Қазақстан республикасы білім және ғылым


Білім сапасы ғылыми басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде



жүктеу 4,42 Mb.
бет31/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

Білім сапасы ғылыми басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде.


Жүйені басқарудың қоғамдық мемлекеттік сипаты.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2050» стратегиялық даму жоспарында алыс-жақын шетелдік университеттермен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мақсаты алға қойылды. Шетелдік білім жүйесіне қарағанда инновациялық даму жолында отандық білім жүйесі бірнеше жылға артта қалуда. Осындай өзекті проблеманы шешу мақсатында төмендегідей негізгі бағыттарды ұстану қажет:

  • білім беру процесін басқаруда СМЖ-нің принциптерін негізге алу;

  • ғылым, білім мен өндірісті байланыстыратын инновациялық инфрақұрылымды құру;

  • инновациялық және ақпараттық технологияларды дамыту және пайдалану;

  • ішкі бірлескен бәсекелестік орта мәдениетін қалыптастыру;

  • ғылым, білім кеңістігіндегі әлемдік ынтымақтастық;

  • СМЖ түрлі бағыттағы басқару деңгейінде пайдалану.

Ал, ЖОО-ның білім беру процесі механизімінің күрделігі мен сапасының артуы аттестация және экспертизалық сараптау орталықтарының университетішілік, институтішілік білім беру жүйесін сапалы басқаруға қойылатын талап, міндеттерінің күшеюінен байқалады.
2000 жылдан бастап білім сапасын басқарудың тиімді тетігін қалыптастыру аясында бірталай нәтижелерге қол жеткізілді. Олар:

  1. деңгей – сапа саласындағы мақсат, сапа бойынша басқару;

  2. деңгей – құжаттандыру тәртібі, стандарттар;

  3. деңгей –бөлімшелерінің ережелері, нұсқаулықтар;

  4. деңгей – сапа бойынша жазба (сапаның еркін формасы);

  5. деңгей – нормативті-құқықтық және нормативті құжаттар (заң, жарғы, қаулы, ҚР БҒМ құжаттары).

Жоғарғы басшылықтың міндеті: мақсат бірлігін қамтамасыз ету бойынша аталған саясат пен жауапкершіліктердің барлығын жүзеге асыру, басқару дәстүрін сабақтастыру, барлық қызмет түрлерін процестік көзқараспен қамтамасыз етуші сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде жақсарту мен қолдау және нақты мәліметтер талдауының дәлдігіне негізделген шешімдерді қабылдауд.
Жоғарғы басшы барлық жауапкершілік жетістігі университеттің қалыптасуы мен дамуына жұмсалатындығын түсінеді де әртүрлі деңгейдегі қызметтің тұрақты мониторингісін қамтамасыз етеді және оның тіршілік әрекетінің барлық процестерін жақсарту бойынша іс-шаралар енгізеді.
Мәселен, ЖОО білім беру процесіндегі сапа менеджменті жүйесі үздіксіз жетілдіру жүйесін құру және ұйымдастыру мақсатында төмендегідей ұстанымдар басшылыққа алынады:

  1. Педагог мамандарын дайындау бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының білім беру қызметтерін ұсыну саласында танымды көшбасшы болуға талпыну.

  2. Құрам жауапкершілігі мен өкілділікке шек қоюды жүзеге асырушы басқару құрылымын жетілдіру, нақты басқару тетіктерін енгізу және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.

  3. Материалдық-техникалық базаны және ЖОО-ның инфрақұрылымын тұрақты түрде жетілдіру.

  4. ҚР ИСО 9001:2001 талаптарына сәйкес ЖОО-ғы сапа менеджментінің барлық процесін жүзеге асыруға кепілдік беретін ақпараттық, әдістемелік және материалдық базамен сапа менеджменті жүйесін қамтамасыз ету.

  5. Тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етуші: сыртқы – мемлекет, әртүрлі меншіктегі кәсіпорын, студенттер мен қоғам тұтастығы; ішкі – ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері.

  6. Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары талаптарын орындау негізіндегі білім беру қызметтері сапасын көтеру кепілдігімен қамтамасыз ету, заманауи білім беру технологияларын енгізу, оқытушылардың ғылыми және педагогикалық біліктілігін үздіксіз көтеру жүйесін дамыту.

  7. Оқытушылар мен студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тартуды қамтамасыз етуші нақты тетіктерін құру есебінен іргелі және қолданбалы зерттеулердің көлемін кеңейту.

  8. ЖОО мәртебесін көтеру есебінен оқытушылар мен қызметкерлердің материалдық тұрақты жағдайының өсуін қамтамасыз ету, сапалы білім беру қызметтерін көрсету және еңбек төлемі жүйесін жетілдіру.

  9. Білім беру қызметтері жағдайын зерттеуге бағытталған маркетинг жүйесін құру және нарық талаптарының өзгерісіне икемділікпен қарау.

жүктеу 4,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   260




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау