Сурет-8. А. И. Субетто бойынша сапаның заманауи аспектілері
Сапаның маңыздылығын осы проблеманы зерттеген көптеген ғалымдар да мойындады: Ю.П.Адлер, В.И.Байденко, Г.З.Байжасарова, М.Ж.Жадрина, А.А.Жайтапова, И.А.Зимняя, Ш.М. Каланова, В.А.Кальней, В.И.Качалов, Г.С.Ковалева, А.Н.Майоров, Г.С.Минажева, Г.Мутанов, М.М.Поташник, Д.В.Пузанков, Р.М.Салина, Н.А.Селезнева, .И.Субетто, П.И.Третьяков, Н.Д.Хмель, С.Е.Шишов және т.б.
Сапа түсінігі құрастырылуының тарихи аспектілерін менеджмент және мониторингте негізгі ретінде қарастырған ғалымдар: Ю.П.Адлер, В.И.Байденко, А.И.Субетто.
Ш.М.Каланова, Р.М.Салина, Н.А.Селезнева және т.б. ғалымдар сапаға қарасты терминдердің мән-мағынасын нақтылады; әртүрлі деңгейдегі білім сапасын басқарудың маңыздылығын Ю.В.Баталов, В.А.Кальней, Г.С.Минажева, Ғ.Мұтанов, С.И.Солонин, М.М.Поташник, Д.В.Пузанков, С.И.Солонин, П.И.Третьяков, Н.Д.Хмель, С.Е. Шишов және т.б. зерттеді.
Педагогикалық әдебиеттерде «білім сапасы» термині әртүрлі түсіндіріледі:
Түлектер білімінің сапасы – білім беру мекемесінің түлектері оқу мен тәрбиенің жоспарланған мақсаттарына сәйкес қол жеткізген білім мен ептілік, ақыл-ой және адамгершілік қабілеттерінің дамуының белгілі деңгейі.
Білім сапасы – заманауи экономика талаптарына сәйкес маманның кәсіби қызметін үздік жүргізу қажеттілігін анықтайтын кәсіби сапа сипаттамасының кешені.
Білім сапасы – мақсат пен нәтиженің ара-қатынасы, мақсаттар (нәтижелер) тек операциялық түрде берілгеніне және оқушының әлеуетті даму аймағында болжанғанына қарай мақсаттарға жету шарасы.
Білім сапасы – қоғамда білім үдерісінің жағдайын және нәтижелілігін, оның қоғам қажеттіліктері мен үміттеріне (тұлғаның азаматтық, тұрмыстық және кәсіби сапаларын) сәйкес келуін анықтайтын әлеуметтік санат.
П.И.Третьяков және Т.И.Шамова білім сапасына талдау жүргізіп, білім сапасы тәуелді болатын бағдарларды айқындады:
тұлға мен қоғамның қажеттіліктері;
БЕД-дың қалыптасқан деңгейіне және басқа әлеуметтік маңызды қасиеттері;
қасиеттер мен нәтижелердің жиынтығы;
мақсаттар мен міндеттер;
білім беру мекемесінің бекітілген және болжанатын қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеттері
Сапаның қоғамдағы рөлін, сапаны басқару мен бағалауға деген заманауи көзқарастарды зерттеу осы түсініктің мазмұны мен құрылымын толық елестетуге мүмкіндік береді. Білім сапасы – білім беру қызметтерін ұсыну мен тұтынудың бүкіл процесін қамтитын көпаспектлі термин, ал білім сапасы,маманды дайындау сапасы осы процестің соңғы, қорытынды құрауышына қатысты болады.
Қазіргі таңда білімнің жоғары сапасы сапаның жаңа философиясына сәйкес төмендегілерді көздейді:
білім беру бағдарламалардың мазмұны тапсырыс берушілердің талаптарына және білім беру стандарттарына сәйкес келуі (мемлекет, бизнес, тұлға);
мүдделі жақтардың (білім алушылардың, жұмыс берушілердің және басқалардың) білім беру қызметтерінің сапасымен жоғары қанағаттануы;
білім беру мекемесінің оқытушылары мен қызметкерлерінің өз жұмысына қанағаттануы;
қоғамға оң ықпал ету, жалпы мәдениетін және оның мүшелерінің біліктілігін арттыруы.
Сапаның жаңа философиясы сапаны белсенді басқарумен, ұйымдарда заманауи менеджментті, оның ішінде сапа менеджменті қағидаларын енгізумен тығыз байланысты.
Педагогикалық менеджмент аясындағы білім сапасын басқару – бұл кез келген және кездейсоқ емес, жай ғана жақсылары емес, өз бетімен болатындары емес, ол алдын ала белгілі, мүмкін болатын дәрежесі болжанған, білім нәтижелеріне жетуге ұйымдастырылған және бағытталған ерекше басқару. Сонда мақсаттар (нәтижелер) оқушының (түлектің) әлеуетінің даму аймағында операциялар бойынша болжануға тиіс: ең жоғары, нақты оқушы үшін мүмкін болатын, оңтайлы нәтижелер және т.б.
Қазақстандық ғалымдар А.А.Жайтапова, З.М.Садвакасова сапа менеджментінің сегіз принципін анықтады:
Достарыңызбен бөлісу: |