақстанды  ғана  емес  Еуразияны  да  бұрын-  соңды 
болмаған  экологиялық  апаттың  ошағына  айналдыруы 
мүмкін.Сондықтан  әрбір  табиғи  экожүйені  көздің 
қарашығындай  сақтау  мен  қорғау  адамзат  баласының 
парызы. 


 
 
33 

жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау